Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.12.2016
өлшемі0,8 Mb.
#705
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Теңге ілу 
 
Ойынға  қатысушылар  тепе-тең  екі  топқа  бөлінеді.Әр  қайсысы  жеке-жеке 
шыбықтан  ат  мінеді.  Ойын  кезгі  басталатын  жерге  сызық  сызылады.Одан  әрі 
20-
30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға 
он-оннан теңге салынады.Содан соң екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа 

88 
 
 
 
келіп  қатарласып  тұрады.Бастаушының  белгісі  бойынша  шыбық  аттарын 
құйғытып,  шаба  жөнеледі.Сол  беттерімен  әлгі  шұңқырға  жетіп  қол  соғып 
жібереді де, теңгені іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында 
бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңгелерінің санына қарай 
есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. 
Көтермек 
 
Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі 
бойынша кім бірін-бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді.  
Жеңіске  жеткен  бала  ойында  қала  береді  де  басқа  балалармен  бірге  күш 
сынасады.  
 
Қыз –қуу 
 
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды ағаш атқа мініп қуады.Бала қызға 
жетіп  қолынан  ұстаса  ол  жеңіске  жеткені.Кейде  қызды  2  бала  да  қуады,  қай 
бала  бұрын  жетіп  қыз  қолын  ұстаса,  сол  бала  жеңіске  жетеді.  Ал  қуып  жете 
алмаған жағдайда өлең айтып немесе би билеп өнерін көрсетеді. 
 
Түйілген орамал 
 
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына 
жинап  алады  да  «1,2,3»  -  деп  дауыстайды.Осы  кезде  балалар  жан-жаққа 
бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы 
қуалайды.Ол  орамалды  басқа  біреуге  лақтырады,  қағып  алған  бала  қаша 
жөнеледі.Осылайша  ойын  жүргізіледі,түйулі  орамалды  алғанша  қуалай 
береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. 
Одан  кейін  ойын  жүргізуші  ауыстырылады.  Ойын  ойнап  болған  соң  балалар 
шеңбер жасап тұрады.  
 
Әуе таяқ 
 
Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10-ға дейін ойыншыболады.Екі 
топқа 
екі 
таяқша 
(жұмсақ 
таяқша)беріледі,жерге 
түзу 
сызық 
сызылады.Ойыншының  біреуі  ортаға  шығады  да  бір  алақанына  зат 
жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.  
Екінші  ойыншы  зат  жасырылған  қолды  тапса,ойынды  бастаушы  сол 
болады.Сөйтіп  қолындағы  таяғын  жоғары  лақтырады.Осы  кезде  қасындағы 
ойыншы  да  таяғын  лақтырады,  қасындағы  баланың  таяғын  қағып  түсіруі 
шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.  
 
 
 
 

89 
 
 
 
Қара құлақ 
 
Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір 
баланы  қазық  етіп  белгілейді.Қазық  тұрған  жерінде  қозғалмай 
тұрады.Басқалары  әрі  кетеді.  Содан  кейін  ойынға  қатысушылар  қазықты 
алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. 
Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі ой бұл қарақұлақ 
қой!-деп  қаша  жөнеледі.Қалғандары  да  –қарақұлақ,қара  құлақ!-деп  бытырай 
қашады.Қарақұлақ  біреуін  ұстау  үшін  тұра  қуады.Ұсталған  бала  қарақұлақ 
болып,ойын әрі қарай жалғасады.  
 
Санамақ 
 
Көпшілік  қатысады.Ойынның  шарты:  ойын  бастаушы  қатысушы  бір 
адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей 
аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер 
қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің 
атын атауы керек.  
 
Ақшамшық (сақина салу) 
 
 
Бұл  –  қазақ  халқының  ерте  заманнан  келе  жатқан  дәстүрлі  ойыны.  Оны 
сақина  салу,  сақина  тастау  деп  те  айтады.  Ойынға  он-он  бес  адам  қатысып, 
ортаға бір баланы немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын 
ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне 
қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге 
салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болады, «Тұр 
сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт 
сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны 
көршісі ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.  
 
Ақсүйек 
 
Ең  алдымен,  ойнаушылар  өзара  келісіп,  жеңген  топ  үшін  жүлде 
тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының 
лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің 
қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге 
түскеннен  кейін  ғана  ойыншылар  іздеуге  шығады.  Көмбеде  топ 
басқарушылардан  басқа  ешкім  қалмайды.  Ақсүйекті  тапқан  ойыншы  ешкімге 
білдірмей,  көмбеге  қашуға  әрекет  жасайды  да,  ал  қарсыластары  біліп  қалса, 
қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған 
топтың  ойыншылары  біріне-бірі  лақтырып,  көмбеге  қай  топтың  адамы  бұрын 
жеткізсе,  сол  топ  жеңіске  жетіп,  жүлдегер  атанады.  Келесі  жолы  ақсүйекті 
екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын жалғаса береді.  

90 
 
 
 
Сиқырлы таяқ 
 
Ойнаушылар  қол  ұстасып,  дөңгелене  шеңбер  жасап  тұрады.  Қолында 
таяғы  бар  ойын  жүргізуші  шеңбердің  ортасына  келеді  де,  ойынның  тәртібін 
түсіндіреді.  Ойнаушыларды  бірден  бастап  түгел  нөмірлеп  шығады.  Ойынның 
шарты  бойынша  ойын  жүргізуші  қолындағы  таяғын  шеңбердің  ортасында  тік 
ұстап  тұрады  да,  бір  нөмірді  атап,  таяқты  қоя  береді.  Аталған  нөмір  таяқты 
жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда 
айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға 
қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек. Ал 
одан  әрі  ойынды  жалғастыру-жалғастырмау  ойнаушылардың  өз  еркінде. 
Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді. 
 
Арқан тартыс 
 
Бұл  ойынның  екі  түрі  бар.  Біріншісі  жазда  көгал  үстінде,  екіншісі  қыста 
қар  үстінде  ойналады.  Жазда  ойыншылардың  саны  10  баладан  кем  болмаса, 
ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан 
әзірленеді.  Оның  тең  ортасына  белгі  ретінде  қызыл  матаны  байлап  қояды. 
Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын 
бастауға  белгі берілгенде  арқанды өз жағына  қарай  тартады. Қыста он-он бес 
бала  тартқанда  үзілмейтін  арқан  таңдап  алынып,  үлкен  адамның  алақанының 
көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ 
оны өзіне қарай құлату үшін тартады. 
 
 
Тымпи 
 
Тымпи  –  ойынға  қатынасушылар  шеңбер  жасап,  дөңгелене  отырады.  Бір 
баланы ойынды жүргізуге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел 
тым-тырыс  тымпи!»  -деп  бұйырады.  Бұдан  кейін  бірде-бір  ойыншы  дыбыс 
шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті.  Ол адам 
күлерлік  қимыл-қозғалыспен  әзіл-қалжың  сөздерді    айтып,  қалай  да  біреуді 
күлдірудің  амалын    іздейді.  Қалжың  жыр  да  айтады.  Ешқайсы  шамданбайды. 
Өйткені  ойынға  қатынасушылардың  аты  қалжың  өлеңге  қосылмауы  керек. 
Әзілі  де,  сықағы  да  өтпесе,  бет-аузын  тыржыңдатып,  әр  түрлі  құбылтады. 
Қолайсыз  қимылдармен  құбылыстар  жасап  қозғалады.  Жаңылыстыру  үшін 
неше алуан сұрақтар қояды.  Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, 
айып  тартады.  Өлең  айтады,  ән  салады  не  би  билейді.  Сондықтан  ойынды 
жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі бала болуы керек. 
 
 
 
 

91 
 
 
 
Көрші ойыны 
 
Көрші ойынын үлкен бөлмеде немесе  таза ауада көгалды жерде өткізуге 
болады.  Ойыншылар  саны  10-нан  30-ға  дейін  болуы  керек.  Яғни  екі  топтың 
балаларын  қосып  ойнатуға  да  болады.  Ойыншылар  дөңгеленіп,  екі-екіден 
шеңбер  құрып  отырады.  Тағы  бір  бала  ортаға  шығып,  жұп  болып  отырған 
ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?» - деп сұрайды. 
Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ 
қоюшы  бала  оның  қасындағы  көршісін  орнынан  тұрғызып,  соның  орнына  өзі 
отырады.  Орнынан  тұрған  адам  ортаға  шығып  басқа  бір  жұптан  «Көршіңмен 
татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді. 
Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған 
баланы  жібергісі  келмесе,  онда  сұрақ  қоюшы  адам  оны  жазалайды.  Ол  ән 
салады, би билейді,  болмаса  әңгіме,  ертегі, жаңылтпаш  айтып  береді.  Осылай 
ол  көршісін  алып  қалады.  Егер  ойыншы  бұл  тапсырманы  орындай  алмаса,  өз 
орнын  сұрақ  қоюшы  адамға  береді  де  өзі  соның  міндетін  атқаруға  кірісіп 
ойынды қайтадан бастайды. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.
 
 
«Жаңылма» - ұлттық ойын 
 
Бір топ бала көгалды алаңға жиналып, қол ұстасып, дөңгелене тұрады да, 
ортасынан  санамақ  айтып  бір  баланы  ортаға  шығарады.  Шыққан  бала  өлең, 
тақпақ,  әңгіме  айтып  тұрып  кез-келген  жерінде  жата  қалады,  не  болмаса 
құлағын  ұстайды,  басын  сипайды,  тағы  сол  сияқты  іс-әркеттерді  жасайды. 
Оның  өлең,  тақпақ,  әңгіме  айтып  тұрып  істеген  қимылдарын  қайталай  алмай 
қалған бала айыпты болып, өлең айтады, билейді, әңгіме айтып күлдіреді. 
Ойын  балаларды  шығармашылыққа,  ынтымақтастыққа,  аңғарымпаздыққа 
үйретеді. 
 
Білектесу 
 
Бір  столдың  шетіне  қарама-қарсы  отырған  екі  бала  оң  қолдарының 
шынтағын  столға  тіреп  қояды  да,  бірінің  қолын  бірі  алақандастыра  мықтап 
ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. 
Осылай  ұстасып  алған  екі  палуан  бала,  ойын  бастаушы  команда  берісімен, 
шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсыласының тіреулі қолын шалқасынан 
түсіруге  ұмтылады.  Білегі  тайып  жантайған  бала  жеңіледі.  Бұл  білек  күшінің 
жетілуіне көмектеседі. 
 
Шалма  
 
«Шалма»  -  ойынына  екі  бала  қатысады  да,  қалғандары  көріп,  тыңдап 
отырады.  Ойын  үйде,  аулада  өте  береді.  Ойыншылар  біріне-бірі  қарсы  қарап 
отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі 

92 
 
 
 
ұшын  біріктіріп  түйеді  де,  екі  қолға,  яғни  төрт  саусаққа  кигізеді,  ортаңғы 
саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады. 
Екінші  жағдайда,  келесі  ойнаушы  басбармақ  және  сұқ  қолымен 
ыңыршақтың  екі  жақ  керегесінің  үстінен  астына  қарай  алып,  «кереге» 
шығарады.  Үшінші  жағдайда  керегені үстінен  астына  қарай  алып,  «шаңырақ» 
шығарады.  Төртінші  жағдайда  шаңырақты  екі  шынашақпен  айқастыра  іліп 
алып,  «астауша»  шығарады.  Бесіншіде  «кереге»  қайталанады,  алтыншыда 
«шынтақ»  шығады.  Енді  әрі  қарай  жалғастырып  ойнай  берсе  -  «астау», 
«кереге», «шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді. 
Ойлы  ойыншылар  бұл  бейнелердің  жаңа  көріністерін  өзінше  өрнектеп 
кеңейте беруге тырысады. 
Бұл  жас  өспірімдердің  тұрмыстағы  үй  жабдықтарын  қалай 
пайдаланатындықтарын  көз  алдына  елестетіп,  соларды  өзі  жасағандай 
әсерлендіре  түседі.  Балалардың  қиялын  қозғап,  шығармашылық  ізденіске,  ой-
жүйелерін дамытуға үлкен көмек береді.  
 
Сақ құлақ 
 
Сақ  құлақ  -  ұлттық  ойын.  Бұл  ойынның  әрбір  қимылы  сөйлеп  жүріп 
орындалады. «Сақ құлақ» ойынын қазір көбінесе «Телефон» деп атап жүр. Біз 
оның ескі атауымен аталуын жөн көрдік. Қатысушылардың арасынан бір бала 
ойын  жүргізуші  болады.  Ойнаушылар  қаз-қатар  түрегеліп  тұрады  немесе 
қатарласа  отырады.  Бірақ  бір  ойыншы  мен  екінші  ойыншының  арасы  бір 
метрдей  алшақ  болуға  тиіс.  Ойынды  бастаушы  (І-ойнаушы)  естілер-естілмес 
дауыспен  бір-екі  сөзді  бірақ  рет  айтып  қалады.  Сол  сөзді  қағып  алған  екінші 
ойнаушы  үшіншіге,  үшінші  төртіншіге,  төртінші  одан  әрі  тез-тез  айтып,  онан 
әрі  жеткізе  береді.  Олардың  бәрі  сөздерді  бір  рет  қана  айтып,  тым-тырыс 
отырады. 
Айтылатын сөйлем екі не үш сөзден құралған шағын болуы керек. Оның 
бір мүшесі өз құрамындағы дауысты немесе сөз басындағы ұяң дыбыстардың 
естілу  жөнінен  екі  ұшты,  яғни  басқа  бір  дыбысқа  ұқсас  сөз  болуы  қажет. 
Мысалы, тарғақ көрдім - жарғақ көрдім, борсық көрдім, т.б. 
Ең соңғы ойнаушы ойын бастаушыға сыбырлап өзіне жеткен сөзді айтады. 
Егер  сөз  дұрыс  жеткен  болса,  ойын  тағы  да  үш  рет  басқа  сөздермен 
қайталанады.  Егер  сөз  бұзылып  жеткен  болса,  бастаушы  соңғы  ойнаушыдан 
бастап  І-ойыншыға  қарай  сыбырмен  ғана  тыңдап,  сөзді  бұзушы  кім  екендігін 
анықтайды.  Сөз  бұзған  ойнаушы  ең  аяққа  барып  тұрады  да,  екі-үш  ауыз 
жаңылтпашты  қайталап  дұрыс  айта  алмаса,  ұпай  тартады.  Ұпай  келісім 
бойынша не өлең айту, жұмбақ шешу немесе бір өнер көрсету (мысалы, сурет 
салу, үлгі қию, есеп шығару т. б.) арқылы орындалады. 
Ойын  жас  өспірім  балалардың  зердесін  дамытып,  өнерге  деген 
құштарлығын арттырады. 
 
 

93 
 
 
 
Кім жылдам? 
 
Ежелгі  ойындардың  бірі  -  Кім  жылдам?  Ойын  аулада,  спорт  залында, 
бөлмеде  ойнала  береді.  Ойыншылар  ойынға  екі-екіден  қатысады.  Ортаға 
шыққан екі бала бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының 
арасын  иықтарының  деңгейімен  бірдей  етіп  ұстайды.  Сонан  соң  ойын 
жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, 
үш»  деп  санайды.  «Үш  дегенде  кім  еңкейіп  белбеуді  бұрын  алса,  соның 
жеңгені.  Бұл  адамның  өз  денесін  еркін  меңгеріп,  тез  қимылдауының 
нәтижесінде  жүзеге  асады.  Ойынға  басқа  ойыншылар  шығады.  Ойын  жалғаса 
береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең 
соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол 
жеңімпаз атанады. 
 
Үш орындық ойыны 
 
Үш орындық ойының кең бөлмеде, спорт залдарында ойнауға болады. Ол 
үшін  ортаға  үш  орындық  қойылады.  Ойынға  қатысушылардың  санына 
байланысты  орындықтың  көбейе  түсуі  мүмкін.  Ойын  жүргізушінің  берген 
белгісі  бойынша  ойыншылар  ортада  тұрған  орындықтарды  айнала  жүгіреді. 
Ойын  қыза  бастағанда  жүргізуші  отырыңдар  деген  белгі  береді.  Сол  кезде 
ойыншылар  орындықтарға  отырыса  қалады.  Ал  орындыққа  отырып  үлгере 
алмағандар,  ойыннан  шығады.  Енді  орындықтың  бірі  алынып  қойылады  да, 
ойыншылар  қалған  орындықты  айнала  жүгіреді.  Ойын  бір  орындық  пен  екі 
ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. 
Сонан  соң  ойын  қайта  басталады  да,  артынан  жеңімпаздар  арасында  өзара 
тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр 
топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі. 
Ойынға  қатысушылардың  жылдамдығы,  жеңіске  деген  ұмтылысы  артып, 
ерік, қайраттары шыңдала түседі. 
 
Жүйріктер жеңеді 
 
«Жүйріктер жеңеді» - ұлттық ойын. Ойынға қатысушылар көк және сары 
топ  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Бір  төбенің  үстіне  ойыншыларға  түгелдей 
жетерлік мөлшерде көк және сары таяқшалар тасталады. 
Ойынды  жүргізуші  ретінде  басқарушы  тағайындалады.  Ол  төрешілік 
міндетті  қоса  атқарады.  Төрешінің  белгісі  бойынша  ойынға  қатысушылар 
белгіленген  көмбеге  қарай  тұра  жүгіреді.  Жеткен  ойыншы  өз  командасының 
түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды. 
Қай  түсті  топтың  ойыншылары  өз командасының бояуына  сәйкес  таяқты 
белгілеген  мерзімге  көбірек  алып  келсе,  сол  топ  жеңеді.  Ойын  балаларды 
белгілі бір мақсатта ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.  
 

94 
 
 
 
Шүлдік ойыны 
 
Жазық  алаңда  ойналатын  жас  өспірімдер  ойынының  бірі  -  «Шүлдік» 
ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) керек. 
«Шүлдікті» ойнау үшін үлкен шеңбер сызылады, ортасына шүлдік қойылатын 
шұңқыр  қазылады,  шүлдік  шұңқырдың  ішіне  емес,  үстінде  жатуы  керек.  Әр 
ойыншының  қолында  ұзындығы  бір  метрдей  таяғы  болуы  керек.  Ойынға 
қатынасушылардың  санына  шек  қойылмайды.  Ойнаушылардың  санына  қарай 
екі топқа бөлінеді. 
Бірінші  болып  кезек  алған  топтың  ойыншысы  «шүлдікті»  қолындағы 
таяғымен  жерден  көтеріп  алып,  жерге  түсірмей  соғады  да,  таяғын  шеңбердің 
үстіне тастайды. Ал екінші болып кезек алған ойыншы шүлдікті түскен жерінен 
алып, қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп, шеңберге қарай лақтырады. 
Лақтырған  кезде  таяққа  тигізсе,  я  болмаса,  шеңбердің  ішіне  түсірсе,  онда 
соғушы  ойыншы  ойыннан  шығып  қалады.  Шүлдікті  бірінші  болып  жерден 
көтеріп,  жерге  түсірмей  соққан  кезде  ойыншы  тигізе  алмаса,  ол  да  ойыннан 
шығып  қалады.  Ал  лақтырған  ойыншы  не  таяққа  тигізе  алмай  не  болмаса 
дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы енді «шүлдікті» 
шекіп  соғады,  әр  соққанда  үш  реттен  соғады.  Сөйтіп,  «шүлдік»  қай  жерге 
барып  түссе,  сол  жерден  дөңгелек  сызыққа  дейінгі  қашықтықты  таяғымен 
өлшеп  шығады  да,  екінші  ойыншыға  ұпай  мөлшерін  белгілейді.  Бірінші 
ойыншы әлгі себептермен ойыннан шығып қалса, онда екінші ойыншы соғушы 
болады,  ол  шығып  қалса,  үшінші  ойыншы  соғушы  болады.  Ойын  осылайша 
барлық ойыншы ойнап болғанша, жалғаса береді. 
Ойынның  шарты  бойынша  шекіген  кезде  «шүлдікке»  тимей,  таяғы  жер 
қауып  қалса,  ұпайы  күйіп  кетеді.  Шүлдікті  екінші  рет  шекіген  ойыншы,  оны 
қолымен ұстап қойса, онда да оның ұпайы күйіп кетеді. Сондықтан «шүлдікті» 
тек үшінші рет шекігеннен кейін ғана ұстауға болады. 
«Шүлдік»  ойыны  ойнаушылардың  қолдарының  бұлшық  етін  жетілдіріп, 
жылдамдыққа үйретеді, «Шүлдікті» сызықтың үстіне түсіруге ұмтылу арқылы 
көз мөлшері, дәлділік пен мергендік қабілеттері жетіледі.  
 
Жапалақтар мен қарлығаштар 
 
Жапалақтар  мен  қарлығаштар  -  ұлттық  ойын.  Ойын  кең,  жазық  алаңда 
өтеді.  Ойынға  қатынасушыларға  шек  қойылмайды.  Ойнаушылар  екі  топқа 
бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын  қаратып,  екі  сан  құрып  тұрады.  Бір 
қатардағыларды жапалақтар, екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан 
біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп 
отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар (үзіліс) -лы - ғаш немесе жа..., ал 
сөз  аяғын  айтпайды.  Сонда  аты  аталған  топ  бытырап  қаша  жөнеледі  де,  аты 
толық  аталмаған  топ  оларды  қуады.  Ұсталған  ойыншы  ұстаған  топтың 
ойыншыларының қатарына қосылады. 

95 
 
 
 
Ойын  тәртібі:  қашушылар  мен  ұстаушылар  алдын  ала  келісілген  белгі 
бойынша  ұсталғанын  мойындайды.  Ол  үшін  қашушы  ойыншы  қолын  тигізсе 
болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған 
қарай шешеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

96 
 
 
 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 

Түсіндірме жазба 
3 

Өлеңдер 


Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар 
39 

Әңгімелер 
50 

Ертегілер  
53 

Ұлттық ойындар 
80 

Пайдаланылған әдебиеттер    
142 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

97 
 
 
 
Разработана на базе республиканского центра «Дошкольное детство» 
Министерства образования и науки Республики Казахстан 
 
 
 
 
Рецензенты: 
А. Ж. Салиева , д.п.н.  
М.И.  Махамбетова, заведующая 
С.Д. Дүйсенбенова, методист 
 
 
 
 
Хрестоматия к общеобразовательной учебной программе дошкольного 
воспитания и обучения
 
. Астана – 2016г – стр.
 
 
 
 
 
 
В  данном  сборнике  детям  дошкольного  возраста  предложены  жанры  произведений 
художествнной литературы для чтения, заучивания, пересказывания.  
Хрестоматия адресована педагогам системы дошкольного образования и родителям. 
Хрестоматия  рекомендации  рассмотрены  и  рекомендованы  Научно-методическим 
советом Республиканского центра «Дошкольное детство» МОН РК (протокол №5 от 5 июля 
2016 г.) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Республиканский центр 
«Дошкольное детство», 2016 
 

98 
 
 
 
Пояснительная записка 
 
В  данной  хрестоматии  материал  отобран  с  учетом  возрастных 
возможностей  детей,  в  соответствии  с  принципом  усложнения  для  развития 
ребенка  дошкольного  возраста.  В процессе  приобщения их  к  художественной 
литературе  дети  устанавливают  разнообразные  смысловые  связи  внутри 
произведения,  различают  жанры,  появляется  способность  замечать  отдельные 
выразительные средства языка.  
Цель:  сопровождение  и  обогащение  образовательного  процесса 
необходимым  методическим  материалом  (фольклорным,  художественным, 
прозаическим  и  поэтическим,  из  области  искусства  -  произведениями 
писателей)  работников  системы  дошкольного  воспитания  и  обучения  для 
непосредственного применения их в практику работы.  
Задачи: 
 
обеспечение  благоприятной  социализации  и  усвоению  детьми 
ключевых  компетентностей,  базирующихся  на  общечеловеческих  и 
национальных ценностях; 
 - 
реализация педагогических принципов гуманизации, преемственности, 
последовательности, системности; 
 - 
обеспечение  единства  воспитательных,  развивающих  и  обучающих 
задач, воспитания и обучения детей.  
Одной  из  главных  задач  является  заложить  основу  литературного 
развития детей, становления в них будущих читателей. 
Составители  данной  хрестоматии  делают  акцент  на  художественной 
ценности отдельных произведений - образной выразительности стихотворения, 
неожиданном  развитии  сюжета  в  рассказе;  предлагают  создавать  условия  для 
сочинения  детьми  сказок  по  аналогии  с  народными  и  авторскими,  проводить 
словесные  игры  с  рифмами,  составление  сюжета  по  условию.  Рекомендуемая 
литература  представлена  таким  образом:  фольклор;  произведения  писателей; 
поэзия.  
Хрестоматия направлена на воспитание у детей интереса и любви к книге, 
умения  ее  слушать,  понимать,  эмоционально  откликаться  на  воображаемые 
события,  сопереживать  героям.  На  протяжении  всего  дошкольного  возраста 
воспитывается  тяготение  к  постоянному  общению  с  книгами,  ориентировка  в 
содержании  и  стиле  произведений  (сказочные,  приключенческие, 
исторические, лирические, фантастические), воспитание у детей способности и 
умения  эстетически  воспринимать  произведения  литературы,  развитием  их 
художественно-речевой деятельности. 
Ожидаемые результаты: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет