Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет63/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

сөйлеу-сөйлету, 
сөйлеттіру, 
сөйлеттірткізу, алу-алдыру, алдырту, алдыртқызу, алғыздыру т.б.  
4.Ортақ  етіс.  Ортақ  етіс  салт  және  сабақты  етістіктерге  осы 
етістің  морфологиялық  көрсеткіші  болып  есептелетін  –с,-ыс,-іс 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. 
Ортақ  етіс  қимылдың  бірнеше  субъектіге  ортақ  екендігін 
білдіреді. Бұл мән  көпшілік жағдайда күрделі  –лас, -лес, -дас, -дес, -
тас, -тес жұрнақтары арқылы беріледі: ақыл-дас, тату-лас т.б. 
Ортақ  етіс  баяндауыш  тұлғасында  жұмсалған  кезде  оның 
бастауыштары мынадай түрде келеді: 
1.Жіктеу 
есімдігінің 
көптік 
түрінде: 
Біз 
бір-бірімізді 
ұғынысқандай болдық. Олар қолтықтасып келе жатыр
2.Зат  есімнің  көптік  түрінде:  Екі  сұңқар  таласса,  бір  құзғынға 
жем болар. Аттар тебісті. 
3.  Жинақтық  сан  есім  түрінде:  Екеуі  енді  ғана  түсініскендей 
болды
Сонымен, негізгі етіс категориясы  қазіргі қазақ тілінде болмайды 
деп айта аламыз. Морфологиялық көрсеткіші жоқ етіс болмайды. Ол 
етіс  емес,  етістіктің  негізі  ғана.  Мектеп  оқулықтарында  етістіктң  4 
түрі  берілген.  Ғалымдар  оларды  үштен  сегізге  дейін  бөліп  жүр. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  етіс  категориясын  кең  зерттеген  ғалым  – 
А.Қалыбаева.  «Қазақ  тіліндегі  етіс  категориясының»,  сондай-ақ, 
Ы.Мамановтың  «Етістіктің»  атты  еңбегінде  де  етістер  туралы  кең 
әңгіме болған. 
Есімше 
категориясы
Етістіктің 
грамматикалық 
категорияларының  ішіндегі  ең  көлемдісі  әрі  сыры  алуан,  күрделісі  – 
есімше формалары. 
Есімше - етістік пен сын есімнің арасындағы аралық категория. 
Бірақ,  есімшені  етістік  қатарына  жатқыза  алатын  өзіндік 
белгілердің  оның  бойынан  табылатындығы,    яғни,  есімше  салт  және 


 
106 
сабақты болып келе алады, етіс, шақ, жақ, рай формаларын қабылдап, 
түрлене алады. 
Есімшені  етістіктің  қатарына  жатқызуға  дәлел  болатын  және  бір 
басты  белгі:  есімше  тек  етістікке  ғана  тән  болымсыз  форманы 
қабылдай  алады.  Сондықтан,  оны  етістік  құрамына  жатқызып,  оны 
осы сөз табы құрамында қарастырамыз. 
Есімше етістіктің негізіне (түбір етістікке, етіс формалы етістікке, 
күрделі  етістікке)  арнайы  қосымшалар  жалғану  арқылы  жасалады. 
Тіліміздегі есімше жасайтын жұрнақтар: 
–қан, -кен, -ған, -ген; 
–ар, -ер, -р; 
–атын,  -етін,  -йтін,  -йтын  құранды  жұрнақтары.  Бұл  жұрнақтар  
көсемшенің  –а,  -е,  -й  жұрнақтары  мен  –тын,  -тін  жұрнақтарының 
бірігуі арқылы жасалған. Сонымен қатар 
–мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек; 
–у/шы,  -у/ші  құранды  жұрнақтары  жатады.  Кейбір  қазақ  тіл 
білімінің  мамандары  осы  құранды  қосымша  етістіктің  түбіріне 
жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп түсіндіреді. Ол – дұрыс 
пікір. 
Және –с қосымшасы да бар. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  есімшенің  қалдық  формалары  да  кездесіп 
отырады.  Ол  қалдық  формалар  мыналар:  -аған,  -еген,  -ажақ,  -ежек.  -
Аған, -еген формалары арқылы жасалған есімшелердің саны тілімізде 
өте  аз.  Бұл  формалар  арқылы  жасалған  есімшелер  етістік  жүйесінен 
шығып, сын  есім  қызметінде ғана қолданылады. Бұл  есімшенің көне 
түрі.  Бұл  формалы  есімше  болымсыздық  мағынада  қолданыла 
алмайды.  Мысалы,  алған  қолым  береген,  жетім  қозым  емеген
(Мақал) Тебеген ат, сүзеген сиыр, қашаған жылқы т.б. 
-Ажақ,  -ежек  формасы  тек  кейбір  облыстар  тұрғындары  тілінде 
ғана  қолданылады.  Әсіресе,  оңтүстік  облыстар  мен  Батыс  Қазақстан 
қазақтары  тілінде  кездеседі.  Соңғы  облыс  тұрғындары  тілінде  әлі 
күнге  осы  шақ  формасында  келіп  отырады.  Мысалы,  алажақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет