121
олардың көбінің негізі басқа сөз болып келуі ғалымның жоғарыдағы
пікірінің дұрыс екендігінің тағы бір дәлеліндей.
Үстеулердің жасалу, қалыптасуының тарихы басты екі тәсілі бар
шамалауға болады. Оларды М.Томанов шартты түрде былай береді:
1. Сөздердің синтаксистік жолмен үстеулерге ауысуы,
2. Белгілі бір формалардың көнеріп, бұрынғы мағынасы мен
қызметінен ажырауы.
Адвербиализация немесе синтаксистік жолмен үстеуге ауысуы
деген құбылысты былай түсінуге болады: белгілі бір сөз табына
жататын сөздер түбір, не қосымшалы күйінде, сондай-ақ,
синтаксистік тіркес түрінде де белгілі бір позицияда жиі әрі тұрақты
қолданылуы салдарынан үстеулік қызмет пен мәнге ие болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі үстеулер немесе түбір үстеулер деп
аталатын сөздер тобының үстеулік қызметте қалыптасуын осылай
түсінуге болады. Тіліміздегі
өте, аса, ең, сол, нақ, дәл, кеш сияқты
үстеу қызметінде қалыптасуы осы заңдылықтың себебі. Қазіргі қазақ
тілінде екі түрлі функцияда қолданылып жүрген, соған орай, кейде екі
сөз табына жатқызылып жүрген сөздер бар. Мысалы,
жақсы, білгір
деген сөздерді бірде сын есім /
жақсы адам, білгір сөз/, бірде үстеу
деп
/жақсы айтты, білгір сөйледі/ қарауға болады. Бұл жоғарыда
айтқан ауысу процесі. Осындай процесс ескі түркі жазбаларында да
кездеседі.
Мезгіл, мекенді, сондай-ақ, қимылдың әр түрлі күйін білдіруге
икем сөздер тіркесі де үстеулерге ауысып отырған кездері кездеседі.
Мысалы,
осы кез, осы шақ, бірқатар, бір қыдыру, күні ертең. Күні
Достарыңызбен бөлісу: