Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
130 
тәрбиелеуге  әсерін  ескере  отырып,  ең  оңтайлы  қозғалыс  ойындарының 
мазмұны болуы қажет; 

оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-
сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

дене  шынықтыру  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  а)  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  ә)  мұғалімнің 
таңдауы  бойынша  (Президент  сынамалары  нормативтерін  орындау 
нәтижелері). 
 
«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды 
толық  мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында 
оларды  алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің 
шешімі  бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс 
дайындығымен)  және  гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-
қолданбалы) алмастырылуы мүмкін. 
Оқу жылы ішінде 4 реттен кем  емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» 
өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.  
 
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады.  
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары 
оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға  (қозғалыстарды  қайталау,  гимнастика  жасау  және  т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  оқушылардың 
жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz). 
«
ҚР  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі 
№296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» 
пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі: 
5-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
6-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
7-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
8-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
9-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
131 
 

ЖАЛПЫ  ОРТА  БІЛІМ  ДЕҢГЕЙІНДЕГІПӘНДЕРДІ  ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін) 
Тіл  -  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  басты  негізі.  Ана  тіліңді  құрметтеу  - 
ұлттық  намысты  ояту  мен  жаңғыртудың  көзі.  Арнайы  оқытуды  талап  ететін 
қағидалар  мен  ережелер  –  білім  алушылардың  тілге  саналы  көзқарасы  мен 
жауапкершілігін  қалыптастырады.  Келешекте  тілдің  иесі  болатын  жастардың 
тілдік  сезімін  күшейту,  әсіресе,  қазіргідей  жаһандану  өріс  алған  қоғамда 
өткірлене түсуде. 
Дәл  бүгінгі  таңда  жаһандану  дәуірінің  ұлттық  құндылықтарға  төндіріп 
тұрған  қаупі  үнемі  қаперде  болуы  ескеріліп,  бүкіл  ұлттық  құндылықтардың 
ұйытқысы  қазақ  тілін  оқытуда  басшылыққа  алынған    тенденциялары, оларды 
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар: 
1)  қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау; 
2)  тілді  оқытуды  белгілі  бір  пәндік  дағдыларға  емес,  білім  алушының 
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;  
3)    тілдік  білім  мен  біліктерді  ХХІ  ғасыр  адамының  бойында  сөйлеу 
мәдениетін,  ойлау  мәдениетін  және  адамгершілік  мәдениетті  қатар  дамытуға,  
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру; 
4)
тілді  ұлт  болашағының  мәдени  иммунитетін  қалыптастырудың  тетігі 
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа 
прагматикалық  көзқарас  тұрғысынан  келу,  тілді  оқытудың  құндылықтық 
бағдарын сабақ барысында  күшейту.  
Тілді  оқытуда  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  басымдылық  беру.  Тілдік  білімді  оқушының  сөйлеу  тілінің 
базасы  ретінде  меңгерту  және  тәжірибелік  машықтарды  қалыптастыру 
бағытында жетілдіру.  
Қазақ    тілін  оқытуда  білім  мен    ғылымның  интеграциясын  жүзеге  асыру 
жолы  –  «Қазақ  тілі»  пәнініңбілім  мазмұнын  қазақ  тіл  білімінің  дамуына 
сәйкестендіру  арқылы  тілді  ғаламның  бір  бөлшегі  ретінде  таныту,  тілді 
оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.  
Қазақ  тілі  –  мектепте  оқытылатын  барлық  пәндердің,  ғылымның  кілті. 
Ғаламды  танытып  отырған  барлық  ғылым  табыстары  қазақ  тілі  пәнінде 
жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.  
10-11-
сыныптарда  оқу  процесінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР 
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен 
өзгерістермен толықтырулар енгізілген):  

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
11-
сыныптары  үшін  «Қазақ  тілі»  пәнінен  типтік  оқу  бағдарламасы 
қолданылады; 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
132 
бағыттағы  10-11-сыныптары  үшін  «Қазақ  тілі»  пәнінен  типтік  оқу 
бағдарламасы қолданылады. 
Пән бойынша оқу жүктемесі: 
-
 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 
10-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  
 11-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.  
-
 
жаратылыстану-математикалық бағыт:  
10-
сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;  
11-
сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;  
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны 
сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.  
Қазақ  тіліндегі  жазба  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  –  дұрыс,  сауатты 
жазуға,  оқушының  ауызша  және  жазбаша  ойын,  грамматикасын  және 
стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім 
оқушының  ауызша  және  жазбаша  тілін  дұрыс  дамытуда  граматикалық 
ережелерді  жақсы  білуге,  тыныс  белгілерін  дұрыс  қоюға  үйретіп,  көркем 
әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім 
жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол 
оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін 
ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.  
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар                  
 
26-
кесте. 10-11- сыныптарда  ұсынылатын жазба жұмыстарының саны 
Сын
ыптар  
Жазба жұмыстар 
түрлері 
Оқу тоқсандары 
Барлығы 
І 
І 
І
ІІ 
І
Ү 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
10 
Диктант 

 



11 
Диктант 

 



Жаратылыстану-математикалық бағыт 
10 
Диктант 

 



11 
Диктант 

 



 
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді: 

«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) 
немесе тыныс белгісінен  1 қатесі (0/1);  

«4»  деген  баға  емледен  3,  тыныс  белгісінен  3  қатесі  (3/3)  бар  немесе 
емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) 
бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0); 

«3»  деген  баға  емледен  6,  тыныс  белгісінен  5  қатесі  (6/5)  бар    немесе 
емледен  5,  тыныс  белгісінен  6  қате  (5/6)  бар    немесе  емледен  3,  тыныс 
белгісінен 8 қатесі (3/8); 

«2»  деген   баға  емледен  9,  тыныс  белгісінен  5  қатесі  (9/5)  бар    немесе 
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9). 
 
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар 
аударылады.  Егер    қате  бір  сөздің  құрамында  немесе  түбірлес  сөздердің 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
133 
түбірінде  қайталанса,  онда  ол  бір  қатеге  саналады.  Бір  типті  немесе 
біртектіқателер  дегеніміз  сөздің  жазылуының    грамматикалық,  фонетикалық 
ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір 
қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі. 
Диктант мәтінінде  5-тен  артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 
және  одан  артық  түзетулер  кездескен  жағдайда  үздік  баға  қойылмайды. 
Диктантқа  баға  қоярда  түзетілгенімен,  ескерілмейтін  орфографиялық  және 
пунктуациялық қателер: 
1) сөзді тасымалдауда; 
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер; 
3) әлі меңгерілмеген ережелер; 
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер. 
Диктантты  бағалауда  қатенің  сипатына  мән  берілген  жөн.  Қателердің 
ішінен  жеңіл  қателерді  яғни  сауаттылық  үшін  аса  маңызды  емес  қателерді 
айырып  алған  дұрыс. Қателерді  есептеу  барысында  екі  жеңіл  қате  бір  қатеге 
есептеледі.  
 
Жеңіл қатеге: 

ережеге бағынбайтын сөздер; 

автор сөзін берудегі тыныс белгілер жатады. 
Ескерту:  диктант  мәтінінде  барлық  цифрлар,  оның  ішінде  мезгіл 
көрсеткіштері де сөзбен жазылады.  
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны 
үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: 
-
 
«5» бағасы - оқушы барлықтапсырмаларды орындағанда; 
-
 
«4» бағасы -  оқушы барлықтапсырмалардың 4/3 бөлігінорындағанда; 

«3» бағасы - оқушы барлықтапсырмалардың жартысынорындағанда ; 

«2»  бағасы  -  оқушы  барлықтапсырмалардың  жартысынорындамағанда 
қойылады.  
 
Ескерту: қосымша  тапсырмаларды  орындау  барысында  жіберілген 
орфографиялық және   пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында 
ескеріледі.   
Емлелік  қателерді  түзету  әдістері.Оқушылардың  жазба  жұмыстарын 
мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен 
жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске 
асырылады.  Оқу  бағдарламасында  «Қатемен  жұмыс»  түріне  арнайы  сағат 
бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.  
Мұғалімдер  оқушылардың  орфографиялық  қателерін  түзеткенде  негізгі 
ескеретін жағдайлар: 
-
 
мұғалім  барлық  қателерді  түзетіп,  соңғы  өтілген  тақырыптан  кеткен 
қателердің астын сызып көрсетуге болады; 
-
 
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді 
қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;  
-
 
түзетулер  оқушының  жіберген  қателерін  өзі  сезетіндей  дәрежеге 
жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек; 
-
 
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
134 
түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі; 
-
 
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. 
Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс. 
 10-11-
сыныптарда  «Қазақ  тілі»  пәнінен  арнайы  дәптерлер  болуы  тиіс  
және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (27-кесте). 
 
27-
кесте. Оқушы дәптерлерінің саны 
Пән 
Жұмыс дәптері 
Жазбажұмыс дәптері 
Барлығы 
Қазақ тілі 



 
«Қазақ  тілі»  пәнінен    дәптердегі  жазба  жұмыстары  келесі  тәртіппен 
орындау ұсынылады: 
-
 
дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет 
кезінде қара қарындаш пайдалану;  
-
 
дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.  
-
 
«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері. 
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай 
отырып жүргізілуі керек:  
-
 
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; 
-
 
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің  басынан, 
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады; 
-
 
үй  жұмысы  сынып жұмысының  жалғасы  деп  есептелінеді  де,  күн реті 
жазылмайды; 
-
 
жаттығу  (тапсырма)  сөзі  толық  жазылады.  Мысалы:  15-жаттығу 
(тапсырма); 
-
 
сынып  жұмысын  немесе  үй  жұмысын  орындағанда  тапсырмалар 
арасындажол қалдырылмайды; 
-
 
мәтін азат жолдан басталады; 
-
 
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады; 
-
 
талдау  жасау  тапсырмаларын  орындағанда  жақсы  ұшталған  қара 
қарындашпен орындаған жөн; 
-
 
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;  
-
 
баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады; 
-
 
талдау  жұмыстар  қарындашпен  орындалады  (сөз  құрамына,  сөйлем 
мүшелеріне талдау);  
-
 
төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек  жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі 
тиіс; 
-
 
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;  
-
 
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.  
Диктанттан  жіберілген  қателер  жол  бойынша  сол  тұстағы  қызыл  жолға 
көрсетілуі керек:  
-
 
орфографиялық қате - /.  
-
 
тыныс белгілер қатесі – ۷  
Әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
135 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша  (әдістемелік бірлестік, 
жас  мамандар  мектебі,  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  мектебі, 
шығармашылық  топ  және  т.б.)  пәнді  оқыту  әдістемесі  мен  теориясының 
мәселелерін қарау ұсынылады: 
1. «Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша  заманауи сабақтардың контенті: 
іріктеу, құрылымдау, бейімдеу»; 
1.
 
«Оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдер» 
2.
 
10, 11-
сыныптарда  қазақ  тілі  мен  әдебиет    пәнін  жоғары  деңгейде 
меңгерту бойынша білім беру процесін ұйымдастыру; 
3.
 
 
Білім  мазмұнын  жаңарту  және  құзыретті  тәсіл  –  жетістікті  мектепке 
қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары); 
4.
 
«Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  теориялық-әдістемелік 
аспектілері» 
5.
 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігін 
интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»; 
6.
 
«Блум 
таксономиясына 
сәйкес 
бағалау 
критерийлері 
мен 
тапсырмалары». 
 
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)  
2012  жылы  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  тіл  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлді.  Бұл  құжатта  ел  келешегінің 
кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу» 
идеясы.  Дәл  осы  құжатта  бұл  идеяны  жүзеге  асырудың  тегеурінді  тетігі 
негізделді.  Ол  –  мемлекетшілдік  рух  қалыптастыру  туралы  тұжырым.  Осы 
тетіктің  қозғаушы күші де  анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. 
Мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтерудің  шарты  көрсетілді.    Ұлт  болашағына 
қызмет етудің бірден-бір көрсеткіші де,  Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге 
мүдделілігінің  берік    дәлелі  де  бүгінгі  жас  ұрпақтың    мемлекеттік  тілге 
қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.  
«Әдебиет  –  халық  өмірінің  айнасы».  Қазақ  әдебиеті  бүгінгі  ақын-
жыраулардың  шығармалары  ғана  емес,  оның  сандаған  ғасырлық  тарихы  бар. 
Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет-бедері, жетістігі мен 
ауыртпашылығы,  тұрмыс-тіршілігі  мен  ойлау  жүйесі  жатыр.    Адамзат 
құдіретімен  жасалған  тарихи  ескерткіштер  мен  мәдени,  әдеби    мұралар  –
даналықтың  көзі,  ұлттың  шежіресі,  халықтың  өмір  тәжірибесі.  Осы  мұралар 
арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне 
көтереді.  Өткен  ұрпақтың  қол  жеткізген  жетістіктері   қандай  ұстанымдарға 
сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай   құрды  деген сауалдарға жауап 
іздеу  арқылы  қоғамдық ортаны  тануға;    адамзаттың  тілі  арқылы  қандай  ұлы 
шығармалар  жазылды  деген  ойларға  жетелеп,  өздігінен  талдау-қорытынды 
жасауға үйретеді.  
10-11-
сыныптардағы оқу  процесінде  Қазақстан  Республикасы Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР 
Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
136 
бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген): 

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
11-
сыныптары  үшін  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  типтік  оқу  бағдарламасы 
қолданылады; 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы  10-11-сыныптары  үшін  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  типтік  оқу 
бағдарламасы. 
Пән бойынша оқу жүктемесі: 
-
 
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:  
10-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-
сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.  
-
 
жаратылыстану-математика бағыты бойынша:  
10-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.  
Пәнді  оқытудың  вариативті  бөлігі  қосымша  оқу  бағдарламасы  арқылы 
білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  шеңберінде  жүзеге 
асады.  
Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (28-кесте). 
 
28-
кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны 
 
Сыныптар 
Жазба жұмыстартүрлері 
Оқу тоқсандары 
Барлығы 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІҮ 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
10 
Шығарма 





 
Сыныптан тыс оқу 





 
Барлығы: 




12 
11 
Шығарма 





 
Сыныптан тыс оқу 





 
Барлығы: 




12 
Жаратылыстану-математикалық бағыт 
10 
Шығарма 





 
Сыныптан тыс оқу 


 
 

 
Барлығы: 




10 
11 
Шығарма 





 
Сыныптан тыс оқу 


 
 

 
Барлығы: 




10 
 
Шығарма–  оқушының  туған  халқының  әдебиетінен  алған  білімін  өз 
ойымен, дүниетанымдық  көзқарасымен  еркін  ұштастыра  отырып баяндайтын 
шығармашылық  төл  еңбегі.  Оқушыдан  көркем  шығарманы  өзіндік  ой-пікірі, 
көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі 
баяндауы талап етіледі.  
Оқушы  шығармасының  құрылысы:  тақырып,  жоспар,  эпиграф 
(мүмкіндігіне  қарай,  міндетті  емес),  кіріспе,  негізгі,  қорытынды  бөлімдерден 
тұрады. 
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар: 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
137 
1) тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және  жазып отырған 
тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі; 
2)
 
артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу; 
3)
 
шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу; 
4)
 
шығарманың  барлық  бөліктері  тақырып  және  негізгі  ой  арқылы  бір-
бірімен байланысты болу; 
5)
 
шығарманның  кіріспе  және  қорытынды  бөлімін  қоса  алғанда  тұтас 
жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт; 
6)
 
міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы 
шарт; 
7)
 
барлық  айтылған  ойды  жинақтап,  тұжырымдап,  тиісті  қорытынды 
жасау; 
8)
 
шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың 
жазылу  тарихына,  тарихи  оқиғаларға,  кейіпкерлерге  қателіктер  жіберілмеуі 
керек; 
9)
 
оқушының  жұмысы  стильдік  біртектілігі  мен  тіл  шеберлігіне  қарай 
бағаланады. 
Оқушы  шығармасының  көлемі  түрлі  жағдайларға:  стилі  мен  жанрына, 
тақырыптың  мазмұны  мен  сипатына,  олардың  жалпы  дамуына    байланысты 
болғандықтан  кестеде  берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы 
қажет (29-кесте).  
 
29-
кесте. Шығарма көлемі мен уақыты 
Сынып 
Көлемі (оқушы дәптерінің беті) 
Уақыты 
10 
6-
8 бет 
90 минут 
11 
6-
8 бет 
90 минут 
 
Сыныпта  жазылатын  шығармаға  сабақ  кестесінен  қатарынан  екі  сағат 
беріледі.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет