232
сөйлемдерді жасауға есімше мен көсемшенің басқа формалары да
қатыса алады.
Сонымен,
жоғарыда
талдаған
сөйлемдеріміз
сыртқы
құрылысы жағынан кейде құрмаластардың табиғатымен астарласып
жатқанмен, олар бас мүшелердің негізінде ажыратылып отырады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың
негізінде құралады. Осындай түсініктер революцияға дейінгі
еңбектерде, әсіресе, 1869 жылы Қазан қаласынан шыққан Алтай
тілдерінің грамматикасында айтылған. Проф. М.Балақаев бірыңғай
мүшелі сөйлемдерді күрделенген сөйлемдер деп атады.
Қай сөйлем болмасын, олардың ішінде бірыңғай мүшелердің
күрделеніп келе беруі мүмкін. Бұл, әрине, сөйлемнің аумағын да
кеңейтеді, мазмұндық желісін де күрделендіре түседі. Алайда, мұндай
құбылыс оны екінші бір категорияға (құрмалас сөйлемге)
айналдырып жібере алмайды. Әрқайсысының өзіндік заңдылықтары
бар: бірыңғай мүшелер негізгі бір сөздің төңірегіне жинақталса,
құрмаластың әрбір компоненті сөйлемдік ыңғайда жұмсалады, мұның
өзі синтаксистік категориялардың арақатынасын дұрыс ажыратуға
дұрыс мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: