Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
107 
7-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
8-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
9-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар. 
Тарихты  оқыту  –  күрделі  процес,  ол  өзара  байланысты,  оқытудың 
мақсатын  анықтау,  білім  мазмұнын  іріктеу,  білімді  оқытып-үйрету  және 
меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады. 
Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру 
өте тиімді болып табылады.  
5-9-
сынып  оқушыларының  жұмыстарын  ұйымдастырудың  тиімді 
формаларының  бірі  топтық  жұмыс  болып  табылады,  топтық  жұмысты 
ұйымдастыру  кезінде  әрбір  оқушының  қабілеттері  мен  психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық 
түсіндіру  қажет.  Сонымен  бірге  топ мүшелерінің  әрқашан  өзгеріп  отыруы  да 
маңызды.  
 
Оқушылардың  бойында  тарихи  түсінікті  дамытуға  мүмкіндік  беретін 
әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады. 
Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі: 
1)
 
Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі 
олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық 
деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.  
2)
 
Оқушыларға  тарихи  деректерден  үзінді  беруді  жүйелі  түрде  жүргізу 
керек.  Тарих  сабақтарында  сұрақтарды  қою  маңызды  орын  алуда,  дұрыс  әрі 
нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. 
3)
 
Сондықтан  да  мұғалімдерге  «сатылап  сұрақ  қою»  әдісін  қолдану 
ұсынылады.  Бұл  әдісте  дерекке  немесе  белгілі  бір  иллюстрацияға  қойылатын 
сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.  
Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше 
мұражайларға,  тарихи  ескерткіш  орнатылған  немесе  тарихи-археологиялық 
орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады. 
Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар 
мен  техникалар  ұсынылады.  Деңгейлеп  оқыту,  сыни  ойлауды  қалыптастыру, 
тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б. 
Жазу  дағдыларын  дамыту  мақсатында  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын қолдану ұсынылады.  
РАФТ  стратегиясының  (Р  –  роль,  А  –  аудитория,  Ф  –  форма,  Т  – 
тақырып)  басты  мақсаты  оқушыда,  белгілі  бір  образға  (рөлге)  ену  арқылы, 
өзінің  ойын  жазбаша  түрде  түсінікті  әрі  нақты  жеткізе  алу  дағдысын 
қалыптастыру.  Бұл  стратегия  қолдану  арқылы  оқушылар  түрлі 
тақырыптарға  әртүрлі  аудиторияға  арнап  ақпарат  (мәлімет,  мәлімдеме, 
т.б.) жазуды үйренеді. 
Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи 
карталардың  мазмұнын  басқа  да  дереккөздермен  тарта  отырып  талдауға 
бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек. 
Оқушылардың  жазбаша  жұмыстарды  орындауына  ерекше  назар  аудару 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
108 
ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б. 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек. 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  табысты  жүзеге  асыру,  белсенді 
оқыту,  командалық  оқыту,  пәндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту  және  т.б.  озық 
педагогикалық  әдістерді  қолдануүшін  оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістерін 
қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру 
мүмкін  болады.  Халықаралық  қатынастар  тарихы  мен  Қазақстанның  сыртқы 
саясаты,  әлемдік  соғыстар  тарихы,  тарихтың  жеке  мәселелері,  мәдениет  т.б. 
тақырыптарын кіріктіруге болады.  
Тарих  пәндерін  кіріктіре  оқыту  жүйесін  қалыптастыру  оқыту  процесінің 
коммуникативтік  әлеуетін  анағұрлым ұлғайтады. Мәселен, әдебиет курстарын 
оқыту  барысында  оқушыларға  рухани  шығармашылық  процесінің  тарихи  
контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.  
 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.  
Үй  жұмысы  сыныптағы  сабақтардан  кейін  мұғалімнің  тапсырмасы 
бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку 
процесінің  құрамдас  бөлігі.  Үйге  берілген  тапсырмаларды  оқушының  үнемі 
орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың 
бірі болып табылады. 
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  
-
 
ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.); 
-
 
қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма, т.б.); 
-
 
тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест, реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  балама  тест, 
көпжауапты тест); 
-
 
шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық); 
-
 
өзара  бақылау  жұмыстары,  өздік  бақылау,  қатемен  жұмыс,  жоба 
жұмысы.  
Оқушыларға  жобалық  және  шығармашылық  (хабарлама,  презентация, 
жобалар,  коллаждар  т.б.)    тапсырмалар  тақырыптарын  алдын  ала  беру 
әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс  болады.  Сонымен  қатар  мұғалім  осы 
шығармашылық  жұмыс  түрінің  талаптарымен  таныстыруы  керек.  Оқушы 
хабарлама  даярлаған  кезде  тек  білімін  ғана  көрсетіп  қоймай,  хабарлама 
(презентация)  дайындайтын  батырға  қатынасын,  өз  сезімдерін,  күйзелісін 
білдіруі тиіс.  
Құзыреттілікке  бағытталған  үй  тапсырмаларының  4  түрі  қолданылады: 
ақпараттық, коммуникативті, мәселе қою білу және рөлдік.  
Шығармашылық  үй  тапсырмаларына  қойылатын  өлшемшарттар  немесе 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
109 
талаптар:  
-
 
терминология 
мен 
ақпараттың 
күрделілігі 
оқушының 
жас 
ерекшеліктеріне сай болуы;  
-
 
әдебиет пен дереккөздерінің тізімін беру қажет; 
-
 
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б. ескеру керек. 
 
«Тарих» пәні бойынша міндетті бітіру емтиханын ұйымдастыру және 
өткізу жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар. 
 
Кешенді  емтихан  бағдарламалары  принципімен  айқындалатын  тарихты 
зерделеудің 
оқиғалық-хронологиялық 
және 
проблемалық-теориялық 
деңгейімен  үйлесетін  болады.  Білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің 
көрсеткіштері  тарихи  білімдерін  теориялық,  фактологиялық,  хронологиялық, 
картографиялық  және  бағалау  компоненттерін  игеру  мен  оқу-танымдық 
әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.  
Емтихан тапсырмаларын құрастыру кезінде әртүрлі оқулықтар мен ОӘК-
терді  (ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бекіткен)  қолдануға  болады. 
Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған   оқиғалар 
берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі 
материалдар  (хрестоматиядан  үзінділер,  куәлік  және  естеліктер,  тарихи 
оқиғалар  туралы),  статистикалық  материалдар  (кестелерде  немесе  мәтіндерде 
деректер  әлеуметтік-экономикалық  даму  ұсынылған)  болуы  мүмкін.  Білім 
алушыларды міндетті түрде  мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу 
бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек. 
Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие    жұмыстары    білім  алушыларды  қоғамдық  
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым 
-
қатынасқа    үйрететін,    қызығушылықтар  мен  талаптарды    іске  асыратын 
әлеуметтік  ортаның бір бөлігі болып табылады. 
«
Тарих»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 
жоспарлау  барысында  2016-2017  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
1)
 
Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);  
2)
 
Қазақ  батыры,  әскербасы  Жалаңтөс  Баһадүр  Сейітқұлұлының  440 
жылдығы (1576-1656); 
3)
 
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек 
би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);  
4)
 
Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күресте  әйгілі 
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);  
5)
 
Қазақтың  батыры,  талантты  қолбасшы  Қабанбай  батыр 
Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);  
6)
 
Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісінің  көрнекті  басшысы,  атақты  батыр, 
әйгілі шешен Сырым Датұлының  275 жылдығы (1753—1802); 
7)
 
Бөкей  Ордасындағы  халық  көтерілісінің  саяси  көсемі,  қайсар 
қолбасшысы,  халық  батыры  Исатай  Тайманұлының  225  жылдығы  (1791-
1838);   
8)
 
Қазақтың  аса  көрнекті  ағартушы-педагогы,  ұлттық  мектебінің  негізін 
қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889); 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
110 
9)
 
Бөкей  Ордасында  қазақтың  тұңғыш  мектебі  ашылғанына  175  жыл 
(1841-2016); 
10)
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Ұлт  көшбасшысы,  көрнекті  қоғам  және 
мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937); 
11)
 
Қазақтың  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  шығыстанушы,  білімді 
заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);  
12)
 
Қазақтың  тұңғыш  бейресми  Конституциясы  «Қазақ  елінің 
Уставына» 105 жыл (1912-2017); 
13)
 
«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016); 
14)
 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы(1916–2016); 
15)
 
Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);  
16)
 
Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 
жылдығы (1916–1944); 
17)
 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);  
18)
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).    
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 
-
базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда; 
-
таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 
-
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 
-
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып,  алған  білімдерін  тереңдетіп,  өздігінен  іздене  білуге  үйретеді. 
Сонымен  қатар  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және 
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
 
Дүниежүзі тарихы  
«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы  оқушыларға  әлем 
тарихы  бойынша  жеткілікті  білім  алуға  және  тарихи  процестердің  мәні  мен 
тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни 
бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді.  
Мектепте  «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсаты 
ғылыми  гуманистік  көзқарасы  бар,  әлеуметтік  белсенді,  жан-жақты 
шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Пәнді оқыту  кезінде барлық сынып оқушыларының жұмыс жасауы және 
үздік  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыстарды 
ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.  
Тарих  сабағын    жоспарлау  және  ұйымдастыру  кезінде  оқытудың 
тәрбиелік компоненттеріне ерекше назар  аударған жөн.  
«Дүниежүзі»  пәнінің  мазмұнынын  оқыту  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық 
актісін  жүзеге  асыруға  және  тарихи  тәжірибе  мен  оның  сабақтарын  ұғынып 
түсіну,  әлеуметтік  болжау  (бүгінгі  күн  жағдайының  мәнін,  өткеннің 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
111 
инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін 
тарихи  жауапкершілік,  тұлғаның,  азамат  пен  патриоттың  қалыптасуына, 
ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал 
етеді.  
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  олардың 
тарихи  қалыптасқан  мәдени,  дiни  және  ұлттық  салт-дәстүрлерімен  танысу 
барысында  құндылық  бағыт-бағдарлау;  тарихи  бiлiмiн  күнделiктi  өмiрде 
қолдана  бiлу;  тарихи  танымның  әдiс-тәсiлдерiн  меңгеру,  әртүрлi  дерек 
көздерiмен    өз  бетімен  жұмыс  iстеу;  сыни  ойлау  дағдыларын  дамыту;  білім 
процесінде  тарихи  фактілер  мен  құбылыстарды  түсіндіру;  қазіргі  кезеңдегі 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  халықаралық  проблемаларды  талдай 
білу;  негізгі  оқиғалар,  құбылыстар  мен  тарихи  дамудың  процестерінің  мәні 
туралы түсіну қабілеттерімен анықталады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың 
дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы                 
№ 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған. 
«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  төмендегі  көлемі 
белгіленген:  
6-
сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
7-
сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
8-
сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
9-
сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.  
Ежелгі  дүние  тарихы  қалыптылығы,  тұтастығы  және  логикалық  түрде 
аяқталуымен сипатталып, жүйелі түрде оқу пәні ретінде 6-сыныптан басталады.    
Тарихты оқыту оқушылардың тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру үшін 
адамзат  жүріп  өткен  тарихи  жолдары,оқиға-хронологиялық деңгейде  қолайлы 
шарттар арқылы жүзеге асырылады  
         
Келесі сыныптарда күрделі материалдарды, негізгі ұғымдарды, іскерліктер 
және қажетті дағдыларды қабылдау неғұрлым алтыншы сынып оқушыларында 
қалыптастыру өте маңызды. 
Орта  ғасырлар  тарихы  пәнін  оқыту  осы  кезеңдегі  қоғам  дамуының 
заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады.Бұл адамзаттың әлеуметтік, 
мәдени,  мемлекеттердің  дамуы    және  Еуропадағы  саясифеодалдық 
қатынастардың  қалыптасуы.  Орта  ғасырлар  тарихын  оқыту  қазіргі  заманғы 
адам үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл кезеңде көптеген ұлттық 
мәдениеттер  мен  құндылықтардың  пайда  болуына  байланысты.  Мұғалім  сол 
уақыт  кезеңінің  ерекшелігі  туралы  түсінік  беруі;  білім  беру  процесінде  оқу 
пәнінің орнын анықтауы; курс құрылымының   анықтамалық және оқулықтың  
әдістемелік  аппаратымен,  міндеттерімен  таныстыруы;  жаңа  оқу  пәніне 
қызығушылығын арттыруы тиіс.  
          
Орта  ғасырлар  тарихын  оқыту  7-  сынып  оқушыларын  тарихи  оқиғалар 
мен  ұғымдарды  талдау  және  салыстыру  дағдыларын  дамытады,  осы  тарихи 
дәуір қоғамының бөлігі ретінде қарапайым адамның өмірі бақылауға мүмкіндік 
береді.   

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
112 
          
Қазіргі  заманғы  өркениет  құрған  жаңа  заман  немесе  дәуірді  оқыту  8-
сыныпта басталады.  
          
Пәннің  бұл  кезеңдегі  материалдары  оқушыларды  аграрлық  дамудан 
біртіндеп  индустриялы  дамуға  арналған  тақырыптармен  таныстырады.  Жаңа 
тарихты  оқытудың  нәтижесінде,  мұрағат  материалдарын  анықтау,  сондай-ақ 
шын  мәнінде  тарихи  оқиғалар  мен  жаңа  процестерді  талдау  және  салыстыру 
өткен  дәуірден  және  қазіргі  заманғы  оқиғалар  ережелері  оқушылардың  іздеу 
және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.  
          9-
сыныпта  оқытылатын  "Қазіргі  заман  тарихы"  курсы  оқушыларға  ХХ 
ғ.басы  мен  ХХІ  ғ.  ең  маңызды  процестерге,  құбылыстарға,  ұғымдарға  баса 
назар  аударылып,  адамзат  дамуының  жалпы  бейнесі  туралы  түсінік  
қалыптастырады (Еуропа және Америка, Азия және Африка саяси, әлеуметтік-
экономикалық  және  рухани-мәдени  дамуынан  бастап,  1914-1918  жылдардағы 
бірінші дүниежүзілік соғыс және ең алдымен қазіргі заманғы құрылғылардың 
пайда болуын  түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.  
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар 
«Дүниежүзі тарихы»  пәнін оқыту - өткен тарих туралы, адамзаттың өзара 
әрекетімен  туындаған  тарихи  оқиғаларды  оқу  мен  талқылау  оқу  кезінде 
оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін байыта отырып, жүйелендірілген білім 
қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Әртүрлі  дүниетанымдық,  құндылық-
мотивациялық,  әлеуметтік  жүйелерден  туындаған,  тарихи  қоғамдық 
процестердің  логикалық  ерекшелігін  түсіну  қабілеттерін  дамыту  түйінді  рөл 
атқарады.      
Сабақтарда оқушылардың  дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жас 
және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес тарихи тұрғыдан ойлаудың  (белсенді 
және  проблемалық  оқыту,  жобалау,  тұжырымдамалық  оқыту)    әртүрлі  әдіс- 
тәсілдерін қолдану қажет. 
  
Білім  беру  процесінде  компьютерлік  технологияларды  және  жобалық 
әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді.  Оқушылардың 
білім  алу  мүмкіндіктері  мен  алған  білімдерінің  қолдану  аясын  түсініп,  бұл 
технологияларды  әдеттегі  әдістермен  шебер  қолдана  білу  мұғалім  үшін 
маңызды. 
     
Әдістемелік  жағынан  жоба  тақырыптары  және  шығармашылық 
тапсырмаларды  (хабарлама,  презентация,  жобалар,  коллаж  және  т.б.) 
оқушыларға  алдын-ала  беру  керек.  Сонымен  қатар,  мұғалім  оқушыларды 
аталған  шығармашылық  жұмыс  түріне  қарай,  оның  орындау  талаптары 
таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім 
алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-
қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.   
Топтық жұмысты ұйымдастыру  өте  тиімді  болып  табылады:  шағын-
конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. 
Бұл  ретте  жобаларды  жеке  немесе  ұжыммен,  педагогиканың 
ынтымақтастық  принциптерін  қолдана  отырып  мұғалім  мен  оқушы  бірге 
орындауы да мүмкін.   
Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
113 
болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, 
анықтау,  бағалау,  талдау  қабілетін  білдіреді.  Бұл  қабілетке  ие  болу  арқылы 
оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен  түсінікке негізделген өзіндік дәлелді 
ұстанымды қалыптастыра алады.  
Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  
-
 
өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады);  
-
 
себеп  және  салдар  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қандай  маңызды 
факторлар саяси процестерге әсер етті);  
-
 
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер 
мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  
-
 
ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  оқытылу  кезеңінде  мемлекеттің 
саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде); 
-
 
түсіндіру  (мысалы,  әртүрлі  зерттеушілер  сол  немесе  басқа  тарихи 
оқиғаларды  қалай сипаттайды). 
«Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқу  кезінде  пәннің  мазмұнына  сәйкес  тарихи 
зерттеулерді  (болжамды  ұсыну,  зерттеу  үшін  сұрақтарды  құрастыру, 
дереккөздерді талдау,  әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытыныдылар мен 
нәтижелерді  тұжырымдау,  өзіндік  ұстанымын  анықтау)  өткізудің  дағдыларын 
қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады. 
Мұғалімнің  сабаққа  арнайы  дайындайтын  тапсырмалары  мынадай 
өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс: 
-
 
тапсырманыорындау  мақсаты мен қолжетімділігі; 
-
 
дифференциацияны көздеу; 
-
 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту; 
-
 
проблемалық оқыту; 
-
 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; 
-
 
ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі; 
-
 
әдебиеттер тізімі; 
-
 
ақпараттың  тартымдылығы мен дәйектілігі; 
-
 
бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы. 
Сыныптағы  практикалық  жұмыс,  өздік  жұмысы,  үй  тапсырмасын 
орындау  оку  процесінің  құрамдас  бөлігі.Практикалық  сабақ  тарихи 
дереккөздерімен  және  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыра  білуді  жетілдіру, 
қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты 
жұмыстарды  ұйымдастырумен  байланысты.  Практикалық  тапсырмаларды 
орындау  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  орнатуды,  ақпараттарды 
өңдеудің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеруді  көздейді.Оқушылардың  танымдық 
мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған 
(белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін. 
Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын 
бағдар  уақыт  пен  кеңістігінде  тарихи  карталарды  пайдалану  ықпал  етеді, 
картада  тарихи  оқиғалардың  жай-күйін  және  олардың  даму  динамикасын 
көрсететін тапсырма болуы мүмкін.  
Үй  жұмысының  мақсаты  –  қосымша  материалдар  арқылы  сабақта 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
114 
меңгерген  тақырыпты  тереңдету,  қайталау,  бекіту  және  ой  елегінен  өткізу, 
оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін  шыңдау. Үй жұмысына берілген 
тапсырмалар  жоспарланған,  танымдық,  қызықты  болуы  шарт  және  деңгейлі 
болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға 
итермелейді  және  оқу  үрдісінің  танымдық-шығармашылық  іс-әрекеттерінің 
біріне жатады. 
Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі 
болуы мүмкін:  
-
 
ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық және т.б.); 
-
 
қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма және т.б.); 
-
 
тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест, реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  балама  тест, 
көпжауапты тест); 
-
 
шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық); 
-
 
өзара  бақылау  жұмыстары,  өздік  бақылау,  қатемен  жұмыс,  жоба 
жұмысы.  
«Дүниежүзі тарихы»  бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 
және  жоспарлау  барысында  2016-2017  оқу  жылында  мерекеленетін 
мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады: 
1)
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет