Алгебра және анализ бастамалары
Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны
оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды,
тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік
маңыздылығын айқындаумен сипатталады.
Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін,
логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару
барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған;
математикалық
оқу
қызметіне
оқушыларды
қатыстыруға,
олардың
математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді
түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір
құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық
технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың
135
мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның
нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық
ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын
оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика
заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам
қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру
болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық
деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде,
негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер
көрнекіліктермен
негізделеді,
жаттығулардың
күрделілігі
қарапайым
деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде
(дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика тереңдетіліп
оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор.
Әсіресе
тілдерді
тереңдетіп
оқытатын
сыныптарда
математикалық
терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика
пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап
ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру
мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің
қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал
ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты
математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда
және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық
бағытта шынайы үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді
зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы
оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу
аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.
10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық-
гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат
саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Геометрия
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны
кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін,
геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.
10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған
тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік
түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды
кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және
математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту;
функционалдық
сауаттылықты
дамыту;
графикалық
сауаттылықты,
136
эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-
техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның
мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы.
10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты –
барлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін
геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен
қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті
геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны
оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі
стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру;
дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық
және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын
кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын
дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып
білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды
пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе
бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын
дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны
және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық
мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен
дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
10-11-сыныптарда
геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды
одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен
әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия
аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз
ету.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
10-11-сыныптарда
геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері
туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу
барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік
фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық
және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен
дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты
түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім
жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық
есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді
шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын
дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар
түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде
геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық
137
және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық
шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және
пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру
және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне
және пайдалана білу біліктігін дамыту.
10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен
жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық
модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы
көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті
етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға
мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және
олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару
барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни
геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек.
Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі
параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге
асырылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар
кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік,
көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар
кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық
шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің
көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың
жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және
векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім
мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып,
теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде
берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген
тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы
қажет.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
геометрия
курсында
оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш,
жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен
танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара
орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды;
геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштардың өлшемі, беттің ауданын,
геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің
және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі
нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық
фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық
фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа
қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында
математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық
дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу
қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің
138
беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді
қарастыру ерекше орын алуы тиіс.
«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесі:
– қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;
– жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда –
аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Информатика
10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен
бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.
Информатиканы
оқыту
мақсаты
қазіргі
кездегі
ақпараттық
технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және
визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік
қабілеттерін дамыту болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты
міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы
теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың Информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында жобалық іс-әрекеттерге көңіл бөлген қажет. Осыған орай, әр
сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген.
Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу
сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Жобалық
іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан
алуға болады.
Білім беру сапасын жетілдіру мақсатында саралау, іс-әрекет, жеке-
тұлғалық, құзыреттілік, жүйелік және т.б. педагогикалық тәсілдерді қолдануға
ұсынылады.
Осы тәсілдер топпен жұмыс, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру,
мәселелі-бағдарлы оқыту, ақпаратты жинауда, өңдеуде, сақтауда және жіберуде
сын тұрғысынан ойлауды қолдану, жобалық жұмыс, «Информатика» пәнінің
қолданбалық сипатын көрсеу мақсатында басқа білім беру салаларымен
кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Информатиканың бірінші сабағы есептеуіш техника кабинетінде
қауіпсіздік техникасының ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруын
қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты
тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес
ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлу
қажет.
139
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған
информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік
ойлауды дамыту жалғасады.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
сыныптардағы
информатика
курсының
ерекшелігі
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
тереңдете оқыту болып табылады.
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.
Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға
қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға
сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.
Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай-
ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика
және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын
жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына
арналған дидактикалық материалдар
әзірленіп, Академия сайтында
орналастырылған ( www.nao.kz). Дидактикалық материалдар информатиканы
оқытуда саралау тәсілін қолдануға мүмкіндік беретін деңгейлік тапсырмаларды
қамтиды.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
5.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География
Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен,
оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы
кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын,
дүниетанымдық сипатымен анықталады. Оқу пәнінің мазмұны оқушылардың
бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және
жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік
және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен
функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық
өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да
білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі. 10-11-
сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-
гуманитарлық (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-математика бағыттары
(бұдан әрі – ЖМБ).
ҚГБ оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық
сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру
үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.
ҚГБ оқытудың мақсаты оқушылардың елдерді оқу барысында жан-жақты
экономикалық-географиялық, саяси-географиялық білімді, табиғат, қоғам және
140
экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты
тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға
бағытталған.
ЖМБ оқу материалының мазмұнында, жалпы географиялық мәдениетті
қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта
мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен
біліктілікке көп көңіл бөлінеді.
Мақсаты: қазіргі әлемдегі аймақтар мен елдерді оқу барысында
оқушылардың географиялық заңдылықтар және экономикалық-географиялық,
саяси-географиялық, дүниежүзілік шаруашылық туралы жан-жақты білім
алулары, функционалдық сауаттылықты және оқушылардың бейінді-кәсіби
бағытын тереңдету.
Міндеттері: алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық
заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар
табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту;
дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу
кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын
жалғастыру; табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі
негізінде, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың
маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын
географиялық
тұрғыдан
түсіну;
табиғи,
әлеуметтік-экономикалық,
геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін
ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану
біліктілігін
меңгерту;
ғаламшар
мемлекеттерінің
түрлерін,
ұлттық
шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау
зерделеу; дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін,
халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық
туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;
оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты
саналы түрде таңдауға ықпал жасау.
Карталармен,
сызбанұсқалармен,
графиктермен,
диаграммалармен,
кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу
кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасаумаңызды болып
табылады,
әрүрлі
экономикалық-географиялық
әдебиеттен
қажетті
материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік,
статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу
және түсіндіру дағдыларын меңгерту; жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан
Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік
ұстанымды тәрбиелеу.
«Даму стратегиясы», «индустриалды-инновациялық реформа», «тұрақты
даму», «жасыл экономика», «геосаяси жағдайы» терминдерінің ғылыми-
теориялық және практикалық мәнін зерделеу, сонымен қатар олардың
аймақтық және жергілікті мәнін түсіну, Қазақстан Республикасы жаһандық
геоэкономикалық кеңістікте ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру
141
аясында тұрақты дамып келе жатқан ел туралы ғылыми негізделген көзқарасты
қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады.
ҚГБ және ЖМБ курстарында оқылатын материалдардың қамтылуы,
тереңдігі және нақтылығы жағынан оқу мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
10-сыныпта
«Жалпы
географиялық заңдылықтар», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы», «ТМД
елдері», 11-сыныпта елтану аясында шет елдер мен аймақтар қарастырылады.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік
дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады.
Сыныптар бойынша практикалық жұмыстар бағдарлама тақырыптарына
сәйкес құрастырылған және олар түсіндіруге, салыстыруға, талдауға,
сипаттауға, есептеуге, байланысын анықтауға, моделдеуге бағытталған. Олар
балалардын шығармашылдықты, талдау жасауды талап етеді, дамытушы
сипатқа ие. Сонымен қатар практикалық жұмыстардың мазмұны білімді
функционалдық сауаттылықты дамытуға, жаңа технологияларды, жаңа әдіс-
тәсілдерді қолдануға, ақпараттық-коммуникативтік әрекетті кеңейтуге
бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен
белгіленген.
Туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи кешенінің
жағдайы, өлкетану мәселелері неғұрлым жоғары, талдамалық деңгейде
оқытылады, Пән аясында сыныптан тыс географиялық, экскурсиялық-
экспедициялық жұмыстар ұйымдастыру, қолданбалы курстар өткізу қажет
Бақылау түрлері: бақылау, өздік жұмыстары, тест тапсырмалары, ауызша
жауап және сұхбаттасу.
Ағымдық бақылау жұмыстарын жазбаша және ауызша түрде жүзеге асыруға
болады. Ағымдық жазбаша бақылау жұмыстарын өздік жұмыс немесе тест
тапсырмалары арқылы өткізуге болады.
Тақырыптық
бақылау
бағдарламаның
жекелеген
бөлімдері
мен
тақырыптарының негізгі сұрақтарын таңдау арқылы жазбаша түрде өткізуге
болады.
Қорытынды бақылау жұмысын аралас сипаттағы жұмыстар немесе кешенді
тестілеу арқылы өткізуге болады.
География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен,
құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен,
аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен
қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша
қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» әдістемелік құралы және
«Таңдауы бойынша курстардың мазмұны және ұйымдастырылуы бойынша
талдамалы материалдар» талдамалы материалдар әзірленді және олар Ұлттық
білім академиясының сайтында ( www.nao.kz) орналастырылған.
География пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1
сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
142
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2
сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |