8. Сабақ беретін оқытушылар балды коймай,студентті қыскан жағдайда кімге шағымданасыздар?



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі25,67 Kb.
#129417
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Студентке жауап 1-55


1.Емтихан жазбаша немесе ауызша боладыма?


Емтихан тест, жазбаша немесе ауызша түрде болады

2.Университет тарапынан грант беріле ме?


Университет тарапынан грант беріледі

3. Университет тарапынан қандай қиыншылықтар бар?


-?
4.Оқытушылардың сабақ беру жағы калай? Сабак бере алмайма,әлде сіздерде талпыныс жоқ па? неге студент аз университетте?
Оқытушылар сбақты жоспар бойынша жақсы береді.

5. Жатақхана бойынша кіру уакытынан кеш келген жағдайда калай кіресіздер?


Студенттер үйі сағат 22.00-де жабылады, осы уақытқа дейін әр бір тұрғын
кешікпей бөлмелеріне кіруге міндетті.
Жатақханаларда тұратын студенттердің барлық шоғырлы мәселелерінің шешімін табу мақсатында арнайы студенттік өзіндік басқару –Студенттік жатақхана кеңесі атты ұйым жұмыс атқарады.

6. Военный кафедра барма?Түскілеріңіз келеме?


Біздің университетте әскери кафедра жоқ. Қорқыт Ата атындағы университетпен келісім-шарт жасалған. Сол келісім-шарт негізінде оқуға болад.

7. Эдвайзер деген кім?Куратор деген кім?


Эдвайзер- тиісті білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының академиялық тәлімгері қызметін орындайтын, әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылар арасында тиімді өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын оқу жолын таңдауға көмектесетін оқытушы.

8. Сабақ беретін оқытушылар балды коймай,студентті қыскан жағдайда кімге шағымданасыздар?


Бұл жағдайда студенттер Студенттік парламентке (үкімет) және де топ эдвайзеріне шағымданса болады.

9. Спорт комплекс керекті жабдықтармен жабдықталган ба? қандай спорттық үйірмелер бар?


Университетте жүзу бассейні бар спорт кешені жұмыс істейді, онда тегін негізде мынадай спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді: шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу.


«Жігер» спорт үйірмесі бар. Мақсаты: спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Спортшыларды және құрама командаларды дайындау; спорт секцияларын құру; спортқа бейім студенттерді анықтап, қала, институтішілік жарыстарға (волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі) дайындау

10. Силлабус деген не? Оқытушы сабак берер алдында силлабуспен таныстырама? Қай уақытта таныстырды?


Студенттердің білімін бағалау жүйесінің нақты жалпы қабылданған бағалау критерийлері, объективтілік және ашықтық қағидаттарына сәйкестігі әрбір оқу пәні бойынша силлабуста нақты бағалау критерийлерін жариялаумен қамтамасыз етіледі. Силлабус құрылымында әрбір нақты оқу пәні шеңберінде қолданылатын бағалау критерийлері мен әдістерінің сипаттамасы, сондай-ақ ЖОО-да бағалаудың жалпы саясатының болуы көзделген.
Оқытушы сабақ берер алдында силлабуспен таныстырады.

11. Ректор атынан проезднойга акша бөлінеме?


Жоқ, ректор атынан проезднойға ақша бөлінбейді.
Жыл сайын білім алушылардың қалалық көлікте жеңілдікпен жол жүруіне құжаттар жиналып, қалалық білім бөліміне өткізіледі.

12. Студенттік ұйымдар барма?иә бар. - «Мейірім» еріктілер клубы. «Болашақ TV» телевизиялық жобасы. «Кәсіби бағдар беру» ұйымы. «Ханшайым» қыздар клубы. Жастар театры. «Жігер» спорт үйірмесі. «Ой-дария» пікір–сайыс клубы. «Болашақ start-up» бизнес-инкубаторы. - «Жас ақын» үйірмесі. «Жас Отан» жастар қанаты.


13. Жөнсілтер анықтамасында не қарастырылады? Не жайлы? Қайдан көруге болады? Кім таныстырады? Болашақ университетінің тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылған.Материалдық-техникалық базасы.Студенттік өмір. Оқу жоспары. Бағалау кретериилері қарастырылған.
14. 1 семестрде игерілетін кредит саны?30 кредит . Жалпы 4 курс ойынша 240 кредит игерілу керек.
15. 4 курс бойынша игерілетін кредит саны?4 курс бойынша 240 кредит игеру керек
16. Ректор блогы барма? Білесіз бе? Бар.Болашақ сайтында тұр.Оған платонус арұылы кіруге болады
17. Университетте жеңілдіктер барма?Бар болса қандай? Қандай жеңілдіктер бар екенін қайдан көре аласыздар? "Студенттерді қаржылық қолдау туралы ереже" негізінде келесі санаттағы адамдар оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады:
- 100 балдан жоғары ҰБТ тапсырған бірінші курс студенттері және жоғары курстарда үздік білімдерін растаған студенттер;
- жетім студенттер мен қамқоршылық пен қамқоршылықтағы студенттер, сондай-ақ мүгедек студенттер;
- студенттер-көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- "Болашақ"колледжінің студент-түлектері;
-республикалық және әлемдік деңгейдегі үздік жетістіктері бар студент-спортшылар, ұлттық құрама мүшелері;
- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын және үлгерімнің орташа баллы (GPA) жоғары студенттер.
18. Сауалнама жүргізіледі ме? Қандай? Иә.
19. Жатаханамен қамтамасыз етілген бе?Еркін түрде орналаса аласыздарма? Иә еркін орналасуға болады. жатақханада 28 орындық 1 оқу залы және интернетке қосылған 6 компьютері бар 1 электрондық зал ұсынылды. Студенттер мен қызметкерлер "Болашақ" Wi-Fi арқылы корпоративтік желінің сымсыз сегментіне қосыла алады

20. Кітапхана оқу процесіне қажетті кітаппен қамтамасыз ете ме? Иә толық қамтамасыз етілген "Болашақ" университетінің кітапханасы "Ақнұрпресс" сандық кітапханасына қол жеткізе алады (www.aknurpress.kz), РМЭБ республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасына (www.rmeb.kz), "Zan" деректер базасына жазылу бар, "ЕурАзЭҚ ПАА жанындағы Университет"халықаралық жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды. Барлық компьютерлер университет серверіне қосылған, сыртқы электрондық ресурстарды онлайн режимінде пайдалану мүмкіндігі бар.


21. Кітапханада электронды базаларға доступ барма? Ия бар. "Болашақ" университетінің кітапханасы "Ақнұрпресс" сандық кітапханасына қол жеткізе алады (www.aknurpress.kz), РМЭБ республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасына (www.rmeb.kz), "Zan" деректер базасына жазылу бар, "ЕурАзЭҚ ПАА жанындағы Университет"халықаралық жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды. Барлық компьютерлер университет серверіне қосылған, сыртқы электрондық ресурстарды онлайн режимінде пайдалану мүмкіндігі бар.


22. Ол жақта интернет желісін екінпайдалана аласыздарма? Ия. Кез келген уақытта кампьютерге отырып, интернеттен қажетті материалдарды ала аламыз.


23. Өзіңнің GPA білесің бе? Қанша?
24. Курстан курсқа көшкенде ең төменгі балл қанша болу керек?
1 курстан 2 курсқа – 1,5
2 курстан 3 курсқа – 1,67
3 курстан 4 курсқа – 1,84
25. Жазғы семестр бола ма? Болса, қай кезде оқисын? Қалай ұйымдастырылады?
Жазғы демалыс кезінде үлгермеген студенттердің академиялық қарыздарын жою үшін қосымша семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестр кезінде студенттер академиялық қарызды жоюға ғана емес, сонымен қатар аударым балын (GPA) көтеру немесе жай ғана қосымша пәндерді тыңдауға мүмкіндік алады. Маусым айында оқимын
26. Студенттің жеке оқу жоспары (ИУП) білесің бе? Не қарастырылған?
Студенттің жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – студенттің үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндердің каталогі негізінде эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына өз бетінше жасайтын оқу жоспары. Ағымдағы академиялық кезеңнің пәндері қарастырылған.
27. ИУП-ты жасауда кімнің көмегіне жүгінесін?
Эдвайзердің көмегіне жүгінемін
28. Эллективті пәндер катологы (КЭД) дегеніміз не? Қайдан көре аласындар?
белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын
көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын
қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.
Болашақ университетінің сайтынан кореміз.
29. Ғылыми жұмыспен айналысасыңдар ма? Қандай?
Ғылыми жетекшілермен қосылып әрқайсымыз зерттеу бағытымыз бойынша айналысамыз. Сол сәйкес тақырыптарымыз бойынша түрлі конференцияларға қатысамыз, мақалалар жариялаймыз.
30. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға бардындар ма? Қай ЖОО?
Ақтөбе қаласы, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті
Тараз қаласы, «Халықаралық Тараз инновациялық» университеті
31. Осы уақытқа дейін практикадан өттіңдер ме?
Оқу практикасы, педагогикалық практикалардан өттік
32. Практиканың қандай түрлері бар?
Оқу (танысу) практикасы, Психологиялық- педагогикалық практика, Педагогикалық практика, Өндірістік педагогикалық және дипломалды практикасы
33. Қандай мекемеден практикадан өттіңдер?
34. Дуальды оқыту дегенімізді қалай түсінесіздер? Сіздерде бар ма?
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы, яғни, білімгер –түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.
(2014 жылдан бастап университетте дуальды оқыту технологиясы енгізілген. Дуальды жүйе бойынша оқыту теория мен практиканың тепе-теңдік принципін ұстана отырып жүзеге асырылады.)
35. Дәл қазір қай жақта өтіп жатсыздар?
Мат-21 оқу тобы № 222 орта мектептен Смадиярова Айым Танақызынан дуалдық практикадан өтеді. Әр сейсенбі күні. Сандық қатары, есептерді шешудің әдістемелік негіздері осы пәндер бойынша 2-2 сағаттан өтеді.
Ис-22, Втпо-22 оқу топтары Жастар орталығында "GRANDMaster" бағдарламалау мектебінде дуалды оқытудан өтеді. Әр сейсенбі күні. Операциялық жүйелер, Жүйелік бағдарламалау осы пәндер бойынша 2-2 сағаттан өтеді.
36. Университетте өзін-өзі басқару жүйесі бар ма?
Студенттік өзін-өзі басқару студенттердің әлеуметтік және мәдени саласына байланысты бірқатар мәселелерді шешеді, сондай-ақ қайырымдылыққа, ҰОС ардагерлеріне қамқорлық жасау мақсатындағы сенбіліктерге, қаланы абаттандыру және көгалдандыру акцияларына байланысты бірқатар іс-шаралар өткізеді. Студенттік өмір жайлы ақпарат университет сайтында, әлеуметтік желілерде және облыста жарық көретін БАҚ беттерінде жарияланады.
37. «Bolashsk startap» бизнес-инкубатор орталығы бар ма? Қатысасыздар ма?
38. Білім беру бағдарламаларын (БББ) құруға студенттер қатысасыздар ма?
Ия қатысамыз.
Университет түлектері білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және университеттің мәдени өміріне белсенді қатысады. www.bolashak-edu.kz, https://instagram.com/bolashak_edu?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg== , https://www.facebook.com/groups/612223289311983/?ref=share&mibextid=NSMWBT.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау үшін университет ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастырады:
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және пайдалану;
- мүдделі тараптардың қызмет нәтижелеріне қойылатын талаптарын айқындау;
- мүдделі тараптардың ЖОО-ның білім беру қызметтеріне қанағаттануын бағалауды жүргізу;
- сыртқы және ішкі ортаны талдау;
- процестердің ішкі аудиттері.
39. Университетте қандай жағдай жасалған?
Университет студенттеріне білім беру, жеке және мансаптық қажеттіліктерді қанағаттандыруға барлық жағдай жасалған. Университетте кітапхана, оның ішінде сандық кітапхана бар. Университеттің барлық компьютерлері интернет желісіне қол жеткізе алады. Оқырмандар қызметіне 150 орындық 1 оқу залы, 1 абонемент, 20 орындық 1 электрондық зал, сондай-ақ жатақханада 28 орындық 1 оқу залы және интернетке қосылған 6 компьютері бар 1 электрондық зал ұсынылған.
Университетте баспахана бар. Бұл университеттің ғылыми және оқу процесінің ажырамас бөлігі.
40. Университет тарапынан жұмысқа орналасуға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
41. Университетте сіз оқи алатын үйірмелер, секциялар, клубтар бар ма?
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үдерісі аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын – ғылыми зерттеулер элементтерімен жұмыстарды орындауды, ғылыми баяндамалар, рефераттар, дипломдық және т.б. дайындауды, сондай-ақ студенттік ғылыми үйірмелер, оқу үдерісінен тыс клубтар құрамында орындалатын жұмыстарды қамтиды. Студенттердің ҒЗЖ қамтамасыз ету үшін университетте «Ізденіс» студенттік ғылыми қоғамы жұмыс істейді, оның құрамына әртүрлі үйірмелер кіреді және 50-ден астам студент қатысады. Университетте жыл сайын ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізіледі: дәстүрлі Студенттік ғылыми конференция, студенттік ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, студенттік ғылыми жобалар конкурстары, пәндік олимпиадалар.
ЖОО студенттері көбінесе пәндік олимпиадалар мен ғылыми конференциялардың жүлдегерлері болады, сондай-ақ ғылыми жобалардың жұмысына қатысады.
42. Араларыңызда қашықтықтан (дистанционно) оқитын студенттер бар ма?
«Болашақ» университетінің оқу процесінде қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) жоғары білім беру базасындағы білім алушылар мен дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, сондай-ақ алмасу, ғылыми тағылымдамалар және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша елден тыс жерлерге кеткен студенттер үшін қолданылады. ҚБТ халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға қатысқан студенттер үшін де қолданылады.
Қызылорда «Болашақ» университетінде ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі:
- ҚБТ қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру академиялық мәселелер жөніндегі басқарма бекіткен білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары, Академиялық күнтізбе, оқу кестелері және басқа да нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
- Қашықтықтан оқыту кезінде қолданыстағы білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндері мен оқу жұмысының еңбек сыйымдылығы сақталады.
- ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру білім алушының, ата-ананың немесе білім алушының өзге де заңды өкілінің өтініші бойынша Академиялық мәселелер және ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
43. Компьютерлер, көшіргіштер (ксерокс), принтерлер, сканерлер және т. б. студенттерге қаншалықты қол жетімді?
Университеттің барлық компьютерлері интернет желісіне қол жеткізе алады. Оқырмандар қызметіне 150 орындық 1 оқу залы, 1 абонемент, 20 орындық 1 электрондық зал, сондай-ақ жатақханада 28 орындық 1 оқу залы және интернетке қосылған 6 компьютері бар 1 электрондық зал ұсынылған.
44. Студенттерге арнайы пәндер бойынша сабақ өткізуге арналған оқу жабдықтары қаншалықты қолжетімді?
Білім беру бағдарламалары жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндер бойынша білімі бар бакалаврлар мен магистрлерді даярлауды мақсатты түрде қамтамасыз етеді, оларды мәдениетке тәрбиелейді және практикаға бағытталған тәсіл негізінде болашақ маманның техникасын жасайды, бұл кәсіби қызмет саласында теориялық білім мен оларды практикалық іске асыру дағдыларын белсенді меңгеруді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет