Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы ақтау қаласы



бет3/3
Дата29.11.2022
өлшемі78,13 Kb.
#53371
1   2   3
Байланысты:
көбету тәсілі

Көбейтудің графикалық тәсілі
Мысалы: 2*3=6 бұл үшін 3 тік сызық және 2 көлденең сызықты қиылысатындай етіп сызады. Қиылысу нүктелері нәтижені береді.

Бұл тәсілдің артықшылығы – көрнекілігінде, ал кемшілігі – ауызша есептегенде әрбір есеп сайын сызу уақыт алады.



  1. 32*12 =384

3 және 4 түзудің қиылысу нүктелерін санаймыз. Бұл сандарды нәтижені бірінші және ең соңына жазамыз, ал олардың арасында қиылысу қосындысы болады, ол 6+2=8 саны.


1.4. Крестьяндық тәсіл
Бұл тәсіл менің ойымша көбейтудің ең оңай тәсілі. Бұл тәсілде 2-ден ары қарайғы көбейту кестесін қажет етпейді. Кез-келген екі санның көбейтіндісін табу үшін бір санды екі еселеп ал, екіншісін 2-ге бөле бересіз. Бөлу 1 саны шыққанша жалғаса береді.
Мысалы: 37 * 32
37 ................ 32
74 ......................16
148 ...........................8
296 .............................4
592 .................................2
1184 ................................... 1
Барлық жұптардың көбейтіндісі бірдей сандар.
37 * 32 =1184*1 =1184
Егер екі санның біреуі немесе екеуі де тақ болса келесідей жазамыз.
Мысалы: 24 * 17
24*16
48*8
96*4
192*2
384*1=384
24*17=24(16+1)=24*16+24=384+24=408


Саусақпен санау тәсілі
6-ны 7-ге көбейту керек болсын. Сол қолымыздың жұдырығын жазбастан бір-бірлеп саусағымызды жаза отырып 6-ға дейін санаймыз. Ал, оң қолымыздың саусақтарымен дәл соны қайталап 7-ге дейін санаймыз. Оң қолдың жазылған екі саусағын сол қолдың жазылған бір саусағының үстіне саламыз. Жазылған саусақ небары үшеу болды, бұл 3 ондық, яғни 30 болады, қалған төртеуі (сол қолдың бүгулі тұрған саусақтары) 3-ке (оң қолдың бүгулі тұрған саусақтарына) көбейтіледі, сонда 12 шығады . Сөйтіп 30+12=42
Осылайша,
6*8=(1+3)*10+4*2=48
6*9=(1+4)*10+3*3=54
7*7=(2+2)*10+3*2=56
7*9=(2+4)*10+3*1=63
Саусақпен санау орта ғасырда да практикалық өмірде кең тараған болатын. «Уақытпен санау хақында» кітап жазған Ирландия ғалымы монах Беда Достопочтенный (673-735) саусақпен санауға бүтін бір тарауды арнаған.
Қорытынды

Қазіргі кезең математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Олай болса, біздің жас болашағымыздың жақсы болуы білім –ілімсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Алайда, соңғыжылдардағы компьютер , калькулятордың өмірге көптеп енуі оқушылардың шапшаң есептеу дағдыларына, ойлау қабілетінің тежелуіне әсер етуде. Осындай жайттарды ескерген әрбір оқушы өзбетінше шапшаң есептеуге, ауызша жаттығуларға, сандарды көбейтуге уақыт бөліп отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен өзімнің жобамды жан-жақты ізденіп теориялық білімімді өмірмен ұштастырып, көбейтудің дәстүрлі емес тәсілдерін есептеуді жүзеге асыруды әртүрлі есептерді шығару арқылы дәлелдеуге тырыстым. Егер қолыңызда есептеуіш техника, кесте болмай қалса осындай көбейту тәсілдері сізге көмекке келетіні сөзсіз.


Бұл жоба енді ғана көбейту кестесін жаттап келе жатқан жас бүлдіршіндерге көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Нәтижесінде көбейтудің дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың математика пәніне қызығушылыығы артады, ойлау қабілеті, есте сақтау, зеректігі дамиды .
Зерттеу кезінде әрбір оқушының мүмкіндігі бар екеніне көзім жетті.


ҰСЫНЫС

Математика сабағында уақытты үнемдеу, есептерді жылдам шығару жолдарын үйрету ең басты мақсаттардың бірі болып табылғандықтан, осы мақсатты жүзеге асыру үшін осы менің көрсеткен тәсілдерімді математика сабақтарында және қосымша сабақтарда қолдануды ұсынамын.


Бұл тәсіл тек тек уақытты үнемдеп қана қоймай, оқушының логикалық ойлау дағдысын қалыптастырып, оны дамытады. Өз бетінше шешім қабылдай білуге, жұмысына жауапкершілікпен қарауға баулиды.

14

Қолданылған әдебиеттер



  1. Алдамұратова Т. А., Байшоланов Е.С. 5-сынып математика оқулығы.

  2. Математикалық сауаттылық. Жанасбаева Ұ.Б.

  3. «Математика Физика» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет