педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;
баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
ата-аналармен жұмыс:
баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А. Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: |