Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
226
6.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
барлық төрт тоқсан нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы
негізінде жылдық баға қойылады.
7.
2-
4 (5) сыныптың жылдық бағаға «1», «2» деген баға алған білім
алушыларына педагогикалық кеңестің шешімімен оқу жылы мазмұнын қамти
отырып, жиынтық бағалау ұйымдастырылады. «3», «4», «5» деген бағалар алған
жағдайда білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі. «1», «2» деген баға алған
жағдайда мұндай білім алушыларға жазғы демалыс кезінде сәйкес пәнге
қатысты оқу тапсырмалары беріледі. Жиынтық бағалауды қайта тапсыру оқу
жылындағы сабақ мазмұнын қамти отырып, оқу жылы аяқталғаннан кейін 3
аптадан соң өткізіледі. Жиынтық бағалау жұмысын қайта тапсырған кезде
қанағаттанғысыз қорытынды баға алған білім алушылар қайта оқу жылына
қалдырылады немесе ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың)
келісімімен, психологиялық-медициналық-педагогтік кеңестің ұсынымдары
бойынша теңестіріп оқытатын сыныпқа ауыстырылады.
8.
Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру
сабағынан босату, олардың келесі сыныпқа көшуіне әсер етпейді.
Білім алушының күнделігінде аптаның соңында мұғалім арнайы бағанда
мәтіндік шолу және оқытудың нәтижесі бойынша ұсынымдар жасайды, балдар
мен бағалар білім алушының күнделігіне қойылмайды.
А қосымшасы
Балды бағаға ауыстыру шкаласы
Жиынтық бағалау
балының пайыздық
мазмұны
Бағалау көрсеткіші
Баға
0 %
Бағаланбады
«1»
1%
−20%
Қанағаттанғысыз
«2»
21%
−50%
Қанағаттанарлық
«3»
51%
−80%
Жақсы
«4»
81%
−100%
Өте жақсы
«5»
Б қосымшасы
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы
туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)
Білім алушының
аты-жөні
_____________________
_____________________
Пән
Сынып
_______________________
_______________________
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
227
Тоқсан ____
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________»
Бағалау критерийлері
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
(
бағалау критерийлерінің
тұжырымдамасы)
(
бағалау критерийлері
бойынша
білім
алушылардың
оқу
жетістігінің
төмен
деңгейінің сипаты)
(
бағалау
критерийлері
бойынша
білім
алушылардың оқу
жетістігінің
орта
деңгейінің сипаты)
(
бағалау
критерийлері
бойынша
білім
алушылардың оқу
жетістігінің
жоғары
деңгейінің
сипаты)
(
бағалау критерийлерінің
тұжырымдамасы)
(
бағалау критерийлері
бойынша
білім
алушылардың
оқу
жетістігінің
төмен
деңгейінің сипаты)
(
бағалау
критерийлері
бойынша
білім
алушылардың оқу
жетістігінің
орта
деңгейінің сипаты)
(
бағалау
критерийлері
бойынша
білім
алушылардың оқу
жетістігінің
жоғары
деңгейінің
сипаты)
Мұғалімнің қосымша
пікірлері:
(
мұғалімнің пікірі)
Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________
Қолы:_______________
Күні_____________
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
228
Вқосымшасы
1-4-
сыныптарда сынып журналын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Сынып журналы - мектептің әр мұғалімі үшін жүргізу міндетті болып
табылтын мемлекеттік құжат.
2. Мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары
сынып журналдарын сақтауды және дұрыс жүргізілуін жүйелі тексеруді
қаматамасыз етуге міндетті.
3.
Сынып журналы бір оқу жылына арналған. Қатар сыныптардың
журналы мына литерлермен нөмірленеді. Мысалы, 1 «А» сынып, 1 «Б» сынып,
1 «В» сынып және т.б.
4. Директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары (директор)
бастауыш сынып мұғалімдеріне журналдың беттерін бөлу туралы нұсқау
береді. Бір жылғы оқу жоспарындағы әр пәнге берілген сағат санына сәйкес
оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысының ағымдағы есебіне бөлінеді.
5. Мұғалім әр сабақта оқушылардың сабаққа қатысын жүйелі белгілеп
отыруға міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің сол жағына сабақ өткізген
күнін жазуға, сабаққа қатыспаған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеуге
міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің оң жағына сабақтың ең жоғарғы
балдарын,
тарау
бойынша
оқушылардың
жиынтық
бағаларының
қорытындысын белгілеуге міндетті / ортақ тақырыптар, тоқсандық, тоқсан
бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/, сондай-ақ, сабақта өтілген
тақырыпты және үйге берілген тапсырманы жазуға міндетті. «Мұғалім
ескертпесі» бағаны жекелеген оқушылардың тәртібі, оқу жұмысынан алға
жылжуы немесе қалып қоюы туралы мұғалім ескертулерін жазуға қызмет
етеді.
6. Оқушылардың тарау бойынша жиынтық бағалау қорытынды балдары /
ортақ тақырыптар, тоқсандық, тоқсан бойынша бағаларының есебінің
нәтижесін шығару/ екі күннің ішінде аталған жұмыстарды өткізген соң
журналдың бағанына қойылады.
7.
Өткізілген практикалық және зертханалық жұмыстар, экскурсия,
бақылау, жазба жұмыстар бойынша олардың тақырыбын және қолданылған
сағат санын нақты көрсету қажет.
8. «Үй тапсырмасы» бағанына тапсырма мазмұны және оны орындау
сипаты жазылады (оқу, жатқа оқу және т.б.), беті, тапсырма нөмірі, есептер
және жаттығулар, практикалық жұмыстар. Егер оқушыларға қайталауға
тапсырма берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.
9. Тоқсандағы пән бойынша соңғы сабақты өту мерзімі жазылғаннан
кейін мұғалім әрбір оқу тоқсанының қорытынды бағасын қояды. Сонымен
қатар, бір мезгілде тоқсандық баға электронды журналға қойылып сақталады.
10. Бастауыш сынып мұғалімі сынып журналына оқушылардың тегін
және атын алфавит ретімен жазады; жеке ісіндегі мәліметтерді пайдаланып,
«Оқушы туралы жалпы мәліметтер» бөлімін толтырады, ай сайын «Оқушының
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
229
сабаққа қатысы есебі» бөлімін толтырады, әр оқушының және сыныптың
тоқсан және жыл бойынша босатқан сағаттары мен күндерінің барлық санын
жазады.
11. «Физикалық дайындығының көрсеткіштері» бетін дене тәрбиесі
мұғалімі жылына екі рет толтырады.
12. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін директордың
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
230
12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ
ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қ
азақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі –
БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық
мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау
көзделген.
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:
-
балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық
шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;
-
шығыстардың көлеміне әсер ететін объективті факторларды есепке алу
(орналасу орнына, білім беру бағдарламаларының түріне және білім беру
деңгейіне байланысты);
-
мекемелерді емес, балаларды қолдаудың мекенжайлық жүйесіне көшу
және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;
-
педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейту арқылы білім беру сапасын
арттыру;
-
мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін
арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;
-
бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру
процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде
орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға
шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.
Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын
оқушылардың санына байланысты.
Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен,
оқу шығыстарымен (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу,
көрнекі материалдар мен құралдар) байланысты шығындарды, сондай-ақ,
мектептердің педагог қызметкерлерге олардың жұмыс іс-әрекеті нәтижелері
мен көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін
сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын және білім беру процесін
іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды.
Мектептердің білім беру ортасын (коммуналдық қызметтер, ағымдағы
жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және
тамақтандыру, басқалар) қамтамасыз ету атқарымдары өңірлердегі орта білім
беру ұйымдары желісінің жай-күйіне және дамуына жауапкершілікті сақтау,
мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында
жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.
Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім
беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік
механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
231
саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне
еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193
қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін
(яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі –
ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440
бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік
қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.
1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне
және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.
Жан басына шаққандағы нормативті және білім беру процесін
қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды
ескереді:
-
мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайына төленетін барлық қосымша
ақылар мен үстемақылар;
-
қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік
толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);
-
сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптарындағы
оқушылар саны шекті толымдылықтан асатын мектептер үшін оқушыларды
оқыту құны азая түседі.
Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы
органдарының сыныптар бойынша оқушылар саны туралы деректерінің
негізінде ҚР БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің
оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды
іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет
қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді (білім беру деңгейіне, білім
беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).
Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік
қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін
мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.
2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына
қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола,
Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63
пилоттық мектепте іске асырылуда. 2015 жылға дейін апробация 1-11
сыныптарда өткізілді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі
жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63
пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана әрі қарай жалғастыру туралы
шешім қабылдады.
Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды
апробациялаудың пилоттық 3 жылдағы нәтижелерін талдау қорытындысы
берілген (40-кесте).
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
232
40-
кесте
Көрсеткіштің атауы
2012/2013
оқу жылы
2013/2014 оқу
жылы
2014/2015
оқу жылы
1
Біліктілігін арттырған қызметкерлер
21%
26%
28,5%
2
Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар
педагогикалық қызметкерлердің үлесі
58%
60%
79%
3
Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын
балаларға арналған үйірмелер мен
секциялардың саны
780
953
1 196
4
Оқушыларға өткізілген танымдық және
өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін
өткізілген тренингтердің саны
445
651
757
5
Педагог қызметкерлер басып шығарған
(газеттерде, конференциялардың
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп
сайтында) жарияланымдар, әдістемелік
құралдар (жинақтар, кітапшалар,
электрондық құралдар) саны.
1 251
2 492
2 598
6
Конкурстарда және сайыстарда (спорттық,
пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз
атанған оқушылардың үлесі
17%
22%
20%
7
ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)
71
76
80
8
Педагогтердің орташа айлық жалақысы
(мың теңге)
72
105
105,3
2014-
2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған
қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа
жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу
жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда
7,5%-
ға көп.
Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагог
қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-
ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).
Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу
жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда
416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.
Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға
арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген
болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.
2014-
2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған
әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-
2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының
көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
233
Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз,
жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21%
құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-
ды құрады.
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71
балдан 80 балға дейін жоғарылады.
Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық
мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу
жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл
апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.
Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру
принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара
тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-
Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде
орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске
асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9
сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту,
ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық-
ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
2016 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша
орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың
қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11-
сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5
облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен)
1-
11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.
ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы
министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер
барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру
әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға
сәйкес мыналар жобалануда:
1.
Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:
-
білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры;
-
оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер,
плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар,
еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-
шараларға даярлау және қатыстыру);
-
Интернет қызметтерін төлеу.
2.
Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:
-
білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;
-
коммуналдық қызметтер;
-
Интернеттен басқа байланыс қызметі;
-
ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы
интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
234
шығыстар.
3.
Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын,
тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті
бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде
орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының
есебінен қаржыландырылады.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне
жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және
білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды
теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті
бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
235
13
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-
жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын
тәрбиелеу және оқыту ( «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-
бап 39- тармақ).
Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз
ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды:
–
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23,
28, 37, 51, 52, 63, 65-
баптары).
–
«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің
және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер
ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016
жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы.
–
«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері
қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы.
Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша
білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша
білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.
Заманауи мектептердегі мазмұны мен технологиялардың өзгерістерінің
инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі
мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы
еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгедегі уәждемелін болжайды, яғни
тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды.
Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға
қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына
енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика
жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін
ынталандыратын жалпы білімнің құрамдастарының вариативтілігін күшейту
қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Негізгі және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы
заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері - тәрбиелеу, оқыту және дамыту
процестерін жақындастыруға көмектеседі.
Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін
сақтауға негізделеді.
Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге
тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу
|