6 лекция Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскер жұмысының мазмұны және формасы
1.Әдіскер жұмысының бағыттары. 2.Әдіскердің ұжыммен жұмысының негізгі формалары, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие жұмысын бақылау және педагогикалық талдау, педагогикалық кеңесті өткізу, семинар, семинар-практикум ұйымдастыру, ашық сабақтарды талдау.
3.Жеке кеңес беру, тәрбиешілермен, қызметкерлермен әңгімелесу. Сеніммен жұмыс, практикалық көмек көрсету.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған.
Әдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен дұрыс ұйымдастырылған және ойластырылған ынтымақтастық болып табылады. Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады.
Ынтымақтастық жемісті болу үшін әдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана білуі қажет. Әдістемелік құралда әдіскердің қызметінің негізгі бағыттары, ұйымдастырушылық функциялары, мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны анықталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерінің нақты іс-шаралары мен жұмыс мазмұны көрсетілген. Әдіскер қызметіндегі кадрлармен жұмысты жүргізу үшін материалдар ұсынылған және педагог кадрлар жөнінде нақты мәлімет тізімі берілген. Әдіскер жұмысының барысында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау түрлері көрсетілген.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмыс бағытының бірі – балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Әдістемелік нұсқауда отбасымен жұмыс әдістері мен түрлері ұсынылады.
Әдіскер жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
· танымдық;
· диагностикалық;
· бақылау-түзету;
· болжау.
Балабақша әдіскері өз қызметінде әртүрлі функцияларды орындайды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік.
Әдіскердің ұйымдастырушылық функциялары:
– мектепке дейінгі білім беруде оқу-тәрбие үдерісі жағдайын талдау;
– балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары және сәтсіздік себептерін шығару;
– балабақшада баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау;
– алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен әдісін өңдеу;
– кәсіби кадрларды оңтайлы таңдау;
– педагогтарға алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда міндеттің қойылымы мен тікелей көмек;
– мұндағы барлық педагогтар жұмысының нәтижесін талдау анализі. Әдіскердің ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты – бұл баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету. Әдіскер – бұл кәсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бас маман болып табылады
6 Практикалық сабақ
Ұйымдастырылған педагогикалық шаралар:мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын және санитарлық-гигиеналық жағдайын, қоғамдық ұйымдармен жұмыстарын, балаларды тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық көмектесуін, педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы және аттестация қорытындысын бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |