7
Осы талдауларға сүйене отырып, мынандай қағидалар туғызуға
болады. 1)Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да
аса күрделі категория. 2)Сөз қолданылғанда, әр алуан өзгеріске
ұшырап отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздердің
морфологиялық құрамында болады. 3)Сөздің тұлғалық өзгерісіне
орай, бірде сөздің лексикалық мағынасы өзгерсе, енді бірде
семантикасы басқа реңкке көшеді. 4)Осындай ерекшеліктерге орай,
сөздің грамматикалық мағынасы да түрленеді.
Грамматиканың өте маңызды, әрі күрделі мәелелерінің бірі -
грамматикалық форма. Әрбір сөздің лексикалық мағынасы да,
грамматикалық мағынасы да оның тұлға–тұрпатына, яғни формасына
байланысты болып келеді.
Граммтикалық
форма
грамматикалық
мағына
және
грамматикалық тәсіл ұғымымен тығыз байланысты болады.
Жоғарыда
келтірілген
жырттық,
салдық
сөздеріндегі
грамматикалық мағыналар белгілі бір формалар арқылы беріліп тұр:
А) Өткен шақтық мағына –ты, -ды формасы арқылы; Ә) Көптік және
жақтық мағына –қ формасы арқылы.
Грамматикалық мағына грамматикалық формамен беріледі.
Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына болмайды. Бірақ
қазір тілімізде айтылып жүрген
нольдік форма деген түсінік бар.
Кейде грамматикалық мағына ешбір формасыз да берілетін кезі
болады. Оны
нольдік форма деп атайды.Мысалы:
ауыл баласы деген
сөз тіркесін алайық. Осы тіркестегі
ауыл сөзінде ілік септіктің
меншіктік мағынасы бар. Ол мағына форма арқылы көрініп тұрған
жоқ, жасырын беріліп тұр. Оны ілік септіктің нольдік формасы деп
атаймыз.
Грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы берудің
жолын
грамматикалық тәсіл деп атайды.
Грамматикалық мағыналар тіл-тілде түрлі-түрлі грамматикалық
құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі.
Грамматикалық тәсілдердің үш түрі бар:
а)
семантикалық тәсіл, не лексика-грамматикалық тәсіл;
ә)
синтетикалық тәсіл, кейде морфологиялық
тәсіл деп беріледі;
б) аналитикалық тәсіл, кейде синтаксистік тәсіл деп беріледі.
А) Семантикалық тәсіл немесе лексика-грамматикалық тәсіл.
Кейде грамматикалық мағына сөздің семантикасы арқылы да берілуі
де мүмкін. Мысалы:
шаш, сүт, су сияқты сөздер жеке-дара тұрып-ақ
көптік ұғымды бере береді.
Кейбір сын есімдер қолданылу ерекшелігіне, контестегі
семантикасына сай бірде зат есім, бірде үстеу болып келуі мүмкін.
8
Осындай құбылыстарды семантикалық тәсіл арқылы болған
өзгерістер деп айтуға болады.
1. Синтетикалық тәсіл немесе морфологиялық тәсіл. Бұл
тәсілдердің үш түрі бар:
а)
аффиксация тәсілі;
ә)
ішкі флекция тәсілі;
б) екпін тәсілі.
Әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік:
А) Аффиксация тәсілі. Сөздің түбіріне немесе сөзге аффикстер
жалғану арқылы грамматикалық мағыналарды білдіруді
аффиксация
Достарыңызбен бөлісу: