Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата31.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#22934
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Эссе жазу бойынша әдістемелік құрал

 

Әдеби-дәлелдеме эссе 

... Түркі халқының атақ-даңқы ӛшпесін деп, 

Мені қаған етіп отырғызған еді. 

Ең болмаса бай халыққа отырмадым. 

Іші ассыз, 

Сырты тонсыз, 

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым. 

... Бағым болғандықтан

Сәті түскендіктен,  

Ӛлімші халықты тірілттім. 

Жалаңаш халықты тонды

Кедей халықты бай қылдым.  

Аз халықты кӛп қылдым,  

Тату елге жақсылық қылдым... 



«Күлтегін»  жырындағы  осы  жолдардың  қазіргі  Қазақстанмен 

байланысы бар ма? 

 

Күлтегін  –  екінші  Шығыс  Түрік  қағанаты  әскерінің  бас  қолбасшысы, 

«кӛк  түріктің  кӛк  семесері»  атанған  атақты  батыры.  «Күлтегін»  жырында 

оның  түрік  халқына  қаған  болып,  билік  еткен  жылдарындағы  мемлекет 

жағдайын  алға  ӛрлеткені  жайлы  айтылады.  Менің  ойымша,  жыр  жолдарын 

қазіргі  Қазақстанмен  байланыстыруға  болады,  яғни  Күлтегін  қаған  мен 

Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  президенті  Н.  Назарбаев  арасындағы 

ұқсастық. 

Біріншіден,  Н.  Назарбаев  та  Күлтегін  қаған  сияқты  елінің  әлеуметтік-

тұрмыстық  жағдайын  жақсарту  үшін  бірқатар  жұмыс  атқарған.  Олардың  ел 

басқаруының  алғашқы  жылдарында  халықтың  тұрмысы  мүшкіл  еді. 

«Күлтегін» жырында: 

Іші ассыз, 

Сырты тонсыз, 

Бейшара,  мүсәпір  халыққа  отырдым,  -  десе,  «Егемен  Қазақстан»  газетінің 

2014  жылғы  басылымдарының  бірінде:  «Қазақстан  90-  жылдардың  орта 

шенінде  қалған  дағдарысты  жағдай  республиканың  барлық  әлеуметтік 

табыстарын  апат  шегіне  апарып  қойды.    ...Осының  барлығы  Қазақстан 

халқының  айтарлықтай  бӛлігінің  ӛмір  сүру  деңгейі  күрт  тӛмендеп  кетуіне 

алып  келді»,  -  деген  тарихи  естелік  –  осы  күндердің  айғағы.  Екеуі  де  азат 

халқының осындай хал-ахуалын кӛтеруге күш салды. Жырдағы: 

Ӛлімші халықты тірілттім. 

Жалаңаш халықты тонды, 

Кедей  халықты  бай  қылдым,  -  деген  жолдардың  қазіргі  уақытта  елбасының 

түн  ұйқысын  тӛрт  бӛліп  жасаған  реформалары,  заңдары,  стратегиялық 



11 

 

жоспарлары  еліміздің  ӛмір  сүру  деңгейі  минимумынан  тӛмен  табысы  бар 



азаматтардың  санының  азайып,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  кӛтеруімен 

байланысы  бар.  Осылайша  қаған  мен  президент  ең  бірінші  халқының 

тоқтығын  қамдаған. 

Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын  кӛтергеннен 

кейін,  ел  іргесінің  беріктігін  ойластыра  бастады.  Жырдағы  «Тату  елге 

жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның кӛршілес елдермен 

жақсы  қатынас  орната  алғандығы  кӛрінеді.  Сол  сияқты  Елбасының  дүние 

жүзіндегі  антиядролық  қозғалысқа  бастама  кӛтеруі,  елімізде  болып  жатқан 

әртүрлі  деңгейдегі  саммиттер,  халықаралық  іс-шаралар  әлем  елдерімен 

бейбіт,  тату  ӛмір  сүруді  ұстанғанын  кӛрсетеді.  Сондықтан  екі  басшы  да 

жасампаздықтарымен ұқсас.  

 

Түйіндей  келе,  қай  дәуірде  болмасын  ел  жағдайын  ойлаған  басшылар 



идеясында ӛзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен 

шаттыққа  толы  бейбіт  ӛмір  сүруін  қамтамасыз  ету.  Жер  бетіндегі  елдермен 

тӛрт құбыласы тең ӛмір сүру. Күлтегін қаған мен елбасы Н.Назарбаевтың ел 

басқарудағы мүдделері ӛзгелерге үлгі болуға тұрарлық.

 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет