Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Мектепке дейінгі және орта білім департаменті  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2016-2017 
ОҚУ ЖЫЛЫНДА  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА  
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ТУРАЛЫ  
 
Әдістемелік нұсқау хат  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2016  


 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 маусымдағы № 5 хаттама).  
 
 
2016-2017 
оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім 
беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы. 
Әдістемелік  нұсқау  хат.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы, 2016. – 257 б.  
 
 
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 
1-11-
сыныптарында  оқу  процесін  ұйымдастыру  бойынша  материалдар 
енгiзiлген.  
Жинақ  жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептердiң  басшылары  мен  пән 
мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  
білім академиясы, 2016 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М 

 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы 
кезеңі  әрбір  адамның  сапалы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  мектептегі  білімге 
қолжетімділігін,  колледж  бен  университетте  жаңа  кәсіби  дағдыларды  алу, 
зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. 
Республикамызда  мектептегі  білім  беру  жаңа  кезеңнің  алдында  тұр. 
Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  (бұдан  әрі  –  ДЭФ)  XXI  ғасырдағы 
табысты  адамның  білімі  мен  іскерлігінің  16  түрін  атап  көрсетті.  Бұл  – 
командадағы  жұмыс  дағдылары,  көшбасшылық  қасиет,  бастамашылық,  
IT-
біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан 
ДЭФ-тің  «XXI  ғасыр  дағдыларындағы  ауытқуларды  зерттеу»  рейтингісінде 
мектеп  оқушыларының  танымдық  және  эмоциялық  зиятының  деңгейі  төмен 
елдер  тобында  тұр.  Құзыреттілік  және  жеке  мінездемелер  деңгейі  базалық 
дағдылардан едәуір төмен. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 
«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  іске  асыру  аясында  ЭЫДҰ  елдерінің 
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім 
беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.   
76-
қадам.  12  жылдық  білім  беруді кезең-кезеңімен  енгізу, функциялық 
сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары 
сыныптарда  жанбасылық  қаржыландыруды  енгізу,  табысты  мектептерді 
ынталандыру жүйесін құру. 
79-
қадам. Білім  беру  жүйесінде  -  жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-ларда 
ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.  
89-
қадам.  «Нұрлы  Болашақ» ұлттық  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру. 
Мектептік  білім  берудің  қолданыстағы  оқу  бағдарламаларына «Мәңгілік  ел» 
құндылықтарын енгізу. 
2016-
2017  оқу  жылында  жаңартылған  білім  мазмұнына  барлық  бірінші 
сыныптар  көшеді.  Олар  2015-2016  оқу  жылында  30  пилоттық  мектепте 
апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.  
Білім  мазмұны  жаңартылған  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім 
берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартын,  оқу 
бағдарламаларын  әзірлеу  «Мәңгілік  ел»  құндылықтарына  бағдарлануымен 
жүзеге асырылды. 
2016-
2017 оқу жылында республиканың 5 өңірінде 63 пилоттық мектепте 
10-11-
сыныптарда  жанбасына  қаржыландыру  апробациясы  жалғастырылатын 
болады. 
Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу 
жоспарында  (бұдан  әрі  -  ҮОЖ)  ағылшын  тілін  оқытуға  бөлінген  сағат  саны 
көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне 
2бөлінеді. 
2016-
2017  оқу  жылында  негізгі  және  жоғары  сыныптарда  үш  тілде  білім 
беруге  көшу  бойынша  дайындық  жұмыстары  басталады.  Ы.  Алтынсарин 
атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  ағылшын  тілін  үйрену  жоспарланған  үш 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 

тілде  оқушыларға  қосымша  білім  беру  бағдарламасы  және  жоғары  сынып 
пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Барлық 
жұмыстар Академияның сайтына орналастырды.  
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  өзгерістер  мен 
толықтырулар 
енгізілді 
(2015ж.24.11 
берілген 
өзгерістер 
мен 
толықтыруларымен),  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  
1  наурыздағы  №  205  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді. 
Мектептегі  білімнің  жаңартылған  мазмұнына  кезең-кезеңімен  көшу, 
дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер 
мен  жоғары  оқу  орындарының  мемлекеттік  аттестаттаудан  тәуелсіз 
аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі. 
БҒДМБ  сәйкес  оқыту  сапасын  арттыруда  білім  беру  процесінің  барлық 
қатысушыларының  ең  үздік  білім  ресурстары  мен  технологияларына  тең 
қолжетімділікті  қамтамасыз  ету;  оқушылардың  алған  білімдері  тез  өзгеретін 
әлемде  табысқа  жеткізетіндігінен  қанағаттану;  жалпы  білім  беретін 
мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани 
дамыған азаматын қалыптастыру қажет. 
Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  саласы  жаңа  тәсілдер  аясында  кеңеюде. 
Ол  –  пәнаралық  және  жобалық  қызмет,  оқыту  мен  басқаруда  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  (бұдан  әрі  –  АКТ)  пайдалану,  білім  беру 
қажеттіліктері  ерекше  балаларды  интеграциялау  және  ата-аналарды 
консультациялық қолдау. 
2016-
2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлармен негізделеді: 

 
2016  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  1-сыныптарда  жаңартылған  білім 
мазмұнын енгізу (барлық пәндер оқыту тілінде оқытылады); 

 
бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқыту 1-4-сыныптарда жүзеге 
асырылады; 

 
9-
сыныпта міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік курсының 
орнына  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсы 
оқытылады. 
Жаңа оқу жылында: 
1)  мектепалды  даярлық  сыныптарында  және  1-сыныптарда  білім  беру 
процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады: 

 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №292 
қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға 
міндетті мемлекеттік стандарты; 

 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  25  сәуірдегі  №327 
қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015); 

 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  
15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу 
жоспарлары; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 


 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  
8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім 
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
 
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және 
басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі 
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
міндетін  атқарушының  2013  жылғы  27  қыркүйектегі  №  400  бұйрығына 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  6  мамырдағы  №309  бұйрығымен 
бекітілген оқу басылымдары; 
2) 2-11-
сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар 
негізінде жүзеге асырылады: 

 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080 
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-
2012); 

 
«Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  
8  қарашадағы  №500  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 
бұйрығымен  бекітілген  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің 
үлгілік оқу жоспарлары; 

 
 
«Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  
8  қарашадағы  №500  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 
бұйрығымен  бекітілген  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің 
үлгілік оқу жоспарлары; 

 
«Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  
8  қарашадағы  №500  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және ғылым  министрінің 2014  жылғы  25 ақпандағы  №61 
бұйрығымен  бекітілген  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің 
үлгілік оқу жоспарлары; 

 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  
3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  жалпы  білім  беретін  пәндердің, 
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №281  бұйрығымен 
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы  №393 бұйрығымен 
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«Білім  беру  ұйымдарында  пайдалануға  рұқсат  етілген  оқулықтардың, 
оқу-әдістемелік  кешендердің,  оқу  құралдарының  және  басқа  да  қосымша 
әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  міндетін 
атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу 
туралы»  ҚР  БҒМ  2016  жылғы  8  қаңтардағы  №13  бұйрығымен  бекітілген  оқу 
басылымдары; 

 
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және 
басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі 
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
міндетін  атқарушының  2013  жылғы  27  қыркүйектегі  №400  бұйрығына 
толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2016  жылғы  6  сәуірдегі  №251  бұйрығымен  бекітілген  оқу 
басылымдары. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдері  күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары 
негізінде  өздігінен  әзірлейді  және  оны  білім  беру  ұйымының  директоры 
бекітеді.  
Білім  алушылардың  оқу  нәтижелерін  бақылау  үшін  педагогтердің 
таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.  
Бақылау  шараларының  негізгі  түрлері  шығарма,  ауызша,  жазбаша, 
практикалық формалармен жүзеге асырылады. Бақылау формаларын таңдау оқу 
пәнінің  ерекшеліктері  мен  мазмұнына,  оны  оқуға  бөлінген  сағат  санының 
көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері 
мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады.   
Бақылау  жұмыстары  білім  беру  ұйымдары  басшыларының  бекіткен 
кестесіне  сәйкес  жүргізілуі  керек.  Бақылау  жұмыстарын  дүйсенбі,  жұма  және 
сабақ кестесінің соңғы сабақтарында өткізу ұсынылмайды.     
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстанды  әлеуметтік 
жаңғырту  бағытындағы  «Жалпыға  ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам» 
бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру   мақсатында 
әзірленіп,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы    3  сәуірдегі  №115 
бұйрығымен  бекітілген  оқу  бағдарламалары  бойынша  «Өлкетану»  (7-сынып), 
«Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады. 
Вариативті  компоненттен  9-сыныптар  үшін  міндетті  түрде  «Зайырлылық 
және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР 
Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281  бұйрығымен 
бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламалары  бойынша  «Зайырлылық  және  дінтану 
негіздері»  курсын  тарих  немесе  біліктілікті  арттыру  және  қайта  даярлау 
бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. 
Мектеп және оқушы компонентінің пәндері бойынша емтихан және ұлттық 
бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.  
Назар  аударыңыздар!  2016-2017  оқу  жылында  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  түлектерін  қорытынды  аттестаттау  мен  ҚР  жоғары  оқу 
орындарына іріктеу тесті өзгереді. «Білім туралы» ҚР Заңына орта білім беру 
ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау рәсімін бөлу және жоғары оқу орнына 
оқуға түсу туралы түзетулер енгізілді.  
Түзетулер 2017 жылы күшіне енеді.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 

Мемлекеттік  бітіру  емтиханы  –  орта  білім  курсын  бітіргені  туралы 
куаландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта 
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір 
түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.  
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған 
іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында 
өткізіледі. 
Емтихан  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015 
жылғы 18 маусымдағы  №393 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  суәрдегі  №  115 
бұйрығымен  бекітілген  10-11-сыныптарға  арналған  жалпы  орта  білім  беру 
деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық  
бағыттарының оқу бағдарламаларына негізделеді.  
Қазіргі таңда мемлекеттік бітіру емтиханы мен Ұлттық бірыңғай тестілеу 
рәсімінің  форматын  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  әзірлеуде.  Ақпарат  ҚР 
Білім  және  ғылым  министрлігінің 
www.edu.gov.kz
,  Білім  және  ғылым 
саласындағы  бақылау  комитетінің 
www.control.edu.gov.kz
 
сайттарына 
орналастырылатын болады. 
Сонымен  қатар,  емтихан  тапсырудың  ұсынылып  отырған  формаларының 
бірі  эссе  жазу  екеніне  назар  аударуларыңызды  сұраймыз.  Эссе  жазуға 
қойылатын  талаптар  әдістемелік  әдебиетте  көрсетілген,  оған  қоса  мұғалімге 
көмек  ретінде  әдістемелік-нұсқау  хаттың  тиісті  тарауында  эссе  жазуға 
қойылатын талаптар бір үлгідегі талаптары барынша нақты көрсетілген.   
Заманауи  қоғамның  ақпараттандыру  жағдайында  пән  мұғалімдері                      
АКТ-құзыреттілігін  біліп,  қосымша  ресурстарды  пайдалана  отырып,  соның 
ішінде  интернет  және  пән  бойынша  ақпаратты  табу  мен  өңдеу  білігін 
қалыптастыруы керек.  
Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің,  оқушылардың  оқу  жетістігін  сырттай 
бағалау,  мемлекеттік  аттестаттау  мен  талапкерлерді  кешенді  тестілеудің  тест 
тапсырмаларының  базасын  қалыптастыру  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 
бұйрығымен  бекітілген  оқулықтардың  материалдары  негізінде  іске  асады. 
Сондықтан  ұлттық  емтихандарға  және  мониторингілеуге  дайындық  кезінде 
оқушылар  жоғарыда  көрсетілген  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 
бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдарына сүйенуі тиіс. 
Оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тәжік  тілдерінде  жүргізілетін  жалпы  орта  білім 
беретін  мектептерде  аударма  оқулықтар  немесе  оқушылар  мен  ата-аналардың 
қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту    білім  берудің  басым  мақсаттарының 
бірі ретінде айқындалып отыр. 
Функционалдық  сауаттылық  әр  мектеп  пәнінің  негізінде  қалыптасады. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын 
тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына 
бейімделген  тапсырмалар;  экономикалық,  тарихи  мазмұндағы  тапсырмалар; 
тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 

БҒДМБ  қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектептердің  PISA  (15  жасар 
оқушылардың  математикалық  және  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын, 
сонымен  бірге  әртүрлі  типтегі  мәтіндерді  түсінуін  салыстырмалы  бағалау), 
TIMSS  (4-
ші  және  8-сынып  оқушылардың  математикалық  және  ғылыми-
жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу 
және  түсіну  сапасын  зерделеу)  халықаралық  салыстырмалы  зерттеулеріндегі 
нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.  
Осыған  орай,  Қазақстандағы  мектептегі  білім  беру  жүйесі  балалардың 
дағдыларын  дамытуда  әртүрлі  оқу  және  өмірлік  жағдаяттар,  тұлғааралық 
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.  
Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  бағаланады.  Функционалдық 
сауаттылықты  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  алғаш  рет  2014  жылы 
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған 
білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 
бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен  әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін 
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау 
аясында  функционалдық  сауаттылықтың  мынадай  түрлері  бағаланады:  оқу 
сауаттылығы  (қазақ  тілі,  орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық; 
жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география). 
Оқу  сауаттылығы  –  оқушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білу  және 
оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана 
білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту  мақсатында  білімдері  мен 
мүмкіндіктерін  дамыту  қабілеттері.  Оқу  жылдамдығы  мен  мәтінді  дәлме-дәл 
түсіну  бағаланбайды,  мәтінге  арналған  рефлексия  мен  ұғым,  өмірлік 
мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.  
Математикалық  сауаттылық  –  әлемдегі  математиканың  рөлін 
айқындау  және  түсіне  білу,  математикалық  тұжырымдарды  дәлелді  негіздей 
білу  және  қызығушылығы  бар,  ойлы  азаматқа  тән  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. 
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы 
білімін  қолдана  білу,  қоршаған  ортаны  және  адамзат  енгізген  өзгерістерді 
түсіну  үшін,  табиғи-ғылыми  мәселелерге  қатысты  және  ғылыми  дәлелдермен 
негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу 
қабілеттері. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығының  қалыптасуын  тексеруге 
арналған  тапсырмалардың  үлгілері  ОЖСБ  мен  ҰБТ-ға  дайындық  оқу-
әдістемелік құралдарында қамтылған.  
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, 
физиологиялық,  әлеуметтік  және  шығармашылық  дамуының  үйлесімділігіне 
қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан 
маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді 
дамуы»  институты  (Алматы,  «Бөбек»  ҰҒПББСО)  дайындаған,  ҚР  Білім  және 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
М
 

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім 
беру  ұйымдарына  арналған  оқу  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылады. 
«
Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы 
курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.  
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқыту  білім  берудің  мектепке  дейінгі  деңгейінен 
басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы 
деңгейі  ретінде  баланың  жеке  әлеуметтік  қалыптасуының  маңызды  кезеңі 
болып  табылады.  5-6  жастағы  балалардың  мектепалды  даярлығы  мектепке 
дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  аяқтаушы  буыны  болып  табылады,  бұл 
бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді. 
2014-
2015  оқу  жылынан  бастап  республиканың  24  білім  беру 
ұйымдарында  оқу  және  тәрбие  процесіне  рухани-адамгершілік  білім  беретін 
«Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының  тереңдетілген  кіріктірілген  моделі  жүзеге 
асырылуда.  
Рухани-адамгершілік  білім  беретін  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасын  басқа 
білім салаларымен, тұтас тәрбие процесімен, қосымша білім берумен тереңдете  
кіріктіру  идеясы  білім  беру  процесін  ерекше  формада  құруды  талап  етеді,  ол  
білім  беру  ұйымдарының  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негізделген 
баланың  жеке  тұлғасын    тәрбиелеуде  біртұтас  рухани-адамгершілік  кеңістік 
құруды керек етеді. 
Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең 
кіріктірілген  моделінің  оқу  және  тәрбие  процесіне  енгізудің  эксперименттік 
алаңы  болған  білім  беру  ұйымдарында  (1-қосымша),  төменде  анықталған 
педагогикалық шарттар сақталуы керек: 

сенімділік  қалыптасуы  керек,  шабытты  шығармашылық,  өзіндік 
зерттеулерге,  өзіндік  даму  мен  өзіндік  жетілдірулерге  мүмкіндік  беретін  
жағдайлар болуы керек; 

рухани-адамгершілік  білім  беретін  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының 
мектептің біртұтас педагогикалық процесіне кірігуін жүзеге асыру; 

өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену процесінде қолданылатын 
барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек. 
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын оқу міндетті болып табылады 
және  мазмұны  дүниетану  оқу  курсының  аясында  жүзеге  асырылады.  Осыған 
сәйкес, 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат. 5-9-
сыныптарда  15  сағаттық  жылдық  оқу  жүктемесімен  дене  шынықтыру 
мұғалімінің  оқытуымен  іске  асырылады;  10-11-сыныптарда    жылдық  оқу 
жүктемесі  25  сағат  (алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  оқытушы-
ұйымдастырушысы  жүзеге  асырады.  Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері  бойынша 
сабақтар және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика 
және 
қаржылық 
сауаттылық 
негіздері» 
курсының 
мазмұны  
4-
сыныпта  «Дүниетану»  оқу  пәнімен,  5-11-сыныптарда  «Технология»  оқу 
пәнімен  кіріктіріліп  оқытылады  және  бастауыш  сынып  мұғалімдері  мен 
технология  мұғалімдері  жүзеге  асырады.  Оқушылардың  экономикалық 
сауаттылығын  арттыру  үшін  қосымша  «Дана  Жол»  қолданбалы  экономика 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет