Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет154/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

                              
5.6 Синтаксистік оралымдар 
 
Күрделенген  сөйлемдер  қатарына  синтаксистік  оралымдар  да 
жатады.  Синтаксистік  оралымдар  дегеніміз  -  соңғы  кездерге  дейін 
қазақ  тіл  білімінде  есімше,  көсемше,  шартты  рай  тұлғасы  арқылы 
жасалған  ортақ  бастауышты  сабақтас  құрмалас  не  үйірлі  мүшелі 
сөйлемдер  деп  танылып  келген  конструкциялық  топтарды  қамтиды. 
Айқындауыштық  қосалқы  сөйлемдер  де,  синтаксистік  оралымдар  да 
күрделенген  сөйлемдер  қатарынан  танылса  да,  екеуінің  бір-бірінен 
елеулі  айырмашылығы  бар:  айқындауыштық  қосалқылар  
хабарланған  ой  желісіне  байланысты  айтушы  адамның  әр  түрлі 
көзқарасы,  ықылас  тілегі,  болмаса  белгілі  бір  жайдың  мән-жайын 
айқындау,  толықтыру  ыңғайын  білдіре  жұмсалса,  синтаксистік 
оралымдар  -  сөйлемдегі  негізгі  түйіннің  мазмұн  барысын  әр  түрлі 
сапалық, 
қимылдық 
дәрежеде 
саралап 
көрсете 
айтылады. 
Синтаксистік  оралымдар,  бағыныңқы  сөйлем  тәріздес,  негізгі  ойға 
шарт, мезгіл, амал тәріздес мәндерде жұмсалады. Демек, синтаксистік 
оралымдардың  сабақтас  құрмаласпен  сырттай  ұқсастықтары 
неғұрлым күшті болады.  
     Синтаксистік  оралым  тіл  білімінде  бұрыннан  танылған 
категория.  Орыс  тіл  білімінде  осындай  сөйлемдердің  аясында 


 
233 
«причастный  оборот»,  «деепричастный  оборот»  деген  атпен  арнайы 
қарастырылып келеді.   
     1940  жылдары  С.А.Аманжолов  осындай  конструкциялардың 
ерекше  құбылыс  екенін,  оның  тілімізден  орын  алатындығын  айтып 
кетсе  де,  70  жылдарға  дейін  бұл  ескерілмей  келді.  Оған  себеп  ортақ 
бастауышты құрмалас деп танылуы еді.  
      Оралым  дегеніміз  -  сөйлемдік  дәрежеге  жетпеген,  негізгі 
сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме 
ретіндегі  синтаксистік  категория.  Қ.Жұбанов  пен  Н.Сауранбаев  та 
осы  жайды  құрмалас  тұрғысынана  түсіндірді.  Мысалы,  Есілбай 
колхоздың  жұмысына  жаны  ашыған  боп,  ылғи  ақыл  айтып  келе 
жатыр. Бұл сөйлем - көсемше оралымды күрделенген жай сөйлем. 
      Қазақ  тіл  білімінде  үйірлі  мүшелі  сөйлемдерді  алғаш  зерттеген 
ғалым  С.Жиенбаев  еді.  1935  жылы  көбіне  үйірлі  мүшенің 
бастауышпен жұмсалатыны айтылады. Мысалы, Осындай астыртын 
егеспен басталған іс бүгін жоғарыда айтылған мінездерге сайған-ды. 
Үй  ішіне  үндемей  көз  тастап  отырған  Ербол  осындай  жайларды 
топшылаумен  болды.  (М.Ә.).  Міне  бұл  тізбектер  бастауышты  әр 
жақтан  айқындап  тұр.  Бастауышты  оборот  өз  алдына  жеке  сөйлем 
құрамай,  грамматикалық  субьектінің  мазмұнын  ашуға  бағытталған. 
Бұлар  бастауыш  болсын,  болмасын,  күрделенген  жай  сөйлемнің 
үйірлі тобын құрып,  сөйлемді  күрделендіріп тұр.    
     Қазақ  тіліндегі  оралымды  сөйлемдерді  2  үлкен  топқа  жіктеуге 
болады: 
1. 
Қабыспалы оралымдар 
2. 
Жанаспалы оралымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет