3. Тәрбие жұмысын жоспарлау шеберлігі. Білім берудің басты нәтижесі – жас түлекті тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы елдің азаматы етіп қалыптастыру. Ұлттық оқу білім бағдарламаларын халықаралық дәрежеде мойындату, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру, білім беру ұйымдарындағы барлық деңгейлердің сабақтастығын қамтамасыз ету және отандық білім стандартын халықаралық стандарқа сәйкестендіру межелі мақсат болып отыр. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру білім алушылардың санасында сапалы өзгерістердің болуын талап етіп, әлеуметтік белсенді, шығармашыл өзін-өзі өзгерте алатын, өз бетінше шешімдер қабылдай білетін тұлғаларды қалыптастыруға деген сұранысты арттыру.
Бұл өз тарапында жастардың өз мүмкіндіктерін пайдаланып, өз бетінше алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге және олардың білім алуға деген ынта – жігері мен белсенділігін күшейту білім саласындағы әрбір педагогтың міндеті.
Тәрбие мақсаты - жасөспірімдерді өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарының алдын ала анықталатын (болжамдалатын) нәтижелері. Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Осыған орай тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде студент өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. «Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету» деп атақты өнертапқыш – ғалым Т. А. Эдисон айтқандай, білім беру ұйымының басты міндеттерінің бірі - білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру деп нақтылыған. Бұл дегеніміз табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
«Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі аспектілерге бөлді: «ғылыми білім»; «адамгершілік»; «рухани тәрбие»; «дене тәрбиесі».
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту десе, К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. Ал П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Жасөспірімдер шараға дайындық кезіндегі және шара аяқталғанан кейінгі мінез – құлқына салыстырмалы бақылау жүргізу әдістемесі қолдану практикада бар. Ол іс-шара барысындағы оқушының көрсеткіштерін әр ситуация бойынша бақылау қолданылған форманың тиімділігіне жалпылай сипаттама беруге көмектеседі. Бұл жұмысты іс-шара барысы бойынша оқушылармен бірлікте талдау жасап, әңгімелесіп, сол сәттегі оқушылардың мінез – құлқындағы, тәртібіндегі өзгерістерді бақылап, салыстыру арқылы жүргізуге болады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.
Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, «нысанына» жатады. Мұғалім жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.
Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жанжақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшін онай шаруа емес.
2. Жоспар жасау дегеніміз - тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез – құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарымқатынас жасау міндетін алға қояды.
Мұғалім ата-анамен әңгіме арқылы әрбір бала жөнінде алғашқы мағлұматтарға ие болады. Бұл әңгімелерде шамамен мынадай сұрақтар қойылуы керек.
Бала мектепке қуана-қуана кетеді ме ?
Мектеп туралы не деп жүр ?
Үйге берген тапсырмаларды ықыласпен орындайма ?
Үйде қандай міндеттерді тұрақты орындап отырады ?
Баланың достары кімдер ?
Үйде және аулада не ойнағанды ұнатады ?
Қанша уақыт бойы телевизор көреді ?
Үйде кандай жануарлар бар ? Бала оларға қалай қарайды ?
Бала қандай мінез-құлық байқатып жүр: көппен жақсы араласа ма, әлде бұйығы ма, қайырымды ма, қайырымсыз ба; жолдастарымен бірге болғанды ұнатады ма?
Сіз балаңызды жазалайсыз ба? Қалай, жиі ме?
Бала үйдегі адамдар мен таныстарының ішіндегі кімді жақсы сыйлайды.
Бұл жекелеген балалардың ата-аналары мен жұмысты жоспарлауға, бүкіл класта ата-аналарымен өткізілетін әңгімелердің тақырыптарын белгілеуге көмектеседі.
Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар :
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстығы.
Жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспардың формалары
Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болды. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалды.
Мұғалімдердің апталық жоспары тұрақты болды. Мысалы:
Дүйсенбі-кітаппен жұмыс.
Сейсенбі-жаңалықтар хабарламасы.
Сәрсенбі-серуен, айын, жорық.
Тәрбие жоспарынын үлгісі:
Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына сай атқарылатын тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылына атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Апта аралығына көрсету
Негізгі бөлімдер
Тәрбие шаралардың мазмұны
Формасы
мен
тәсілі
Мерзімі, уақыты
Жауапты адамдар
Өтілген туралы мерзімдер
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру
2. Оқушылардың өзін -өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
5. Жеке оқушымен жұмыс
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру: (сынып сағаты)
2.Сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіле-
неді. Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі.
Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленеді.
Отбасы мен жұртшылықпенжұмыс, оқушылардың атааналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының такырыптарын белгілеу.
Жеке оқушыменжұмыс: бұлбөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
1. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу:
Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму денгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отырып мақсат пен міндеттерін анықтау.
Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктерінің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибесімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.