Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет55/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196
Негізгі  және  көмекші  етістіктер.  Күрделі  етістіктердің 
компоненттерінің  ара  салмақтары  бірдей  емес.  Күрделі  етістіктің 
құрамына  жетекші  етістік  және  көмекші  етістік  деп  аталатын 
сыңарлар болады. 
Орын  жағынан  бұрын  тұрып,  дәнекер  форманы  өзіне  тіркеп, 
күрделі  етістіктердің  негізгі  мағынасына  ие  болатын  сыңарын 
жетекші  деп  атайды.  Жетекшіден  кейін  тұрып,  оған  үстеме  мағына 
жамап,  грамматикалық  формаларға  түсіріп  тұратын  соңғы  етістік 
үнемі көмекші деп аталады. 
Тіліміздегі  көмекші  етістіктердің  саны  негізгі  етістіктерге 
қарағанда  аз  болып  келеді.  Алайда,  атқаратын  қызметі  зор  болып 
келеді. Етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін болмашы, нәзік реңкін 
осы  көмекші  етістік  ғана  бере  алады.  Мысалы,  шөлдеп  кеттім  – 
шөлдеп  қалдым,  бере  салдым  –  бере  қойдым,  жығылып  кете 
жаздадым – жығылып қала жаздадым т.б. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  әр  көмекші  етістіктің  өзіндік  қызметі, 
түрлені  жүйесі,  қолданылу  шеңбрі  болады.  Бірақ  олардың  ортақ 
сипаттарына сай көмекші етістіктерді үлкен екі топқа бөледі: 
А) Толымды немесе мәнді көмекші етістіктер. 
Ә) Толымсыз немесе мәнсіз көмекші етістіктер. 


 
94 
Толымсыз  көмекші  етістіктер.  Бұл  топқа  енетін  көмекші 
етістіктердің  саны  өте  аз:  е,  ет,  де,  жазда.  Бұл  көмекші  етістіктердің 
жеке  лексикалық  мағынасы  жоқ,  өз  алдына  дербес  мүшесі  бола 
алмайды.  Бұлардың  кейбіреуінде  жартылай  лексикалық  мағына 
болады да, енді бірінде мүлде мағына жартылай болмайды. Сондақтан 
оларды мәнсіз көмекші етістік деп атайды. 
1.  Е  көмекші  етістігі.  Бұл  көмекшінің  лексикалық  мағынасы 
бүтіндей жоқ. Е көмекші етістігі жедел өткен шақтың (едім, едің, еді) 
формасымен, өткен шақ есімшенің (екен) формасымен, болымсыздық 
формасымен  (емес)  ғана  түрлене  алады.  Ал  етістіктің  басқа 
формаларымен 
түрлене 
алмайды. 
Түркітануда 
е 
көмекші 
формаларының  әрқайсысын  жеке  деп  алып  қарастырады.  Е  көмекші 
етістігі  қазіргі  қазақ  тіліндегі  актив  қолданылатын  морфологиялық 
единица. Бұл көмекші және күрделі есімдерге де, етістіктің көптеген 
категорияларына  да,  соның  ішінде  құранды  етістіктерге  де  талғамай 
тіркесе  береді.  Мысалы,  бала  еді,  ұстаз  екен,  отыздар  шамасында 
еді, тап-таза екен, келіп жетіп еді, ақылға салып көріп едім т.б. 
2.  Ет  көмекші  етістігі  істе,  қыл  етістіктерімен  синонимдес. 
Жартылай мағыналы, бірақ дербес сөйлем мүшесі бола алмайды.  Ет 
көмекші есім және еліктеуіш сөздермен тіркесіп күрделі етістік жасай 
алады. Мысалы, әсер етті, қылт етті, сылқ етті, сарт етті. Яғни, 
көмекші етістігі құранды етістік жасауда үлкен роль атқарады. 
Де  көмекші  етістігі  айт,  сөйле  етістіктерінің  синонимі.  Бірақ 
семантикасы  мен  функциясының  жан-жақты  қолданылу  қабілеті 
жағынан  болсын,  сөйлеу  етістігінің  бірде-бірі  де  етістігіне  бара-бар 
бола алмайды. Сөйлеуші бөгде адамның сөзін не ойын екінші біреуге 
осы  де көмекші  етістігі арқылы жеткізе алады.  Де етістігі кейде (өте 
сирек)  өзінің  лексикалық  мағынасында  да  қолданыла  алады:  білеміз 
де  –  білеміз  деп  айт,  сәлем  де  –  сәлем  деп  айт.  Де  көмекші  етістігі 
көбіне өткен шақтың көсемше (деп) формасында сөз бен сөзді, сөйлем 
мен сөйлемді байланыстыру үшін дәнекер қызмет атқарады. 
Жазда  етістігінің  тілімізде  о  баста,  көне  дәуірде  толық 
лексикалық  мағынасы  болған  деп  топшылайды.  Оған  жаздым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет