«Шаштараз» сюжетті-рөлдік ойыны
Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Б. Заходер «Шаштараз»;
- Г. Кругляков «Сән»;
- көңіл көтеру өлеңдері: «Өс, шашым», «Су-су», «Айна» және басқалары;
- Н. Айтов «Шебер».
Өнімді іс-әрекет түрлері
- «Сәнді шаш үлгісі», «Қазіргі заманғы шаш қию үлгісі», «Лиза» журналдарын қарау;
- сұлулық салонын ауыстырғыш заттармен безендіру.
Балалармен әңгімелесу
- әмбебап шаштараз, маникюр шебері, косметолог шебері, кассир мамандықтары туралы.
Дидактикалық ойындар
- «Кімнің жұмысына не қажет?»;
- «Лото»;
- «Пазлдар».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- шашатаразға, сұлулық салонына топсаяхат ұйымдастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру - «Мамандық туралы суреттерді қарау».
Ата-аналармен жұмыс
- шаштаразға барғанда құрал-жабдықтарға, клиенттерге қарым-қатынасына, шаштаразда көрсетілетін қызмет түрлеріне балалардың назарын аудару.
«Шаштараз» сюжетті-рөлді ойынының
технологиялық картасы
Мақсаты: ойын желісін өздігінен дамыта білуді, тақырыбын келісіп алуды, рөлдерді бөлісе білуді қалыптастыруды жалғастыру. Ойында рөлдік өзара әрекеттестікті құруға және рөлдік өзара қарым-қатынастарды меңгеруге мүмкіндік туғызу. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.
Жағдаят
|
Атрибуттар
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Клиенттерді қабылдауға дайындық. Клиенттерге қызмет көрсету. Әйелдер және ерлер залын ашу. Дүкенге тапсырысты ресімдеу.
Дүкеннен тауарды жеткізу.
|
Шаш қою үлгілері берілген журналдар, айна, бигуди, банттар, фен, касса, чек, пластик қайшы, шаш алатын мәшине, тарақ, иіс су құтылары, сусабын ыдыстары, кішкене шыны ыдыстар.
|
Меңгеруші рөлінде қызметкерлердің: шаштараз, косметологтың жұмысын ұйымдастырады, мамандарды бөліп орналастырады, дау-жанжалды шешеді, дүкеннен косметикалық заттар алу үшін тапсырыс береді.
|
Шаштараз басты сусабынмен жуады, фенмен кептіреді, шашты қияды, шашты сәндейді; белгілі сомаға талон жазып береді; клиентпен сөйлеседі, шашты күтіп ұстау жайлы ақыл-кеңес береді.
Дүкенде сатушы тапсырыс бойынша тауар босатады, тауарды буып-түйеді, чек жазады.
Кассир қызметке ақы алады, артық ақшаны қайтарады, қызметтің түрін журналға жазады.
Клиенттер тапсырыс береді, ақысын төлейді, тексереді, қызметі үшін алғыс білдіреді, кезекке тұрады, бір-бірімен сөйлеседі, шаштың қандай үлгісін қою керектігін түсіндіреді.
Жүргізуші сатушымен әңгімелеседі, тауардың тапсырысын береді, тауарды алады, мәшинеге артады, чекті алады, тауарды түсіреді, өткізеді, чекті береді.
|
Әдебиет
1. Березина В.Г., Викентьев И.Л., Модестов С.Ю. Детство творческой личности.- СПб.: изд. Буковского, 1994.
2. Левин В.А. Воспитание творчества. Томск: Пеленг, 1993.
3. Аджи А.В. Конспекты интегрированных занятий в подготовительной группе детского сада. Познавательное развитие. Развитие речи. Обучение грамоте: Практическое пособие для воспитателей ДОУ. - Воронеж: ТЦ "Учитель", 2006. 333 с.;
4. Шишкина В.А. «Прогулки в природу». Учебно-методическое пособие для воспитателей дошкольных образовательных учреждений. М.: Просвещение, 2009 год.
5. Николаева С.Н. «Юный эколог». Программа и условия ее реализации в детском саду. М.: Мозаика-Синтез, 1999 год.
6. Венгер Н.Ю. Путь к развитию творчества. Дошкольное воспитание. 1982. №11.
7. Ендовицкая Т.О. О развитии творческих способностей. Дошкольное воспитание. 1967.
8. Полуянов Д. Воображение и способности. М.: Знание, 1995.
9. Айджанова Д.К., Бейсенбаева С., Искакова А., Попова Т.Н., Саймасаева Г.А. Методическое пособие. Инновационная технология «Step by step» в дошкольных учреждениях Казахстана. 2000.
10. Алексеева Н.М. Взаимодействие дошкольного учреждения с семьей. Оренбург: 1998.
11. Образцова Т.Н. Ролевые игры для детей. М.: 2005.
Лободина С.В. Способности ребенка. Как их развивать? Санкт-Петербург: Диалог, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |