Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 488.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі488.8 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ  



  

 

 

 

 

 

  

  

 

 

 

  

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА  

________________________________________________________ 

 

  

  

  

  

  

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА  



2015  

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

   


 

 

 



Пікір жазғандар:  

 

Ж. О. Есінбаева, ҚР БҒМ Жоғары білім және халықаралық ынтымақтастық 



департаментінің бас сарапшысы, ф.ғ.к.  

Р. И. Әбдрахманова,  Астана қ. «Арман» балабақшасының меңгерушісі  

Б. С. Есмағанбетова,  Астана қ.  №37 балабақшаның әдіскері  

  

  



  

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша бағдарлама.   

− Астана, 2015. − 23 б.  

 

 

 



Бағдарлама  мектепке  дейінгі  жастағы  дарынды  балалармен  жұмыстар  ұйымдастыруға 

және олардың қабілеттерін жетілдіруге арналған.  

Аталған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  стандарты  негізінде,  мектепке  дейінгі  жас  ерекшеліктері  психологиясы  мен 

педагогикасының негізгі ережелеріне сәйкес әзірленді.  

 

 



Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  дарынды  балалармен  жұмысты  ұйымдастыру  бағдарламасы 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ» 

Республикалық  орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  (2015  ж.  10  маусым  №3  хаттама) 

ұсынылды.  



 

                                                                                         

 

                                                                                         «Мектепке дейінгі балалық шақ» 



                                                               республикалық орталығы, 2015  

 

 



 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

 

 



Түсіндірме жазба…………………………………………………….......... 

 



 

Балалар дарындылығының ғылыми-теориялық негіздемесі ................... 

 



Дарынды балалармен  жұмыстар ұйымдастыру және  әдістері.............. 



12 

 

Қорытынды………………………………………………………………... 



 

17 


 

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………. 

 

18 


 

Қосымша…………………………………………………………………... 

 

19 


 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 



 

Әр  сәби  –  өзінше  тамаша  және 

қайталанбайды, психологтар, 

әрқайсысының дарындылығына  

        сенеді. 

    Т. Галковская 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  жаңғырту  жағдайында 

дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып 

табылады. 

Дарынды  балаларға  бүгінгі  қамқорлық  −  бұл  Қазақстан  Республикасы 

ғылымының,  мәдениетінің  және  әлеуметтік  өмірінің  болашақ  дамуына  деген 

қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға 

алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш.  

Бала  дарындылығын  дамыту  жүйесі  мұқият  ойластырылуы,  шынайы 

дараланып  және  оны  жүзеге  асыру  қолайлы  жас  кезеңдеріне  сай  болуы  тиіс. 

Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық 

шақ  болып  табылады.  Заманауи  білім  беру  тәжірибесі  көрсеткендей  балалар 

арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар  болады.  Құрбыларына  қарағанда 

шығармашылық  қабілеттерімен,  жіктей  білетін,  жалпылай  білетін,  өзара 

байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар 

айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша 

ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады.  

Тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  іске  асыру  мәселелері  ажырамас 

бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен жұмыс мектепке дейінгі ұйым 

жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  жоғары  танымдық  белсенділік,  көтеріңкі 

әсершілдік,  ақыл-ой  жүктемесіне  деген  сұраныстар  тән.  Оларда  сезімталдық, 

жарқындық,  үлгілерді  нақты  ұсыну  және  оларды  жеңіл  қолдана  білу    жақсы 

дамыған. 

Мектепке    дейінгі  жастың  ерешеліктері  қиялдау,  шығармашылықпен 

елестету,  стандарттан  тыс  ойлай  білу  болса,  мұнан  басқа  айырықша 

сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. 

Бұдан  шығатын  қорытынды,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін 

дарындылықтың  алғышарттары  байқалған  балаларды  уақытында  анықтау, 

олардың  қабілеттерін  сақтау  және  одан  әрі  дамыту  үшін,  балалардың  жеке 

белсенділіктеріне  сүйене  отырып,  педагог-психологтардың,  тәрбиешілердің, 

арнайы  мамандардың,  ата-аналардың  күшін  біріктіретін  арнайы  жұмыстар 

жүргізілуі қажет. 

Тұлғаның  даралық  құқығы  жүзеге  асырылатын  нақты  нұсқалардың  бірі 

дарынды балалармен жұмыс. 


 

Бұл  «Мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалармен  жұмыстарды 



ұйымдастыру»  бағдарламасының  көкейтестілігі  жоғарыда  айтылғандардан 

анық көрінеді. 



Мақсаты:  Зияткерлік,  шығармашылық  дамытуға  бағытталған  мектеп 

жасына дейінгі  дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу. 



Міндеттері: 

1.

 



Дарынды  балаларды  жан-жақты,  эмоциялық  және  әлеуметтік  дамытуға 

ықпал ететін жағымды заттық - кеңістіктік дамытушы орта құру. 

2.

 

Дарынды  балалалармен  жұмыстар  ұйымдастыру  және  жүргізу 



ерекшеліктерін оқып үйрену. 

3.

 



Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дарындылығын  диагностикалауды 

жүргізу. 

4.

 

Дарынды  балалаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  жасауға 



ұсыныстар. 

5.

 



Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  қызметкерлері  мен  ата-

аналардың бірлескен қызметтерін үйлестіру. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАР ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ 

 

Дарындылықты  тұңғыш  рет  ағылшын  антропологы  Френсис  Гальтон 



зерттеген  болатын.  Ол  дарындылық  психологиясы  тарихында  үлкен  еңбек 

сіңірді.  Ф.  Гальтон  дарындылық  −  тұқым  қуалайтын  факторлардың  нәтижесі 

екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − 

оның  заңдары  мен  нәтижелері»  атты  кітабы  ХХ  ғасырдың  екінші 

жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.   

Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред 

Биннің  орны  ерекше,  ол  тұлғаның  танымдық  әрекетіне  сынақ  жүргізген.  

Сонымен  қатар,  өте  ұзақ  зерттеу  жүргізген  АҚШ  ғалымы  Льюис  Тердің 

еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды.  

Заманауи  психологияда  ең  кең  таралғаны  американдық  ғалым  Джозеф 

Рензуллидің  адамның  зияткерлік  қабілеті,  креативтілікті  туралы  зерттеуге 

арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы.  

Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері 

туралы тәжірибелері  қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. 

Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін «дарындылар» санатына 

жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ. 

«Дарындылық»  ұғымы  −  бұл  жүйелі,  бір  немесе  бірнеше  әрекет  түрі 

бойынша  адамның  басқа  адамдармен  салыстырғанда  жоғары  нәтижеге  жету 

мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының  сапасы.  

«Дарынды бала» − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап 

көрінетін, өресі биік бала.   

Дарындылық  −  орта  деңгейден  жоғары  зияткерлік  қабілеттер, 

креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме.  

Дарындылықтың жас ерекшеліктері 

Баланың  дарындылығы  өте  ерте  байқалады.  Оның  дамуының  өте 

қарқынды  кезеңі  2  жастан  бастап  5  жасқа  дейін.  Осы  жаста  тұлғалық  негізі 

қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде 

ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз  қабілеттері пайда болады.  

Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады:  



  Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады.  

Екінші  кезең  (3-4  жас)  әрекеттерге  еніп  кетеді,  табиғи  материалдардың 

бастапқы  белгілері  туралы  түсінігі  пайда  болады,  өте  белсенді,  оған  кең 

ауқымдағы  әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар.    

Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша 

әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады.  



Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады.  

Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды.  

 

Дарындылық танылудың келесі кезеңі (11-14 жас) мәселелер болжамдық 



(гипотезалық) құрылымға ие болады, зерттеушілік сипат алады.           

Дарындылықты танудың қорытынды кезеңі (15-20 жас). 



 

 



Дарындылықтың  белгілері  –  дарынды  балалардың  ерекшеліктері  оның 

шынайы әрекеттерінде көрінеді және оның әрекеттер сипатын  бақылаған кезде 

бағалануы мүмкін.            

         Дарынды 

балалар  тәртібінің  уәждемелік  аспектілері  төмендегі 

белгілермен сипатталуы мүмкін: 

 

көтеріңкі,  заттық  шынайылықтың  белгілі  бір  тұсын  немесе  өз 



белсенділігінің  белгілі  бір  түрін  таңдайтын  сезімталдық,  әдетте 

қанағаттанған сезімде болады; 

 

белгілі бір әрекетке деген аса қызығушылығы айқын көрінеді, қандай да 



бір  затқа  төтенше  жоғары  ынталылық  танытады.  Еңбексүйгіштігі  мен 

табандылығын көрсету арқылы белгілі бір қызмет түріне аса икемі бар; 

 

жоғары  танымдық  қажеттілік,  барлығын  білуге  құштарлығы,  сондай-ақ 



өзінің бастамасының қажетті шеңберден шығып кететін дайындығы бар ; 

 



 стандартты, 

кадімгі  тапсырмаларды  және  дайын  жауаптарды 

қабылдамайды; 

 



өз  еңбегінің  нәтижесіне  сынмен  қарайды,  аса  күрделі  мақсаттар  қоюға 

бейім, соған жетуге талпынды. 



 

«Дарындылықтың  қалыптасу  дәрежелері»  критериі  бойынша 

дарындылық түрлері 

 

Дарынды  бала  ұғымына,  ондай  балаларды  табуға,    олармен  жұмыстың 



ерекшеліктеріне,  олардың  психологиялық  мәселелеріне  (Л.А.  Венгер,                    

Ю.З. Гильбух, Н.С. Лейтес, Г.В. Бурменская) көптеген еңбектер арналды.  

 

Соңғы жылдары балалар  арасындағы дарындылық  мәселесі  «көлеңкеден 



шықты»  және бұл үлкен қызығушылық  тудыруда.  Бұл   мәселелердің күмәнсіз 

шынайылығы мен маңыздылығынан болып отыр.  



 

Көкейтесті дарындылық −психикалық даму көрсеткіштері бойынша  жас 

ерекшелігі  және  әлеуметтік  нормамен  салыстырғанда  нақты  пәндік  сала 

бойынша  ең  жоғары  деңгейде  орындалған  қызметтерден  байқалатын  баланың 

психологиялық мінездемесі. 

        Әлеуетті дарындылық − қандай да бір әрекеттерде жоғары жетістіктерге 

жететін,  белгілі  бір  психикалық  мүмкіндіктері  (қабілет)  болады,  бірақ 

функционалдық  жетіспеушіліктерінен    өзінің  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға 

шамасы келмейтін баланың психологиялық мінездемесі.  

«Айқындалу формасы» критериі бойынша дарындылық түрлері 

     Айқын дарындылық бала әрекеттерінде анық және нақты көрінеді (өзінен өзі 

сияқты), оның ішінде қолайсыздық жағдайларда байқалады.  Бала жетістігі өте 

айқын оның дарындылығы күмән келтірмейді.  

     Жасырын  дарындылық  бала  әрекеттерінде  шамалы  байқалып,  жасырын 

формада білінеді.  

Ғалым  педагог  Л.  В.  Поповтың  ойынша,  өз  жасынан  жылдам  жетілген 

балаларда,  жасының  және  жеке  өзіндік  белгілері  өте  айқын,  тіпті    драмалық 

жағдайда байқалады. Жасына сай дамитын ақыл ойының ерекше артуынан үміт 


 

етіп,  ерте  табысқа  жетумен  келісу  оңайға  соқпайды.  Жас  ерекшеліктеріне  сай 



өзіне лайықты назар аудартудың ұзақ мерзімді мағынасы болмайды.  

«Дарынды  балалар»  ұғымы  кең  ауқымда  қолданылады.  Егер  бала  өзінің 

қатарының  арасында  шығармашылық  жаттығулар  да  ерекше  табысты  болса 

оны  дарынды  бала  деп  атауға  болады.  «Дарынды  бала  −  әртүрлі  әрекет 

түрлерінде  ішкі  бастамалары  бар,  өзінің  жарқын,  кейде  айырықша 

жетістіктерімен ерекшеленетін» бала  ұғымының анықтамасы болады. 



Дарындылықтың 

типтері: 

зияткерлік, 

академиялық 

(жоғары 


зайырлылық), көркемдік, креативтілік, көшбасшылық, спорттық.   

Балалардың  дарындылығы  саласындағы  арнайы  маман  Н.  Лейтес 

балаларды  үш  санатқа  бөліп,  әртүрлі  педагогикалық  тәсілдермен  жіктейді, 

олардың  ішінде  кейбір  қабылданған  дарындылық  атаулары:  IQ  зор  балалар; 

қандайда  бір  әрекет  түрлерінде  жетістікке  жеткен  балалар;  жоғары  креативті 

балалар.   

Әртүрлі саладағы дарындылықты тану анықталған жас ерекшелігі арқылы 

жүзеге асырылады. Әсіресе, музыкаға, содан соң суретке деген дарындылықты 

ерте байқауға болады; жалпы ғылымға деген дарындылықтан гөрі өнерге деген 

дарындылық ерте байқалады; ал ғылымда математикаға деген дарындылық ерте 

байқалады.  Жалпылама  зияткерлік  дарындылық  жоғары  деңгейдегі  зияткерлік 

даму мен ақыл әрекетінің сапалы ерекшелігінен байқалуы мүмкін.  

Кейде  дарынды  балалардың  өз  құрбыларынан  ешқандай  айырмашылығы 

болмайды.  Дегенмен,  дарындылықты  кең  ауқымды  жеке-психологиялық 

қабілеттерінен  аңғаруға  болады.  Көбінесе  дарынды  балаларды  құрбыларынан 

ерекше келбетінен де айыруға болады.   

  Әдеттегідей,  дарынды  балаларда  зерттеу  белсенділігі  мен  білуге 

құмарлығы  ерекше  байқалады.  Психофизиологиялық  зерттеу  мұндай 

балалардың  миында  биохимиялық  және  электр  белсенділігі  жоғары 

болатындығын көрсетті.  

 

Дарынды 



балалар 

игерген 


және 

өңделген 

ақпараттардың 

жетіспеушілігінен күйзеле қабылдауы мүмкін.   

Сондықтан  олардың  белсенділігі  шектелуі,  неврологиялық  сипатымен  көрінуі 

ықтимал. 

 

Дарынды  балалар  өте  жақсы  жадының  арқасында  абстрактілі  ойлау  мен 



сөйлеуді  ерте  игереді.  Сондай-ақ,  дарынды  балалар  сұрақ  қоюды,  күрделі 

синтаксистік құрылымды біледі. Көптеген дарынды балалар қызығушылықпен 

энциклопедиялар  мен  сөздіктерді  оқиды,  сөздер  шығарады,  олардың  ойы 

бойынша  өздерінің  түсініктері  мен  оқиғаны  елестету  арқылы  сана  сезім 

қабілетінің белсенділігін талап ететін   ойындарын ойнауды жөн санайды. 

 



ең  алдымен,  жалпы  ақыл-ой  қабілеті    байқалады  және  қандай  да  бір 

мамандану болмайды; 

 

қандай да бір арнайы білім саласында жоғары қабілеттілігі көрінеді  



Бұл  тип  тармақтарының  басты  айырмашылықтары  уақыт  еншісіндегі 

мәселе  –  басында  жоғары  қабілеттілік  “барлық  спектр”  бойынша  көрінеді,  ал 

уақыт  келе  қабілеттердің  мамандандануы  және  қызығушылығы  айқындалады. 


 

Акселераттар  ретінде  танылатын  дарындылықтың  осы  ақылдырақ  типтерін, 



тіпті «вундеркинд» деп атау қабылданған. 

 “Академиялық”  деп  аталатын  типтің  дарындылықтың  интеллектуалдық 

типінен  біраз  айырмашылығы  бар.    Осы  дарындылық  типіндегі  аса  жоғары 

интеллектіліктің орны ерекше,  үйренуге деген айырықша қабілеттілік алдыңғы 

орынға  шығады.  Дарындылықтың  бұл  типіндегі  балалар,  ең  алдымен 

материалды  тамаша  игереді,  яғни  оқиды.  Олардың  танымдық  саласының 

ерекшеліктері  (ойлауы,  жады,  назары),  кейбір  ынталарының    мынадай 

ерекшеліктері бар, оларға оқу өте жеңіл, әрі жағымды.  

 Көркемдік  тип  –  дарындылықтың  бұл  түрі  жоғары  табыстарға  жеткен 

көркем  өнер  қызметтерінде  −  музыкада,  биде,  көркем  сурет  өнерінде, 

мүсіндеуде, сахналық әрекеттерде айқындалады.   

  Жоғарыда көрсетілген дарындылықтың үш белгісін педагогтардың өздері 

салыстыра  отырып  оңай  анықтай  алады.  Көптеген  жағдайларда  оларды 

диагностикалау да психологтардың арнайы көмегін қажет етпейді.   

Дарындылығы  дау  тудырмайтын  және  дарыны  айқын  көрініп  тұрған 

дарындылықтың екі түрі бар, алайда баланы педагогтар осал, болашағы жоқ деп 

санаған кезде бұл түрлерге қатысты жағдай біршама  күрделене түседі.Әдетте, 

көп жағдайда бұл креативтілікпен немесе шығармашылық дарындылықпен 

байланысты болып жатады. 

Креативті тип. Бұл типтің негізгі ерекшелігі өзгеше ойлауынан, өзгелерге 

ұқсайматын  әлемге  айырықша  көзқарасынан  байқалады.  Дарындылықтың  осы 

типін  практикада  анықтау  үлкен  күшті  қажет  етеді.  Себебі,  стандартты 

бағдарламалар осындай балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Негізінен 

барлық  шығармашылық  қабілетке  ие  балалар  мінезінде  айқын  көрінетін 

кемшіліктер кездейсоқ болып табылмайды. Бұл дәйек олардың өздерін жайсыз 

сезінуінен, яғни өзге құрбыларымен бірге «аяқ» басуға құлықсыздығынан, тіпті 

икемсіздігінен,  олардың  дарындылық  тұлғасының  негізі,  сондай-ақ,    әлемді 

стандартты  емес  жағдайда  басқаша  қабылдауынан  болатын  жағдай. 

Шығармашылық  дарындылықтың  көптеген  әртүрлі  нұсқалары  бар:  кез  келген 

қызметті,  қай  істі  қолға  алса  да  алапат  шығармашылық  мүмкіндіктерді 

көрсететін  балалар  және  бір  ғана  салада  дарындылығымен  ерекшеленетін 

балалар  кездеседі.  Салыстырмалы  түрде  жеңіл  көруге  болатын,  алайда  нақты 

дарындылықтың  түрі  ретінде  қабылдауға  қиын  дарындылықтың  бір  типі  − 

көшбасшылық  немесе  әлеуметтік  дарындылық  деп  аталады.  Мұндай 

дарындылық  өзге  адамдарды  түсіне  білу,  олармен  конструктивті  қарым-

қатынастарды  құру,  сол  адамдарды  басқара  білу  қабілеттерімен  сипатталады. 

Көшбасшылық дарындылық көптеген зерттеушілердің пікірінше, интеллектінің 

жоғарғы  деңгейін  қажет  етеді.  Бірақ,  бұған  қоса  жақсы  дамыған  түйсік,  өзге 

адамдардың  сезімдерін  және  қажеттіліктерін  түсіне  білу,  жаңашыр  бола  алу 

қабілеттері  де  керек.  Көп  жағдайларда  бұл  қабілеттер  шешуші  рөл  атқарады. 

Әрекеттедің көшбасшылары болады. Олар көп адамдарға маңызды шешімдерді 

қабылдай алады, қозғалыстың мақсаттары мен бағыттарын белгілейді, өздерінің 

соңынан  адамдарды  ерте  алады.  Сондай-ақ,  дарынды  балалар  жіті  назар 



10 

 

салуымен,  өздерін  қызықтыратын  салада  нәтижеге  жету  үшін  табандылық 



танытуымен 

ерекшеленеді. 

Алайда, 

олардың 


көбіне 

тән 


әралуан 

қызығушылықтар кейде дарындыларды бірнеше істі қатар атқаруға, өте күрделі 

мәселелерді шешуге талпынуға әкеледі. 

Дарынды  балалар  құрдастарының  алдында  біршама  басымдықтарға  ие. 

Олар  өз  ерекшелігі  бар  қиындықтарға  да  ұрынып  жатады.  Біріншіден,  бұл  

балаларының дарындылығына деген ата-аналардың көзқарасымен байланысты. 

Кейбіреулер  өз  баласының  бойынан  ерте  көрінген  дарындылықты  байқағанда, 

тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін өз түсініктеріне сәйкестендіріп, барлық күшін 

сол  баланың  қабілеттерінің дамуына  салады.  Осы жерде мынаны  айтып өткен 

жөн:  академик  А.В.  Петровский  өз  баласын  вундеркинд  санап,  бұл  сөздің 

алғашқы  бөліміне  ғана  назар  аударып,  баланың  әлі  де  шалалығын  ұмытып, 

баланың  ерекшелігіне  назар  аударады.  Егер  дарындылық  белгілі-бір  арнаулы 

салада  көрініс  тапса,  онда  ата-аналар  баланың  осы  саламен  дендеп 

айналысуына  мүдделі  болып,  баланың  өзге  қабілеттері  мен  икемділігінің 

толыққанды  дамуына  кедергі  келтіреді.  Көптеген  белгілі  ғалымдар, 

музыканттар,  суретшілер  мен  жазушылар  өздерінің  алапат  қабілеттерін  ерте 

жастан  көрсеткен.  Кішкентай  А.  Моцарттың,  К.  Гаусстың,  Н.  Винердің,                   

Г.  Лейбництің,  В.  Гюгоның,  Ф.  Шуберттің,  И.А.  Римский-Корсаковтың,                 

М.  Мусоргскийдің  жарқын  шығармашылық  жетістіктері  көпшілікке  аян. 

Жоғарыда  айтылғандай,  дарынды  балалар  өскенде  атақты  адамдарға  жиі 

айналатыны жасырын емес. Алайда, үнемі да бұлай бола бермейді. 

Бұған керісінше, балалық шағында ешқандай ерекшеленбеген адамдардың 

ер жеткенде жоғарғы жетістіктерге жету жағдайлары да өмірде аз кездеспейді. 

Көптеген  атақты  адамдардың  өмірбаяндарына  қарасақ,  олардың  алапат  ойлау 

қабілеті айналадағы кісілердің назарына ілікпеген жағдайларға жиі жолығамыз. 

Мәселен,  Н.Коперник  дарынды  балалар  санатында  болмауымен  қатар,  ресми 

түрде  астроном-ғалымдардың  қатарына  да  енгізілмеген.  Дарындылықтың 

сапалы мінездемелерін талдау, адамның психикалық мүмкіндіктері мен оларда 

белгілі  бір  түрде  көрінетін  дарындылықтың  өзіндік  сапалы  түрлерін 

айқындауды қарастырады. 

Дарындылықтың 

әрбір 


түрі 

барлық 


деңгейдегі 

психикалық 

ұйымдастырулардың  нақты  берілген  әрекет  түріне  маңыз  беретін  деңгейдің 

басымдығымен бір мезгілде іске қосылуын қарастырады. Мысалы, музыкалық 

дарындылық  алдыңғы  орынға  сенсорлық-моторлық  қасиеттер  немесе 

эмоционалдық-экспрессивтік қасиеттер шығатын психикалық ұйымдастырудың 

барлық түрімен қамтамасыз етіледі.  


Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет