Айнымалы жұлдыз айналасындағы физикалықпроцестердің әсерінен уақыт өтуімен жарқырауы өзгеретін жұлдыз. Дәлірек айтқанда, кез келген жұлдыздың жарқырауы уақыт өтуімен қандай да болмаса дәрежеде өтеді



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі109,09 Kb.
#16563
  1   2   3   4   5
Байланысты:
астрономия рк сурактар


Айнымалы жұлдыз – айналасындағы физикалықпроцестердің әсерінен уақыт өтуімен жарқырауы өзгеретін жұлдыз.Дәлірек айтқанда, кез келген жұлдыздың жарқырауы уақыт өтуімен қандай да болмаса дәрежеде өтеді. Жұлдыздың жарқырауы бір рет боса да өзгеріске ұшыраса оны айнымалы жұлдызға жатқызуға болады.Айнымалы жұлдыздардың бір бірінен айырмашылығы өте зор. Кейбірінде жарығы периодты түрде өзгерсе, басқаларының жарқырауы ретсіз озгерісі бақыланады. Айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан ондаған немесе жүздеген тәулікке дейін созылады.Айнымалы жұлдыздардың маңызды сипаттамаларының бірі жұлдыздық шама болып табылады.Бұрн жұлдызға дейінгі қашықтық бірдей және жұлдыздың жарқырауы күшті болса , көлемі үлкен саналған.Қазір бізге жұлдыздық шама оның көлемін емес, жарқырауын, яғни жерде тудыратын жарқырау шамасын сипаттайтыны белгілі. Бірақ жұлдыздық шамалар шкаласы сақталған және орнықталған. Жұлдыздар бізден әр түрлі қашықтықта орналасқандықтан олардың бізге көрінетін жұлдыздық шамалары жарқырауы жөнінде ештеңе айтпайды.Сондықтан абсольют жұлдыздық шама ұғымы қолданылады. Айнымалы жұлдыздар үлкен үш топқа бөлінген; эруптивті , пульсациялайтын және тұтылмалы айнымалы жұлдыздар.

  1. Пульсациялайтын айнымалы жұлдыздарға жұлдыз құрылымының ішінде болатын процестермен байланысты туындайтын айнымалылық тән. Бұл типтегі жұлдыздар жарқырауы біртіндеп өзгереді. Ол радиусы мен бетінің температурасының өзгерісіне байланысты.

  2. Эруптивті жұлдыздар өзінің жарқырауы тұрақсыз немесе бақылау кезінде жарқырауы бір рет өзгеретін жұлдыздар жатады.Эруптивті жұлдыздардың өзгерісін олардың бетіне , жанында болатын және өздерінің жарылыстарымен байланыстырылады.

  3. Тұтылмалы айнымалылар – орбитасының жазықтығы қөру сәулесіне параллель қос жүйелер.Ортақ ауырлық ццентірінен айналғанда олар бір бірін кезекпен тұтады. Осы себептен олардың жарқырауының өзгерісі туындайды. Тұтылмалы жұлдыздардың периоды бірнеше сағаттан одаған жылға дейін созылады.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың үш негізгі типі бар;



1) Айнымалы жұлдыздар

Айнымалы жұлдыздар физикалық үдерістердің  нәтижесінде жарығы уақытпен өзгеретін жұлдыз. Егер бірнеше күн бойы әр кеште екі-күш рет Персейдегі  β жұлдызын қарап және оның көрінетін жарығын (жылтылын) көрші шоқжұлдыз Кассиопеядағы  α және  β жұлдыздарымен салыстырса, онда осы жұлдыз жарқырауының айнымалылығын аңғару оңай. Бірде ол Кассиопеядағы жұлдыздар сияқты анық жарқырайды, бірде олардан көмескіленеді. Персейдегі β жұлдызының айнымалылығы ортағасырлық араб астрономдарының өздері-ақ белгілі болатын, олар оған Эль-Гуль деген ат берген. Бертін келе Алголь болып өзгерді. Оның жөні де бар: барлық жұлдыздар біркелкі жарқырап тұрса, ол мезгіл-мезгіл “көз қысқандай” болады. Айнымалы жұлдыз — негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыз.

Айнымалы жұлдыз туралы деректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседі.

Өзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 жылы Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Давид Фабрициус байқаған.

Ал 1667 жылы франциялық астроном И.Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған.

Айнымалы жұлдызға тек 19 ғасырдың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. Айнымалы жұлдыздардың саны қазір 50 мыңнан асады. Әрбір шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздар латын әрпімен (R-ден Z-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылы) белгіленеді. Олар тұтылмалы қосаржұлдыз және физикалық айнымалы жұлдыздар болып 2 топқа бөлінеді.

Жұлдыздардың айнымалылығы жүйедегі жұлдыздар санына тәуелді немесе сол ішінде болып жатқан физикалық процесстердің өзгерісінен болатын құбылыс. Осыған байланысты айнымалы жұлдыздар үш топқа бөлінеді: тұтылмалы айнымалылар, лүпілдек айнымалылар, жарылатын айнымалы, айналып жүретін эруптивті жұлдыздар.


2) Физикалық Қос жұлдыздар

Қос жұлдыздар жұлдыздық карталарда грек әрпімен ζ (дзета), екіншісі латын әрпімен g белгіленеді. Ортағасырлық араб астрономдары оларға жеке-жеке ат қойған, ол осы күнге дейін солай аталып келеді. Олар жарығы – Мицар (Ат), көмескісі Алькор (Салт атты) делінеді. Қосарлығы оптикалық құралдармен ажыратылатын жұлдыздарды бақыланатын қос жұлдыздар, ал оларды құрайтын екеуін – қос жұлдыздардың компоненттері дейді. Айдаһардағы v, Лирадағы β, Мицар және басқалар бақыланатын қос жұлдыздардың компоненттерінің бірінің жылтылы 2,4m, екіншісінікі – 4,0m.

Физикалық қос жұлдыздардың компоненттері көп жағдайда түрлі түсті келеді. Мәселен, Аққудағы β компоненттері – сары және көк, Таразылардағы сары,ашық сиякөк Андромедадағы қызғылт сары және көк. Жұлдыздардың негізгі сипаттамаларының бірі – жұлдыздың жарқырауы мен эволюциясына байланысты. Мұндай жүйелерде неғұрлым жарық компонент басты жұлдызы болып, ал неғұрлым көмескісі – жұлдыз-серік болып саналады. Басты жұлдызға қатысты жұлдыз-серіктің көрінетін орны бар. Көптеген жылдар бойындағы жүйелі өлшеу нәтижесі  жұлдыз-серіктің басты жұлдыз төңірегінде эллипстік орбитамен айналатынын көрсетті. Алайда жұлдыздардың қосарлылығы барлық жағдайда, тіпті, спектрі бойынша да анықтала бермейді.  Бірақ егер қос жұлдыздар компоненттерінің айналу жазықтығы Жер арқылы өтсе, онда жұлдыздар спектріндегі сызықтардың периодтық қосарлануынан бақылаушы сол периодпен оның жарқырауының өзгергенін байқайды. Қос жұлдыздардың сүбелі зерттеулерін 1822-1852 жылдары В.Я. Струве және оның қызметкерлері Дерпт және Пулков обсерваторияларында жүргізілді. В.Я.Струвенің өзі 2343 қос жұлдызды ашты. 8700 жұлдыз жұптарының орындарын өлшеудің дәл болып шықты. В.Я.Струвенің В.Гершельден айырмасы, ол қос жұлдыздардың ішінде көптеген физикалық жұптар болуы тиіс екенін түсінді. Олардың компоненттері кеңістікте бір-біріне мейлінше жақын, өзара тартылыста және олардың бірі екіншісінің төңірегінде айналады. Ал мұны компоненттердің орындарын бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қайталап өлшеу нәтижесінде анықтауға болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет