Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығЫ»



бет4/7
Дата01.07.2022
өлшемі0,78 Mb.
#37448
1   2   3   4   5   6   7
ҰБТ-ға ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША
СҰРАҚ: Өтініш берудегі 1-ші (25.04 – 30.04) және 2-ші (1.05 – 29.06) кезеңдегі тестілеу күндерін таңдау мүмкіндігі қандай?
ЖАУАП: Екі мүмкіндікте де тестілеудің барлық күндері (25.04 – 30.06) қолжетімді.
СҰРАҚ: Белгілеген тестілеу күнін, уақытын, орнын және категориясын өзгертуге бола ма?
ЖАУАП: ЖОҚ!
СҰРАҚ: Жеке кабинеті арқылы нені өзгертуге болады?
ЖАУАП: Тестілеу тапсыру тілі мен бейіндік пәндерді.
СҰРАҚ: Егер бірінші мүмкіндік бойынша өтініш беруді жіберіп алсам, екінші мүмкіндігімде екі рет тестілеу күнін белгілеуге бола ма?
ЖАУАП: ИӘ.
ҰБТ-ға ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША
СҰРАҚ: Тіркелгеннен кейін ЖСН-н, НОБД-дан шыққан мәліметті, электрондық поштаны өзгертуге бола ма?
ЖАУАП: ЖОҚ!
СҰРАҚ: Егер 1-ші мүмкіндікте мамырды белгілеген болса және 2-ші мүмкіндікте маусымды таңдағысы келсе тестілеудің бос орындары бола ма?
ЖАУАП: - 2-ші мүмкіндікте бос орындар болған жағдайда таңдай аласыз, егер болмаған жағдайда бос қалған мерзімді таңдауға тура келеді;
- Сізге тағы да жақын маңдағы тестілеу өткізу пункттерінде маусымға орын болған жағдайда сол пунктті таңдауға болады.
СҰРАҚ: Колледж бітірушілер және ЖОО-дағы қысқартылған оқу мерзімін таңдағандар қашан өтініш бере алады?
ЖАУАП: Өтініш беру тетігі 26.04-нен кейін іске қосылады.
СҰРАҚ: Оқушы НОБД базасында жоқ болса не істеу керек?
ЖАУАП: НОБД базасында жоқ, ағымдағы жылғы оқушылар тізімін (ТАӘ және ЖСН) ҰТО филиалы қызметшілеріне жіберу және сол арқылы ҰТО-ға жолдау.
ҰБТ-ға ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША
СҰРАҚ: Колледж бітірген және толық немесе қысқартылған оқу мерзімін әлі де болса таңдамаған өтініш беруші екі түрлі форматтағы ҰБТ-ны тапсыруына болады ма?
ЖАУАП: ИӘ.
Бір мүмкіндікте 5 пән бойынша, екінші мүмкіндікте 2 пән бойынша тапсыра алады.
СҰРАҚ: Жеке кабинетінің паролін ұмытқан жағдайда не істеуге болады?
ЖАУАП: Жүйенің төменгі жағында паролді қайта қалыпқа келтіру немесе өзгерту тетігі арқылы реттеуге болады.
СҰРАҚ: Егер электрондық поштасының паролін қалпына келтіре алмаған немесе аккаунты бұзылған жағдайда жаңа поштамен қалай ауыстыруға болады?
ЖАУАП: ҰТО арқылы.
Ол үшін жергілікті жердегі ҰТО филиалы қызметшілері арқылы ЖСН және өзгертетін поштаны жазып жіберу керек. Филиал қызметшісіне жеке куәлік көшірмесін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет