139
екен-ау. Ол, соған қарамастан ақиретке аттанарда да сол опасыз
жалғанда әлі де алажағы бардай қимай, қия алмай, тағы да көп
қиналып оңашада өксіп-өксіп жылап алатын болды. Құнекеңнің ақын
баласы адам баласының осынау тұтас бар өмірін данышпандықпен:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер
денең», - деп, екі-ақ жолға сыйғызып суреттеп беріпті. (М.Кенжебай.)
Достарыңызбен бөлісу: