Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Дарынды бала

Дарындылықтың 

типтері: 

зияткерлік, 

академиялық 

(жоғары 


зайырлылық), көркемдік, креативтілік, көшбасшылық, спорттық.   

Балалардың  дарындылығы  саласындағы  арнайы  маман  Н.  Лейтес 

балаларды  үш  санатқа  бөліп,  әртүрлі  педагогикалық  тәсілдермен  жіктейді, 

олардың  ішінде  кейбір  қабылданған  дарындылық  атаулары:  IQ  зор  балалар; 

қандайда  бір  әрекет  түрлерінде  жетістікке  жеткен  балалар;  жоғары  креативті 

балалар.   

Әртүрлі саладағы дарындылықты тану анықталған жас ерекшелігі арқылы 

жүзеге асырылады. Әсіресе, музыкаға, содан соң суретке деген дарындылықты 

ерте байқауға болады; жалпы ғылымға деген дарындылықтан гөрі өнерге деген 

дарындылық ерте байқалады; ал ғылымда математикаға деген дарындылық ерте 

байқалады.  Жалпылама  зияткерлік  дарындылық  жоғары  деңгейдегі  зияткерлік 

даму мен ақыл әрекетінің сапалы ерекшелігінен байқалуы мүмкін.  

Кейде  дарынды  балалардың  өз  құрбыларынан  ешқандай  айырмашылығы 

болмайды.  Дегенмен,  дарындылықты  кең  ауқымды  жеке-психологиялық 

қабілеттерінен  аңғаруға  болады.  Көбінесе  дарынды  балаларды  құрбыларынан 

ерекше келбетінен де айыруға болады.   

  Әдеттегідей,  дарынды  балаларда  зерттеу  белсенділігі  мен  білуге 

құмарлығы  ерекше  байқалады.  Психофизиологиялық  зерттеу  мұндай 

балалардың  миында  биохимиялық  және  электр  белсенділігі  жоғары 

болатындығын көрсетті.  

 

Дарынды 



балалар 

игерген 


және 

өңделген 

ақпараттардың 

жетіспеушілігінен күйзеле қабылдауы мүмкін.   

Сондықтан  олардың  белсенділігі  шектелуі,  неврологиялық  сипатымен  көрінуі 

ықтимал. 

 

Дарынды  балалар  өте  жақсы  жадының  арқасында  абстрактілі  ойлау  мен 



сөйлеуді  ерте  игереді.  Сондай-ақ,  дарынды  балалар  сұрақ  қоюды,  күрделі 

синтаксистік құрылымды біледі. Көптеген дарынды балалар қызығушылықпен 

энциклопедиялар  мен  сөздіктерді  оқиды,  сөздер  шығарады,  олардың  ойы 

бойынша  өздерінің  түсініктері  мен  оқиғаны  елестету  арқылы  сана  сезім 

қабілетінің белсенділігін талап ететін   ойындарын ойнауды жөн санайды. 

 



ең  алдымен,  жалпы  ақыл-ой  қабілеті    байқалады  және  қандай  да  бір 

мамандану болмайды; 

 

қандай да бір арнайы білім саласында жоғары қабілеттілігі көрінеді  



Бұл  тип  тармақтарының  басты  айырмашылықтары  уақыт  еншісіндегі 

мәселе  –  басында  жоғары  қабілеттілік  “барлық  спектр”  бойынша  көрінеді,  ал 

уақыт  келе  қабілеттердің  мамандандануы  және  қызығушылығы  айқындалады. 



 

Акселераттар  ретінде  танылатын  дарындылықтың  осы  ақылдырақ  типтерін, 



тіпті «вундеркинд» деп атау қабылданған. 

 “Академиялық”  деп  аталатын  типтің  дарындылықтың  интеллектуалдық 

типінен  біраз  айырмашылығы  бар.    Осы  дарындылық  типіндегі  аса  жоғары 

интеллектіліктің орны ерекше,  үйренуге деген айырықша қабілеттілік алдыңғы 

орынға  шығады.  Дарындылықтың  бұл  типіндегі  балалар,  ең  алдымен 

материалды  тамаша  игереді,  яғни  оқиды.  Олардың  танымдық  саласының 

ерекшеліктері  (ойлауы,  жады,  назары),  кейбір  ынталарының    мынадай 

ерекшеліктері бар, оларға оқу өте жеңіл, әрі жағымды.  

 Көркемдік  тип  –  дарындылықтың  бұл  түрі  жоғары  табыстарға  жеткен 

көркем  өнер  қызметтерінде  −  музыкада,  биде,  көркем  сурет  өнерінде, 

мүсіндеуде, сахналық әрекеттерде айқындалады.   

  Жоғарыда көрсетілген дарындылықтың үш белгісін педагогтардың өздері 

салыстыра  отырып  оңай  анықтай  алады.  Көптеген  жағдайларда  оларды 

диагностикалау да психологтардың арнайы көмегін қажет етпейді.   

Дарындылығы  дау  тудырмайтын  және  дарыны  айқын  көрініп  тұрған 

дарындылықтың екі түрі бар, алайда баланы педагогтар осал, болашағы жоқ деп 

санаған кезде бұл түрлерге қатысты жағдай біршама  күрделене түседі.Әдетте, 

көп жағдайда бұл креативтілікпен немесе шығармашылық дарындылықпен 

байланысты болып жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет