Өнімді іс-әрекет түрлері
- конверттер, ашық хаттар, бланктер жасау;
- компьютерде топтың электрондық поштасын жасау.
Балалармен әңгімелесу
- «Кто такой почтальон?», «Что он выполняет?», «Необходим ли нам почтальон?».
- «Пошташы деген кім?», «Ол қандай қызмет атқарады?», «Бізге пошташы қажет пе?»
- «Поштада адамдар не істейді, поштаға адамдар не үшін барады?»;
«Электрондық пошта деген не?»;
- «Егер осылай болғанда не болар еді...» тақырыбына ой түйіндеу
Дидактикалық ойындар
- «Кеше, бүгін, ертең»;
- «Ассоциациялар тізбегі».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- поштаға саяхат;
- «Пошташы» суретін салу.
Ата-аналармен жұмыс
- саяхатқа шығуға көмектесу. Саяхатқа қатысу.
«Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
Мақсаты: Ойын кезінде балаларға ауыспалы заттарды қолдануды үйрету, өз қиялынан туған жағдаятты түсініп соған сәйкес әрекет ету. Байланыс торабы қызметкерлерінің жұмысымен таныстыруды, пошта қызметшілеріне құрметпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру, ойын барысында ересектердің еңбегін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетуді, сан мен санау туралы алған білімдерін қолдануды, заттармен және заттарсыз әрекеттену біліктерін дамытуды, орындалып жатқан әрекеттер туралы айтуды үйрету.
Жағдаят
|
Атрибуттар
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Түрлі бөлім
дерімен пошта бөлімшесін ресімдеу;
Жедел жеткізу бөлімінің жұмысы;
Байланыс бөлімінің жұмысы;
Пошта аударылым
дары мен
сәлемдеме, бандероль
дер жіберу бөлімінің жұмысы; Телеграф.
|
Пошташылардың сөмкелері;
Конверттер;
Ашық хаттар;
Газеттер, журналдар;
Сәлемдеме
лер;
Қол қою парақтары;
Бланктер;
Анықтама
журналдары;
Мөрлер, мөртабан.
|
Поштаның меңгерушісі рөлінде пошташының,
оператордың,
жұмысын қадағалайды,
жаңадан шыққан газеттерге, жаңа ашық хаттарға тапсырыс береді; еңбекақыны береді.
Жүргізушіге жолда жүру үшін берілетін жолдама немесе тапсырма парағын береді, пошта қызметшілерін өнімді жұмыс атқарғандары үшін алғыс айтады.
|
Пошташы поштадан хаттарды, газеттерді, журналдарды, ашық хаттарды алып, оларды үйлерге таратады;
Пошта қызметімен пайдаланушылар сәлемдемелерді жібереді; конверттерді, газеттер мен ашық хаттарды сатып алады; кезек алады;
ақша аударылымдарды жібереді, қоғамдық орында мінез-құлық ережелерін сақтайды;
Оператор сәлемдемені , ақша аударылымдарлы қабылдайды; газеттер мен журналдарды сатады; хаттарды, газеттерді, журналдарды іріктейді,
Жүргізуші поштаға жаңа газеттер мен журналдарды, ашық хаттарды әкеліп жеткізеді; сәлемдемелер мен бандерольдерді әкеледі; сәлемдемелер мен бандерольдерді алып кетеді, оларды темір жолға апарады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |