2.Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар.Оның ішінде ең көп қолданылатыны- археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу.Жер және адамзат тарихын геологиялық кезеңге бөлу бойынша шамамен 67 млн. жылдай бұрын кайназой дәуірі басталды.Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, өсімдіктер пайда болды.Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.Төрттік кезеңді кейде антропоген яғни адамзат баласы пайда болған кезең деп те атайды. Төрттік кезең екі дәуірге бөлінеді.
1. Плейстоцен -жер бетін мұз басқанға дейінгі және мұз басқан дәуір.
2. Голоцен –жер бетін басқан мұз біртіндеп еріп қайтқан дәуір.
Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір. Тас дәуірі- б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық. Палеолит- 3 немесе 2,6млн -12мың жылдық. Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық) және кейінгі палеолит( б.з.б. 40-12мың жылдық). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық), ашель(б.з.б.800-140мыңжылдық), мустье(б.з.б.140-40мыңжылдық). Мезолит- б.з.б.12-5 мың жылдық, неолит-б.з.б.5-3 мың жылдық. Өтпелі кезең(энеолит) -б.з.б.3000-1800ж. Қола дәуірі - б.з.б.2-1 мыңжылдық.Ерте темір дәуірі -б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.аралығын қамтиды.
Геологиялық дәуірлеу бойынша плейстоцен толығымен –палеолит және жартылай мезолитке сәйкес келеді. Ал голоцен-неолит заманына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |