Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
202 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 
сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-4-сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар 
жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім 
алады,  ондағы  материал  оқушылардың  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және 
негізгі  мектепте  оқыту  мерзімінің  артуын  ескере  отырып  бейімделеді  және 
қайта бөледі.  
Қалыптастырудың  есту-көру  негізін  жасауға  және  оқушылардың  ауызша 
сөйлеу  тілін  жетілдіруге  мүмкіндік  туғызатын  есту  қабілетін  дамытуға, 
дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.  
Оқу  жоспарына  түзету  курстары  қосылған:  «Дыбыстардың  айтылуын 
қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» 
(0-7-
сыныптар),  «Айналамен  таныстыру»  (0-2-сыныптар).  Түзету  циклінінің 
сабақтары  күннің  бірінші  жартысында, сондай-ақ  екінші  жартысында  топпен, 
топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.  
Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік 
бар. 
3.  Көру  қабілеті  бұзылған  (көрмейтін,  нашар  көретін,  кейіннен  көрмей 
қалған)  оқушыларды  арнайы  мектепте  (сыныптарда)  оқытудың 
ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім – 11-12-сыныптар. 
Орта  білім  алу  мерзімінің  ұзартылуы  төмендегі  себептерге:  көрмейтін 
және  нашар  көретін  оқушылардың  танымдық  қызметінің  ерекшелігіне;  оқу 
қарқынының  баяулығы  және  жалпы  білім  беру  пәндеріне  елестету 
олқылықтарын  толтыру  мен оқушылардың  қоршаған орта  туралы  білімдеріне 
мүмкіндік  беретін  пропедевтикалық  бөлімдерді  қосу  қажеттілігіне; 
көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру 
арқылы  ақпарат  алуды  пайдалану);  Брайль  жүйесі  бойынша  жазу  мен  оқуға 
үйретудің  ерекшеліктеріне;  рельефті  суреттер  және  сызбаларды  оқуға; 
тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар 
жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану 
қажеттілігіне байланысты.  
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 
дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың 
функционалдық  сауаттылық  негізі  және  негізгі  жалпы  білім  берудің  кезекті 
бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу 
еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
203 
Екінші  сатыдағы  оқыту  6  жыл  ағымында  іске  асырылады.  Осыған 
байланысты  сынып  оқушыларының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  пән 
мұғалімдерімен  іске  асырылатын  әр  оқу  пәнінің  аясында  жылдық  оқыту 
бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.  
11-12-
сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық  және  жаратылыстану–математикалық  бағыттар  жүзеге 
асырылады.  
Бір  немесе  екі  бағыттағы  таңдау  оқушылардың  қажеттілігін  және  ата-
аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері 
бойынша,  қалдық  көруін  және  көріп  қабылдауын  сақтау  мен  дамыту; 
әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістікте  бағдарлау;  мимика  және 
пантомимиканы  дамыту;  сөйлеу  тілі  дамуының  кемшіліктерін  түзету 
(логопедпен  сабақтар);  емдік  дене  тәрбиесі  және  түзету  ырғағы  бойынша 
арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.  
Факультативтік  сабақтардың  сағаттары  жалпы  білім  беру  циклінің 
пәндерін  оқытуда,  жаңа  пәндерді,  қосымша  білім  беру  модульдерін,  арнайы 
курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, 
жеке  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  қолданылуы  мүмкін.  Көру 
қабілетінен  айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы 
білім  беретін  оқулықтар  бойынша,  ал  нашар  көретін  оқушыларды  ірі 
шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.  
4.  Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім  – 11-12-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін  әрі 
қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін 
анықтау  мақсатында  пропедевтикалық-диагностикалық  дайындық  сыныбы 
ұйымдастырылады.  
1-4-
сыныптарда  жалпы  тапсырмалар  мен  кешенді  түзету  тапсырмалары 
шешіледі  (балалардың  барлық  қозғалыс  сферасын,  сөйлеу  тілін,  танымдық 
қызметін  қалыптастыру).  Бірінші  сыныпта  жазу  қимылының  дағдысын 
қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.  
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен 
қамтамасыз  етіледі.  Математиканы  зерделеу  барысында  ойлауын  дамыту 
ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.  
Бейімдік 
дене 
тәрбиесі 
сабақтарында 
бағалау 
нормативтері 
қалыптастырылмайды.  
5-10-
сыныптарда  балаларда  әлеуметтік-еңбекке  бейімдеуді  қамтамасыз 
ететін  қимыл-қозғалыс,  ойлау,  сөйлеу  дағдылары  мен  ептілігін  дамыту 
бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
204 
11-12-
сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық  және  жаратылыстану–математикалық  бағыттар  жүзеге 
асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және 
ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушылар  топ  бөлігінде  және  жеке 
сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады: 
1)  емдік  дене  тәрбиесі  (ЕДШ)  сабақтары  2-3  адамнан  тұратын  топпен 
немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші 
жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін; 
2)  тіл  дамуының  кемшіліктерін  дамыту  бойынша  сабақтарды  ұқсас  тіл 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жеке  немесе  топтық  түрде  аптасына  2-3  рет 
логопед  жүргізеді.  Сабақтар  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында жүргізілуі мүмкін; 
3)  танымдық  қызметті  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша  түзету 
сабақтарында  бағдарламалық  материалды  игеруге,  қоршаған  орта  туралы 
білімін  кеңейтуге,  кеңістіктік  және  уақыттық  ұғымдарын  қалыптастыруға, 
графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға 
және  оқу  материалын  игеруге,  бұзылған  психикалық  қызметтерді  түзетуге, 
күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындықты  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың 
ұзақтығы – 20-25 минут.  
Түзету  сабақтары  күнделікті  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 
қайталамауы  қажет.  Бастауыш  сыныптарда  сабақтың  бір  бөлігі  ойын 
формасында өткізу мақсатты.  
Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының 
және  өзге  де  даму  бұзылыстарының  біртектілігі  мен  айқындығын  ескере 
отырып жинақталады.  
Білім  алуышының  топта  болу  ұзақтығы  арнайы  қиындықтарды  түзету 
дәрежесімен  және  тапсымаларды  сыныппен  бірге  орындау  дайындығымен 
анықталады.  Топ  құрамы  ширақ  болуы  тиіс.  Бір  оқушы  бір  жылда  әртүрлі 
топтардың  құрамында  болуы  мүмкін.  Факультативтік  сабақтарды  анықтау 
барысында  оқушылардың  әлеуметтенуі  және  олардың  даму  кемшіліктерінің 
алдын-алатын,  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруге  ықпал 
ететін курстарды таңдау қажет.  
5.  Сөйлеу  күрделі  бұзылыстары  бар  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқыудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
 
бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан өтпеген  балалар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. 
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:  

 
ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 
ринолалия,  афазия), сонымен  қатар  тұтықпамен  қатар  жүретін  жалпы  сөйлеу 
тілі дамымаған балалар; 

 
сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
205 
Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын 
тағып  жүрген  1  жастан  4  жасқа  дейінгі  кохлеарлы  импланты  бар  балалар 
қабылданады.  Оқытудың  бірінші  деңгейінде  арнайы  бағдарламалар,  арнайы 
әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 
Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің 
жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.  
Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, 
орыс  және  шет  тілдерін  оқыту  сағаттарын  бөлгенде  вариативтілікке  жол 
беріледі.  
Сөйлеу  тәртібін  сақтай  отырып,  барлық  сабақтарда  және  сабақтан  тыс 
уақыттарда  арнайы  логопедиялық  және  түзету-педагогикалық  қолдау 
көрсетіледі.  Арнайы  түзету  курстарына  мыналар  жатады:  қоршаған  ортамен 
таныстыру,  түзету  ырғағы,  дыбыс  айту,  сөйлеу  тілін  дамыту,  жеке-топтық 
логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету 
ырғағы» сөйлеу  тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар балалардың  моторлық  және 
сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.  
Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын 
қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық 
көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.  
Жеке  сабақтар:  сөйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылыстары  бар  және 
артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, 
дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем 
емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің 
біртекті  құрылымы  бұзылған  балалар  бірігеді.  5-10  сынып  оқушыларымен 
логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып 
табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.  
Фронтальды  сабақтың  ұзақтығы  (0,  1-4-сынып)  дайындық  сыныбы  мен 
бірінші  сыныптың  алғышқы  жартысында  35  минутты,  келесі  сыныптарда  45 
минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін 
қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.  
6.  Психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Арнайы  мектептерге  (сыныптарға)  церебральды-органикалық  түріндегі 
психикалық  дамуы  тежелген  балалар  қабылданады.  Арнайы  сыныптарға 
дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде 
бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды. 
Арнайы  сыныптарға  жинақтау  оқытудың  бастапқы  деңгейінде  –  0, 1 
сыныптарда  іске  асырылады,  2  сыныпты  да  кіргізуге  болады.  Оқушыларды 
оқытудың  кез-келген  кезеңінде  бұқаралық  типтегі  жалпы  білім  беретін 
сыныптарға  кіріктіру,  сондай-ақ,  психикалық  даму  тежелісі  айқын  көрінетін 
екінші  сатыдағы  арнайы  сынып  жағдайында  білім  беруді  жалғастыру 
мүмкіндігі қарастырылады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
206 
Оқу  күн  тәртібі  балалардың  тез  шаршағыштығына  байланысты 
белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.  
Екінші  (қазақ  немесе  орыс)  және  үшінші  (ағылшын)  тілдерін  зерделеу 
сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейін  ескере  отырып, 
бағдарламаны бейімдеу  және  оқушыларды  оқыту  әдістері  қарастырылып  іске 
асырылады. 
Оқытудың  бірінші  сатысында  арнайы  бағдарламалар  мен  арнайы 
әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 
Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) 
байланысты  мазмұны  қайта  бөлінетін  жалпы  білім  беру  мектебінің 
бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың 
мүмкіндіктеріне бейімделеді.  
Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру 
циклі  пәндерінің  аясында,  сонымен  қатар,  қосымша  білім  беру  жүйесінде 
жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-
тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың 
танымдық  әрекеттерін  белсендендіретін  эстетикалық  циклдегі  пәндерді 
(музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.  
Бірінші  және  екінші  сатыдағы  оқу  жоспарының  түзету  компоненті 
«Айналамен  таныстыру  және  тіл  дамыту»,  «Түзету  ырғағы»,  «Тіл  дамуының 
кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру 
бойынша  міндетті  жеке  және  топтық  түзету  сабақтары»,  «Әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен 
таныстыру  және  тіл  дамыту»  (0-1-сыныптар)  баланың  қоршаған  орта  туралы 
шынайы  білімдері  мен  түсініктерін  байытуға  бағытталған.  «Түзету  ырғағы» 
түзету  курсы  (0-4-сыныптар)  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  жалпы 
моторикасы  мен  қимылының  үйлесімділігіндегі  даму  ауытқушылықтарын 
алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет 
дағдыларын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  «Әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдарлау»  пәні  бойынша  сабақтар  үшін  сынып  2  топқа  бөлінеді.  Сабақтар 
арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі. 
Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу 
бағдарламасын  игеруде  қиындықты  сезінетін  оқушылар  үшін  білім 
олқылықтарының  орнын  толтыруға  арналған  жеке  және  топтық  түзету 
сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының 
ұқсастықтары  негізінде  топ  бөлігімен  (2-4  оқушыға)  жүргізіледі.  Бастауыш 
сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі 
мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. 
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы 
тиіс.  Олар  пәндік-тәжірибелік  және  балалардың  ойын  әрекетін  қоса  отырып, 
әртүрлі  формалар  мен  оқушылардың  әрекет  түрлерін  пайдалану  арқылы 
жүргізіледі.  
6-10-
сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке 
және  топтық  сабақтарға  бөлінен  сағаттар  мен  пән  мұғалімдері  арасында 
үлестіріледі.  Қандай  топта  болсын  білім  алушының  сабақта  отыру  уақыты 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
207 
арнайы  қиындықтарды  түзету  дәрежесімен  және  сыныппен  бірге 
тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы 
тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды 
жеке  көмек  үшін  топ  құрамына  қосу  керек.  Сол  бір  оқушы  жыл  ағымында 
әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар 
үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.  
Сөйлеу  тілінің  бұзылыстары  бар  оқушылармен  логопед  жеке-шағын 
топтық сабақтар жүргізеді. 
Жеке және топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі 
шегінде  көрсетіледі.  Типтік  оқу  жоспарында  көрсетілген  әрбір  сыныпта  осы 
сабақтарға  бөлінген  апталық  сағаттардың  саны  (бірінші  сатыда  4  сағат  және 
екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтардың 
жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінше сатысында аптасына 
40-
60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.  
Факультативтердің  сағаттарын  балалардың  әлеуметтенуіне  (Тіл  және 
қарым  қатынас  мәдениеті.  Өмір  сүру  қауіпсіздігін  қамтамасыздандыру. 
Экономикаға  кіріспе)  немесе  даму  кемшіліктерінің  алдын  алуға  (Сурет  салу 
әрекеті.  Қолданбалы  мәдениет.  Жүзу.  ЕДШ),  болмаса  еңбекке  дайындық 
бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.  
7.  Танымдық  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудың  ерекшеліктері  
(жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) 
Ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларды  оқыту  мақсаты  –  танымдық  және 
эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру және 
еңбекке  дайындау  құралдарымен  дамыту,  қоғамдағы  бітірушілерді  келесідей 
кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.  
Дайындық  сыныбына  сондай-ақ  білім  беру  процесінде  және  тәрбиелеу 
жұмысында  баланың  диагнозын  анықтау  мен  оны  оқыту  және  тәрбиелеуді 
ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға 
дайындық  деңгейі  жеткіліксіз  балалар  қабылданады.  Бірінші  сыныпқа  7-9 
жастағы балалар қабылданады.  
Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады: 

 
 
бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4-сыныптар); 

 
 
екінші деңгей – 5-9-сыныптар.  
Сәйкес  материалдық-техникалық,  бағдарламалық-әдістемелік  және 
кадрлық  шарттар  болған  жағдайда  білім  беру  ұйымдарында  терең  кәсіби-
еңбекке даярлау 10-өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.  
Бірінші  деңгейде  ақыл-ойы  кем  оқушыны  жан-жақты  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  зерделеу,  оның  мүмкіндіктері  мен  білім  беру 
процесін  ұйымдастыру  формасы  мен  әдістерін  қалыптастыру  және  жеке 
ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.  
Екінші  деңгейде  балалар  тәжірибелік  бағытқа  ие  және  еңбектің  әртүрлі 
профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім 
алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады. 
Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың 
білім  алудағы  алға  басу  нәтижесі  олардың  өнімді  қызметіне  талдау  жасау 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
208 
сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-
түйектерінің даму деңгейі негізінде анықталады.  
Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке ықпалды қолдану арқылы 
іске  асырылады.  Сараланған  ықпал  негізінде  ақыл-ойы  кем  оқушыларды 
(В.В.Воронкова  бойынша)  педагогикалық  топтастыру  жатыр.  Осыған 
байланысты  І-деңгейдегі  оқушылардың  жетістіктерін  баллдық  бағалау 
критериалдық  болып  табылады  және  жеке  мониторинг  негізінде  іске 
асырылады.  ІІ-деңгейдегі  оқушылардың  жетістіктерін  бағалауда  білім  беру 
процесін  дараландыруға  негіз  болатын  критериалдық  сипаттап  бағалау 
қолданылады  (Ақыл-ойы  кем  балаларды  критериалдық  бағалау  бойынша 
әдістемелік  ұсынымдарды  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  сайтынан 
(
www.nao.kz
) қарауға болады). 
5-
9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін 
үйренуге бөлінеді.  
«Түзету  технолгиясы»  циклінің  сабақтары:  «Түзету  ырғағы»,  «Тіл 
дамуының  кемшіліктерін  түзету»  (логопедиялық  сабақтар),  «Танымдық 
әрекетін  түзету»,  «Емдік  дене  тәрбиесі»  күннің  бірінші  және  екінші 
жартысында  да  жүргізіледі.  Жеке  және  топ  бөлігімен  жүргізілетін  түзету 
сабақтардың  ұзақтығы  –  20-25  минут.  Топ  бөліктері  сөйлеу  тілі  мен 
психофизикалық  бұзылыстарының  біртектілігіне  байланысты  жинақталады. 
Емдік  дене  тәрбиесі  сабағына  арналған  топ  дәрігердің  нұсқауымен 
жинақталады.  Түзету  ырғағы  бойынша  сабақтар  топқа  бөлінбей,  фронтальды 
түрде  жүргізіледі.  Түзету  компоненттерінің  пәндері  бойынша  жетістіктерді 
бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.  
4-
тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.  
7  және  9-сынып  аралығында  кәсіби  бағыттағы  еңбекке  оқыту  іске 
асырылады.  Мектепке  жеке  еңбек  түрі  бойынша  бағдарлама  әзірлеу  құқығы 
ұсынылады.  
Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін 
ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.  
5-6-
сыныптарда  еңбек  тәжірибесі  мектеп  базасында,  7-9-сыныптарда 
мектеп  шеберханаларының  базасында  іске  асырылады.  Еңбек  тәжірибесінен 
өткізу  мерзімі  мен  тәртібі  жергілікті  жағдайларға  байланысты  мектеп 
Кеңесімен  (педагогикалық  кеңес)  анықталады.  Мектепте  білім  алу  еңбекке 
оқыту  бойынша  емтиханмен  аяқталады.  Білім  алушылар  емтихандардан 
белгіленген  тәртіп  бойынша  босатыла  алады.  Факультативтік  сабақтарға 
бөлінген  сағаттар  еңбекке  оқыту  сабақтарына,  түзету  бағыттарына  және  т.б. 
пайдаланыла алады.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылар  саны  жеткілікті  болған 
жағдайда  мектепте  осы  оқушыларға  арналған  арнайы  сыныптармен  екінші 
бөлім ашылады.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқыту  аталмыш  катеориядағы 
оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша 
іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке 
оқу  бағдарламалар  бойынша  іске  асырылады.  Ол  баланы  жарты  жылдан 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
209 
аспайтын  мерзім  аралығында  сынып  педагогының  және  мектеп  консилиумы 
мамандарының  баланы  психологиялық-педагогикалық  кешенді  зерделеуі 
негізінде құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының 
аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі 
жартжылдыққа жоспар құрылады.  
Педагог  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндігін  және  білім  алудағы  және 
тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторигілеу 
нәтижелерін  ескере  отырып,  оқытудың  мазмұнын,  әдістерін,  формасын, 
дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.   
Екінші  бөлім  сыныптарын  оқытудың  мазмұны  мыналарды:  өзі  туралы 
түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған 
орта  және  ортада  бағдарлау  туралы  қолжетімді  түсініктерін,  қарым-қатынас 
жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік 
бағыттылығына  ие  және  тәриеленушілердің  психофизикалық  мүмкіндіктеріне 
сәйкес  жалпы  білім  беретін  пәндер  туралы  білімін  қалыптастыруға 
бағытталған. 
Бірінші  сатыда  оқу  процесі  пәнсіз  оқыту  негізінде  ұйымдастырылады: 
барлық  сабақтар  кіріктірілген  сипатқа  ие  және  білім  алушылардың  жалпы 
(қарым-қатынас,  қимыл,  сөйлеу,  сенсорлы)  дамуына  бағытталған. 
Оқушылардың  жеке  дамуын  алға  бастыру  шаралары  пәндік  оқытуға  өтумен 
іске асырылады.  
Екінші  бөлімде  оқыту  мектеп  ресурстары  мен  оқушылардың 
психофизикалық  даму  ерекшелігін  ескере  отырып,  еңбектің  қарапайым 
түрлеріне  үйрету  ұйымдастырылады.  Еңбекке  оқыту  профилі  баланың 
психофизикалық  ерекшеліктерін,  дәрігердің  ұсынысымен  және  мектеп 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып  жеке  анықталады.  Қажет  болған  жағдайда 
еңбекке  оқыту  профилі  өзгеруі  мүмкін.  Еңбекке  дайындық  пәндері  бойынша 
бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.  
Зияты  зақымдалған  балаларға  арналған  арнайы  мектептің  (сыныптың) 
оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.  
Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  арнайы  мектеп  (сынып) 
бітірушілері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен 
мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет