Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
60
түзете алған жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін
меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді
мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген кезде және
мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.
Мұғалімнің оқушының күнделікті жұмысына жүргізген бақылау, ауызша
сұрақ, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері
қорытынды баға қоюына негіз болады. Алайда, соңғысына көп мән беріледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың
табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды
қалыптастыруға бағытталған.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология,
экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады, олар:
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 2-4-сыныптарда – аптасына 1
сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Оқушылардың білім, білік, дағдылары ауызша сұрақтар, бақылау, тест
жұмыстары, тәжірибелік жұмыстар мен диктанттардың нәтижелері бойынша
бағаланады.
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы
құбылыстарды бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалы түрде байланыстыра
отырып баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс
орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның
талаптарына сай болғанда, дегенмен оқушы нақты материалды баяндауда,
кейбір практикалық жұмыстарда қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде,
осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушы өзі
түзеткенде қойылады.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын
меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау
нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы
құбылыстар мен нысандар арасында байланыс орнатуда, практикалық
жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған
кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін
меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса
қойылады.
13-
кесте – Қорытынды бақылау жұмысының саны
Тоқсан
2-
сынып
3-
сынып
4-
сынып
Барлығы
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
61
Аралық Бақылау Аралық Бақылау Аралық Бақылау Аралық Бақылау
І
3
1
4
1
5
1
12
3
ІІ
1
1
1
3
ІІІ
1
1
1
3
ІV
1
1
1
3
жылдық
3
4
4
4
5
4
12
12
Тест жұмысын бағалау
Тест орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Тексеру тестің барлығы
немесе жеке бөлімдері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қатені табу; жауабын таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету
түріндегі тест тапсырмаларын қолдану тиімді.
Жұмысты орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін
алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада
тестке қосылған тапсырмаларға ұқсас 1-2 тапсырманы жазып, оны
оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
14-
кесте – Тест жұмысын бағалау
Базалық деңгей
0-60%
60-77%
77-90%
90-100%
17-
ден төмен балл
18-
22 балл
23-
26 балл
27-
30 балл
Баға «2»
Баға «3»
Баға «4»
Баға «5»
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты: оқушылардың өз ішкі әлемін танып
білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-
қатынасын құруы болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді
қамтиды:
1)
Өзін-өзі тану бақыты.
2)
Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
3)
Адам болам десеңіз.
4)
Әсемдік әлемінде.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4-
сыныптарда – 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34 сабақтар «қорытынды қайталау»
ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау
мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында
байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі
ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – оқушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін
бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
62
жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын Талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар
оқушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде
жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына
ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Адамгершілік-рухани білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жарты
жылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» деген бағалау енгізіледі. Егер
білім алушы оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын Талаптардың
жалпы көлемінің кемінде 2/3 сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алған
жағдайда «сынақ тапсырды» бағасы қойылады. Оқушыға «сынақ тапсырды»/
«сынақ тапсырмады» бағаларын қоюда оның пән бойынша шығармашылық
қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын
талдауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі,
сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның
ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны,
адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған
проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка
«Музыка» пәнінің мақсаты– оқушылардың музыкалық мәдениетін
тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық
қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана
білуіне негізделген.
Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар»,
«Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең
негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық
құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға
негізделген. 2-сыныпта сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра
түсіп, коммуникативтік қызмет атқарады. «Мұғалім – оқушы» технологиясы
шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік»
технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі.
Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы,
репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«
Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны:
2-4-
сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағат.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерилерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес
болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей
эмоционалды жауабы, тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын
айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері, және
музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
63
орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы
белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.
«4» бағасы – екі немесе бір критерилерге сәйкес болғанда;
«3»
бағасы – берілген критерилерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын
және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.
Бейнелеу өнері
Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын
тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын
дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық
тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау
қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен
дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен
сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін
дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен
адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет
түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-
шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие
міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4-
сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты
құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады,
меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде
қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық
компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады
және жеткізе сипаттай алады.
«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ
қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін
өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.
«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай
алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған
мақсатын орындай алмайды.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
64
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-
әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол
саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде
бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі
туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
4-
сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей
бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары
қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда өзге
тақырыптармен оқу бағдарламасына сәйкес алмастыра алады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесі:
2-4-
сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды
Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық
операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың
қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін
анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау
«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз
және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша
құралды таңдау, сонымен қатар, сабақ бойы жұмыс орнында тазалықты сақтау
білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын
бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған
жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмысқа бағаны
бір ұпай көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағамен бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, оны
түзетуге, қайта жасауға болады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық оқушыларға
қойылады. (Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында
жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды
меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы
мүмкін).
Жеке технологиялық операциялар
«5» бағасы әртүрлі белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына,
бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес
конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды,
құралдарды олардың мақсатына сәйкес, үнемді және тиімді пайдалануына;
жетекші сұрақтар бойынша жұмыс жоспарын құру ептілігіне (2-сынып); бұйым
құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құруға
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
65
(3-
сынып); жоспар құру, бұйымға өздігімен талдау жасауына (4-сынып), іс
жүзінде бұйымды көрсету ептілігіне (2-сынып), түсіндірумен көрсету білігіне
(3-4-
сыныптар) қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3мм дейін),
пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса;
жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; жұмыс
жоспарын мұғалімнің жетелеуші сұрақтарынан кейін құрса (ІІ сынып),
мұғаліммен бірге (3-сынып), алдағы жұмыс жоспарын өздігімен 1 қатемен
құрса (4-сынып) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе: 3мм-ден 10
мм-ге дейін – 2-сыныпта, 2мм-ден 5 мм-ге дейін – 3-сыныпта, 5 мм-ге дейін – 4-
сыныпта; материалды үнемсіз қолданса (2-сынып); материал мен құралдарды
тиімсіз қолданса (3-сынып), жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен
кейін сақтаса; мұғалімнің жетелеуші сұрақтары бойынша жоспар құру кезінде 3
логикалық қате жіберсе (2-сынып), мұғаліммен бірге жұмыс жоспарын құру
кезінде 3 логикалық қате жіберсе (3-сынып), бұйымды жасаудың жұмыс
жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе (4-сынып) қойылады.
Оқушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың
бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен
бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін. Сабақтың
жоспарында бақылайтын 3-4 оқушының тегін жазады, олардың сабақ бойы
жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 3-4 оқушының
материал бойынша нақты бөлшектерін нақты белгілей алу ептігін бақылайды,
келесі 3-4 оқушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін, сабақтағы
құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын
немесе жұмыс істеуін бақылайды.
Егер оқушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім
жұмысты қалай орындау керек екенін оқушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл
жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.
Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше бағалайды, бірақ олар оқушының
нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі,
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене
мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың
қажеттілігін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық
дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды
толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында
оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
66
шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс
дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-
қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған
дене шынықтыру қосымша сабақтары немесе оқушылар мен ата-аналардың
сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу
жоспарының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.
«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде
ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу
медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске
асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың
сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4-
сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты
құрайды
Бағалау нормалары:
Оқушы жұмысын бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен
психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.
Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық
тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар береді.
«5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен
психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ
мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен
психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса, қойылады. Тапсырманы
орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.
«2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін
қолданбаған жағдайда қойылады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
67
4
НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4.1
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан
2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен
талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-
жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік
тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер
қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала
білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз
қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге
бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық
құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», -
деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай
дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты
ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін«Мәңгілік
Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік,
құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір
бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
«
Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында
7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік.
Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік,
дағдылардың жиынтығы.
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде,
негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады.
Тілдік және әдеби білім берудің маңызды міндеттері:
1)
барлық деңгейдегі қазақ тілінің жүйесі туралы білімді меңгеру негізінде
оқушылардың тілдік сөйлеуін дамыту (фонетика, лексика, сөз құрамы және
сөзжасам, морфология, синтаксис);
2)
сөйлеудегі тілдік құралдардың қызметі туралы ережені, сөздік қорды
кеңейтуді және сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы,
сауатты жазу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3)
қазақ әдеби тілінің нормаларын, сөйлеу әрекетінің әртүрлі тәсілдері
мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттері өмірдегі
|