Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт:Телекоммуникация және ғарыштық инженерия
Кафедра:Телекоммуникация және инновациялық технология
Семестрлік жұмыс
Пәні: Психология
Тақырыбы: " Ес түсінігі, негізгі түрлері мен ерекшеліктері. Адамдардың өміріндегі есте сақтаудың маңызы "
Мамандық: 6В06201-«Радиотехника,электроника және телекоммуникация»
Орындаған:Әділ Айдана Тобы:РЭТк-21-6
Қабылдаған оқытушы: Абдиева Газиза
Алматы 2022ж
Жоспар: Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ес туралы түсінік
2. Адамдардың өміріндегі есте сақтаудың маңызы
3. Тұжырымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Аристотель еңбектері. Естің физиологиялық негізі. Естің физиологиялық теориясы. Ес туралы теориялар (гештальтпсихологиядағы ес мәселесі, естің биохимиялық теориясы, П.Жане мен Л.С.Выготскийдің зерттеулеріндегі естің жоғары формаларының қалыптасту мәселесі). Ес түрлерінің топтастырылуы.
Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді.Соңғы жылдар ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқанпсихологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт- биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зертеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдаланады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал, ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгерісінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні (“материалды”)немесе таза сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс- әрекетінің материалға қатыс жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланыстыпайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді:
а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі;
б) өзара ұқсастығы;
в) бір- бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы.
Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мыныдай үш түрі жасалады:
1.Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк)- сары).
2.Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер).
3.Қарама- қарсылық ассоциациялар (ақ- қара; ұзын- қысқа т.б.).
Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бүл нейрондық модель теориясы деп те аталады.