Дәріс 1. Мәдениеттану пәніне кіріспе. Мәдениет морфологиясы.
Мәдениеттану пәні.
Мәдениет морфологиясы.
Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәні мен функцияларын анықтау тәсілдерінің алуан түрлілігі.
Мәдениет, оның адам өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі мәдениеттің мәні туралы білімнің мәнін ашу.
Мәдениет объектілерінің алуан түрлілігі.
Дәріс
тің мақсаты:
Мәдениеттің жүйе ретінде дамуының ең жалпы заңдылықтарын зерттейтін негізгі гуманитарлық пән ретінде мәдениеттанудың орны мен ерекшеліктерін қарастыру.
Міндеттері
Мәдениеттану ғылымының басқа пәндердің білімін біртұтас жүйеге біріктіретін және сол сияқты мәдениеттің мәні, қызметтері, құрылымы, өзгерістері туралы түсініктерді қалыптастыратын ғылым ретіндегі ерекшеліктерін анықтау.
Мәдени білімнің негізгі бөлімдерін қарастыру.
Мәдениеттану курсының негізгі мақсаты мен міндеттерін сипаттау.