Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

 
Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін) 
Изучение русской литературы должно быть направлено на формирование 
духовно-нравственных  качеств  и  патриотических  чувств  учащихся, 
формирование  казахстанского  патриотизма  и  стремления  воплотить  в  жизнь 
общенациональную  идею  «Mәңгілік  Ел»,  развитие  толерантности  и  умения 
общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.  
Планируемые  результаты  обучения  в  предметно-деятельностной  форме 
определены  учебными  программами  в  соответствии  с  требованиями 
образовательного  стандарта  по  учебному  предмету  ”Русская  литература“. 
Подготовка учащихся предполагает формирование: 

теоретико-литературных и историко-литературных знаний; 

читательских умений; 

системы эмоционально-ценностных отношений; 

опыта литературно-творческой деятельности. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
84 
Результаты  учебной  деятельности  учащихся  по  русской  литературе 
оцениваются по следующим параметрам: 

содержательность  и  глубина  устного  и  письменного  высказывания, 
отражающая  качество  восприятия  и  понимания  поэтического  текста, 
сформированность  аналитических  и  речевых  умений,  способность  применять 
их  на  практике,  самостоятельность  оценок  событий  и  характеров  в 
художественных произведениях, их аргументированность; 

выразительность чтения наизусть произведений разных жанров; 

техника чтения незнакомого текста. 
Поурочный  контроль  результатов  учебной  деятельности  учащихся 
осуществляется  в  устной  и  письменной  формах  или  в  их  сочетании 
посредством проведения индивидуального, группового и фронтального опроса 
с  использованием  вопросов  и  заданий,  содержащихся  в  учебниках,  учебных, 
учебно-методических пособиях, а также других способов контроля
Работая  над  текстом  художественного  произведения  по  вопросам 
учебника, учитель исправляет смысловые, а также речевые и грамматические 
ошибки  в  ответах  учеников.  Аналитические  вопросы  учебника  могут  быть 
предложены учащимся для письменного ответа после обсуждения их в устной 
форме на предыдущих уроках. При оценке результатов учебной деятельности 
учащихся учитываются их возрастные особенности. 
Тематический  контроль  результатов  учебной  деятельности  учащихся 
осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании.  
При оценке устных ответов и письменных работ учащихся (развёрнутый 
ответ на вопрос, пересказ, рассказ о герое и др.) учитываются: 

правильность и мотивированность отбора эпизодов, картин, деталей для 
решения поставленной учителем задачи; 

понимание взаимосвязи событий, поступков и характеров персонажей и 
важнейших  средств  их  изображения  (в  соответствии  с  требованиями 
программы);  

композиционная стройность и логика построения ответа; 

речевая  грамотность,  культура  произношения  (соблюдение 
орфоэпических норм, правильное интонирование). 
Поощряется самостоятельность  мысли  учащихся,  аргументированность  и 
убедительность  доводов,  оригинальность  подхода  к  решению  задачи, 
эмоциональность ответа, выразительность и образность языка. 
Оценкой устных ответов и письменных работ по литературе необходимо 
поощрять  глубокое,  индивидуально-личностное  восприятие  литературы  как 
искусства слова. 
Согласно  Национальному  плану  действий  по  развитию  функциональной 
грамотности школьников на 2012-2016 годы при обучении предмета «Русская 
литература»  необходимо  усилить  работу  по  развитию  речи  учащихся  при 
изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе 
и изложений. 
Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:  
5  класс –  34  часа,  из  них  на:  чтение  и  изучение  -  27  часов,  внеклассное 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
85 
чтение – 4 часа, развитие речи – 3 часа;  
6 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное 
чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа;  
7 класс – 34 часа, из них на: чтение – 26 часов, развитие речи – 4 часа, 
внеклассное чтение – 4 часа;  
8 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 27 часов, внеклассное 
чение – 3 часа, развитие речи – 4 часа;  
9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное 
чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа. 
Все  литературные  произведения,  на  которые  отводятся  часы, 
предназначены для обязательного изучения. 
По литературе у учащихся 5-9   классов одна тетрадь в линию. В  V–VIII 
классах письменные работы по русской литературе носят обучающий характер. 
Отметки за обучающие работы выставляются по усмотрению учителя только по 
литературе и должны носить стимулирующий характер. 
Отметки  за  сочинение  (выполняется  в  тетрадях  по  развитию  речи)  по 
русской литературе выставляются в предмет «Русская литература»  через дробь 
в  одну  графу  :  первая  –  за  содержание,  вторая  –  за  грамотность  .  Ошибки 
выносятся графически на поля и подсчитываются.  При написании домашнего 
сочинения  или  других  творческих  работ  отметка  за  работу  выставляется  в 
графу,  соответствующую  дате,  когда  давалось  задание,  или  дате,  когда 
проходила защита творческой работы.  
Для написания сочинения по литературе (5-9 класс)  можно использовать 
два  урока  литературы  или  один  урок  русского  языка  и  один  урок  русской 
литературы. 
На  учебных    занятиях  по  русской  литературе  для  работы с  текстами  из 
списка  для  чтения  и  обсуждения  следует  использовать  учебники  и  учебные 
пособия более ранних лет издания, издания серии «Школьная библиотека», а 
также интернет-ресурсы на сайтах. 
Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем 
за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на 
любом  другом  учебном  занятии,  тема  которого  включает  изучение  данного 
произведения. 
 
Шет тілі  
Шет тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», 
«Неміс  тілі»,  «Француз  тілі»  пәндерінің  базалық  мазмұны  маңызды  аспекті 
болып  табылады.  Осы  пәндердің  біреуін  таңдауды  жалпы  білім  беретін 
мектептер  оқушылардың  қажеттілігі  мен  ата-аналардың сұраныстарын  ескере 
отырып жүзеге асырады.  
Негізгі  орта  білім  деңгейіне  арналған  шет  тілі  курсы  жалпы  орта  білім 
деңгейінде  оқыту  дайындығына  бағытталған,  яғни  ол  шет  тілін  меңгерудің 
жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:  
5-
сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);  
6-
сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
86 
7-
сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);  
8-
сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);  
9-
сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).  
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  шет  тілін  оқытудың  мақсаты  – 
оқушылардың  тілді  меңгерудің  жалпы  еуропалық  (А1,  А2+,  В1)қалыптасу 
алдындағы  деңгейге  сәйкес  мәдениетаралық  коммуникативтік  біліктерін 
қалыптастыру  мен  дамыту,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылықтарын 
дамыту.  
Бұл  кезеңде  алдыңғы  кезеңдегідей  танымдық  процесс  шоғырландыра 
ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу 
аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу 
іс-әрекеті  бір  кезеңнен  екінші  кезеңге  өтіп,  репродуктив  әрекеттен 
репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.  
5-7-
сыныптарда  айтылым  дағдыларын  (диалогтік  және  монолог  сөз) 
дамыту  үшін  репродуктивті  және  репродуктив-нәтижелі  жаттығулары 
қолданылады:  диалог  түріндегі  сөзге  үлгі-диалогтарды  дыбыстау,  фразалар, 
клишелер,  идиомалық  сөз  тіркестері,  сөйлеу  құрылымы  (грамматика), 
лексикалық  бірліктер  (лексика)    қолданылуы  мүмкін.  Жаттығулар 
шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамыту тірек 
сөздер,  жоспар,  логикалық  сызба,  ассоциациядан  тұратын  нәтижелі, 
репродуктивті  және  репродуктив-нәтижелі    деңгейде  жүзеге  асырылады. Оқу 
материалын  жақсы  меңгеру  үшін  жаттығуларды  алдымен  жазбаша,  кейін 
ауызша түрде орындауға болады.  
5-7-
сынып оқушылары «Шет тілі» оқу пәнін игеруде белгілі бір нәтижеге 
қол жеткізеді:  

шет тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шет тілі» білім 
беру саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;  

шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі көрсету мүмкіндігін сезіну;  

тұтастай өзінің жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;  

мәдениеаралық  және  этникааралық  қарым-қатынаста  коммуникативтік 
құзыреттілікті қалыптастыру.  
8-9-
сыныптарда 
(А2+В1оқу 
деңгейі 
бойынша) 
қатысымдық-
мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: 
грамматикалық  және  лексикалық  минимум  кеңейтіледі,  тілдік  және  сөйлеу 
дағдылары  нығайтылады,  дискурсивті  және  әлеуметтік-мәдени  біліктері 
дамиды.  Бұл  оқу  деңгейінде  өзіндік  өмірлік  тәжірибе  мен  оқушылар  білімін 
ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру 
қабілетін қалыптастыру қажет.  
Көптілді  білім  беруді  енгізу  жағдайында  ағылшын  тіліне  ерекше  назар 
аударылады.   
5-7-
сыныптарда  лексикалық  вокобулярды  қалыптастыру,  тілдік  емес 
пәндер бойынша бастапқы терминологиялық глосарийді әзірлеу ұсынылады.  
8-9-
сыныптарда  лексикалық  вокабуляр  кеңейтіледі,  тілдік  емес  пәндер 
бойынша терминологиялық гласарий көлемі ұлғаяды.  
Шет тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
87 
маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру болып табылады: 

оқушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті 
әлемдегі  рөлі  мен  маңыздылығы  туралы  таным  қалыптастыру,  шет  тілін 
қолдануда  мәдениетаралық  қарым-қатынаста  басқа  халықтар  әлемі  мен 
мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау; 

азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен 
мақтаныш  сезімін,  өз  этникалық  және  ұлтқа  қатыстылығын  сезіну,  тілдерді 
және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық 
ұлттық құндылықтарды дамыту; 

коммуникативтік  құзыреттіліктері  мен  мәдениетін  қалыптастыру,  яғни 
өзінің  сөйлесу  мүмкіндігіндегі  деңгейіне  қарай  ауызша  (айтылым  және 
тыңдалым)  және  жазбаша  (оқылым  және  жазылым)  әртүрлі  үлгіде  тілді 
таратушымен 
қарым-қатынаста 
қабілеттілігі 
мен 
дайындығын, 
коммуникативтік  шешімдер  мен  әңгімелесу  әдебіне  сәйкес  барынша  кең 
көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану; 

ағылшын  тілді  елдердің  мәдениетімен  танысу  арқылы  өзге  (бөгде) 
мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыру; 

ауызша  және  жазбаша  қатынаста  шет  тілінде  өзінің  төл  мәдениетін 
таныстыру қабілетін одан әрі дамыту. 
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет 
тілі пәні мұғалімдеріне:  

оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, 
фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар); 

сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шет 
тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті 
дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;  

оқушылардың  сөздік  қорын  байыту  мақсатында  өз  бетінше 
анықтамалармен  және  энциклопедиялық  әдебиеттермен,  электронды 
ресурстармен жұмыс істеуге үйрету ұсынылады.  
Шет тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:  
5, 6, 7, 8, 9-
сыныптарда  аптасына  2  сағаттан,  жылына  әрбір  сыныпта  68 
сағатты құрайды.  
Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері. 
Оқушыларда  оқытуда  барлық  жұмыс  түрлерін  орындау  үшін  келесі 
дәптерлер саны болуы керек:  
5-7-
сыныптарда  шет  тілі  бойынша  сыныпта  жұмыс  істеуге  арналған                          
2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс 
дәптерін  жүргізу  қажет  емес,  өйткені  жұмыс  кітабы  тақырыптар  бойынша 
толық  жаттығулар  жиынтығын  қамтыған,осыған  орай  1  дәптерді  жүргізу 
ұсынылады); 
 
шет  тіліндегі  сөздерді  жазу  үшін  1  сөздік  дәптер,  бақылау  және  жазба 
жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады). 
8-9-
сыныптарда  сыныптағы  жұмысға  арналған  1  жұмыс  дәптері,  шет 
тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері; 
бақылау және жазба жұмыстарға арналған 1 дәптер(жыл бойына кабинетте 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
88 
сақталады). 
Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар: 

дәптердің  тысы  оң  жақтағы  жоғарғы  бұрышына  қаланың,  мектептің, 
сыныптың,  пәннің  атауы    мен  оқушының  тегі,  аты  шет  тілінде  жазылып 
толтырылады; 

дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі; 

ай аты мен күн реті жазбаша толық жазылады; 

міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі; 

мұғалім  оқушының  қателері  мен  түсініктемелерін  көрсетіп,  бағаны  оң 
жаққа қояды; 

оқушылар  дәптерлеріне  жазуды  көк  немесе  күлгін  сиялы  қаламмен 
жүргізеді; 

қара  және  жасыл  сияларды,  қарындашты  астын  сызуға  немесе  кесте 
құрғанда және т.б. қолдана алады; 
-  
оқушыларға дәптерге қызыл сиямен жазуға тыйым салынады; 

сөздіккке сөздер реттік нөмірі бойынша жазылады.  
Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар: 
Мұғалім  оқушылардың  жұмыс  дәптерлерін  тексергенде  келесі  тәртіпті 
ұстанады: 
-
 
5-9-
сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет; 
-
 
сөздіктер: 5-9-сыныптар – 4 аптада 1 рет; 

бақылау  жұмыстары  мен  жазба  тапсырмалары  барлық  түрлері  барлық 
оқушыларда тексеріледі. 
Мұғалім  бақылау  жұмыстарын  тексеруде  келесі  мерзімді  ұстану  керек: 
барлық  сыныптардың  білім  алушыларының  барлық  бақылау  жазба 
жұмыстарын  келесі  сабаққа  дейін  тексеріледі;  мұғалім  тексергеннен  кейін 
қатемен  жұмыс  жүргізеді;  оқушылардың  бақылау  жұмыс  дәптерлерін  жыл 
бойына сақтайды. 
Мұғалім  5-9-сыныптарда  шет  тілі  бойынша    тексерген  жұмыстарда 
оқушының жіберген барлық қателерін түзеуде келесі  ережелерді басшылыққа 
алады: 
-
 
орфографиялық қатені сызып, үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады; 
-
 
қажет  емес  пунктуациялық  қате  сызылады,  қажеттісі  қызыл  сиямен 
жазылады; 
-
 
5-9-
сыныптарда  эссе  тексеру  барысында  орфографиялық  және 
пунктуациялық  қателермен  қатар,  грамматикалық  және    тілдік  қателерді  де 
белгілейді. 
Ұсынылатын  бақылау жұмыстарының  нормалары 
Алған  білімдерінің  динамикасы  мен  мониторингін  анықтау  үшін  оқу 
жылына 7 бақылау жұмысын жүргізуді ұсынамыз. 
№1  кіріспе  тест.  Бұл  жұмыс  түрі  өткен  оқу  жылында  алған  білімдердің 
диагностикасы  мен  бақылауын  қарастырады,  тек  лексикалық-грамматикалық 
аспектілерін  қамтиды.Тест  тапсырмаларының  саны  -  25,  жауаптар 
нұсқаларының  саны-5.  Бұл  жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша  бағалау 
ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
89 
баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені 
оқу  жылының    бірінші  күндерінен  бастап  оқушының  пәнге  деген 
қызығушылығы мен уәжін  төмендетуі мүмкін. 
№2  бақылау  жұмысы  1-тоқсан  қорытындысы.Бұл  бақылау  жұмысы  тіл 
дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала  отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген 
барлық  материалдарды  қамтиды.Лексика  жәнеграмматика  бойынша  15 
тапсырма, тыңдалым-5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша 
бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» 
деген баға – 1-13 балға қойылады.  
№3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы 
тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,2-ші тоқсанда меңгерген 
материалды  қамтиды.  Лексика  және  грамматика  бойынша  15  тапсырма, 
тыңдалым-5  тапсырма,  оқылым–  5  тапсырма.  ҰБТ  жүйесі  бойынша  бағалау 
ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген 
баға – 1-13 балғақойылады.  
№4  диагностикалық  тест.  Бұл  алдыңғы  екі  оқу  тоқсанында  алған 
білімдердің  бақылау  мен  динамикасын  қарастырады,  тек  лексикалық-
грамматикалық  аспектісін  қамтиды.  Тест  тапсырмаларының  саны  -  25, 
жауаптар  нұсқаларының  саны-5.  Бұл  жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша 
бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» 
деген баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, 
өйткені бұл оқу жылының  бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген 
қызығушылығы мен уәжін  төмендетуі мүмкін. 
№5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл 
дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,  3-ші тоқсанда меңгерген 
материалды  қамтиды.Лексика  және  грамматика  бойынша  15  тапсырма, 
тыңдалым  - 5 тапсырма, оқылым– 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау 
ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген 
баға – 1-13 баллүшін қойылады. 
№6  бақылау  жұмысы –  4-тоқсан  қорытындысы.Бұл  бақылау  жұмысы  тіл 
дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала  отырып,  4-ші  тоқсанда  меңгерген 
барлық  тақырыптық  материалдарды  қамтиды.  Лексика  және  граматика 
бойынша  -  15  тапсырма,  тыңдалым-5  тапсырма,  оқылым  –  5  тапсырма.  «5» 
деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл 
үшін ұсынылады. 
Ағылшын  тілі  пәні    бойынша  №  7  бақылау  жұмысы  –  3-тоқсан 
қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке 
ала  отырып,  3  -  тоқсанда  меңгерген  барлық  тақырыптық  материалдарды 
қамтиды.  Лексика  және  граматика  бойынша  -  15  тапсырма,  тыңдалым-5 
тапсырма, оқылым – 5 тапсырма.  Аталған жұмыс түрін ҰБТ бағалау жүйесіне 
сәйкес     «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға 
– 1-
13 балл  қою ұсынылады.  
 
Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  жазба 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
90 
жұмыстарын,  соның  ішінде  эссе  жазу  ұсынылады.  Жұмыстың  бұл  түрі 
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға 
мүмкіндік береді.Мысалы, 5-сынып оқушысына суреттегі адам туралы бірнеше 
сөйлем  құрап  жазуды ұсынуға  болады,  яғни  оқушы  бұл  адамның  аты-жөнін, 
мекенжайын ойлап табуы мүмкін.9-сынып оқушысына бейнематериал көрсетіп 
осы  бейнематериал  бойынша  өз  пікірін  білдіруді  ұсынуға  болады.Жұмыстың 
бұл  түрін  жұмыс  дәптерлеріне  рәсімдеп,  жылына  4  рет  ұйымдастыру 
ұсынылады. 
Эссе  жазуда  келесі  сөздер  нормаларын  ұсынамыз  (барлық  артикль 
сөздерді,есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып): 
5-
сыныпта  - 20-30 сөз  
6-
сыныпта  - 40-60 сөз, 
7-
сыныпта - 70- 80 сөз, 
8-9-
сыныпта - 100-130 сөз. 
Бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау 
Шет  тілі  бойынша  оқушыларды  қорытынды  аттестаттаудың  негізгі 
ережелері: 

шет  тілін  бесінші  пән  ретінде  таңдаған  9-сынып  түлектері  қорытынды 
аттестаттауды емтихан түрінде өтеді; 

шет  тілінде  алған  білімдердің,  біліктері  мен  дағдыларын  қорытынды 
бақылау ретінде қарастыратын емтихан. 
Шет  тілі  бойынша  емтихан  үш  кезеңнен  тұрады:  лексикалық-
грамматикалық  тест,  таңдау  бойынша  бір  тақырыпқа  айтылым  және  мәтінді 
мазмұндау. 
Лексика-грамматикалық  тест  25  сұрақтан  тұрады,  оның  11  меңгерілген 
лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан 
тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест ҰБТ  жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» 
деген  баға  –  21-25  балл,  «4»  -  14-20  балл,  «3»  -  0-13  балға  қойылады. 
Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою 
ұсынылмайды.  Лексикалық-грамматикалық  тесті  орындауға  25-30  минут 
беріледі. 
«Айтылым»  кезеңі.  Бұл  кезеңге  тақырып  оқып  жатқан  оқу 
бағдарламасынан  алынады.  Тақырыптар  саны  «шет  тілін»  таңдап  алған 
оқушылар  санына  байланысты,  яғни    бір  оқушы  -  бір  тақырып.  Емтихан 
тапсырушылар  саны  аз  болса  10-нан  кем  емес  тақырып  таңдалады,  ал  одан 
артық болса, 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады. 
«5»  деген  жоғары  балды  айтылымы  2-3  минуттан  кем  емес,  сөйлемдері 
арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен 
нақыл  сөздерді  қолданатын,  сөздерді  дұрыс  айтатын,  емтихан  алушының 
сұрақтарына  еркін  жауап  бере  алатын,  салалас  және  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады. 
«4»  деген  бағаны  тақырыпты  толық  көлемде  аша  алмаса,  айтылымында 
кідіріс  бар,  тіл  құрлымын  орынсыз  пайдаланған,  салалас  және  сабақтас 
құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының 
қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады. 

Әдістемелік

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет