Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет160/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

қанша  болса,  оның  еңбек  сағаттары  соншалық  (М.Әуезов). 
Сөйлемдегі 
синтаксистік 
компоненттердің 
осылайша 
өзара 
салыстырыла  жұмсалуы  ондағы  қатыстық  сөздердің  (қанша-сонша) 
орын  алуымен  тығыз  байланысты.  Мұндай  сөздер  бағыныңқы 
компонентті  басыңқыға,  басыңқыны  бағыныңқыға  жетектеп  тұрады. 
Осыдан келіп сөйлемдер арасындағы байланыстылық бір ғана бағытта 
болмай,  екі  жақты,  қарама-қарсы  бағытта  болып  отырады         
Сонымен,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдегі  екі  жақты  қатынас  деп 
ондағы  синтаксистік  компоненттердің  есімдік  сөздерінің  жұптаса 
қолданылуымен  тұлғалық,  мағыналық  жақтарынан  бір-біріне 
тәуелді, матаса байланысқан жолдарын айтамыз.  
      Екі  жақты  қатынаста  мүшелік  қатынастағы  (коррелятивті)  сөздер 
шешуші  қызметке  ие  болады.  Әрине,  мұнда  да  бағыныңқы 
баяндауышы  жеке  сөйлемдерді  синтаксистік  қатынасқа  түсіруде   
шартты рай тұлғасы қызмет атқарады. Ендеше сабақтас құрмаластағы 
екі  жақты  қатынастың  синтаксистік  байланыстырғыш  амалдары 
жұптаса  айтылған  есімдіктер  (қанша-  сонша,    кім    болса,    сол)    мен 
шартты рай тұлғасы болып есептеледі.  
      Сабақтас құрмаластағы бір сөйлем мүшесінің екіншісін талап етуі 
тек  қана  осындай  жұптаса  айтылған  мүшелік  қатынастағы  сөйлем 
құралысынан  орын  алады.  Жұптаса  айтылған  есімдікті  сөздер  екі 
қанаттағы  синтаксистік  компоненттерді  бір-біріне  тәуелді  етіп, 
оларды өзара бір-біріне кіріктіріп тұрады.  
     Сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік қатынастың үшінші бір 
түрі  -  керісіндік  қатынас.  Қазақ  тілі  бағыныңқыларының  дені    өз 
басыңқысының  мазмұн  желісін  айқындау  барысында  бір  жақты 
қатынаста  болып,      бағыныңқы  сөйлемдер  басыңқыны  түсіндіре 
айтылады.  
     Ал  керісіндік  бағытта  бағыныңқы  мен  басыңқы  сөйлемдердің  
мағыналық  қатынасы  керісінше  болады.  Мұнда  бағыныңқы 
компонент  басыңқының  мазмұнын  түсіндіріп,  айқындамайды, 
керісінше басыңқы компонент бағыныңқыда айтылған ойды анықтап, 
түсіндіріп  отырады.  Компоненттердің  мұндай  аралық  қатынасы  
олардың  жасалу  жолдарымен  тығыз  байланысты.  Бағыныңқы 
компонент көбінесе  шартты  рай  тұлғалы  баяндауыштан,  ал  басыңқы 


 
241 
компонент  -  ол,  бұл  сілтеу  есімдіктерінің  қатысуларымен  жасалады. 
Кейде  бағыныңқының  баяндауышы  есімдік  сөздерімен  де  беріледі.  
Сенің  малың  кетсе,  ол-азаматтың  құны  (М.Әуезов).  Атыстың 
күштілігі сонша - күн күркіреп, жер солқылдағандай болып жатты 
(М.Ғабдуллин). Өйткені осы есімдіктер арқылы бағыныңқы сөйлемде 
айтылған  хабардың  көрінісі  басыңқыда  қайырылып,  түйінделеді  де, 
содан  кейін  оның  мазмұны  түсіндірілетін  болады.  Демек,  керісіндік 
қатынастың мән-мағынасы осылайша бағыныңқы сөйлемдегі желістің 
сілтеу  есімдіктерімен  басыңқыда  қайталанып,  оның  айқындалу, 
анықталу сипатымен байланысты келеді.   
      Керісіндік  қатынастағы  сабақтас  сөйлемде  басыңқы  компонент 
бағыныңқыдағы ой желісін айқындап түсіндіріп отыратындықтан да,   
құрмаластағы  керісіндік  қатынас  тек  қана  түсіндірмелі  сабақтас 
сөйлемге тән заңдылық болып есептеледі. 
     Сабақтас  сөйлем  компоненттерінің  өзаралық  байланысына  тән 
тағы  бір  синтаксистік  қатынас  -  теңдестік  қатынас.  Теңдестік 
қатынаста  бағыныңқы  мен  басыңқы  компоненттер  бірін-бірі 
айқындап,  түсіндіріп  жатпайды,  әрқайсысы  мағыналық  жақтан 
тиянақты,  тең  түрде  аяқталып  отырады.  Басқаша  айтқанда,  осындай 
қатынастағы  сөйлемдер  –  қазақ  тіл  білімінде  мағыналық  жағынан 
салалас,  тұлғалық  жағынан  сабақтас  деп  танылып  жүрген  құрмалас 
сөйлемдер болады.  
     Осыған  орай  да  теңдестік  қатынастағы  сабақтас  сөйлем  деп 
бағыныңқы 
мен 
басыңқы 
компоненттерінің 
мағыналық 
тиянақтылықта  болып,  өзара  теңдік  дәрежеде  байланысқан  түрін 
айтамыз.  Қараңыз:  Кәрім  кітап  оқып,  мен  жазу  жазып  отырмын. 
Мұндағы  әрбір  синтаксистік  компонент  мазмұндары  жағынан  бір-
біріне байланысты, өзара жеке дара ыңғайда айтылған. Олар бірін-бірі 
айқындап,  толықтырып  жатпайды,  әрқайсысындағы  қимыл-әрекет  өз 
алдына  болып  жатады.  Алғашқы  компоненттің  байланысу  жолы 
тұлғалық  жағынан  ғана  тиянақсыз  түрде  келетіндіктен,    оны 
бағыныңқы деп танитын боламыз.  
      Теңдік  қатынастағы  сабақтас  сөйлемдердің  жасалу  жолдары 
осылайша  –п формантты көсемше және шартты рай тұлғасы арқылы 
синтетикалық  амалдармен  беріліп  отырады.  Үй  тігіліп  жатса,  жүк 
жиналып жатыр (Ғ.Мүсірепов)  
      Теңдестік  қатынастағы  сөйлемдер  әр  уақытта  да  ыңғайлас 
сабақтас құрмалас болып келеді.    
     Сабақтас  құрмаластағы  теңдестік  қатынас  ондағы  синтаксистік 
компоненттердің 
мағыналық 
жағынан 
өз 
алдына 
тең, 
тиянақтылығына 
негізделеді. 
Компоненттердің 
синтаксистік 
байланысы  ғана  тиянақсыз  түрдегі  баяндауыш    формалары  арқылы 


 
242 
жүзегеасады.                                                                                                     
Сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттері  арасындағы  синтаксистік 
қатынастар  оның  барлық  түрлерін  қамтитын  болады.  Бұл 
синтаксистік  қатынастар  бағыныңқы  мен  басыңқы  компоненттердің 
аралық байланыс желісін көрсетіп, олардың бір-біріне деген өзаралық 
ыңғайын  танытып  тұрады.  Мұндай  ыңғай,  жоғарыда  сөз  болғандай 
бір  жақты,  екі  жақты,  керісіндік  және  теңдестік  қатынастарға 
келіп  отырады.  Бұлардың  ішінен  бір  жақты  қатынас  бағыныңқы 
сөйлемдердің  көпшілік  түрін  (адвербиалды  түрі)  қамтыса,  өзгелері 
жекеленген  түрлеріне  ғана  тән  болып  келеді.  Мәселен,  екі  жақты 
қатынас  қатыстық  бағыныңқы  сөйлемдердің  құрылысында  болса, 
керісіндік  қатынас  түсіндірмелі  сабақтас  жасаса,  теңдестік  қатынас 
ыңғайлас  сабақтаста  болады.  Синтаксистік  қатынас  түрлерінің 
осылайша әр сабақтас түріне икемделе келуі ондағы бағыныңқы және 
басыңқы  компоненттерінің  бір-біріне  өзаралық  қарым-қатынастары 
негізінен шығып жатады.   
             
                          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет