Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет30/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ерекшеліктері. 
Республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  бірінші  сыныптан 
бастап (2016-2017 – 1-сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7-сыныптар; 2018-2019 – 3, 
6, 8 және 10-сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 және 12-сыныптар) біртіндеп бес 
күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне 
ерекше  роль  беріліп  отыр,  ол  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлеріндегі 
барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.  
5  күндік  оқу  аптасына  ауысу  кезінде  білім  алушының  бос  уақыты 
ұлғаяды.  Сенбі  күнінің  оқу-тәрбие  процесінің  негізгі  ұйымдастырылуы 
қосымша білім болуы қажет. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
237 
Сабақтан  тыс  уақыттағы,  оның  ішінде  сенбі  күні  балаларды  бос 
уақыттарын толық қамту үшін пән-мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдлану 
қажет. 
Пән  мұғалімдері  өз  бейіндері  бойынша  қызығушылықтарына  қарай 
үйірмелерді,  секцияларды,  студияларды,  клубтарды  жүргізе  алады,  сондай-ақ 
танымдық,  байқаулық,  ойын-сауық  бағдарламалырн  ұйымдастыра  алады. 
Мысалы,  физика  пәнінің  мұғалімі  «Қызықты  физика»,  «Робототехника», 
техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (авиа, судо жане тағы 
басқа техниканың түрлерін үлгілеу). 
Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пәннен сабақ береді, ал екінші 
жартысында қосымша білім беру педагогі болады (бір уақытта). 
Осыған  байланысты,  жалпы  орта  және  мектептен  тыс  үйымдар  үшін 
қосымша  білім  беретін  педагогтер  мен  педагог-ұйымдастырушылардың 
қосымша штаттық бірліктерін қарастырады. 
Сонымен қатар сенбі күн білім алушылардың кәсптік бағдар күні болып 
жарияларынп жатыр: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары 
мен  колледждердің  кәсіптік  бағдар  жұмыстарын  жүргізу  үшін  ашық 
болады. 
Осыған  байланысты  жергілікті  арқарушы  органдар  мемлекеттік-жеке 
меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы 
басты  бағыттардың  бірі  ретін  балалардың  бос  уақыттарын  қамту  бойынша 
кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда: 
 
қауіп-қатер  тобындағы  жасөспірімдерді  қару  үшін  қосымша  білім  беру 
мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту; 
аула  және  мектеп  жанындағы  клубтарды  ашу  үшін  бос  тұрған 
ғимараттарды тиімді пайдлану; 
балалар  туристік  базаларын,  жаңа  сыртқа  шығу  және  жаяу  өлкетану 
туристік маршруттарын және т.б. ашу. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  алтыншы  күнді  (сенбі)  өткізу 
туралы ұсынымдар. 
Алтыншы  күннің  (сенбі)  басты  мақсаты  –  сенбі  күндері  білім 
алушының  бос  уақытын  оқушының  әлеуметтік,  моральді  қалыпты, 
шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған 
падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру. 
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады: 

қосымша  білім  беруде  оқушылардың  қажеттіліктері  мен 
қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру; 

балалар  мен  жасөспірімдер  бірлестігінің  қызметі  үшін  жағдай  жасау, 
мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру; 

білім  алушылардың  бос  уақыттарын  максималды  қамту  есебінен 
жеткіншектер  арасындағы  құқықбұзушылық  пен  қызмыстардың  тиімді  алдын 
алу шараларын қамтамасыз ету; 

«отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту; 

салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады: 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
238 
Зияткерлік 
Патриоттық жән азаматтық-құқықтық 
Адамгершілік-рухани 
Ұлттық тәрбие 
Экологиялық, экономикалық 
Спорттық-сауықтыру 
Ақпараттық мәдениет 
Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және 
мәдени-танымдық) 
Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі).  
Бес  күндік  оқу  жағдайында  алтыншы  күн  (сенбі)  оқушылардың 
денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен 
білім  алуға  және  дамуға  уақытын  көбірек  бөлуге  бағытталуы  қажет  және 
балалардың  қызығушылықтарын  ескеріп,  сондай-ақ  оларды  ұжымдық  және 
жеке  тақырыптық  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық жобаларды іске 
асыруға  араластыру  арқылы  балалардың  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 
бағытталуы қажет. 
Бұл  Күн  балалардың  жалпы  мәдени,  көркемдік,  әлеуметтік,  тұрмыстық, 
кәсіби  және  басқа  да  қызығушылықтары  негізінде  түрлерінің,  формаларының 
және  бағыттарының  түрлі  болуымен,  оған  педагогтер  мен  ата-аналардың 
мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады. 
Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет 
(
музыка,  аспаздық,  спорт,  фестивальдер,  олимпиадалар,  «Алло,  біз 
таланттарды  іздейміз»  байқаулары,  жарыстар,  КТК,  қашықтықтан 
өткізілетін  бағдарламалар,  театрларға,  мұражайларға,  кинотеатрларға, 
дәрістерге  бару,  «Бәрін  білгім  келеді»  балалар  журналдарын  әзірлеу  және 
басып шығару және т.б.).  
Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін: 
Оқушыларға  арналған  ісшаралар:  факультативтер,  дайындық 
курстары,  пәндік  олимпиадалар,  танымдық,  байқаулық-көңіл  көтеру 
байдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс 
орталықтарына  бару,  тақырыптық  би  кештері,  спорттық  жарыстар,  бейін 
бойынша  іс-шаралар,  қызығушылықтары  бойынша  мектеп  студияларының, 
клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер: 

журналистикалық,  жас  репортер  мен  редактор  жазбаша  және  ауызша 
жанрда өз күшетірін сынап көреді; 

психологиялық,  ол  жерде  балалды  өздерін  дұрыс  түсінуге,  қоршаған 
ортамен  аралсуды  үйретеді,  өз  қабілеттерін  дамытуды  және  кемшіліктерін 
жеңуді үйретеді; 

тарихи-археологиялық,  теорияны  оқу  мен  музейлерге  баруды, 
саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді; 

техникалық  шығармашылық,  пайдаланушының  компьютерлік, 
компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы бүгінгі таңда 
қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған; 

үштілділік жағдайындағы шет тілдері

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
239 

қисынды  ойлауды,  ден  қоюды,  өз  бетінше  әрекет  етуді  және  т.б. 
дамытуға арналған шахматтық үйірмелер
Бұл  өз  кезегінде  қызмет  түрін  ауыстыруды  қамтамасыз  етіп  қоймай, 
сондай-ақ  стилін,  араласу  ортасын,  қоршаған  жағдайды  өзгертуді  қамтамасыз 
етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және 
дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады. 
Мұғалімдерге  арналған  ісшаралар:  кәсіби  байқаулар,  сынып 
жетекшілерінің  шығармашылық  есеп  берулері,  мұғалімдердің  әдістемелік 
бірлестіктерінң  презентациялары  мен  есептері,  тренингтер,  көркемдік  қолдан 
жасалған  бұйымдардың  байқаулары,  мектептің  психологиялық  қызметінің 
кеңестері,  мектеп  жобалары:  «Сенбілік  қарқын»,  «Қосымша  білім  күні»,  «Бос 
уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылы және дамыту 
күні» және т.б. 
Ата-аналарға  арналған  ісшаралар:  ата-аналардың  құқықтық  жаппай 
оқуы,  мектептің  психологиялық  қызметінің  кеңесі,  спорттық  жарыстар, 
психолог  және  пән  мұғалімдерімен  бірге  өткізілетін  бейіндік  іс-шаралар, 
дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу. 
Алтыншы  күнді  (сенбі)  ұйымдастыру  барысында  педагогтер  білім 
алушылармен  бос  уақытты  өткізу  және  дамыту  қызметтері  үшін  қаланың, 
ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады. 
Сынып 
жетекшілерінің 
әдістемелік 
бірлестіктерінің 
пән 
мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, 
мектептің  алтыншы  күнінің  жоспарын  әртоқсан  сайын  әзірлеп  отырғандары 
жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып 
жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы 
қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың 
тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына  жүктеледі.  Алтыншы  күннің  (сенбі) 
қорытындысы  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының  қатысуымен 
өтетін жиналыстарда апта сайын  қарастырылуы қажет. 
Осылайша,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім 
беру  ресурстарын  қолдану  біртұтас  білім  беру  кеңістігі  аясында  білім 
алушылардың  әлемді  тұтас  қабылдауын  қалыптастыруға,  тұлғаның  жеке 
қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  дамытуға  жағдай  жасауға  мүмкіндік 
береді.

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
240 
14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ 
 
Мектеп  кітапханалары  Қазақстанның  кітапханалық  жүйесінде  ерекше 
орын  алады.  Өскелең  ұрпақтың  талаптарын  қанағаттандыру,  рухани  байлығы 
мен  жалпы  қабілетін  дамыту  тұрғысында  мектеп  кітапханасының  қосар  үлесі 
бар.  Мектеп  кітапханасының  қызмет  аясын  кеңейту,  қорын  пайдалану,  соның 
ішінде  мектеп  кітапханасы  –  оқушыға  әдебиет  таңдау,  оқырмандық 
қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені 
тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі 
түрлерімен  қатар  инновациялық  формалары  де  енгізілуде.  Мектеп 
кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана 
болатын.  Білім  беру  жүйесіне  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 
енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға 
негізделген,  қазіргі  қоғам  өміріне  ойдағыдай  қатысу  үшін  ең  маңызды  болып 
табылатын,  ақпараттарды  алу  және  идеялармен  танысуға  мүмкіндік  береді. 
Оқытуға  байланысты  қызмет  көрсетіп,  кітаптар  мен  материалдар,  мектеп 
қоғамдастығының  барлық  мүшелеріне  сыни  тұрғыдан  ойлауға,  дағдылануға 
мүмкіндік  береді  және  барлық  тасымалдағыштар  мен  әртүрлі  форматтағы 
ақпараттарды  қолдануға  тиімді  болып  табылады.  Әр  кітапхана  өзінің  даму 
стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да 
рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа 
технологиялар  саласындағы  маман,  оқу  процесін  ұйымдастыруда 
мұғалімдермен  бірлесіп  жүйелі  тәсіл  әзірлеуші.  Мектеп  кітапханасы  тек  қана 
оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және 
мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға 
мүмкіндігі  бар.  Балалармен  жұмыс  жасаудың  басты  бағыты  –  білім 
алушылардың  тұлғалық  әлеуметтенуі  мен  дамуы,  рухани-адамгершілік 
мәдениеті,  ақпараттық  ресурстардың  барлық  түрлері  мен  деңгейлерін 
пайдалануға  үйрету,  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру,  кітапхананы 
пайдалануға дағдыландыру. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  мектеп  кітапханасы 
жұмысының  мақсаты  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәсілдерді,  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  қарқынды  енгізу  көрініс  табады.  Осы  негізде 
мектеп кітапханасы:  
– 
пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар 
мен  педагогтерге  қолда  бар  барлық  оқу-әдістемелік  және  қосымша 
қолданыстағы  немесе  медиа  ресурстармен  тегін  және  еркін  қолдану  құқығын 
қамтамасыз етеді;  
– 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу  негізінде  кітапхана  ұсынған 
қызметтер  номенклатурасын  жетілдіру,  оқушылар  мен  педагогтар  үшін 
қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;  
– 
экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге 
тәрбиелеу;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
241 
– 
қолданушының  шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  оқушылар  мен 
мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;  
– 
білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас 
ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.  
Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:  
1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген 
білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту. 
2. Анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы 
білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін 
қамтамасыз  ету.  Білім  беру  жобаларында  білім  алушылар  мен  оқушыларға 
көмек көрсету. 
3.  Оқырмандарға  тәуелсіз  кітапханалық  пайдаланушы  дағдысын 
қалыптастыру:  кітапты  және  басқа  да  ақпараттық  тасымалдағыштарды 
пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.  
4.  Жаңа  кітапханалық  технологияны  игеру  және  дәстүрлі  технологияны 
жетілдіру.  Құжаттарға  неғұрлым  толық  және  тез  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
жасау.  Ақпараттарды  алуда  білім  алушылар,  ата-аналар,  педагогтарға 
әдістемелік консультациялық көмек беру.  
5. Оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап 
оқу  мәдениеті,  кітапқұмарлық,  ақпараттық  мәдинетін  дамытуға  тәрбиелеу. 
Балаларға  оқуға  әдеттенуін  қолдау  және  дамыту,  оқу  және  одан  қанағаттану. 
Өздігінен оқуына ықпал ету. 
6.  Барлық  білім  алушыларға  коммуникацияның  әртүрлі  түрлерін  қоса, 
тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану 
мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру. 
7.  Ақпаратты  өңдеу  мен  жинақтау,  жинау  және  оны  пайдаланушыға 
жеткізу.  Кітапханада  бар  ақпараттық  деректер  базасында  кітапханалық  іс-
шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу. 
8.  Оқу-тәрбие  процесін  қамтамасыз  ету  мақсатында  мектеп 
кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;. 
9.  Қарым-қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу,  пайдаланушылар  арасында 
мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.  
10. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде 
және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау. 
11. Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру. 
12.  Әлеуметтілік  және  мәдени  қабілеттілік  пен  білгірлігін  жетілдіруге 
мүмкіндік  беру,  іс-шараларды  ұйымдастыру.  Мектеп  іс-шараларын  өткізуде 
АКТ пайдалану болып табылады.  
Бүгінгі  таңдағы  мектеп  кітапханашысының  қызметі  мен  болашақтағы 
мектеп  кітапханасы  рөлінің  тәжірибесі  мен  педагогика  ғылымындағы  үш 
көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.  
Бірінші  тәсіл  –  мектеп  кітапханасы  базасында  жаңа  медиатека-
бөлімшесін  жасау  қажеттілігін  негіздеу  немесе  мектептің  кітапханалық 
медиаорталығына,  кітапханашыға  қосымша  функция  медиамаман  міндетін 
атқару.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
242 
Екінші тәсіл – кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал 
кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.  
Үшінші  тәсіл  –  білім  беру  мекемелерінің  өзіндік  міндеттерімен 
педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.  
Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер 
аясында  оны  әлеуметтік  жүйе  ретінде  жұмыс  істету.  Жаңартылған  білім 
мазмұны  контексінде  білім  беру  ұйымдарын  олардың  алдына  мынадай 
міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. 
Кітапхана  оқу-тәрбие  процесінде  көмек  беретін,  шығармашылық, 
интеллектуалдық  әлеуетін  тиімді  жандандыруға  қабілетті  және  осы  жерден 
барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының 
элементі болып табылады.  
Қазіргі  заманғы  кітапхана  пайдаланушыларына  барлық  оқу  және  оқу-
әдістемелік  әдебиеттер,  оқу  бағдарламалары,  әртүрлі  баспа  шығармалары, 
аудио,  бейне  материалдары,  электрондық  тасымалдағышта  ақпараттар  (сонын 
ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың 
барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.  
Мектеп  кітапханасын  жаңғырту  мектеп  кітапханасы  функциясын 
күрделендіру  мен  кеңейту,  кітапханалық-ақпараттық  қызметтерін  өзгертумен 
бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының 
кітап  оқуына  жетекшілігін  қамтамасыз  етпейді,  енді  ол  жаңартылған  білім 
мазмұнының  ресурстық  базасы,  мұғалімдердің  ақпараттық  орталығы  болып 
табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық 
ресурстар арасында делдал болады. 
Кітапханашы  мен  мұғалімнің  бірлестігі  білім  алушылардың  сауаттылық 
деңгейін 
көтеруге 
мүмкіндік 
беріп, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын  пайдалана  білуге  дағдылану,  есте  сақтау,  оқу  дағдыларын, 
дамытуға  көмектеседі.  Оқу  бағдарламаларына  ақпараттық  қолдау  білім  беру 
мекемелерінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  мектеп  кітапханасы  үшін  басымдық 
болып  табылады.  Кітапханаға  ақпараттық-библиографиялық,  кітапханалық 
қызмет  көрсету  жолымен  мектептің  оқу-тәрбие  процесін  қамтамасыз  ету 
міндеттері 
қойылған. 
Сонын 
ішінде 
кітапхананың 
анықтамалық-
библиографиялық  аппаратын  тиімді  жүргізе  отырып,  кітапхана  қорын  сапалы 
жинақтау  негізінде  білім  беру  процесінің  вариативті  әртүрлі  мазмұнын 
қамтамасыз ету т.б.  
Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға 
көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың 
мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында 
орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары 
ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
243 
 
1-
қосымша 
 
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша 
пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі 
 
 
№ 
Облыстардың, 
Астана және 
Алматы 
қалаларының 
атауы 
Білім беру ұйымының атауы 
Білім беру 
ұйымының 
түрі 
Оқыту тілі 
1. 
 
Ақтөбе  облысы, 
Ақтөбе қаласы 
«Арман» мектепке дейінгі ұйым 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№39 балабақша 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№32 мектеп-гимназия 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
Ақтөбе  көлік,  телекоммуникация 
және жаңа технологиялар  колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
Ақтөбе гуманитарлық колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
2. 
 
Қарағанды 
облысы,  
Қарағанды 
қаласы 
«Мерей» балабақшасы 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
«Бәйтерек» балабақшасы 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№53  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№92 гимназия 
қалалық 
қазақша, 
Қарағанды  гуманитарлық колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
3. 
 
Астана қаласы 
 
№29    балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
қалалық 
қазақша 
 
№9    балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
қалалық 
орысша 
 
№59 мектеп-лицей  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
 
№ 22 мектеп-гимназия  
қалалық 
орысша 
 
Гуманитарлық колледж 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
4. 
 
Алматы қаласы 
№27     балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
қалалық 
орысша 
№156   балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  
қалалық 
қазақша 
№35 гимназия 
қалалық 
орысша 
№131 мектеп-лицей  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№172  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп 
қалалық 
қазақша 
№55  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп  
қалалық 
орысша 
№1 
Алматы 
қазақ-мемлекеттік 
гуманитарлық-педагогикалық 
колледжі 
қалалық 
қазақша 

 
244 
№2 
Алматы 
қазақ-мемлекеттік 
гуманитарлық-педагогикалық 
колледжі  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
5. 
Алматы  облысы, 
Есік қаласы 
Есік 
гуманитарлық-экономикалық 
колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 

 
245 
2-
қосымша 
 
Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже 
  
1.   
Жалпы ережелер 
1.1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты. 
1.2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі. 
1.3.  Күнделіктің  негізгі  міндеті  –  ата-аналарды  және  оқушыларды  келесі 
мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады: 

мектеп әкімшілігінің құрамы; 

сыныпта сабақ беретін педагогтер; 

аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі; 

үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі; 

үйге берілген тапсырмалар; 

оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі; 

босатылған сабақтар және кешігулер; 

ескертулер мен марапаттар. 
 2. 
Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі 
 
2.1.  Күнделік  көк  түсті  сиямен  анық,  ұқыпты,  уақытылы,  сауатты 
толтырылуы тиіс. 
2.2. Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі, 
І тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және 
консультациялар)  алғашқы  екі  апта  ішінде,  яғни  15  қыркүйекке  дейін 
толтырылуы тиіс. 
2.3. Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, 
мектеп  каникулдары  кезінде  –  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  шаралар 
жоспарын жазады. 
2.4. Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді. 
2.5.  Оқушылар  алған  бағасын  естігеннен  кейін  күнделікті  пән  мұғаліміне 
береді.  
2.6.  Оқушылар  әкімшіліктің,  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшісінің  талабы 
бойынша күнделікті ұсынады. 
 
3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру 
 
3.1. Пән мұғалімі оқушының жауабын бағалағаннан кейін бағаны сынып 
журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды. 
3.2.  Пән  мұғалімі  оқушының  күнделігіне  оның  оқу  әрекеті  бойынша 
ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы 
тиіс. 
 4. 
Сынып 
жетекшісінің 
күнделікпен 
жүргізетін 
жұмысын 
ұйымдастыру 
4.1. 
Сынып жетекшісі осы Ережеде берілген күнделік жүргізуге қойылған 
талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.  
4.2.  Оқушының  апта  ішінде  алған  бағаларының  күнделікке  қойылуын 
қадағалайды;  қажет  болған  жағдайда  қойылмаған  бағаларды  қойып,  өзінің 
қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.  

 
246 
4.3. 
Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді.  
4.4.  Сынып  жетекшісі  ата-аналар  тарапынан  оқушы  күнделігіне  бақылау 
жасауын қатаң қадағалайды. 
4.5. 
Тоқсан  аяқталғаннан  кейін  сынып  жетекшісі  күнделіктің  жинақ 
ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.   
4.6.  Каникулдан  кейінгі  бірінші  аптада  сынып  жетекшісі  тоқсандық 
бағалардың  төменгі  жағында  ата-аналардың  танысқанын  растайтын  қойған 
қолдарын тексереді. 
4.7.  Сынып  жетекшісі  күнделікте  оқушының  сынып  және  мектеп  өміріне 
қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.  
5. 
Ата-аналардың қызметі 
 
5.1. Ата-аналар апта сайын күнделіктегі жазбалармен танысады және қол 
қояды. 
5.
2.  Күнделіктің  соңындағы  жинақ  ведомосына  тоқсанына  бір  рет  қол 
қояды. 
5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін 
қол қояды. 
6. 
Мектеп әкімшілігінің қызметі 
 6.1. 
Мектеп  әкімшілігі  күнделік  жүргізу  бойынша  Ережеде  бекітілген 
талаптарға  сәйкес  2-11-сыныптар  оқушыларының  күнделік  жүргізуіне  жүйелі 
түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде 
келесі жағдайлардың болуы тексеріледі: 
– 
сыныптағы педагогтер туралы ақпарат; 
– 
тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі; 
– 
сабақ қоңырауларының кестесі; 
– 
секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі; 
– 
үй тапсырмалары; 
– 
пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар; 
– 
ата-аналардың қолдары. 
6.2.  Әкімшілік  бақылаудың  қорытындысы  бойынша  күнделіктерді 
тексеруші  анықтама  жазады,  онда  анықталған  кемшіліктер  көрсетіледі, 
ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді 
жою бойынша ұсынымдар беріледі. 
6.3.  Әкімшілік  күнделіктің  жүргізілуін  бақылау  нәтижелері  бойынша 
сынып  жетекшілерін  және  пән  мұғалімдерін  марапаттауға  және  тәртіптік 
жазалауға құқылы.   
 
 
 
 
 
 
 
 

 
247 
3-
қосымша  
Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы 
 
№ 
Қызметтің 
бағыттары 
Шара  Күні  Жауапты 
Өткізу 
формасы 
Нәтижелерінің 
жіті талдауы 

Ұйымдастыру 
шаралары және 
талдау-
диагностикалау 
қызметі 
 
 
 
 
 

Қазақстандық 
патриотизм және 
азаматтық. 
Этникалық 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Рухани-
адамгершілік 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Зияткерлік 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Экономикалық 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Салауатты өмір 
салты және және 
тәрбиесі 
 
 
 
 
 

Ата-аналармен 
жұмыс 
 
 
 
 
 
 
I.  «
Ұйымдастыру  шаралары  және  талдау-диагностикалау  қызметі» 
бағыты 
Мақсаты:  өмірдің  ағымдағы  мәселелерін  шешуге  қабілетті  сынып 
ұжымын  ұйымдастыру;  тұлғаны  зерделеу  және  қажет  болған  жағдайда 
оқушылардың тәрбиесін түзету. 
Міндеттері: 
-
 
оқушылар туралы ақпарат жинау және талдау; 
-
 
оқушылардың  даму  деңгейін  анықтау  (ойлау,  шығармашылық 
қабілеттері, физикалық және психологиялық денсаулығы және т.б.); 
-
 
тұлғалық-бағдарлық  көзқарас  негізінде  әрбір  баланың  дамуы  мен 
тәрбиесі үшін тиімді жағдайлар жасау.  
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1.  
Оқушылармен  танысу  ("Сынып  картасы",  "Импульс",  "Қар  жентегі", 
"Күн", өзара танысулар). 
2.  
Тапсырмаларды бөлу. Сынып белсенділерімен жұмыс. Өзін-өзі басқару. 
Жеке жұмыс. Сынып жиналыстары, оқушылар конференциясы. Апталық газетті 
шығару. Тазалап жинау. Сыныптың ақпараттық стенді. 
3.  
Оқушылар  сауалнамасы  ("Мен  Қазақстанның  азаматымын",  "Мен 
кіммін?  Мен  қандаймын?",  "Маған  өзің  туралы  айтшы",  "Оқушылардың 

 
248 
мотивация  біліктерінің  қалыптасу  деңгейін  анықтау",  "Оқу  мотивацияларын 
және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу", "Алаңдаушылық деңгейін айқындау", 
"Біз таңдаймыз, бізді таңдайды" және т.б.). 
4. 
Диагностика: адамгершілік басымдықтар (аяқталмаған сөйлемдер әдісі); 
"Ағаш,  немесе  мен  өз  бойымда  қандай  қасиеттерді  қалыптастырдым 
(тәрбиелілікті  зерделеу  әдісі);  "Адами  қасиеттерді  сақтайтын  орын"; 
оқушылардың  шығармашылық  белсенділігінің  деңгейін  болжау  әдісі, 
сыныппен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін зерделеу әдісі және т.б. 
5.  
Ойындар: "Өзім туралы айтып беремін", "Әлеуметтік драма", "Елсіз 
аралға барамыз". 
6.  
Тестілеу: "Маған қалай қарайды? ", "Менің оқуым", "Сіз өзіңізді білесіз 
бе?". 
7.  
Социометриялық зерттеулер. 
8.  
Психологиялық тренингтер: пікірталастар, дебаттар, КТК, "Менің жан 
дүнием", "Мен және қоршаған әлем", "Достық сауалдар конверті" және т.б.  
II. 
Қазақстандық патриотизм және азаматтық.  
Этникалық мәдениет.  
Мақсаты:  

 
өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету; 

 
азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру;  

 
сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету; 

 
азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім 
беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.   
Міндеттері:  
-
 
тұлғаны әлеуметтердіру үшін жағдай жасау; 
-
 
азаматтық өзіндік сананы қалыптастыру; 
-
 
ұлттық келісім негізі ретінде ізгілікке, бейбіт сүйгіштікке тәрбиелеу; 
-
 
құқықтық сананы және заңға бағынушылықты тәрбиелеу; 
-
 
әлеуметтік дағдылар қалыптастыру; 
-
 
жеке  адамдар  мен  халықтар  арасында  ынтымақтастыққа  қабілетті 
тұлғаның өзіндігін нығайту; 
-
 
оқушыларда  әлемдік  мәдениеттің  және  Қазақстан  мәдениетінің  алуан 
түрлілігі  туралы  түсінік  қалыптастыру,  оқушылардың  этникалық  тәрбиесі 
ерекшеліктерін ескеру негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін 
қалыптастыру. 
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1. 
Мемлекеттік  және  халықтық  мерекелер  (ҚР  Тәуелсіздігі  күні,  ҚР 
Конституциясы күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз және т.б.). 
2. 
Тақырыптық  сынып  сағаттары,  линейкалар,  әңгімелер  ("Менің 
Қазақстаным", "Мәңгілік Елдің мызғымас жеті негізі", "Біз – Үлкен Ел – Үлкен 
Отбасы",  "Қазақстанның  даму  кезеңдері",  "ҚР-ның  әлемдік  экономикалық  
дамудағы  орны",  "ҚР  рәміздері",  "Қазақстанның  мәңгілік  жері  –  Ұлы  Дала 
Елі!"). 
3. 
Музейлерге саяхаттар, Қазақстанның тарихымен танысу. 
4. 
Дебаттар "Қазақстандық патриотизм – бұл ..." 

 
249 
5. 
Саяхат-ойын "Менің Атамекенім", "Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен 
дәстүрлері". 
6.
 
Пікірталас "Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет және Тіл ортақтығы".
 
III. 
Рухани-адамгершілік мәдениет. 
Мақсаты:  жалпыадамзаттық  құндылықтармен,  қазақстандық  қоғам 
өмірінің  нормаларымен  және  дәстүрлерімен  келісілген  тұлғаның  рухани-
адамгершілік  және  этникалық  қағидаларын,  оның  моральдық  қасиеттері  мен 
ұстанымдарын қалыптастыру. 
Міндеттері:  –  оқушылардың  келесілерге  адамгершілік  қатынастарын 
қалыптастыру: 
-
 
моральдың және этиканың жалпыға ортақ нормаларына; 
-
 
өз қадір-қасиетіне, арына және борышына; 
-
 
ішкі бостандығына және адамгершілік шешімдер қабылдауына; 
-
 
өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-
дәстүрлеріне; 
-
 
өз ар-ұжданы мақұлдаған қылықтарға; 
-
 
адамдарға риясыз қызмет етуге; 
-
 
ата-ана, Отан, қоғам алдындағы өз борышына.  
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
Оқу  пәндерінің  мазмұнына  құндылықтарды  кіріктіру  арқылы  оқытудың 
тәрбиелік  әлеуетін  күшейту;  әлеуметтік,  қайырымдылық  жобалар  дайындау 
және  орындау,  волонтерлықты  дамыту;  педагогикалық  консилиумдар,  ата-
аналар  институты;  "Өзін-өзі  тану"  адамгершілік-рухани  білім  беру 
бағдарламасының  көппәндік  және  тәрбиелік  ролін  күшейту,  мектептерде 
рухани-адамгершілік  тәрбие  сапасына  мониторинг  жүргізу,  рухани-
адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін 
кеңейту.  
IV. 
Зияткерлік мәдениет. 
Мақсаты: оқушылардың  өзін-өзі  дамытуы,  өздігімен  білім  алуы,  өзін-өзі 
жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру. 
Оқытудың  өзіндік  стилін  қалыптастыру,  алған  білімін  жаңа  жағдайларға 
алмастыру білігін дамыту. Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез 
бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру. 
Міндеттері:  
-
 
оқушылардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау; 
-
 
танымдық түрткілерді дамыту; 
-
 
ойлау қызметінің біліктерін дамыту; 
-
 
әрбір тұлғаның жеке-шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
-
 
тұрақты түрде қазіргі ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру; 
-
 
білімді меңгеру процесінде зияткерлік мәдениет қалыптастыру. 
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1
Диагностика:оқушылардың  оқу  мотивациясын  және  оқу  пәндеріне  
қатынасын  зерделеу:  "педагогтердің  оқушыларға  ықпал  ету  тәсілдерін 
айқындау", "педагогтердің коммуникативтік мәдениеті оқушылардың көзімен", 
оқушылар сауалнамасы, пәндер бойынша тестілеу. 

 
250 
2. 
Пән апталықтары, олимпиадалар. 
3
Зияткерлік ойындар, көңіл көтерулер, марафондар, танымдық сайыстар, 
викториналар  (не?  қайда?  қашан?  брейн-ринг,  "Ақылды  ұл-  қыздар", 
"Жұлдызды  сағат",  "Ақылдылар  мен  көңілділер"  сайысы,  "Өз  ойыны", 
"Кереметтер алаңы", "Әлсіз буын", "Бақытты жағдай"). 
4. 
Зияткерлік марафон, шоу. 
5. 
Ақылдар Одиссейі. 
6. 
Тапқырлар шоқжұлдызы. 
7. 
Әдеби қонақжай. 
8. 
"Біз тарихты жасаймыз"  
9. 
Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  ғылыми-практикалық 
конференциялар, жобалар байқауы. 
10. 
Спич, дебаттар, " ХХI ғасыр көшбасшысы". 
11. 
Әңгіме, сынып сағаттары "Қазіргі адамның сөйлеу мәдениеті", "Мен 
үшін қымбат нәрсе", "Мен былай деп айтар едім ...". 
12
Пәндер бойынша үйірмелер ұйымдастыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
251 
4-
қосымша  
 
Бастауыш сынып оқушыларының  
білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы 
 
Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау 
нормасы  бағдарлама  талап  ететін  деңгейдегі,  бастауыш  кезеңдегі  әр  пән 
бойынша  оқу  материалын  баланың  меңгеру  орнықтылығын  қамтамасыз  ету 
үшін арналған.  
Бұл  нормалар  оқушының  оқудағы  жетісітігін  жүйелі  бақылауды  іске 
асыруға,  кемшіліктерді  жою  шараларын  қабылдауға,  оқушылардың 
үлгермеушілігін  ескертуге  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  бағалау  үшін  сандық 
ұпайды (баға) және бағалау пайымдамасын қолданады. 
Сыныптық  және  үйге  жазба  жұмыстарының  негізгі  түрлері  оқушыларға 
үйретуші жұмыстар болып табылады. 
Қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, әдебиет, математика, дүниетану бойынша 
ағымдық және қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі. 
Қорытынды  бақылау  жұмыстарын  өткізу  уақыты  мұғалімдер  келісімі 
бойынша мектеп басшыларымен құрылған оқушыларды шамадан тыс оқуының 
алдын алу мақсатында, жалпы мектепішілік кестемен анықталады. 
Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер 
саны болуы қажет: 
-
 
2-
сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішңнде бір дәптер 
мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына; 
-
 
әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер; 
-
 
математика  бойынша  –  2-4-сыныптарда  -  3  дәптерден  (2  дәптер  сынып 
және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); 
-
 
шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және 
үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); 
-
 
дүниетану бойынша – 1 дәптер; 
-
 
бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер; 
-
 
музыка бойынша –1 нота дәптері. 
Қазақ  тілі,  орыс  тілі,  математика,  әдебиеттік  оқу  бойынша  арнайы 
дәптерлер бөлінеді, олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға 
қатемен  жұмысты  орындау  үшін  беріледі.  Ата-аналар  оқушылардың  бақылау 
жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады. 
Оқушылардың  дәптерлеріндегі  жазбалар  төмендегі  талаптарды  сақтап, 
жазылу қажет: 
-
 
мұқият және анық жазумен жазу; 
-
 
дәптер сыртын бірыңғай толтыру: 
 
Дәптер 
Астана қаласы 
№5 орта мектептің  
2 «А» сынып оқушысы 

 
252 
Муфтахов Шыныбектің 
математика (орыс тілі) дәптері 
 
Дәптер 
Астана қаласы 
№5 орта мектептің  
2 «А» сынып оқушысы 
Муфтахов Шыныбектің 
математикадан (орыс тілінен)  
бақылау жұмысы дәптері 
 
Көмекші сөз  пән атауымен бір жолда  жазылады. 
Сынып  нөмірі  араб  сандарымен  жазылады.  Тегі  мен  аты  ілік  септігінде 
жазылады.  Алдын  ала  тегі,  содан  кейін  толық  атын  жазу  керек  (бір  жолда). 
Тілдік  пәндер  бойынша  жұмысты  орындау  мерзімі  сөзбен  атау  септігінде 
жазылады (мысалы, оныншы қыркүйек), математика, дүниетану сандар санмен, 
ай аты сөбен жазылады (мысыалы, 10 қыркүйек). 
Жеке  жолға  сабақтың  тақырыбы,  сонымен  қоса  жазба  жұмысының 
тақырыбы жазылады.  
Жаттығудың,  тапсырманың  немесе  орындалған  жұмыстың  нөмірі 
көрсетілсін (таңбалансын). 
Азат жол сақталады. 
Сызу,  сызба,  шартты  белгілерді  қарындашпен  немесе  қаламмен  мұқият 
орындасын. 
Қателерді  былайша  түзетеді,  қате  жазылған  әріп  немесе  тыныс  белгіс 
қисық сызықпен сызылады; сөздің сөйлемдегі сөздің бөлігі – жіңішке көлденең 
сызықпен сызылады; сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу 
қажет; қате жазуды жақшаға алмасын. 
Орыс  тілі  мен  математикадан  үйретуші  сынып  және  үй  жұмысы 
орындалатын  оқушылардың  жұмыс  дәптерлері    2-4-сыныптарда  әр  сабақтың 
соңында барлық оқушыларда тексеріледі.   
Орыс тілі мен әдебиеттік оқу бойынша мазмұндама мен шығарма, сонымен 
бірге  пәндер  бойынша  барлық  бақылау  жұмысы  түрлері  барлық  оқушыларда 
тексеріледі.  
Қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  бойынша  бақылау  диктанттары, 
математика  мен  дүниетану  бойынша  бақылау  жұмыстары  2-4-сыныптарда 
тексеріледі және келесі сабақта қайталанады.  
Тексерілген  жұмыстарда  мұғалім  төмендегіні  басшылыққа  ала  отырып, 
жіберілген қателерді белгілейді және түзетеді: 
-
 
қателерді сызу мен түзету, мұғалім тек қызыл қаламмен ғана түзетеді; 
-
 
2-3-
сынып  оқушыларының  орыс  тілі  мен  математика  пәндері  бойынша 
бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім 
жіберілген қатені сызады және түзетеді;  
-
 
4-
сынып  оқушыларының  орыс  тілі  мен  математика  пәндері  бойынша 
бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім 

 
253 
оқушының  өзі  түзеген  қатесін  сызады  және  жіберілне  қатені  жолдың  шетіне 
белгілейді; 
-
 
2-4-
сыныптарда  шығарма  мен  мазмұндаманы  тексеру  кезінде  (бақылау, 
сондай-ақ  үйретуші)  орфогарафиялық  қана  емес  және  пунктуациялық  қателер 
түзетіледі,  сонымен  қатар  нақты  логикалық  тілдік  қателер  (ирек  сызықтармен 
сызылады) және грамматикалық; 
-
 
Диктантты,  мазмұндаманы,  шығарманы  тексергеннен  кейін  мұғалім 
белгілеген тәртіпте қателерді есептегеннен соң жұмыстың бағасын қояды; 
4-
сыныпта мазмұндама мен шығармаларда грамматикалық (сандық) және 
стилистикалық  (бөлім)  қателер  көрсетіледі.  Үйретуші  шығармалар  мен 
мазмұндамаларда нашар бағалар қойылмайды. 
Барлық  бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  бағаланады.  Оқушылардың 
жазба жұмыстарын бағалау кезінде мұғалім оқушылардың білімі, ептілігі және 
дағдысын бағалау нормасына сәйкес басшылыққа алады.  
Оқушылардың  жазба  жұмыстарын  тексергеннен  кейін,  қателерді  түзету 
немесе  жаттығуларды  орындау  бойынша,  осындай  қателерді  қайталаудың 
алдын алатын тапсырмалар беріледі.  
Бұл жұмысқа келесі сабақта 15 минут беріледі. 
Қорытынды  баға  әр  тоқсан  соңында  және  оқу  жылы  соңында  қойылады. 
Ол ауызша және жазбаша сауаттылықты тексеру деңгейі нәтижесін, грамматика 
элементтерін  меңгеру  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  түрде  жеткізе  алу 
деңгейінің нәтижесін есепке ала отырып шығарылады. Қорытынды бағаларды 
шығару  кезінде  жазба  жұмыстарының  бағасы  ерекше  маңызды.  Қорытынды 
баға  барлық  білім  алушылардың  орташа  бағасын  емес,  оқушының  нақты 
дайындығын көрсету керек.  
 
  
 

 
254 
5-
қосымша  
 
2016-
2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын 
апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі 
 
№  Облыс атауы 
Мектептің атауы 
Мектептің типі 
Оқыту тілі 

Астана қ. 
№ 69 орта мектеп  
ауыл 
аралас 

Алматы қ. 
№ 15 гимназия  
қалалық 
аралас 

Ақмола  
№ 5 мектеп-лицей 
(Степногор қ.) 
қалалық 
қазақша 
Николь орта мектебі 
(Бұланды ауданы) 
шағын жинақты 
орысша 

Ақтөбе  
Новая ОМ (Новое ауылы, 
Ақтөбе қ.) 
ауыл 
аралас 
№ 9 мектеп гимназиясы 
(Ақтөбе қ.) 
қалалық 
орысша 

Алматы  
Ш.Уәлиханов ат. №10 орта 
мектеп гимназиясы 
(Талдықорған қ.) 
қалалық 
аралас 
Х.Хамраев атындағы орта 
мектеп (Панфилов ауданы) 
қалалық 
ұйғыр 

Атырау  
№ 17 орта мектеп (Атырау 
қ.) 
қалалық 
орысша 
Ж.Мырзағалиев атындағы 
орта мектеп (Исатай ауданы) 
ауыл 
қазақша 

Шығыс 
Қазақстан 
Абай атындағы мектеп 
кешені (Көкпекті ауданы) 
шағын жинақты 
казахский 
№39 орта мектеп (Өскемен 
қ.) 
қалалық 
орысша 

Жамбыл  
№1 мектеп лицейі (Рысқұлов 
ауданы) 
ауыл 
қазақша 
А.С. Пушкин атын. №41 
мектеп гимназиясы (Тараз қ.) 
қалалық 
орысша 

Батыс 
Қазақстан  
М.Ықсанов атындағы №36 
орта мектеп (Орал қ.) 
қалалық 
қазақша 
Шаған орта мектеп (Теректі 
ауданы) 
ауыл 
аралас 

Қарағанды  
 
№3 мектеп гимназия 
(
Қарағанда қ.) 
қалалық 
орысша 
№2 орта мектеп (Нұра 
ауданы) 
ауыл 
қазақша 
11 
Қызылорда 
облысы 
№31 мектеп гимназия 
(Жалағаш ауданы) 
ауыл 
орысша 
№2 орта мектеп (Қызылорда 
қ.) 
қалалық 
аралас 
12 
Қостанай  
Свердлов орта мектеп 
(Алтынсарин ауданы) 
шағын жинақты 
орысша 
№ 10 орта мектеп (Қостанай 
қ.) 
қалалық 
қазақша 

 
255 
13 
Маңғыстау 
М.Горький атындағы мектеп 
гимназиясы (Түпқараған 
ауданы)  
ауыл 
орысша 
№11 орта мектебі (Ақтау қ.) 
қалалық 
қазақша 
14 
Павлодар 
№39 мектеп гимназия 
(Павлодар қ.)  
қалалық 
орысша 
Майқаиын №1 орта мектеп 
(
Баянауыл ауданы)  
ауыл 
аралас 
15 
Солтүстік 
Қазақстан  
Сартомар орта мектеп 
(М. Жұмабаев ауданы) 
шағын жинақты 
қазақша 
№ 16 орта мектебі 
(Петропавл қаласы) 
қалалық 
орысша 
16 
Оңтүстік 
Қазақстан  
М. Жұмабаев атындағы №15 
мектеп гимназия (Түркістан 
қ.) 
қалалық 
орысша 
Созақ мектеп гимназия 
(Созақ ауданы) 
ауыл 
қазақша 
 
 
 
 

 
256 
МАЗМҰНЫ 
 
Жалпы ережелер ……………………………………………………………....... 

 
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі 
19 
2 Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері  
24 

Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері .............. 
31 
 3.1 
  
 3.2 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпта пәндерді оқытудың 
ерекшеліктері ........................................................................... 
Қолданыстағы білім мазмұны бойынша 2-4 сыныптарда пәндерді оқыту 
ерекшеліктері .................................................................................. 
 
31 
 
45 
4 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …................ 
67 
 4.1 
 4.2 
 4.3 
 4.4 
 4.5 
 4.6 
 4.7 
«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………..................................... 
«Математика және информатика» білім саласы ………………............. 
«Жаратылыстану» білім саласы ………………....................................... 
«Адам және қоғам» білім саласы ………………..................................... 
«Өнер» білім саласы ……………….......................................................... 
«Технология» білім саласы ………………............................................... 
«Дене шынықтыру» білім саласы ……………….................................... 
67 
93 
94 
104 
119 
122 
127 
5 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……........... 
130 
 5.1 
 5.2 
 5.3 
 5.4 
 5.5 
 5.6 
«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………..................................... 
«Математика және информатика» білім саласы ………………............. 
«Жаратылыстану» білім саласы ………………....................................... 
«Адам және қоғам» білім саласы ………………..................................... 
«Технология» білім саласы ………………............................................... 
«Дене шынықтыру» білім саласы ……………….................................... 
130 
158 
160 
168 
178 
180 
6 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ………………............. 
185 
7 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері …...... 
191 
8 Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқыту ерекшеліктері 
196 

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында 
оқытудың ерекшеліктері ............................................................. 
 
206 
10 
Кешкі мектептерде оқыту ерекшеліктері …….............................................. 
213 
11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік 
қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері ……….................................. 
 
217 
12 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің оқу 
бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы ………………........................ 
 
228 
13 
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептеріндегі балаларға 
қосымша білім берудің ерекшеліктері …………………................. 
 
233 
14 Мектеп кітапханаларының жұмысы туралы 
240 
1-
қосымша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша 
пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі» .................................... 
 
243 
2-
қосымша «Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже................ 
245 
3-
қосымша «Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы » …………………....... 
247 
4-
қосымша «Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын 
бағалау нормасы » .............................................................................. 
 
251 
5-
қосымша «2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын 
апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі» ………........ 
 
254 
 
 
 

 
257 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
2016-
2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының  
жалпы орта білім беретін ұйымдарында  
оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 
 
Әдістемелік нұсқау хат  
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК  
010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат.  
 

Document Outline

  • 1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
  • 2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
  • 3. https://infourok.ru/ -  ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар  сайты;
  • 4. http://abai.kz-ақпараттық-танымдық сайт;
    • Курс жүктемесінің көлемі:
  • 1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
  • 2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
  • 3. https://infourok.ru/ -  ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар  сайты;
  • 4. http://abai.kz-ақпараттық –танымдық сайт;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет