Жарқырау.
Практикада кездесетін жарық көздері аумақты болады, мысалы жарқырауық қатты дененің белгілі өлшемдері болады. Осындай жарық көзінің dS бетінің бір жағына, яғни 2П - ға тең денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол dS бетке қатынасы, яғни басқаша жарық көзі бетінің әрбір аудан бірлігінен шығатын жарық ағыны жарқырау деп аталады R.
R=
dФ – жарық ағыны.
Жарқырау мен жарықталыну өрнектері бір – біріне ұқсас. Бірақ жарқырау өрнегінде dФ қарастырылып отырған жарқыруық беттен шығатын жарық ағынын, ал жарықталыну өрнегінде dФ алынған бетке сырттан түсетін жарық ағынын көрсетеді. Дербес жарық көзі емес денелердің (мысалы, жарық шашыратқыш беттердің) жарқырауы, оның жарықталынуына тура пропорционал
R = kЕ
k– шашырау коэффициенті, нақты денелерге тән k мәні бірден кем болады. k<1 Кейбір денелердің ақ жарықты шашырату коэффициенті бірге жуық, ондай денелер ақ болып көрінеді; ал кейбір денелердің шашырату коэффициенті бірден көп кем, мұндай денелер қара болып көрінеді.
Жарқырау бірлігі ретінде әрбір кв. метр бетінен 2 стерадианға тең денелік бұрыш ішінде барлық жаққа 1 люмен жарық ағыны таралатын беттің жарқырауы қолданылады.
1 лм / м²
5. Жарықтылық.
Белгілі өлшемдері бар жарық көзінің жарық шығаруын сипаттау үшін жарықтылық делінетін шама қолданылады В. Жарық көзінің жарықтылығы деп жарық көзінен берілген бағытта денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасы айтылады. Мысалы, жарық алынған бетке жүргізілген нормалымен бұрышы жасалатын бағытта таралған болса, онда жарықтылық мынаған тең:
В
Жарықтылық бірлігі ретінде 1 кв. метр ауданы нормаль бағыт бойынша күші 1 кд – ға жарық беретін беттің жарықтылығы алынады.
1 кд / м²
Жарықтылық стильб (сб) деп аталатын бірлікпен де өлшенеді. 1>
Достарыңызбен бөлісу: |