Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата30.12.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ  

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ 

________________________________________________ 



 

Әдістемелік ұсыным  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА  

2014 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

 

Р. Х. Айтмағанбетова, пед. ғылым. канд., доцент 

Н. Ғ. Юсупова, балабақша меңгерушісі  

Ж. Г. Махмутова, әдіскер  

                      

 

                                                                             

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың 

инновациялық әдістері әдістемелік ұсынымы. – Астана, 2014. – 28 бет. 

 

 

 

 



 

Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың 

инновациялық  әдістерін енгізу және қолдану бойынша  материалдар берілген  және мектепке дейінгі 

оқыту мен тәрбие сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.  

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог қауымға, педагогикалық жоғары оқу орындары 

мен колледж студенттеріне арналған.  

 

 

 



 

 

 

«

Мектепке дейінгі балалық шақ  

республикалық орталығы», 2014 

 

 

 


 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 



 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Қазір  білім  мен  ғылым    саласында 

инновациялық  педагогикалық  технологиялар  қаншалықты    маңызды  болса, 

мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де  педагогикалық 

технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.   

Білім    беру    саласы    қызметкерлерінің    алдына    қойылып    отырған  

міндеттердің    бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және 

қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеру.  Бұл  педагогтардың 

мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  балалардың  жеке  басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу 

сауаттылығына да байланысты. 

Педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай 

жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. 

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, 

сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім 

беру 

реформасының 



басты 

мақсаттарының 

бірі 

− 

инновациялық 



технологияларға  сүйене  отырып,  баланың  бойында  шығармашылық  ойлауды, 

бастамашылдықты  дамытуға  мүмкіндік  жасау,  тұлғаның  үйлесімді  дамуына 

қолайлы жағдай туғызу – ең негізгі міндеттер деп айқындалған. 

  Жоғарыда  келтірілген  мәселелерді  ескере  отырып,  «Мектепке  дейінгі 

ересек  жастағы  балаларға  мемлекеттік  тілді  оқытудың  инновациялық  әдістері 

әдістемелік ұсынымын» әзірлеп, ұсынып отырмыз.   



Мақсаты:  мектепке  дейінгі  ұйымда  ересек  жастағы  балаларды  

инновациялық  әдістерді  қолдану  арқылы  мемлекеттік  тілді  меңгертудің 

жолдарын көрсету.   

Міндеттері: 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  мемлекеттік  тілге  үйретуде 

педагогтардың тәжірибесін зерделеу; 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  танымдық-тілдік  құзыреттілігін 

қалыптастырудың  инновациялық әдістерін талдау;  

 - қазақ тілін үйренуде мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын  

дамыту шарттарын анықтау.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

ИННОВАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 

 

Инновация  –  латын  тілінен  аударғанда  «жаңа»,  «жаңарту»,  «жаңалық» 



дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет 

шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш 

ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. 

Қолдану  ерекшелігі  мен  орнына  байланысты  жаңалық  енгізудің  бірнеше 

түрлері ажыратылады: 

1.Технологиялық 

инновациялар 

– 

өнімдерді, 



өндірістің 

жаңа 


технологияларын  дайындаудың  жаңа  тәсілі.  Бұл  жаңалықтар  білім  беру 

саласында  оқытуда  қолданылатын  әртүрлі  технологиялық  құралдар  мен 

жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға 

ену және бағдарламалық қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. 

2.  Әдістемелік  инновациялар  –  сабақ  беру  мен  білім  алу,  тәрбиелеу  және 

оқыту әдістемесі, оқыту және оқу саласындағы инновациялар. Олар білім беру 

саласында  ең  көп  таралған,  жаратылыстану  ғылымилық  және  гуманитарлық 

пәндерді  оқытуды  мектепке  дейінгі  тәрбиеден  бастап  жоғары  білімге  дейін 

оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды. 

3.  Ұйымдастырушылық  инновациялар  –  еңбекті  ұйымдастырудың  жаңа 

формалары мен әдістерін орнықтыруға қатысты. 

Ал,  білім  беру  технологияны  пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді 

қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. 

Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және 

оқытудың  жаңа  технологияларын  оқыту  үдерісіне  тиімділікпен  енгізу  жолын 

негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы 

балалардың  өзін-өзі  дамытуға  қатысуын  мүмкін  етеді.  Жаңа  педагогикалық 

технологиялар  жүйесін 

қалыптастырған 

еңбектер 

мен 

зерттеулерде 



қазақстандық білім беру ұйымдарының болашағына игі ықпалын тигізер жолдар 

мен бағыттар да айқындалды. Баланы білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, 

сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең 

ойлай  алуы  мен  шебер  сөйлеуін,  сауатты  жазу  тілін  дамытып,  оқу  барысында 

алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай 

әрі  дұрыс  қолдана  алатын

 

дәрежеге  жеткізу  –  жаңа  педагогикалық 



технологиялардың негізгі мақсаты. 

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру 

жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі, 

осыған  орай  мектепке  дейінгі  мекемелердің  тәжірибесіне  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  әр  түрлі  технологиялары  жасалып  енгізілуде.  Олар    Монтессори 

технологиясы,  Н.  Зайцев,  Ф.  Фребель  жүйесі  бойынша  Вальдорфский 

педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу материалдары қолданылады.  

Модельдеу,  жобалық-зерттеу,  интеллектуалдық-ойын  тәсілдері  негізінде 

құрылған  интеллектуалдық  технологиялар  айрықша  қызығышулық  тудырады. 

Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға 

жан-жақты  дамытуға  бағытталған.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру 


 

үдерісіне 



инновациялық 

технологияларды 

ендіру 

әрбір 


баланың 

интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.  

Оларға 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге, математикаға, логикаға 

оқытуға  арналған  «E-Blocks»  интерактивті  бағдарламасымен  қамтамасыз  ету; 

оқыту  кешендері,  балалардың  жан-жақты  дамуына,  тілдерге  ерте  оқытуға, 

Қазақстан  халқының  мәдениеті  мен  ұлттық  мәдениетті  оқытуға  бағытталған 

оқыту кешендері: сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»; сөйлейтін қаламы 

бар «ZEREK»; «Интерактивті дыбыстық картасы» жатады. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  педагогикалық 

технологиялардың бірнеше түрлері қолданылады.  



Тұлғалық-бағдарлы технологиялар  

Бұл  технологиялар  білім  беру  жүйесінің  ортасына  бала  тұлғасын  қояды, 

даму  жағдайына  жайлы,  жанжалсыз  және  қауіпсіз  жағдайлармен  қамтамасыз 

етіп, табиғи шығармашыл әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық 

қарым-қатынасына  басымдығына  ерекше  көңіл  аударып,  іс-әрекет  субъектісі 

ретінде баланың жан-жақты, еркін және шығармашылықпен дамуын мақсат етіп 

қояды.  

Басқа да тұлғалық-бағдарлық технологиялар бар: 



Зерттеушілік (мәселелік-ізденушілік).  

Бұл  технологияға  тән  сипат  педагогтің  «жаңалықтар  ашу  арқылы  оқыту» 

үлгісін жүзеге асыру болып табылады.  

Коммуникативті (пікір-талас). Бұл технологияның ерекшелігі  зерттелетiн 

сұрақтар  бойымен  әр  түрлi  пiкiрлерді  сипаттайтын,  оларды  салыстырып, 

пiкiрсайыстарды шынайы пiкiрдi талқылау арқылы iздестiру болып табылады.  

Имитациялық үлгілеу (ойын). 

Бұл  технологияға  тән  ерекшелік  білім  беру  кеңістігінде  өмірлік  маңызды 

кәсіби қиыншылықтарды үлгілеу және оларды шешу жолдарын іздестіру болып 

табылады.  



Психологиялық (өзін-өзі анықтау). 

Берілген  технология  осы  немесе  басқа  білім  беру  іс-әрекетін  орындау 

бойынша баланың өзін-өзі анықтауын жүзеге асырады. 

Іс-әрекеттік. 

Бұл  технологияға  тән  сипат  баланың  алдағы  іс-әрекетті  жобалап,  оның 

субъектісі болумүмкіндігі болып табылады.  

Рефлексивті  

Бұл  технологияның  ерекшелігі  баланың  іс-әрекетті  яғни,  қандай  тәсілдер 

арқылы нәтижелер алынды, соның барысында кездескен қиыншылықтар, олар 

қалай шешілді және бұл ретте ол не сезінгенін түсінуі болып табылады.  

Егер  барлық  технологиялардың  ерекшеліктерін  біріктірсек,  онда 

интегралды технология пайда болады. Интегралды технологияның өкілдерінің 

бірі жобалық іс-әрекет болып табылады, оның негізіне белгілі мәселені шешуге 

іріктеліп алынған жоба жатады.  

Проблемалық-жобалық технологияның мәні белгілі бір мәселелерді шешу 

және  жолдарын  іздестіруге  балалардың  қызығушылықтарын  ынталандырудан 



 

құрылады.  Ол  балалардың  танымдық  материалда  проблеманы  анықтап, 



педагогпен  бірге  белгілі  бір  жобаны  әзірлеп,  оның  шешу  жолдарын  бірігіп 

табуды баяндауын болжайды.  

Жобамен жұмыс істеу нәтижесінде баланың ойы белсендіріледі, білім, білік 

дағдыларын шебер меңгеруі жүзеге асады.  

Берілген  технологияны  қолдану  дербестікке  үйретеді,  шығармашыл 

бастамашылығын  дамытады.  Қоршаған  ортамен  таныстыруда,  ойындар  мен 

еңбек  іс-әрекеттерін  ұйымдастырғанда,  қарапайым  математикалық  түсініктері 

мен әңгімелесу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.  



Ойын технологиялары 

Заманауи  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  ойын  іс-әрекеті  тұтас 

коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын 

ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі 

басқа  әдістерден  айрықша  ерекшеленеді,  ол  балаға  зерттелетін  құбылыстың 

қызметіне  қатысуына,  біршама  уақыт  «нақты»  өмірлік  жағдайларда  өмір  сүру 

мүмкіндігін береді.  

Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. 

Балалармен  жұмыс  барысында  ойындар:  бөлме,  көше,  компьютер,  заттармен 

және  заттарсыз,  үстел  үстіндегі  баспа,  басқару  тетігі  бар  ойындар  және  т.б. 

қолданылады.  

Ойын  технологияларының  мазмұнына  ойын  іс-әрекетінің  басқа  да 

тәсілдерімен  үйлесімділігінде  түрлі  компоненттерді  қолдану  кіреді:  сұрақтар, 

нұсқаулар,  түсіндірмелер,  анықтамалар,  көрсетулер.  Оқытудың  ойын  түрін 

ұйымдастыруда  балаларды  танымдық  іс-әрекетке  ынталандыруға  қозғаушы 

құрал ретінде ойын уәждемелерінен құрылады. Заманауи ойын технологиялары 

күрделі  ойлау  операцияларын  шешуді  болжайды:  трансформация  (аударма, 

таңбалар мен сөздер), түсіндіруге арналған міндеттер (мағынасын, мәнін және 

т.б. түсіндіру).  

Ақпараттық технологиялар 

«Заманауи ақпараттық технологиялар баланы қоршаған ортаның терезесі 

секілді» 

Ақпараттық  технологияларға  барлық  арнайы  техникалық  ақпараттық 

құралдарын қолданатын технологиялар жатады.  

Ақпараттық-коммуникативті  технологиялар  (АКТ)  жаңа  білім  беру 

тәсілдерін  анықтайды.  Олар  баланың  дамуы  мен  оқытудың  сапалы  жаңа 

мазмұнына сәйкес келеді.  

Ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  ақпараттармен  жұмыс  істеу 

іскерліктері  қалыптасады,  коммуникативті  қабілеттері  дамиды,  «ақпараттық 

қоғамды» табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып, зерттеушілік іскерліктері 

мен  тиімді  шешімдерді  қабылдау  қабілеттері  қалыптастырылады.  АКТ-ны 

дәстүрлі тәрбиелеу және оқыту әдістемелерімен, сонымен қатар, педагогикалық 

инновациялармен  үйлесімді  біріктіргенде  оқытудың  тиімділігін  айтарлықтай 

арттыруға,  қоршаған  ортаны  тұтастай  қабылдауын  қалыптастыруға 

мүмкіндіктер  туғызады.  Компьютерлік  технологияларды  қолдану  жеке  алған 



 

білімдерін емес, тұтас, бірімен тікелей байланысты, мөлшерленген және арнайы 



ұйымдастырылған  жүйені  болжайды.  Қоғамның  заманауи  талаптарына  сәйкес 

АКТ-ны  қолдану  білім  беру  қызметінің  сапасын  арттыруға,  мектепке  дейінгі 

білім  беру  мазмұнын  жаңа  перспективалық  мүмкіндіктерімен  толықтырып, 

кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  ақпараттық  технологиялардың 

мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді: 

-  компьютер,  проектор,  экрандар,  сенсорлық  интерактивті  тақталармен 

жабдықталған мультимедиалық кабинеттер;  

- компьютерлік дамытушы ойындар

- балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын 

анимация элементтері бар видео және фото материалдар.  

Балабақшадағы  сабақтардың  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  олар  дыбыс  және 

видеожазбаларды,  үлкен  иллюстрациялы  материалдарды  қолдана  отырып, 

сезімге  толы  болуы  тиіс.  Бұның  бәрін  мультимедиалық  мүмкіндіктері  бар 

компьютрлік техника қамтамасыз ете алады. Бұл жерде компьютер тәрбиешіні 

ауыстырмай,  тек  толықтырып  тұруы  тиіс.  Сондықтан  компьютерлік 

технологияны білім беруге ендіру – қисынды және заманауи ақпараттық әлемді 

тұтастай  дамытуға  қажетті  адым.  Сонымен,  есту  және  көру  арқылы  әсер  ете 

отырып,  мультимедиалық  технологиялар  жаңа  мүмкіндіктер  мен  ақпараттар 

алуға  жағдайлар  жасайды.  Бірақ,  дидактикалық  құрал  ретінде  қолданылатын 

заманауи  ақпараттық  технологиялар  сабақта  балаларды  қоршаған  ортамен 

таныстыру  барысында  оң  нәтижеге  тек  жасына  сәйкес  жұмыс  түрлері  мен 

әдістерін тапқанда ғана қол жеткізеді.  

Проблемалық оқыту технологиясы  

Проблемалық  оқыту  технологиясы  –  баланы  өз  бетімен  ізденуге  үйрету, 

танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Яғни,  балалардың 

белсенділігін  арттыру,  оқу  материалына    баланы  қызықтыратындай  мәселе 

тудыру,  бала  материалды  сезім  мүшелері    арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды, 

білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды 

өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 

Проблемалық  оқытуды    ойдағыдай  іске  асыру  үшін  балаларға    ұсынатын 

өзекті  сұрақтар  жүйесін  жасап  ұсыну  қажет.  Және  де  кез-келген  сұрақ  өзекті  

бола  алмайды.  Өзекті  сұрақтың  жауабы  дайын  емес  немесе  жоқ,  оны  бала  өзі 

іздеп табуы қажет. Пайда болған мәселе баланы ойлануға оның жауабын іздеуге 

итермелеуі қажет. Бұл жерде балаға шешуге берілген өзекті сұрақ балаға шешуі 

қиын  болуы,  екінші  жағынан  баланың  жасына  оның  сана-сезіміне,  біліміне 

лайықты  болуы  қажет.  Осындай  өзекті  жағдай  туғызып,  сұрақ  қою  – 

проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. 

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға 

жеткіліксіз  екенін  анықтайды  да  ізденіс  жолына  белсенділікпен  түседі.  Ал, 

үшінші  кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді 

меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде 


 

дұрыс  жауапты  тексереді,  алғашқы  гипотезамен  салыстырады,  алынған  білім 



мен білікті қорытындылайды, жинақтайды. 

   Проблемалық оқытудың жақсы жақтары: 

-

         



балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырады; 

-

         



білім алуға қызығушылығын арттырады

-

         



оларды өздігінен саналы ізденуге үйретеді; 

-

         



білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізеді. 

Өздігінен даму технологиясы – бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке 

тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда 

оқыту  бала  дамуына  сәйкес  табиғи  болуы  керек,  сонда  ғана  бала  өзін  дамыта 

алады.  


Бұл  технологияның  ерекшелігі  оқытудың  бірыңғай  бағдарламасы 

болмайды,  әркім  табиғат  берген  даму  жолымен  жүреді.  Балабақшада  сабақ 

болмайды  әр  күн  жалпы  жиыннан  басталады  және  жиыннан  кейін  әркім  өз 

еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай 

үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін-

өзі бағалайды. 



Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан 

қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту 

мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни 

бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке 

басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, 

ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. 

Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты  −  баланы  азамат  етіп  тәрбиелеу, 

олардың  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту,  баланың  жаны  мен 

жүрегіне жылылық ұялату. 

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы – білім, білік, дағдыны меңгерту 

болып  табылады.  Әр  баланы  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарай  оқыту, 

балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  −  оқытудың  тұтас  технологиясын 

жобалау,  алға  қойған  мақстқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  процесті 

ұйымдастыру,  тәрбиешіге  нәтижені  талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені 

таңдау  және  құру.  Балалармен  жүргізілетін  жұмыстарда  кездесетін 

қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру. 

Дамыта  оқыту  технологиясы  –  баланы  оқыта  отырып,  дамыту.  Бала 

бойында  еркіндік,  мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік, 

адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. 

Аталған  педагогикалық  технологиялар  мен  инновациялық  құралдар 

балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыға балалардың қабылдау 

мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі 

балалардың  есте  сақтау  қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз  келеді. 

Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес,  



 

мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-әрекеттеріне  көрнекілік,  ойын 



технологиясын кеңінен қолданған жөн. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ  



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

«Технология»  сөзі  –  гректің  «шеберлік,  өнер»  және  «заң,  ғылым» 

сөздерінен шыққан – бұл шеберлік туралы ғылым.  

 

Кез-келген технологияның маңызы 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Инновациялық  технологиялар  –  тәрбиелеу  мен  оқытуға  қойылған 

мақсаттарға  жетуге  бағытталған  заманауи  әдістер  мен  ұтымды  тәсілдердің, 

тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының 

жүйесі.  

Инновациялық  технология  –  алға  қойған  мақсатқа  жетудің  тиімділігін 

қамтамасыз  ететін  оқудың  әдіс-құрал  және  түрлерінің  жүйесі  арқылы  оқыту 

мазмұнын  жүзеге  асыру  жолы  болып  табылады.  Инновациялық  технологияда 

мазмұн,  әдіс  және  құралдардың  өзара  байланысы  десек,  ал  аталған  озық 

әдістемені  қажетінше  педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу  педагогтың 

педагогикалық шеберлігіне байланысты. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологиялар  аз  емес  және 

олар оң нәтижелерге жеткізуде.  

 

Интерактивті оқыту технологиялары 

Берілген  технологиялар  баланы  жан-жақты  дамытуға  бағытталған  білім 

беру  үдерісінде  белсендіруші  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  оқытушы  және 

дамытушы сипаттағы әдістемелерді қамтиды, олар: оқуға ерте үйрету, тілдерге 



үйрету (тілдердің үштұғырлығы), танымдық материалды сызбалық-таңбалық 

үлгілер  негізінде  үйрету,  М.  Монтессоридің  өзін-өзі  дамыту  әдістемесі, 

ұжымдық пікірталас және оқу-рөлдік ойындарының әдісі.  

Интерактивті  оқыту  әдістері  балаға  адами  өзара  іс-әрекет  пен  қарым-

қатынасын ұйымдастыру арқылы бағытталған.  

 

Оқуға ерте үйрету 

Интерактивті  технологияларға  оқуға  ерте  үйрету  де  жатады.  Балаларға 

сөздерді  толық  оқуға  үйретудің  озық  әдістемесін  балаларды  ерте  оқытудың 

қолдаушысы Глен Доман әзірледі. Дәрігер ретінде ол оқу мидың өсу кезеңінде 



Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет