Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет66/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

білген-білмеген  //  көрген  емес,  көрген  жоқ  –  білген  емес,  білген  жоқ 
т.б. 
Осы 
белгілер 
есімшені 
есім 
сөздер 
тобымен 
жақындастыратындар, ал оны етістік сөз табына кіреді деп санайтын 
белгілер де бар. Олар мыналар: 


 
110 
1.Есімшелер  етістікке  тән  барлық  категориялардың  формаларын 
қабылдап, түрлене алады. Мыс, көр-ін-ген – етіс категориясы, көр-ме-
ген – болымсыздық категориясы, көр-ген – шақ категориясы, көр-ген-
мін – жіктік жалғау немесе жақ категориясы т.б. 
2.Есімшелер  де  етістіктер  сияқты  заттың  іс-әрекетін,  жай-күйін 
білдіреді.  Яғни,  заттың  динамикалық  белгісін  білдіреді,  ал  есімдер, 
соның  ішінде  сын  есімдер  заттың  қимыл-қозғалыссыз,  іс-әрекетсіз 
статикалық күйін білдіреді. 
3.Есімшелер  етістік  сияқты  шақтық  категориямен  ерекшеленеді, 
салт  және  сабақты  болып  бөлінеді.  Шақтық  мағына  есімшелердің 
етістіктен пайда болғанын білдіретін негізгі белгілерінің бірі. 
4.Есімшелер  жеке  тұрғанда  ІІІ  жақтық  мағынаны  білдіреді. 
Сонымен,  есімше  дегеніміз  есімдердің  де,  етістіктердің  де  қызметін 
атқаратын грамматикалық категория. 
Есімшелерді  дербес  сөз  табы  деп  тануға,  айтуға  болмайды. 
Себебі,  олар  аффикстер  арқылы  етістіктерден  жасалады  және 
етістіктен бөлек жаңа семантикалық мағына құрамайды. 
Есімшелердің  зат  есімге,  сын  есімге,  тіпті  жалқы  есімдерге 
айналып кеткен түрлері де бар: Төлеген, Сақтаған, Қайнар, Атшабар, 
Айтуар, Атбасар, Қойбағар т.б. 
Көсемше  категориясы.  Іс-әрекеттің,  қимылдың  себебін,  амалын 
көрсететін, қимылды білдіретін категория көсемше деп аталады. 
Көсемше  категориясы  арнаулы  формалар  арқылы  жасалады.  Ол 
формалар  мыналар:  -ып,  -іп,  -п;  -а,  -е,  -й;  -қалы,  -келі,  -ғалы,  -гелі;  -
ғанша, -қанша, -кенше. 
Көсемшелер  мағынасы  мен  атқаратын  қызметі  жағынан  бірде 
үстеу,  бірде  етістік  қызметін  атқаратын  аралық  категория  болып 
табылады.  Көсемше  сөйлемде  көбінесе  динамикалық  адвербиал 
/етістіктен болған пысықтауыш/ қызметін атқарады. Көсемшенің осы 
функциясы  оны  етістіктің  өзге  формаларынан  ерекшелендіріп 
отыратын  негізгі  грамматикалық  сипаты  болып  табылады.  Мысалы, 
асығып сөйлейді, асыға сөйлейді деген тіркесте көсемше форма қалай 
деген  сұраққа  жауап  беріп,  сөйлеу  деген  етістіктің  амалын  білдіріп 
тұр.  Мазмұны  жағынан  да  қимыл  үстеуі  болып,  қимыл-сын 
пысықтауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Сен  кеткелі  үш  ай  өтті.  Күн 
батқанша  осында  бол.  Деген  сөйлемдердегі  көсемше  формасы  іс-
әрекеттің  мезгілін  білдіріп,  мезгіл  үстеуі  мәнін  беріп,  мезгіл 
пысықтауыш  болып  тұр.  Ал  сөйлескелі  келдім  тіркесіндегі  көсемше 
іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын білдіріп тұр. 
Көсемшелер 
жеке-дара 
сөз 
ретінде 
қолданылмайды, 
морфологиялық  жағынан  жалғаулармен  түрленбейді.  Олардың  тек 


 
111 
кейбір  түрлері  ғана  жіктік  жалғауларынан  қабылдай  алады.  Ол 
формалар: -а, -е, -й және –ып, -іп, -п. 
Көсемшелер  тек  етістік  негіздерімен  және  одан  пайда  болған 
формалармен  ғана  тіркесе  алады.  Олар  субстантивтік,  адъективтік 
қызмет атқармайды. Сөйлемде тек пысықтауыш, баяндауыш қызметін 
атқарады. Көсемше күрделі етістіктің құрамында, яғни аналитикалық 
форманың жетекші сыңары қызметін атқарады. 
Көсемшенің  барлық  түрі  де  сөйлемнің  бағыныңқы  түрінің  ғана 
баяндауышы  қызметін  атқарады.  Ал  басыңқы  түрінің  баяндауышы 
функциясын тек жіктелетін формалар ғана атқарады. 
Көсемше өзінің бойына етістіктің басты белгісі - шақтық қасиетті 
ұстайды.  Яғни,  шақ  мәнін  бере  алады.  Пысықтауыш  қызметінде 
көсемше  шақтық  мәнді  көмескі  береді  де,  баяндауыш  қызметінде 
анық бере алады. 
Міне, 
осы 
белгілер 
көсемшені 
басқа 
категориялардан 
айыруымызға себепші болады. 
Сонымен,  көсемше  дегеніміз  өзінен  кейінгі  негізгі  іс-әрекеттің 
мезгілі  мен  мақсатын,  сын-сипатын,  амалын,  себеп-салдарын  т.б. 
сапалық құбылу амалын көрсететін дербес категория. 
Көсемшенің аффикстері дара және күрделі болып бөлінеді: 
1) 
дара: -ып, -іп, -п; -а, -е, -й; 
2) 
күрделі: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -қанша, -кенше, -ғанша, -
генше; 
Көсемшелердің  кейбірі  сөз  табы  жағынан  етістіктің  шеңберінен 
шығып, басқа  сөз табына үстеу, шылау түріне айналып кеткендері де 
болады.  Тіпті  кейбір  зат  есімге  де  айналған.  Мысалы,  Сатыбалды  – 
сатып алды. 
Көсемшелердің  кейбірі  деформацияланып  өзгерген:  әкел-алып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет