Презентациянырәсімдеуге қойылатын талаптар Презентация келесі бөлімдерден тұруы керек:
- Титулдық бет (бірінші слайд);
- Кіріспе;
- Презентацияның негізгі бөлігі;
- Қорытынды.
Барлық слайдтардағы тақырыптардың түсі мен қаріпі бірдей болуы керек. Басқа қаріппен және түспен цитаталар мен ескертулерді келтіруге болады (олар тым көп болмауы керек). Қалың немесе түрлі-түсті шрифтпен, курсивпен белгіленген мәтін көп болмауы керек.
Мәтін фонмен біріктірілмеуі керек. Фонның түсі ақ немесе оған жақын, мәтіннің түсі қара немесе оған жақын болғаны жөн.
Титулдық слайдта келесі ақпарат болуы керек:
- Ұйымның атау;
- Баяндама тақырыбы;
- Баяндамашының аты-жөні;
- Жетекшінің аты-жөні;
- Байланыс деректері (e-mail, телефон).
Бірінші слайдтың дизайны әдетте келесілерден ерекшеленеді (жалпы стиль сақталады), баяндама тақырыбы ең үлкен шрифтпен теріледі. Слайд тақырыбы үшін шрифт өлшемі 32 және одан жоғары болуы керек. Негізгі мәтін үшін қаріп өлшемі 24-тен 28-ге дейін, маңыды төмен материал (толықтырулар мен ескертулер) 20-дан 24-ке дейін қаріппен жасалуы мүмкін.
Презентация көрнекі болуы керек, дегенмен суреттер тым көп болмауы керек. Слайдтардағы мәтін көлемі көп болмау керек.