Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы ақтау қаласы



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі78,13 Kb.
#53371
  1   2   3
Байланысты:
көбету тәсілі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫ
ҚАЗАҚ БІЛІМ ЛИЦЕЙІ

Асқар Алишер Алибекұлы


5 СЫНЫП

Тақырыбы: Шапшаң есептеудің тиімді әдіс-тәсілдері


Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу
Секциясы: Математика
Жетекшісі:

Орындаған: Асқар Алишер Алибекұлы


Жетекші: Математика БББ бойынша «Білім магистрі»

Ақтау 2022 жыл


АННОТАЦИЯ
Зерттеу өзектілігі: Көбейтудің дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға және математикалық қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеу мақсаты: Математикалық сауаттылықты арттыруға бағытталған есептерді шапшаң есептеу жолдарын зерттеу.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектепте математиканы оқыту процесі
Болжам: Бұл жоба аты айтып тұрғандай, есептеуді жеңілдетуде барынша адамзатқа жеңіл болуы үшін тез есептеудің біршама әдістері топтастырылған жұмыс саналады. Жобада көрсетілген зерттеулер сөзсіз есептеу барысын жеңілдетеді және уақытты тиімді пайдалануға, сондай-ақ әр адамның логикалық ойлау дәрежесін арттырып, математикалық білімін шыңдай түсуіне зор септігін тигізеді. Бұл жобаның өзгешелігі: зерттеу жұмысы, мәліметтер мен есептеу нәтижелері нақты әрі мейілінше толық көрсетілген. Сонымен қоса тез есептеуге байланысты кейбір сандардың табиғатынан өзгеше қасиетке ие екендігі, өзінің осы қасиеттері арқылы тылсым сырға, тәрбиелік мәнге де қатыстылығымен ерекшеленеді. Осындай дербестігімен бұл жоба озық бағаланып, қоғамда өзіндік орнын табады деген ойдамын.
Тәжірибе:
Біз жылдам есептеу әдістерін үйрендік.
Бұл тәсілдердің ерекшеліктері:
-Уақытты бағалау, үнемдеу мүмкіндігі;
-Қолданысқа ыңғайлығы.
Зерттеу әдістемесі: Зерттеу жұмысында оқу және ғылыми әдебиеттерді қолдану арқылы, көбейту тәсілдерін анықтауда зерттеу әдісі, мысалдарды шешуде практикалық әдістері қолданылған.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................................................................

3

1 Негізгі бөлімі


1.1

9, 99, 999 … - ға көбейту...........................................................................

16

1.2

Екі және үш таңбалы сандарды 11- ге көбейту.......................................

20

1.3

Екі және үш таңбалы сандарды 111- ге көбейту.....................................




1.4

Екі таңбалы сандарды көбейту және квадраттау....................................




1.5

Көбейтудің италяндық тәсілі. Көбейтудің графикалық тәсілі...............




1.6

Крестьяндық тәсіл. Саусақ арқылы көбейту...........................................




1.7

Ауданды есептеу........................................................................................




ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

63



Кіріспе

Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Соңғы кезде көптеген оқушылардың оқуға деген көзқарасы төмендеді, соның ішінде математикаға селсоқ қарайтын оқушылар бар. Менің сыныбымда көбейту кестесін білмейтін балалар бар. Осы оқушылардың математикаға деген көзқарастарын өзгерту үшін және «Көбейту кестесін білу керек пе?,-деген сұраққа жауап іздеу үшін «Шапшаң есептеудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты тақырыпты таңдап алдым.


Сіз егер көбейту кестесін білмесеңіз көп таңбалы сандарды көбейте алмайсыз. Әр түрлі халықтар әр түрлі уақытта натурал сандарды көбейтудің бірнеше тәсілдерін меңгерген. Қазір барлық көбейтудің баған түріндегі түрін қолданады. Неге адамдар көбейтудің тиімді тәсілдерін қолданбайды.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін интернет көмегімен мұғалім берген әдебиеттермен жұмыс істеп эксперимент жүргіздім, қорытынды жасадым.
Көбейтудің дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану тапқырлыққа, дәлдікке, шапшаң есептеуге үйретеді. Есептеу жұмысын оңайталады.
Бұл жобаны қорғаудағы басты мақсат: жылдам есептеу әдістерін үйрене отырып, есептеуді ойша шешіп, есеп нәтижесін табуды жылдамдату және есептеу әдістері арқылы болашақта математика ғылымының дамуына өз үлесімізді қосу болып табылады. Шапшаң есептеу әдіс-тәсілдерін қолдану тапқырлыққа, зеректікке, логикалық ойлай білуге, амалдарды және күнделікті өмірде кездесетін әр адамға қажет қарапайым есептеулерді тез және тиімді жолдармен орындауға үйретіп, есептеу жұмысын оңайлатады.
Жобада көбейтудің итальяндық тәсілі, графикалық тәсілі, 9, 11, 111-ғе көбейту, екі таңбалы сандарды көбейту және дәрежесін табу, қарапайым әдіспен ауданды табу сияқты әдіс-тәсілдері қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет