3. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты. Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылыктардың болуы мүғалімнің балалармен дұрыс қарым-қатынас ұйымдастыра алмауынан туындайды.
Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретіңде берілгендіктен, педагогикалық карым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді.
Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.
Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.
Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.
Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің -қызметі белгіленген:
Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі - вербальдь қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі интонациясына байланысты.
Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат” береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады.
ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымы пайда болды. Ал осы ғасырдың 70жылдары Т. Н. Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А. В. Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В. В. Течет ата-аналар мен балалардың қарымқатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А. А. Бодалев, В. Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Ал, А. А. Леонтьев, Н. А. Березевина, Я. Л. Коломинский, С. В. Кондратьев, В. А. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын қарастырды. В. А. Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін анықтады. Педагогикалық қарым-қатынас «педагогикалық шеберлік» пәнінің аясында оқытылды.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы.Педагогикалық тәжірибені талдай отыра, тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева бойынша): - Коммуникативті
Интерактивті
Перцептивті
Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:
әлеуметтік
психологиялық
инструменталдық
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар: