Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата18.01.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Биология 
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Биология»  пәнін  оқыту  табиғат 
заңдылықтары  туралы  және  адамның    табиғатпен  үйлесімді  қарым-қатынасы 
туралы  білім  қалыптастыруға,  экологиялық  мәселелерді  танып  білуге 
бағытталған. 
Оқытудың  мақсаты  органикалық  әлемінің  құрылысы  мен  тіршілік 
әрекеттерінің  ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық 
дүниенің  көптүрлілігі  орта  жағдайларына  бейімділіктің  нәтижесі  екенін 
ұғындыру,  эволюциялық  теорияның  және  экологиялық  ойлаудың  негіздері 
туралы,  тірі  оганизмдердің  жасушалық  құрылысының  негізге  алынатын 
түсініктері  туралы,  организм  және  биоценоз  тіршілік  деңгейінің  негізгі 
формалары  екендігі  туралы  көзқарас  қалыптастыру,  Жер  табиғатындағы 
биологиялық  әртүрлілік  оның  тұрақты  дамуының  негізі  екендігі  туралы,  тірі 
организмдердің  жасушаға  дейінгі  құрылысы  туралы  негізге  алынатын 
түсініктер  қалыптастыру,  тірі  табиғаттағы  көптүрлілік  эволюцияның  нәтижесі 
екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу 
туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен 
қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар 
дүниесінің  ерекшеліктерін,  олардың  табиғаттағы,  адам  өміріндегі  және  жалпы 
тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну. 
Оқытудың міндеттері: 
1)
 
оқушылардың 
органикалық 
табиғатты 
оқытуда 
танымдық 
қызығушылық дамыту; 
2)
 
тірі табиғат туралы білімін тереңдету; 
3)
 
«Өсімдіктер»,  «Жануарлар»,  «Адам»,  «Жалпы  биология»  бөлімдерін 
оқып  білуге  қажет  тіректік  білімдер  мен  негізге  алынатын  түсініктер 
қалыптастыру үшін жағдай туғызу; 

54 
 
4)
 
оқушыларда  тіршілік  құбылыстарының  заңдылықтарын  оқып  білуге 
танымдық қызығушылық қалыптастыру; 
5)
 
жаратылыстану  ғылымдарын  оқу  барысында  тірі  табиғат  туралы  алған 
білімдерін дамыту; 
6)
 
оқушыларда  органикалық  дүниенің  біртұтас  табиғи  бейнесі  туралы 
көзқарас қалыптастыру; 
7)
 
өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру; 
8)
 
оқушыларда  табиғатты  тиімді  пайдалану  және  қорғау,  медицина,  ауыл 
шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту. 
6-сыныпта  биологияны  оқытудың  ерекшелігі  «Өсімдіктер»  бөлімін  оқыту 
болып табылады. 
7-сыныпта биологияны оқытудың ерекшелігі «Жануарлар» бөлімін оқыту 
болып табылады. 
8-сыныпта  биологияны  оқытудың  ерекшелігі  «Адам  және  оның 
денсаулығы» бөлімін оқыту болып табылады. 
9-сыныпта  биологияны  оқытудың  ерекшелігі  «Жалпы  биология негіздері» 
бөлімін оқыту болып табылады. 
6-  сыныпың  оқу  материалы  Өсімдіктер  дүниесінің  маңызы  және  Жер 
бетіндегі өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам 
өміріндегі  маңызы,  өсімдіктердің  жасушалық  құрылысы  туралы  пікір 
қалыптастыруға  бағытталған.  Оқушылар  ауылшаруашылығы  өсімдіктерінің 
көптүрлілігімен,  олардың  экологияға  әсерімен,  сонымен  қатар  өсімдіктердің 
жүйелеуімен  және  жер  бетіндегі  органикалық  дүниенің  көптүрлілігімен- 
вирустар,  бактериялар,  саңырауқұлақтар,  қыналармен  танысады.  Оқу 
материалын  игеру  барысында  өсімдіктерді  зерттеу  бойынша  бақылау  және 
практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зияткерлік, 
шығармашылық қабілеттері дамиды. 
Биологиялық  танымдылықтың  теориясын,  заңдары  мен  заңдылықтарын, 
түсініктерін,  ғылыми  және  логикалық  әдістерін  меңгерген,  салауатты  өмір 
салты,  экожүйелер  мен  түрлердің  көптүрлілігін  қорғау,  сақтау  туралы 
білімдерін  тиімді  пайдалана  білетін  жеке  тұлғаны  дайындау  және  тәрбиелеуді 
жетілдіру көзделеді. 
7-сыныпта  Жануарлар  дүниесі,  жануарлардың  көптүрлілігі,  олардың  Жер 
бетінде  таралуы.  Жануарлардың  құрылысы  және  жүйеленуі.  Жануарлардың 
табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қарастырылады. Оқушылар жабайы 
және үй жануарларын, олардың табиғаттағы өзара байланысын, жануарлардың 
табиғи  бірлестіктердегі  орны  мен  рөлін  оқып  біледі.  Жануарлар  тіршілігінің 
адамға  тәуелділігін  анықтап  біледі.  Жануарларға  жағымсыз  және  жағымды 
қамқорлық  жасаумен,  жануарлар  әлемін  қорғаумен  танысады.  Қазақстан 
табиғатының  ерекшеліктеріне  сәйкес  нақты  жануар  түрлеріне  байланысты 
ақпарат  қарастырылады.  Оқушылар  сонымен  қатар  өздерінің  теориялық 
білімдерін  практикада  және  зертханалық  жұмыстар  орындауда    пайдалана 
алады. 

55 
 
8  –  сыныпта  «Адам  және  оның  денсаулығы»  бөлімі  оқылады.  Алдымен 
ұлпа  жасушасының,  мүшелер  және  мүшелер  жүйесінің,  тұтас  организмнің 
құрылысы туралы білімдерді қамтитын жалпы мәселелер қарастырылады., одан 
кейін  организм  қызметінің  жүйкелік  және  гуморальдық  реттелуі  оқылады. 
Адамның  биологиясын  барлық  қырынан  қарап  зерттеу  анатомия,  морфология, 
физиология,  адам  гигиенасы,  салыстырмалы  цитология  және  гистология 
арқылы жүзеге асырылады. 
8  –  сыныпта  «Биология»  пәнін  игеруде  оқушылар  қоршаған  ортада  және 
адамның  тіршілігінде  жүріп  жатқан  заңдылықтар  мен  процесстер  (зат  және 
энергия  алмасу,  онтогенез)  туралы  білімді  меңгеру,  күрделі  емес  тәжірибе- 
эксперименттік  мәселелер  шешу;  салауатты  өмір  салты  түсінігін  меңгеру, 
оқыған  материалына  талдау  жасап,  жіктеп,  кесте  құрып,  сызбанұсқалар 
құрастырып үйрену; ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін оқып үйрену, 
алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін игеру және адамның жасушасы, 
мүшелер және мүшелер жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. 
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  оқушының  жеке  дамуы,  табиғатты  тиімді 
пайдалану  және  қорғау,  медицина,  ауыл  шаруашылығы  және  биотехнология 
салаларында  меңгерген  білімдерін  пайдалану  жүреді.  Оқушылар  салауатты 
өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін практикада пайдаланады; 
өмірдің  мәнін  ең  жоғары  дәрежедегі  құндылық  ретінде  түсінгенін  көрсете 
біледі. 
9-сыныптағы  биология  пәні  жалпы  биология  негіздерін,  организмдер 
тіршілігінің жалпы заңдылықтары туралы түсініктерді қарастырады. 
9-сыныпта  Биологияны  оқытудың  негізі  -  тірі  организмдердің  жалпы 
құрылымдық ұстанымдарын меңгеру,  жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы 
түсінік  қалыптастыру,  эволюция  ілімі,  генетика  және  селекция  негіздері, 
организмдер мен  ортаның  арақатынасы туралы білім беру, сонымен қатар  тірі 
организмдердің  негізгі  құрам  бөліктері  және  қасиеттері  туралы  біліктіліктерін 
қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі 
және  гомеостаз,  көбейуі  мен  дамуы  ұғымдары  бойынша  Жалпы  биология 
білімдерін оқушылар меңгереді. 
Биология  пәнін  оқыту  арнайы  кабинетте,  оқу-көрнекілік  құралдар  мен 
жабдықтар,  көрсетілімдік  және  зертханалық  аспаптар  ғаламтор,  интерактивті 
тақта,  техникалық  оқыту  құралдармен  жабдықталған  жағдайда  жүзеге 
асырылады. 
Ескерту.  6-9-сыныптарда  зертханалық  жұмыстар  оқылатын  тақырыппен 
бірге  жұмыс  дәптеріне  орындалады.  Оқушылардың  зертханалық  жұмысты 
орындауын  бағалау  мұғалімнің  шешімі  бойынша  бағаланады  және  сынып 
журналына қойылады. 
Биология  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  негізгі  деңгейде  типтік 
оқу  жоспарына  сәйкес  әр  оқу  жылында  68  сағатты  құрайды,  аптасына  
2 сағаттан: 
6- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 
7- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 

56 
 
8- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 
9- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат. 
 
Физика 
«Физика»  пәнін  7-9  сыныптарда  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың 
ғылыми  дүниетанымының  негіздерін,  танымдық  қызығушылығын,  сын 
тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, 
физиканың  негiзгi  заңдарымен  танысудан,  табиғаттың  құбылысын  зерттеуден 
меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.  
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi: 

 
қазіргі  заманғы  әлемнің  физикалық  бейнесінің  негізін  беретін 
физикалық    құбылыстар,  ұғымдар,  заңдылықтар  және  теориялық  қорытынды 
туралы  білімдерді,  табиғаттың  ғылыми  таным  әдістері  туралы  білімдерді, 
құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және 
жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту; 

 
 физикалық  экспериментті  орындау  дағдысын,  зерттеушілік    қабiлетін, 
өмірлік,  тәжірибеде  мәні  бар  есептерді  шешу  үшін  игерген  білім  және  білігін 
қолдану 
үдерісінде 
танымдық 
қызығушылығын, 
зияткерлік 
және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

 
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны 
қорғау  және  табиғат  құндылықтарын  тиімді  пайдалану,  қоғам  және  адам 
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 

 
базалық  білім  негізінде  экономикалық  және  саяси,  әлеуметтік,  мәдени 
қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу. 
7-9 сыныптарда «Физика» пәнін оқытқанда оқушылардың жас ерекшелігін, 
оқу  үдерісінің  логикасын,  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  ескере 
отырып  тарауларды  және  тақырыптарды  оқытудың  сабақтастығы  сақталуын 
ескеру қажет. 
Теориялық  мәліметтерді  зерттеуге  және  білім  алушылардың  практикалық 
дағдысын  қалыптастыруға  уақытты  тиімді  бөлу    маңызды.  Уақыттың  
30%  жуығын  көрсетілім,  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстарды 
орындауға  бөлу  керек.  Оқушылардың  білімiн  тексеру  үшін  уақыттың  10% 
қарастырылуы тиіс. 
Оқу  процесiн  ұйымдастыру,  оқу  процесiн  ұйымдастырудың  әр  түрін 
пайдалану, қазiргi оқыту әдiстерін және педагогикалық технологияларды енгiзу 
және жергiлiктi жердің жағдайын  ескеруге (5%  )  оқу  уақытының бос қорынан 
10 сағат көлемiнде уақыт бөлінуі есерілуі тиіс. 
7-9-сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  базалық  оқу  материалының 
мазмұны  оқушылардың  негізгі  игерген  білімдерін  тәжірибеде  көбірек 
қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге 
негізделеді.  
7-сыныпта физикалық терминдерге ерекше назар аударылады. Масса және 
тығыздық  ұғымы  шаманың  мөлшері  ретінде  «Заттың  құрылысы»  бөлімінен 
бастап оқытылады.  

57 
 
8-сыныпта  «Магнит  өрісі»  тақырыбы  «Электр  тогының  магниттік  әсері» 
ретінде қарастырылады. 
11-сыныпта  электромагниттiк  толқындар  және  тербелiстерді  оқығанда   
«Тербелістер  және  толқындар»  тақырыбын  қарастырмайды  сондықтан  9-
сыныпта тақырыптар жүйеленіп беріледі. 
7-9-сыныптарға арналған «Физика» пәні оқушылардың жас ерекшеліктерін 
ескеріп  олардың  жаңа  контексте  игерген  білімдерін  қолдануға  және  даму 
үдерісінің  жаһандануы,  табиғаттың  физикалық  заңдылықтарының  мәнiн  аша 
отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады. 
Практикалық  бағытта  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  7-сыныпта  
8  лабораториялық  жұмыс,  12  практикалық  жұмыс,  4  бақылау  жұмысы;  
8-сыныпта 11лабораториялық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы; 
9-сыныпта  4лабораториялық  жұмыс,  6  практикалық  жұмыс,  6  бақылау  жұмысы 
және 8 лабораториялық практикум өткізілу қарастырылады. 
Оқу  жүктемесінің көлемі: 
7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 
8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 
9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат. 
 
Химия 
Химия  пәні  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары 
талаптарына  сай  жалпы,  бейорганикалық  және  органикалық  химия  салалары 
бойынша  оқушыларда  базалық  білім  қалыптастыруға,  табиғаттағы,  адам 
өміріндегі,  қоғамдық-экономикалық  дамудағы  химия  ғылымы  мен  өндірісінің 
рөлін  түсіндіруге,  қоршаған  әлемге  ғылыми  көзқарас,  экологиялық  мәдениет, 
әлеуметтік маңызды құндылықтар  қалыптастыруға міндетті.  
Оқушыларға химия пәні бойынша тиянақты білім беру  үшін химия білімін 
дамытудың қазіргі төмендегідей басымдылықтарына назар аудару керек: 
-  оқытудың  жүйелілік-іс-әрекеттік  сипаты,  теория    мен  практиканың 
сабақтастығы,  өмірмен,  жаңа  технологиялардың  енгізілуімен  және  елдің 
индустриалдық-экономикалық  даму мәселелерімен  байланыстылығы; 
-химиялық тәжірибелер жасау және өзіндік білім алу іс-әрекеттері үлесінің 
артуы  негізінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
басымдылығы; 
-білім  мазмұнындағы  қазақстандық  компоненттің  және    өңірлік  даму 
элементерінің кеңейтілуі; 
-білім мазмұнының ізгілендірілуі, экологиялық сипатының артуы негізінде 
білімнің  дүниетанымдық мәні мен тәрбиелеушілік әлеуетінің күшейтілуі; 
-  білім  мазмұнының  тұтастығы,  басқа  жаратылыстану  пәндерімен 
интеграциялануы мен жүйелілігінің артуы; 
- оқу барысында оқушылардың өзіндік білім алу  дағдыларын дамыту, оқу 
үдерісінің жобалау-зерттеу, шығармашылық сипатының артуы; 
Химия пәнінің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады. 
Оқу  жоспарының  инварианттық  бөлімі  мемлекеттік  міндетті  білім  мазмұнын 

58 
 
игеруді, 
ал 
вариативті 
бөлімі 
оқушылардың 
таңдауы 
бойынша 
қызығушылықтары мен икемділігіне қарай білім-білік алуын  қамтамасыз етуге 
бағытталады.  
Білім  беру  үдерісінде  жоғары  сапалы  химия  сабағын  ұйымдастыруға 
қойылатын төмендегі жалпы талаптарға  назар аудару керек: 
-  сабақта  ғылымилық,  көрнекілік,  қолжетімділік    дидактикалық 
ұстанымдарды оңтайлы арақатынаста жүзеге асыру; 
-  оқу  материалының  өмірмен,  оқушының  практикалық  қызметі  мен  іс-
әрекетімен байланыстылығын,  химиялық заттарды, материалдарды қауіпсіздік 
ережелерін сақтай отырып, қолдану мәдениетін қалыптастыру; 
- сабақты оқу  материалдарын  орнықты меңгеруге ықпал  ететін тартымды, 
теориялық  және  эксперименттік  қызықты  фактілерді  және  әдіс-тәсілдерді 
қолдана отырып түрлендіру; 
-  сабақ  мазмұны  мен  түрін  жоспарлауда  оның  химия  бойынша  жалаң 
мағлұматтарды  игертугеемес,  адами  құндылықтар  мен  оның  мүдделерін 
ұғынуға  басымдық  беру,  яғни  сабақты  химия  пәніне  емес,  оқушы  тұлғасының 
мүдделеріне бағдарлау; 
-  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық,  мультимедиялық    құралдарын 
ұтымды пайдалану. 
Оқу  үдерісі  «Кабинет  паспорты»,  «Техника  қауіпсіздігі  ережелері», 
«Техника  қауіпсіздігі  журналы»,    қышқылдар,  сілтілер,  органикалық  заттар, 
жылыту  құралдары,  шынылармен  жұмыс  істеуге  арналған  нұсқаулық 
карточкалар,  сонымен  қатар  химиялық    реактивтер  (сақталу  тобы  бойынша), 
зертханалық 
және 
демонстрациялық 
құралдар, 
баспа 
құралдары, 
мультимедиалық  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар  және  басқа  да  оқыту 
құралдарымен  жабдықталған  кабинетте  жүзеге  асырылады.    «Прекурстар 
тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енетін 
заттарды қолдануға тыйым салынады.  
Химия  бойынша  жазбаша  орындалатын  үйрету  мақсатындағы  жұмыс 
түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, 
тірек  сызбалар,  талдамалық  және  қорытындылаушы  кестелер,  зертханалық 
тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады. 
 Үйрету  мақсатындағы  жұмыстардың  түрін,  мазмұнын  және  көлемін    оқу 
бағдарламасы,  сонымен  қатар    мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарттары  талаптарын  ескере  отырып,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдартағы тапсырмалар  негізінде  мұғалім анықтайды.  
Білім  алушыларда  3  дәптер  болуы  тиіс  (сынып,  үй  тапсырмалары  және 
зертханалық тәжірибелер үшін дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер 
және бақылау жұмыстары дәптері).  
Сынып  журналына  барлық  демонстрациялық  және  зертханалық 
тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады (Оттегін алу, №3 дем., 
№4  зертх.)  және  мұғалім  оқушылардың  жұмыстарын  таңдауы  бойынша 
тексеріп, бағалайды. Барлық оқушылардың тәжірибелік жұмыстары (№ … пр.ж.  
«Тақырып»)  мен  бақылау  жұмыстары  (№  …бақылау  жұмысы)  толық 

59 
 
бағаланып, журналға  жазылады.       
Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау 
жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін, ал бақылау жұмысы 
дәптеріне  тақырыптық  бақылау  мен  тест  жұмыстары  аясында  алынатын  өздік 
жұмыстарын көрсетуіне болады. 
Практикалық  және  бақылау  жұмыстарын  арналған  дәптерлер  оқу  жылы 
көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін 
беріліп отырады.  
Бақылау  жұмыстары  бойынша  талдау  жұмыстарын  оқушылар  бақылау 
жұмысынан  кейінгі  сабақта  (сынып  журналына  жазылмайды)  орындайды, 
сонымен  қатар  практикалық  жұмыстарды  талдау  мұғалімнің  қалауы  бойынша 
және  қажеттілігіне  қарай  үйрету  жқмыстарынан  кейін  сәйкес  дәптерге 
орындалады.  
Білім  алушылардың  зерттеушілік  мәдениеті  мен  танымдық-ойлау 
белсенділігін  дамыту  мақсатында  белгілі  бір  тарауды  аяқтаған  соң  кіші 
жобаларды 
қорғау, 
шығармашылық 
жұмыстар 
байқауы 
сияқты 
қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.   
Алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдану  дағдыларын  дамыту  үшін 
зертханалық  тәжірибелер мен демонстрациялық жұмыстарды орындауда бейне 
тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.   
Химия пәні бойынша оқу арнайы жабдықталған, химиялық реактивтермен, 
препараттармен,  құралдармен  және  керек-жарақтармен,  зертханалық  және 
көрнекілік,  баспа,  мультимедиалық  құралдармен,  электрондық  оқулықтармен, 
диафильм, кино- және бейнефильмдермен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге 
асырылады.   
Оқытудың  мақсаты:  қоршаған  әлем  туралы  химиялық  білім  мен 
жаратылыстануғылыми  түсініктердің  біртұтас  жүйесін  қалыптастыру,  талдау 
қабілеті бар,  функционалды сауатты және шығармашыл тұрғыда ойлай алатын 
және өз білімін практикада қолдана алатын оқушы тұлғасын дамыту,оның туған 
өлкеге  және  қоршаған  ортаға  экологиялық-гуманистік  қарым-қатынасты 
тәрбиелеуболып табылады. 
Оқыту міндеттері: 
1)  әлемнің  химиялық  жаратылыстану-ғылыми  көрінісі  туралы  білімді 
меңгерту және  олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген,  түсіндірмелі, 
болжау) қолдану; 
2)  заттардың  құрамы,  құрылысы,  қасиеттері  мен  қолдану  арасындағы 
себеп-салдарлы байланыстарды анықтау; 
3)  химиялық  терминологияны,  химиялық  элементтердің  таңбаларын, 
заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру; 
4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру; 
5)  заттардың  сандық  және  сапалық  құрамын  анықтауда  және  олардың 
қасиеттерін  зерттеуде  реактивтер,  қыздыру  құрылғыларымен  жұмыс  жасау 
барысында  қауіпсіздік  техникасының  талаптарын  сақтай  отырып,  химиялық 
тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту; 

60 
 
6)  адамзаттың  экологиялық,  азық-түлік,  өндірістік,  энергетикалық 
мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін 
ашу; 
7)  өмірлік  және  экологиялық  мәселелерді  шешуде  алған  білімді 
пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру; 
8)  мультимедиалық  сандық  білім  беру  ресурстарын  қолдану,  презентация 
мен  жобалау  жұмыстарын  жасауда  коммуникативті-ақпараттық  біліктіліктері 
мен дағдыларын дамыту; 
9) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай  оқу бағытын таңдау дайындығы 
мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту. 
Негізгі  мектептің  8-9  сыныптарындағы  химия  курсы  оқушылардың  жаңа 
білімді  игеруі,  танымдық  қабілеттері  мен  қызығушылығын  арттыру,  білімін  іс 
жүзінде  қолдану  қабілеттерін,  яғни  функционалдық  сауаттылығын    ұштау 
мақсаттарында кең қолданылуы тиіс. Химия пәнін оқытуда мұғалім мен оқушы 
арасындағы  әріптестік  қарым-қатынасты  құра  білуге,  оқушылардың    ғылыми 
жобаларды  орындауына,  практикалық  сабақтар  мен  эксперименттік 
жұмыстарында  өз  бетімен  білімі  мен  білігін  шыңдап,  алған  теориялық  білімін 
практикада,  әртүрлі  өмірлік  жағдаяттарда  қолдана  білуіне  үлкен  маңыз 
беріледі.  Оқытуды  ұйымдастырудың  жүйелік-іс-әрекеттік    тәсілі  шеңберінде 
оқушылардың  өмірлік  қажетті  дағдылары  мен  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  мүмкіндік  ашатын  ұтымды  педагогикалық  технологияларды 
қолданған  тиімді.  Түрлі  технологияларды  қолдану  барысында  оқушының  өз 
бетінше  әрекет  етуін,  белсенділігін,  креативтілігін,  оның  химияға  ықыласын 
арттыратын оқытудың проблемалық-іздестіру, интерактивтік, коммуникативтік, 
ойындық тәсілдері, жобалау тәсілдері тиімді болып табылады.  
Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды 
оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.  
8,9  сыныптардағы    алғашқы  сабақта  арнайы  журналға    белгілей  отырып  
Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.  
Оқу  жоспарының  жылжымалы  бөлігі  есебінен  элективтік  қолданбалы  
курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады. 
 Сабақтан тыс жұмыстар: 
- зерттеу жобаларын дайындау және қорғау; 
- олимпиадалар,конкурстер,тақырыптық кештер; 
- таңдау боыйынша элективтік курстер; 
-  он-лайн    режиміндегі  конференциялар  мен  қашықтан  жүргізілетін 
сабақтар, білім байқаулары; 
-  химиялық  ғылым  мен  өндіріс  нысандарына  таным-жорықтар  түрінде 
өткізіледі.  
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан; 
9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан. 
 
 

61 
 
2.4 «Адам және қоғам» білім саласы 
 
Қазақстан тарихы 
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  білімі  мен  дайындық  деңгейін, 
жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  Қазақстан  тарихының  ежелгі  дәуірден 
бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.  
Қойылған  мақсаттарға  сай  пәнді  оқытудың  келесі  міндеттері  орындалуы 
тиіс: 
1)
 
оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру; 
2)
 
Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту; 
3)
 
оқушылардың  тарихи  фактілер  мен  құбылыстарды  талдап-қорыту, 
тарихи  оқиғалардың  мақсаты  мен  мәнін  анықтай  білу,  оның  маңызын  бағалай 
білу дағдыларын қалыптастыру; 
4)
 
оқушыларды  оқытылатын  кезеңдегі  ғылым  мен  мәдениеттің  көрнекті 
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы 
талдау жасауға дағдыландыру; 
5)
 
оқушылардың  қазақ  және  басқа  да  халықтардың  мәдени  мұраларына 
қызығушылығын қалыптастыру; 
6)оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  түрлі  дерек  көздерінен 
қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік 
беру. 
Пәнді  оқытуда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  
23  шілдедегі  №961  қаулысымен  бекітілген  Мемлекет  басшысының 
«Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай 
жиырма  қадам»  атты  мақаласында  берілген  тапсырмаларын  іске  асыру 
жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек. 
Оқу жүктемесінің көлемі: 
5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 
6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 
7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 
8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 
9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет