Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Шымкент 2023ж
Жылулық сәулелену.
Абсолют қара дене
Орындаған: Абдилакимова М Тобы: ЕП-21-11к1 Қабылдаған:Суйеркулова Ж
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды. Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін кызғанда көзге көрінетін ақ жарық шығарса,температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. Инфрақызыл сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ак денелердің температурасы тым жоғары болса, олар көрінбейтін ультракүлгін сәулелер шығарады. Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары.

Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды.
Мысалы, параболоидтық айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып, оны электр тоғымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп кыздырайық. Оған карама-карсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғак мақтаны іліп қойсақ, ол белгілі бір уақыттан кейін "өз-өзінен" тұтанып жана бастайды. Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып қана коймай, оларды жұта да алатынын көреміз. Ал қара түсті денелер сәулелерді басқа түсті денелерге карағанда көбірек жұтады. Бұл төжірибе электромагниттік толкындардың шынында да энергия таситынына көзімізді жеткізеді.
Денелердің сәуле шығару қабілетін әр түрлі температурада өлшей отырып,ғалымдар XIX ғасырдың аяғында аса мол эксперименттік мәлімет жинады. Алайда тәжірибеден алынған жылулық сәулелердің λ толқын ұзындығына байланысты Е(λ) энергия өзгерісі қисығын Ньютонның да,Максвеллдің де теориялары түсіндіре алмады. Классикалық теорияға негізделіп салынған Е(λ) тәуелділігінің қисығы 3 ультракүлгін аймағында шексіздікке кетеді. Ал эксперименттік қисық 1 көрінетін ақ жарық тұсындағы максимумнан өтіп, ультракүлгін аймағында,керісінше, минимумге ұмтылады. Эксперименттік нәтиже мен классикалық теориялар арасындағы мұндай қарама – қайшылық физика тарихында “ультракүлгін апаты” деген атаққа ие болды.
Назарларыңызға рахмет !!!