Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Мектепалды  даярлық  сыныптарында  оқу-тәрбие  жұмыстарын



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата20.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#4554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Мектепалды  даярлық  сыныптарында  оқу-тәрбие  жұмыстарын 
ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
Балалардың  мектепалды  даярлығының  негізгі  мақсаты  мектепке  дейінгі 
жастағы  балалардың  жалпы,  жеке,  физикалық  дамуын,  білімді  меңгеруге 
даярлығын  қамтамасыз  ету,  балада  оқу  іс-әрекетін  меңгеруге  қажетті  жеке 
қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.  
Міндеттері: балалардың мектепте оқуға мақсатты және жүйелі даярлығы; 
жеке  қабілеттерін  және  дарындылығын  дамыту;  балаларды  ұлттық, 
жалпыадами  этикалық  және  мәдени  құндылықтарға  баулу,  балалардың 
интеллектуалдық  дамуы;  жоғары  рухани  және  адамгершілік  негіздерін 
қалыптастыру; балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; 
білім берудің өзара сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. 
Мектепалды  даярлық  сыныптарда  сабақтарды  ұйымдастыру  және  өткізу 
білім  беру  бағдарламалары  және  базистік  оқу  жоспары  негізінде  жүзеге 
асырылады.  
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарты  мен  үлгілік  оқу  жоспарларына  сәйкес  мектепалды  даярлық 
сыныптарында  оқу  жүктемесі  24  сағатты  құрайды,  оның  ішінде  20  сағат  - 
ұйымдастырылған  оқу  әрекетіне,  4  сағат  –  вариативті  компонентке 
қарастырылған.  
Мектепалды  даярлық  сыныптарында  оқу  жылының  ұзақтығы  32  оқу 
аптасын құрайды. 
Мектепалды  даярлық  сыныптарында  ұзақтығы  25-30  минуттан 
ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  саны  төрттен  көп  болмауы  қажет.  Әрбір 
сабақ  арасындағы    үзіліс  ұзақтығы  10-12  минут  болуы  қажет,  бұл  кезде 
бірқалыпты қарқындылықпен қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылады. 
Мектепалды  даярлық  сыныптарында  білім  беру  мазмұны  балалардың 
танымдық,  қатынас,  эстетикалық  және  физикалық  әлеуетін  дамытуға 
бағытталған  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Әлеуметік  орта»  және 
«Шығармашылық» білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.  
Мектепалды  даярлық  сыныптарында  «Біз  мектепке  барамыз»  білім  беру 
бағдарламасы 
қолданылады.  Бағдарлама  мектепте 
оқытуда 
балалар 
даярлығының контекстінде бала тұлғасының психикалық және физикалық даму 
жағдайын  қамтамасыз  етуге  бағдарланған  балабақша  мен  бастауыш  мектеп 
арасындағы сабақтастықты қарастырады.  
Білім  беру  үдерісінде  тіл  дамыту,  жазу,  санау,  бейнелеу,  құрастыру, 
жапсыру және т.б. қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендері қолданылады.  
Мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлық:  
1.  Оқыту  мотивациясы  (мектепке  барғысы  келеді;  оқудың  маңыздылығы 
мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға қызығушылық танытады).  
2.  Құрбыларымен  және  ересектермен  тіл  табыса  білуі  (бала  қарым-
қатынасқа  тез  ыңғайланады,  агрессивті  емес,  сөйлесу  кезінде  мәселелі 
жағдайларынан шығып біледі, ересектердің беделін мойындайды).  

14 
 
3.  Оқыту  міндетін  қабылдай  білу  (мұқият  тыңдау,  қажеттілігі  болса 
тапсырманы нақтылау).  
Мектептік-маңызды психологиялық қызметтерді дамыту: 

 
Қолдың  ұсақ  бұлшық  еттерін  дамыту  (қол  жақсы  дамыған,  бала 
қарындашты, қайшыны сенімді қолдана біледі). 

 
Кеңістікті бағдарлау, қозғалыс үйлесімділігі («жоғары – төмен», «алға – 
артқа», «оң – сол» түсініктерін ажырата біледі). 

 
Көз – қол жүйесінің үйлесімділігі (бала дәптерге қарапайым графикалық 
бейнені  –  өрнекті,  қашықтықта  көрген  пішінді  дұрыс  көшіре  алады  (мысалы, 
кітаптан). 

 
Логикалық  ойлауды  дамыту  (салыстыру  кезінде  әртүрлі  нәрселердің 
ұқсастығы  мен  айырмашылықтарын  табу,  ортақ  белгілеріне  қарай  заттарды 
топтарға дұрыс топтастыра білу қабілеті). 

 
Өзіндік  зейінін  дамыту  (15-20  минут  ішінде  орындалған  жұмысқа 
зейінін сала білу қабілеті). 

 
Өзіндік  есте  сақтауды  дамыту  (жанама  есте  сақтау  қабілеті:  есте 
сақталған  материалды  нақты  белгімен  байланыстыру:  сөз-сурет,  немесе  сөз-
жағдай). 
Баланың мектепке оқуға даярлығының критерийлері: 
Баланың  жеке  даярлығы  -  егер  мектеп  баланы  сырттай  емес  (портфель, 
дәптер  сияқты  құралдармен),  керісінше  жаңа  білім  алу  мүмкіндігімен 
қызықтырса, онда баланың мектепте оқуға дайын болғаны. 
Интеллектуалдық даярлық –баланың ой-өрісінің, нақты білімдер қорының, 
білімге  деген  қызығушылығының  бар  болуы.  Құбылыстар  арасындағы 
байланысты түсіну, көз алдына келтіру қабілеті. 
Әлеуметтік-психологиялық  даярлық  -  құрбыларымен  және  ересектермен 
тіл  табыса  білуі:  басқа  қоғамға  ене  білу  (балалық  қоғамға),  өзгелермен  бірге 
әрекет ету, топтың қызығушылығына бағыну. 
Физиологиялық  даярлық  –  физиологиялық  және  биологиялық  даму 
деңгейі, денсаулық жағдайы.  
Мектепалды даярлық арналған оқу материалдары. 
Мектепалды  даярлыққа  арналған  оқу  материалдары  пәндік  жинақтармен 
ұсынылған.  Әрбір  жинаққа    әліппе  –  дәптер,  дидактикалық  материалдар, 
оқулық  -  хрестоматия,  мультимедиялық  -  анимациялық  электронды  құралдар 
және әдістемелік нұсқаулық кіреді.  
Тіл дамыту және сауат ашуды меңгеруге  даярлық. 
1. 
Баланың  мектепке  даярлығының  басты 
өлшемдерінің  бірі 
фонематикалық есту болып табылады, яғни: 

 
сөз тіркесінде берілген дыбысты анықтай білу;  

 
сөздерде  дыбыстың  орналасуын  анықтай  білу  (сөздің  басында, 
ортасында, аяғында);  

 
сөздерге  дыбыстық  талдау  жасау  дағдыларын  меңгеру:  дауысты  және 
дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарын ажырата білу. 
2. Сөздерді буындарға бөле білу. 

15 
 
3. 3-4 сөзден сөйлем құрастыра білу. 
4. Жалпылама түсініктерді қолдана білу, зат есімге анықтама жасай білу. 
5. Суреттер топтамасы, мазмұндық суреттер, берілген тақырып  бойынша 
әңгіме құрастыра білу. 
6.  Заттар  туралы  әңгіме  құрастыра  білу  (ересектер  ұсынған  жоспар 
бойынша). 
7.  Шағын  әдебиет  мәтіндерінің  мазмұнын  өз  еркімен,  мәнерлі,  дәйекті 
жеткізе білу. 
Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  дамыту  және  математиканы 
оқытуға даярлық. 
1. Саны белгілі  нәрселерді санау және есептеу. 
2. Онға дейінгі сандарды тура және кері санай білу. 
3. Берілген санға көршілес сандарды (алдыңғы және кейінгі) атай білу. 
4.  Алғашқы  ондық  санының  (жеке  бірліктерден)  және  екі  кіші  саннан 
құралған санның құрамын білу. 
5. Цифрларды білу: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
6. +, -, = таңбаларын білу, арифметикалық таңбаларды қолдана білу. 
7. Цифрлардың арақатынасын және заттардың санын білу. 
8. Қосу және азайтуға есептер құрастыру және шеше білу қабілеті. 
9. Геометриялық пішіндерді білу: шеңбер, шаршы, төртбұрыш. 
10. Шеңберді, шаршыны екі және төрт бөлікке бөле білу. 
11. Тор жол қағаз бетіне бағдарлауды үйрене білу. 
Баланың ой-өрісі және білімді меңгеруге даярлығы. 
1.  Үйдің  мекен-жайын,  телефонын,  ата-анасының  толық  аты-жөнін  және 
отбасы құрамын атай білу. 
2. Ересектер қызметінің әртүрлі түрлері туралы жалпы түсініктің болуы. 
3. Қоғамдық орындарда және көшеде жүріс-тұрыс ережелерін білу. 
4. Жыл мезгілдері және  маусымдық құбылыстар туралы жалпы түсініктің 
болуы. 
5. Ай, апта күндерінің аттарын және олардың реттілігін білу. 
Мектепке даярлық кезінде балаға пайдалы сабақтар: 
Қолдың  ұсақ  бұлшықеттерін  дамыту:  әртүрлі  конструкторлармен  жұмыс; 
қайшымен,  ермексазбен  жұмыс;  альбом  бетіне  сурет  салу  (қарындашпен, 
бояумен). 
Танымдық қабілеттерін дамыту (есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау). 
Балалармен 
сабақ 
өткізуге 
арналған 
дамыту 
жаттығуларының 
материалдары:  Ойнаймыз,  оқимыз,  дамимыз;  Ойлау  қабілетін  қалыптастыру 
ойындары; Тор жол бетіне сурет саламыз; Сызбалар; Суреттің екінші жартысын 
аяқта; Графикалық диктанттар; Кеңістікте бағдарлау; Ұқсас суреттерді боя. 
Жоғарыда  аталған  білім,  іскерлік  және  дағды  әрқайсысы  белгілі  бір 
мақсатқа бағытталған, дербес бөлімдерден тұратын білім беру салалары арқылы 
жүзеге асырылады.  
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, 
салауатты  өмір  салтының  ережелерін  саналы  түрде  сақтауын  қалыптастыруға, 
бала  ағзасы  мен  маңызды  қозғалыс  дағдыларының  функционалды 

16 
 
мүмкіндіктерін  жетілдіруге  бағытталған  педагогикалық  жұмыстардың 
шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген. 
«Қатынас»  білім  беру  саласында  байланыстырып  сөйлеуді  дамытуды, 
мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, 
мазмұнды  диалог  пен  монолог  құра  білу  іскерлігін,  сауат  ашу  және  жазуды 
меңгеруге  дайындау  мақсатында  тілдік  шығармашылығын  көрсетуге 
бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.  
«Таным»  білім  беру  саласында  баланың  қоршаған  ортада  бағдарын 
кеңейту,  толықтыру,  салыстыру,  талдау,  жалпылау,  байқау,  үлгілеу,  қарапайым 
іздеу  әрекеттерін,  табиғатты  қорғау  тәсілдерін  меңгеруін,  түрлі  ақпарат 
көздерімен 
жұмыс 
істеу 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
бағытталған 
педагогикалық  жұмыстардың  міндеттері,  мазмұны  мен  шарттары  айқындалып 
көрсетіледі. 
«Шығармашылық»  білім  беру  саласында  бала  бойында  әлемге  және 
оның  ұлттық,  классикалық  және  қазіргі  көркем  құралдары  арқылы  көркем 
дамуына  деген  эстетикалық  қатынасын,  балалар  шығармашылығы  арқылы 
көркемдік қабілеттерін, балалардың көркемдік әрекеттерінің әртүрлі түрлерінің 
интеграциясын  бірге қалыптастыру қарастырылады. Балалар шығармашылығы 
мен  әрекеттерін  біріктіру  арқылы  балалардың  қалыптасады.  Балалар 
шығармашылығы  –  бұл  өзін,  өзінің  мүмкіндіктерін,  қоршаған  әлемді  танитын 
және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.  
«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласында  әлеуметтендіруді  қоғамдық 
қатынастар 
жүйесіне 
енуге 
қажетті 
балалардың 
әлеуметтік-мәдени 
тәжірибелерінің  дамуы  ретінде  қарай  отырып,  еңбек  және  білім,  білік, 
дағдыларын,  қағидалар,  құндылықтар,  салт-дәстүрлер,  ережелер,  тұлғаның 
әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. 
«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласы  кіріктірілген  сипатта  ие  және  төрт 
білім  беру  саласының  мазмұнын  жүзеге  асыру  мен  балалар  әрекеттерін 
түрлендіруді  ұйымдастыру  негізінде    олардың  ересектермен,  құрдастарымен 
қарым-қатынас  жасау  дағдыларын,  қарапайым  өзін-өзі  бақылау  және  реттеу 
қабілеттерін қалыптастырады.  
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын 
кіріктіру 
және 
заманауи 
білім 
беру 
технологияларын 
таңдауда 
шығармашылықпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу-іс-
әрекетін жоспарлауға жаңаша тәсілдер ұсынады. 
Әрбір  білім  беру  саласының  мазмұнында  мектеп  жасына  дейінгі  ересек 
жастағы  балалардың  базалық  білім,  білік,  дағдыларын  меңгеру  деңгейі 
бойынша күтілетін нәтижелер анықталған.  
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын 
таңдау  және  жағдайларын  анықтау  негізінде  балабақша  мен  бастауыш  мектеп 
арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.  
 
 

17 
 
2 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері  
 
Бастауыш  білім  беру  оқушыларды  оқу,  жазу,  санау,  оқу  іс-әрекетінің 
негізгі  біліктері  мен  дағдыларын,  теориялық  ойлау  элементтерін  меңгеруін, 
сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, 
тәрбие  және  сөйлеу  мәдениетімен,  салауатты  өмір  салты  мен  жеке  бас 
гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.  
Демек,  бастауыш  білім  берудің  мақсаты  –  оқу,  жазу,  санау,  есептеу 
дағдылары  қалыптасқан,  ойын,  оқу,  еңбек,  қарым-қатынас  сияқты  әрекет 
түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі 
бақылай  және  бағалай  алатын,  салауатты  өмір  салты  мен  жеке  бас  гигиенасы 
негіздерін,  ұлттық  менталитетті  ескере  отырып,  отандық  және  әлемдік 
мәдениетпен  таныстыру,  шығармашылық  қабілеттері  дамыған  жеке  тұлғаның 
қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.  
Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі 
міндеттері:  
– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;  
– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;  
– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға 
деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;  
–  адамгершілік  қасиет  пен  эстетикалық  талғамға,  эмоционалдық 
құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;  
–  салауатты  өмір  салтын,  денсаулық  пен  жеке  бас  гигиенасын  және  өмір 
қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып белгіленген.  
Қазіргі  таңда  ҚР  білім  және  ғылымды  дамытудың  басым  бағыттарын 
жүзеге  асыру  бойынша  2014-2016  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарында 
(ҚР  БҒМ  2014  жылғыңғ  13  қаңтардағы  №9  бұйрығымен  бекітілген)  біздің 
мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік 
білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп 
отыр.  Бұл,  біріншіден,  білім  беруді  заман  талабына  сай  жаңа  мазмұнда 
ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланысты.  
Екіншіден, білім беруді  жаңарту  оқушылардың білімін  ғана  емес,  оларды 
қолдану  дағдыларын,  атап  айтқанда,  функционалдық  сауаттылығын  немесе 
құзыреттілігін  қалыптастырумен  байланысты.  Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде 
функционалдық  сауаттылық  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және 
экономикалық  қызметтерге  белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  «өмір  бойы  білім 
алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.  
Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  TIMSS,  PIRLS 
бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және 
жазудағы  сауаттылық,  математикалық  сауаттылық,  жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі 
тіл  және  әдебиет,  математика  және  жаратылыстану  білім  саласы  пәндерін 
оқытуда  мұғалімдер  жаттығулар,  тапсырмалар  орындатқанда,  есептер 
шығартқанда  және  түрлі  мәтіндер  оқытқанда,  оларды  өмірмен  байланыстыра 
отырып, 
оқушылардың 
оқудағы 
және 
жазудағы, 
математика 
мен 

18 
 
жаратылыстану  ғылымындағы  сауаттылықтарын  қалыптастыруға  баса  көңіл 
бөлгені жөн.  
Үшіншіден,  білім  беруді  жаңарту  Елбасының  Жолдауындағы  «Мәңгілік 
Ел»  идеясына  сәйкес  оқу-тәрбие  үдерісін  оқушылардың  патриотизмін,  мораль 
және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық 
және  рухани  дамуын,  заңды  құрметтеуін  қалыптастыру  міндетін  алға  қояды. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясында  белгіленген  бұл  құндылықтар  жалпы  оқу-тәрбие 
жұмысының  негізі,  бастауыш  мектепте  оқытылатын  пәндердің  арқауы  болуы 
тиіс.  Сондықтан  ұстаздарымыз  күнделікті  кез  келген  пәнді  оқыту  барысында 
әрбір  сабақта  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқушылардың  бойына  сіңіруді 
естен шығармағаны жөн.  
Төртіншіден,  білім  беруді  жаңарту  оқу-тәрбие  процесіне  заманауи 
әдістемелер  мен  технологияларды  мұғалімдердің  тиімді  пайдалана  білуіне 
байланысты  екені  сөзсіз.  Сондықтан  ұстаздар  қауымы  үнемі  ізденісте  болып, 
жаңалықты үйреніп, «өмір бойы білім алу» ұстанымымен жұмыс жасауы тиіс. 
бұл ретте мұғалімдерге толық еркіндік беріліп отыр.  
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
2012–2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-қимыл  жоспарында  (ҚР  Үкіметінің 
2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, 
соның  бірі  –  коммуникативтік  құзыреттілік.  Коммуникативтік  құзыреттілік  – 
бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.  
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, 
тіл  мен  әдебиеттік  оқу  сабақтары  барысында  қалыптасады.  Олай  болса, 
бастауыш  білім  беру  мазмұны  оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастыра  отырып, 
оның,  ең  алдымен,  өз  ана  тілінде  ауызекі  және  жазба  тілде  сауатты  сөйлеу, 
ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды 
ыждаһатпен  тыңдап,  түсіну,  өз  пікірін  жеткізе  білу,  дұрыс  оқу  және  сауатты 
жазу,  т.б.  дағдыларын,  соның  нәтижесінде  өздігінен  білім  алу,  алған  білімін 
өмірлік  жағдаяттарға  сәйкес  қолдана  білу  қабілеттерін,  өмірдегі  мәселелерді 
шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.  
Бастауыш  білім  беру  деңгейіндегі  ең  қиын  да  жауапты  кезең  –  бірінші 
сыныптағы  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру.  Себебі  1-сыныптағы  оқытудың 
мақсаты  –  6-7  жастағы  сәбилерге  әріптерді  танытып,  олардың  басын  қосып 
оқуға,  одан  әрі  түсінгенін  мәнерлеп  баяндауға,  жатқа  айтып  беруге,  т.б. 
әрекеттерге  баулу,  қолына  қалам  ұстатып,  бірте-бірте  жазуға  машықтандыру, 
байланыстырып  сөйлеуге  үйретіп,  тілін  дамыту.  Сондықтан  1-сынып 
оқушыларының  оқуға  оң  ынта-ықыласын  қалыптастырып,  қызығушылығын 
ояту  мақсатында  оқыту  үдерісін  қарапайымнан  күрделіге,  жеңілден  ауырға 
біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, 
оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, 
т.б. тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта үй тапсырмасы 
берілмейді. 
Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.   
1-сыныпта  балалардың  оқу  үдерісіне  бейімделуін  жеңілдету  мақсатында 
оқу жүктемесін бірте-бірте ұлғайтып отырған жөн, яғни сабақтар ұзақтығының 

19 
 
«сатылы»  тәртібі  қолданылуы  тиіс:  қыркүйек  айында  ұзақтығы  35  минут  үш 
сабақ екiншi тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минут төрт сабақ жоспарланады; 
екiншi жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минут болады.  
Сонымен қоса, 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық 
демалыс беріледі, осыған байланысты оқу жылы 33 аптаны құрайды.  
1-сыныпта  сабақ  кестесіне  қосарланған  сабақтар  («Еңбекке  баулу»  пәнін 
қоспағанда) қойылмауы қажет.  
Сабақ  кестесіндегі  үзілістердің  ұзақтығы,  оқушылардың  тамақтануы  мен 
белсенді  демалуы  үшін  жеткілікті  болуы  қажет  (Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 қаулысы).  
Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», 
«Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», 
«Дене шынықтыру».  
 
2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы  
 
«Тіл  және  әдебиет»  білім  саласындағы  пәндердiң  негiзгi  ерекшелiгi 

 
оқушының  алдағы  уақытта  оқу  әрекетін  меңгеруіне  негіз  болатын 
коммуникативтік  немесе  тілдік  дағдылардың  алғашқы  нышандарын 
қалыптастыру. Олар:  
1)
 
тыңдалым;  
2)
 
айтылым;  
3)
 
жазылым;  
4)
 
оқылым дағдылары.  
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты 
–  тыңдалым  және  айтылым  дағдылары  болып  табылады.  Тыңдалым 
дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған 
немесе 
техникалық 
құралдарға 
жазылған 
сөздерді, 
сөйлемдерді, 
аудиомәтіндерді  тыңдап,  қабылдап  және  оны  түсінуге  үйренбейінше,  басқа 
дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.  
Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше 
көңіл  бөлген  жөн.  Яғни  оқушы  ауызша  сөйлеуде  немесе  мәтін  оқуда 
сөйлеушінің  немесе  мұғалімнің  сөзін  аяғына  дейін  зейін  қоя  тыңдай  білуі, 
ақпаратты  дұрыс  қабылдауы,  негізгі  ойды  түсінуі,  жауап  беруге  дағдылануы 
қажет.  
Айтылым  дағдысының  дұрыс  қалыптасуының  да  адам  үшін  маңызы  өте 
зор.  Өйткені  оқушы  сөйлеуге,  яғни  айтар  ойын  жеткізе  білуге  үйренуі  керек. 
Оның  мектепте  оқытылатын  барлық  пәндерден  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуі 
осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз 
ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе 
білуіне байланысты.  
1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз 
ой-пікірін  айтуға,  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге,  сөздерді,  дыбыстарды 
анық,  дұрыс  айтуға,  мағынасын  түсініп,  орынды  қолдануға,  тілдік  қарым-
қатынасқа,  диалогқа  қатыса  білуге,  сөйлеу  мәдениеті  нормаларын  сақтауға 

20 
 
дағдыланады.  
Баланың  мектеп  табалдырығын  аттауымен  байланысты  жаңа  әрекет  – 
«жетекші әрекет» (А.Н. Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің 
басты  ерекшелігі  –  бала  ауызекі  сөйлеу  тілімен  қатар,  осы  кезеңде  пайда 
болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С. Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.  
Оқылым,  біріншіден,  ой  мен  мидың  бірлескен  жұмысына  байланысты 
болады,  екіншіден,  жазылған  графикалық  таңбалардың  тізбегін  дұрыс  танып 
білуге  қатысты.  Үшіншіден,  мұнда  осы  таңбалардың  ішкі  мән-мағынасын 
дұрыс түсінудің рөлі зор.  
Осындай  ерекшеліктер  іске  асқан  жағдайда  ғана  оқылған  материалдан 
керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.  
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі 
деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес 
оқи алуы.  
Оқылым  бойынша  біліктілік  деңгейін  анықтау  және  бағалау  келесі 
нәтижелермен айқындалады:  
-
 
түсініп оқуы;  
-
 
зерттеп оқуы;  
-
 
шолып оқуы;  
-
 
мәселені сын тұрғысынан бағалауы;  
-
 
негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.  
Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар 
қызметтері  ұқсас  болғанымен,  екеуі  екі  басқа  психикалық  процесс:  «оның 
айырмашылығы  –  жазба  сөздің  ерекшелігінде,  оның  психологиялық 
құрылысында», – дейді академик Т. Тәжібаев.  
Тағы  бір  ерекшелігі  –  жазбаша  сөйлеу  кезінде  әңгімелесуші  адам 
болмайды,  сондықтан  ойды  жазып  білдірудің  мазмұны  жүйелі,  логикалық 
байланысы  берік  және  ауызша  сөйлескендегіден  толығырақ  болуы  тиіс.  Оған 
қоса,  «ол  өте  қиын,  саналы,  әдейі,  бір  мақсатпен  жұмсалады».  Сондықтан 
жазылым  дағдыларын  қалыптастыруға  алғашқы  күннен  бастап  ерекше  мән 
берілуі  керек.  «Жазылым»  «ойыңды  басқа  біреуге  түсінікті  болу  үшін  қағаз 
бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.  
Жазылымның  ерекшелігі  –  оқушыларды  жазу  кезінде  дене  мүшелерінің 
қимыл-қозғалысын,  қолдың,  саусақтың  іс-әрекеті,  көз  бен  бастың  қозғалысы 
дұрыс игеруді үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.  
Жазылымда:  сөз  ішіндегі  әріптерді  дұрыс  байланыстырып,  үздіксіз  әрі 
ырғақты  жазу;  шағын  мәтінді  дұрыс  көшіріп  жазу;  есту  арқылы  жатқа  жазу, 
көргенін  есте  сақтау  арқылы  сөздерді,  сөйлемдерді,  шағын  мәтіндерді  жатқа 
жазу;  жазғанын  өздігінен  тексеру;  көркем,  таза,  қатесіз,  сауатты  жазу 
дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет