9
ә) көмекші
сөздердің тіркесуі арқылы;
б) сөздердің орын тәртібі арқылы;
г) интонация тәсілі.
А) Сөздердің қосарлану тәсілі. Грамматикалық мағына сөздердің
қосарланып айтылуы арқылы беріле алады. Мысалы:
қайықтар,
шелектер сөздеріндегі көптік мағынаны,
Затты қайық-қайық қылып
тастады,
шелек-шелек сүт сауды деп те беруге болады. Бұл – көптік
мағынаның берілу жолы. Тағы бір мысал:
көре-көре, сөйлей-сөйлей,
бара-бара деген сөздер қайталану мағынасын беріп тұр. Яғни, сипат
категориясының мағынасы. Немесе
әп-әдемі, қып-қызыл, көп-көркем
деген қайталаулар шырай мағынасын беру үшін қолданылып тұр.
Сөздердің қосарлану тәсілі түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ
тіліне де бірден–бір тән құбылыс.
Ә) Көмекші сөздер тәсілі. Көмекші сөздер атауыш сөздермен
тіркесіп келіп сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді, сөздердің
арасындағы әр түрлі қатынастарды, алуан түрлі грамматикалық
мағыналарды білдіреді. Көмекші сөздер кейде аффикстердің орнына
қолданыла алады. Мысалы,
оқуға келдім – Оқу үшін келдім.
Қазақ тілінде шылаулар түрлі қызмет атқарады. Орыс тілінде
көмекші
сөздердің предлог деген түрі қолданылады.
Етістікте болатын жекеше–көпше, жақ, шақ, етіс мағыналарын
беруде көмекші етістіктер үлкен қызмет атқарады. Көмекші етістіктер
арқылы грамматикалық мағыналардың берілуі де қазақ тілінде жиі
кездесетін құбылыс.
Б) Сөздердің орын тәртібі тәсілі. Кейбір тілдерде сөз
түрлендіретін формалар аз болып келеді, сондықтан, түрлі
грамматикалық қатынастар сөздердің орын тәртібі арқылы беріледі.
Сөздердің орын тәртібі тәсілі қытай, ағылшын, француз тілдерінде
айрықша қызмет атқарады. Бұл тәсіл қазақ тіліне тән емес, тек кейбір
бірен-саран жағдайда ұшырасуы мүмкін.
Г) Интонация тәсілі. Сөйлемнің түрлері, сондай-ақ сөйлемдегі
түрлі мағыналар (таңдану, күдіктену, қуану т.б.) интонация арқылы
ажыратылады. Мысалы,
Сен кітапханаға барасың ғой деген сөйлемді
екі түрлі интонациямен айтып, екі түрлі сөйлем қатарына жатқызуға
болады. Немесе
Әні қандай деген сөйлемді де интонациясына орай
сұраулы-лепті сөйлемдердің біріне жатқызуға болады.
Интонация тек сөйлемнің түрлерін ажырату үшін ғана
қолданылмайды. Сондай-ақ, сөз тіркесі мен сөйлемнің жігін ажырату
үшін де пайдаланылады. Мысалы,
Ол оқушы - Ол оқушы, Мынау
дәптер - Мынау дәптер.
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық
категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым
10
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма ұғыммен ұштасып
жатады, олар әрқашан тығыз байланыста болады. Оның мынадай
себептері бар:1) Грамматикалық мағына грамматикалық категориядан
тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді. Керісінше, грамматикалық
мағына категорияның элементі ретінде, оның құрамында өмір сүреді.
2) Грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз
байланысты. Қандай грамматикалық категория болмасын, тек
грамматикалық мағыналар арқылы білініп, кемінде екі түрлі формада
көрінуі қажет. Мысалы, салыстырмалы шырай тек жалғыз өзі шырай
категориясы бола алмайды. Ол үшін басқа да шырай түрі болуы
қажет.
Сонымен, грамматикалық категория дегеніміз не? Тілдегі өзіне
тән грамматикалық формасы, тәсілі бар грамматикалық мағынаны
грамматикалық категория деп атаймыз.
Грамматикалық категориялар жалпы сипатта болады. Олар
морфологиялық категориялар және
синтаксистік категориялар
болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес, морфология саласы
морфологиялық категориялардың, ал синтаксис саласы синтаксистік
категориялардың ерекшеліктерін тексереді. Тілден тыс ешбір
грамматикалық құбылыс болмайтыны секілді, тілдегі сөздерден тыс
грамматикалық
категориялар
өмір
сүрмейді.
Сондықтан,
грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі бір сөз
таптарына тән, телулі болады. Мысалы, септік, тәуелдік, көптік
категориялары зат есімге, шырай категориясы сын есімге, шақ, етіс,
болымды-болымсыздық, рай есімше, көсемше категориялары
етістікке тән болады.
Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі біркелкі
болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы әрі өрісті, әрі қарымды
болып келсе, енді бірінің өрісі тым тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да
болып келуі мүмкін. Мысалы, тым жалпы категорияға сөз таптары
категориясы жатса, ол бөлшектеніп жалқы категорияларға (есімдер,
етістер, көмекші сөздер категориясына) бөлшектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: