-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
91
Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса,
тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының
сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген
баға қойылады.
«Мазмұндау» кезеңі.Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл
бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден
алынады.Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған
мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б.
Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді
кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген
бағалармен бағаланады.
Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге,
цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға
қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып
бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама
береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін
жауап береді.
Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі
мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан
алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4»
деген баға қойылады. Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін
сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды
кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап
беретін оқушыларға қойылады.
Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады.
Барлық
үш
кезеңнің
бағалары
хаттаманың
қосымшасына
қойылады.Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі.Оқушылардың
тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.
Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.
Бұл ережелер қай шет тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері
Кемінде 3 шеттілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік
бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:
-
Мемлекеттік стандартты орындау;
-
жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам»
Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция,
«Еңбек туралы», «Білім туралы», ҚР Заңдары);
-
2016-
2017 оқу жылына әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу;
-
мұғалім-кеңесшінің,көмекшінің
негізгі
міндеттерін
атқаруда
шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;
-
оқытудағы жаңа технологиялар;
-
шет тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім
алуы;
-
шет тіліндегі жаңа үрдістер мен өзгерістер;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
92
-
-
оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда
электронды білім беру ресурстарын пайдалану.
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында
әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетілетін бірқатар міндеттер
қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары әдістемелік бірлестіктің барлық
мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді.Жоспар оқу
жылының әр айына құрылып,оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз
байланысады.Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік
кеңесімен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі.Жоспарда
әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының негізгі кезеңдері
қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысы өткізу
ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір отырысы ақпараттық-танымдық
сипатта болу керек:баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер
түрінде болуы тиіс.
Жоспарға енгізу үшін ұсынылған ісшаралар:
1.
Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды
(әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік
бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.
2.
Пән бойынша олимпиаданың мектепішіндегі езеңін ұйымдастыру және
өткізу.
3.
Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс.
4.
Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса.
5.
Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау;Жас маманмен
жүргізілетін тәлімгердіңжұмыс жоспарын бекіту.
6.
Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибиемен алмасуы (өзара сабақтарға
қатысуы), «Lessonstudy» өткізу.
7.
Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.
8.
Кіріс құжаттарымен жұмыс.
9.
Мектепшілік бақылау.
10.
Әкімшілік бақылау.
11.
Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен
жұмыс.
12.
Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың
үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.
13.
Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.
14.
Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі
(жыл соңында).
15.
Оқушылар білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша есеп.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік
бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық
есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).
2016-
2017 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің
(математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген
тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Мұндай ісшараларды өткізу көп
еңбектенуді талап етеді, бірақ кіріктірілген сабақтар пәнге деген
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
93
қызығушылықты арттыратынын ұмытпайымыз қажет. Мұндай онкүндіктер үш
кезеңде өткізіледі: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып
оқушыларымен. Аталған ісшара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді
жаңа жаңклықтарға ынтыландырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара
тәжірибе алмасуы қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне
ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын
терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару
ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін
тақырыптық ісшараларда тікелей көрініс табуы тиіс.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім беру
саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:
5-6-
сыныптар - «Математика», «Информатика»;
7-9-
сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».
Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық
жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық
білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты,
алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық,
зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және
өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами
іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін
білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық
сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты
қалыптастыру мақсатымен оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу,
әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар
және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану,
дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің
формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік,
есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға
бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға
қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық
мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық
терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
«
Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін
көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген
ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық
есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да
АКТ құралдарын қолдану) білу және түсіну; алгоритмдік және
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
94
логикалық ойлауды игеру (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді
құрастыру) айрықша көңіл аудару керек.
Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру
мақсатында саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту,
жүйелілік оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың
жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп
қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып
немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты
іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған
жұмыстың нәтижелерінін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз
жобаларын қорғауды үйренеді.
2016-
2017 оқу жылындағы 5-9-сыныптарында математика және
информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы
келесі кестеде берілген.
22-
кесте
Сыныптар
Пән атауы
Аптадағы
сағат саны
Оқу жылындағы
сағат саны
Бақылау жұмысының
нормасы
5
Математика
6
204
12-14
Информатика
1
34
5-6
6
Математика
6
204
14-16
Информатика
1
34
6-7
7
Алгебра
3
102
7-9
Геометрия
2
68
7-8
Информатика
1
34
6-8
8
Алгебра
3
102
7-9
Геометрия
2
68
7-8
Информатика
1
34
5-6
9
Алгебра
3
102
8-9
Геометрия
2
68
6-7
Информатика
1
34
3-4
Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық
бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.
Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулеріне
оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты
Академияның сайтынан (
www.nao.kz
) алуға болады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол
оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым
қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың
табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
95
бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және
тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық
қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау
қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін
тәрбиелейді.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
–
жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық,
технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін
түсінуді қалыптастыру;
–
оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың
өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
–
оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс
іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
болып табылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану,
география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы
пәндері кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу
материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
«
Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті
болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі
компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:
–
ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру
және болжау білігін;
–
дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;
–
зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар
мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-
жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту
үшін:
«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула
немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан
қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты
кіріктіруге;
«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың
арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен
байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген
ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;
«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір
түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз
түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты
таныстырудың жолын әзірлеуге;
«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес
шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
96
үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін
ұсынуға;
«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған
жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім
іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және
түсіндіруге;
«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің
жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше
көңіл аударылады.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі
проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті
өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін
қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта
проблемаларымен байланысты болуы тиіс,
Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы
зерттеулеріне
қатысуының
нәтижелері
ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін
көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін
оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты
күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік
құралдар ұсынылған (www.nao.kz).
2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде
қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған
білім беру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл
мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз
білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын
есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Оқушылардың
бойында
ғылыми-жаратылыстану
біліктерінің
қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:
–
«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында
оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін
қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың
кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып
бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);
–
мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім
беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін
қалыптастыруға бағыттау.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты
қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық
шарттарын есепке алуы ұсынылады:
–
оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы
бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
97
–
пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және
тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
–
репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша
білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
–
кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған
білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен
біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым
күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.
Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника
қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының
нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер,
кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,
Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық
жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру,
құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау,
жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім
және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)
жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге
бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи
технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және
биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
–
оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды
пайдалануды;
–
оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;
–
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
–
оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында
оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
–
Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу
және өңдеуді;
–
есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
–
виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді
қарастырады.
Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі
зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады.
Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар
бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу
жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық
зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен
мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын
жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар
өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды
шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
98
бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал
ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты
жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал
бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік
жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған
білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және
жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу
барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған,
халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс,
экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.
Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ
барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу
дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған
оқытуға тиімді әсер етеді.
3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және
байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді
баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде
жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның
жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге
асырылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін
есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы
маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту
бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
–
теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге
бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке
жұмыстар);
–
эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
–
жеке зерттеушілік жобалар.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер
орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар
орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-
экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну
тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері,
қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары
тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын
және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және
|