3.2 Аралық бақылау - коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша);
4. 1 Оқытушының талаптары: 4.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.2 Курстың саясаты мен рәсімдері: Курстың саясаты мен рәсімдері пәнді оқу барысында студентке қойылатын келесі әкімшілік талаптарды көрсетеді:
4.2.1 СӨЖ тапсырмалары семестрдің 1-ші аптасында беріледі
4.2.2 ОСӨЖ барысында оқу пәнінің неғұрлым күрделі мәселелері, үй тапсырмалары, есептер, СӨЖ және т.б. орындау және қорғау бойынша он-лайн кеңестер өткізіледі.
4.2.4 Емтиханға кемінде 25 балл жинаған студенттер жіберіледі.
4.2.5 Аралық аттестаттау (емтихан) кезеңіндегі қорытынды бақылау бағасы 40% құрайды.
4.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету* 4.3.1. Оқу процесін ұйымдастыруда жеке сараланған тәсіл
4.3.2. Сабақтың барлық түрлеріне жеке сараланған тәсіл
* Ескерту: студенттің таңдауы бойынша тапсырмалардың барлық түрлерін ауызша тапсыру мүмкіндігі қарастырылады.
5 Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тақырыптар мен тапсырмалар