Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет86/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

ІІ  Септеуліктер.  А.Ысқақов  анықтамасы  бойынша  (394-бет): 
«Септеуліктер деп объектімен объектінің не предикаттың арасындағы 
түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі 
бір  септік  жалғауын    меңгеріп  тұратын  көмекші  сөздерді  айтамыз» 
дейді.  Жалғаулықтар  тең  дәрежедегі  сөздер  мен  сөйлемдерді 
салаластыра  байланыстырса,  септеуліктер  оларды  бағындыра, 
сабақтастыра байланыстырады.Шейін, дейін, кейін, сайын, соң, үшін 
септеуліктері  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  құрамында  келіп,  басыңқы  сөйлем  мен  бағыныңқы 
сыңарды  мезгілдік,  себептік,  мақсаттық  қатынаста  байланыстырып 
тұрады.  Солардың  әр  алуан  сыбыр-жыбырын  біліп  отру  үшін, 
Құнанбай  өзіне  қараған  елдің  біразын  сол  елдің  арасына  таман 
кірістіріп  жіберу  керек  (Әуезов).  Ғазиз  біраз  жүрген  соң,  мына 
көшелер таныс бола бастады (Бұлқышев). Жүргіншілер әбден көзден 
таса  болғанға  шейін,  бұлар  арттарынан  қарап  тұрады  (Әуезов).  Өзге 
кепенің  адамдары  тарағаннан  кейін,  бұл  кепенің  адамдары  Рахметті 
ортаға  ала  асқа  отырды  (Бұлқышев).  Септеуліктер,  негізінен,  есім 
сөздерге,  заттанған  есімше  мен  қимыл  атауына  тіркеседі:  1.Сөздің 
түбірі,  негіз  тұлғалы  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  үшін,  сайын, 
сияқты, секілді, сықылды, тәрізді, туралы, турасында, арқылы, бойы, 
бойымен,  бойында,  жайында,  жайлы,  шамалы,  шақты,  қаралы  т.б. 
Тарихи  тұрғыдан  бұлардың  кейбіреуі  ерте  кезде  ілік  септік 
тұлғасымен  де  тіркескен.  Турасы  бойы,  жайы  дегендердің 
құрамындағы  ІІІ  жақ  тәуелдік  жалғау  осының  дәлелі  бола  алады. 
2.Барс  септікті  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  дейін,  шейін,  таман, 
қарай,  салым,  жуық,  тарта,  таяу  т.б.  3.Шығыс  септікті  сөзбен 
тіркесетін  септеуліктер:  кейін,  соң,  гөрі,  бері,  бұры,  әрі,  бетер  т.б. 
4.Көмектес  септігіндегі  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  бірге  қатар, 
қабат. Осыған орай әр септік жалғауларына байланысты мына секілді 
септеулік шылаулар бар.  
ІІІ  Демеуліктердің  білдіретін  мағыналары  сан  алуан.  Олар  өзі 
қатысты  сөздерге  я  сөйлемге  сұраулық,  шектік,  нақтылық,  күшейту, 
тежеу, болжалдық, күмән сияқты  грамматикалық  мағыналар үстейді. 
Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай  мына секілді 
топтарға бөлінеді. 


 
137 
1.Сұраулық мағына үстейтін шылаулар сұраулық демеуліктер деп 
аталады.  Бұл  демеуліктер  сұраулық  мағынаны  көбіне  баяндауыш 
құрамында  келу  арқылы  береді.  Олар:  ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе,  ше. 
Сұраулық  демеуліктер  ма/ме/ба/бе/па/пе  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалған  ІІ  жақ  жіктік  жалғауымен  қатар  келгенде,  түбір  мен 
жалғаудың  арасына  кірігіп  кетіп,  мы/мі,  бы/бі,  пы/пі  болып  өзгеріп 
кетеді.  Әуелі  өзің  қаруың  қайтарлық  қартаюға  жетемісің,  жоқ  па? 
(Абай). Өмірді өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ, болмаса, не 
ғып  өткізгеніңді  өзің  де  білмей  қалыппысың?  (Абай).  Сен  үйден 
шықсаң, адасып кетем деп қорқамысың? (Мүсірепов). 2. –Ай, -ақ, да 
(де,  та,  те)  шылаулары  сөйлем  құрамында  күшейту  мақсатында 
жұмсалатындықтан,  күшейткіш  демеуліктері  қатарына  жатады:  бір-
ақ,  жалғыз-ақ.  Әсіресе  демеулігі  де  сөйлемге  күшейткіш  мағына 
үстейді.  Әсіресе  қолқабыс  ететін  адамдарыңызға  риза  болдым 
(Мүсірепов).  Әсіресе  өзінің  атын  ататтырғысы  келмейтін  сияқты 
(Сонда). 3. Ойды нақтылай, тұжырымдай түсу үшін мына секілді қой, 
ғой, -ды, -ді, -ты, -ті нақтыла демеуліктері көмекші қызмет атқарады: 
келістік,  бара  ғой.  Мінген  атым  құла-ды,  Қылшық  жүні  қара-ды 
(Қобыланды). 4. Ал қана, ғана, -ай шылаулары шек қоя тұжырымдап 
айту  үшін  қолданылады  да,  олар  шектік  демеуліктеріне  жатады: 
көрінгендері  аттылар  ғана  болды.  Естігені  қысқа  ғана    жауаптар. 
Азғантай  ғана  дәурен  өмір  сүрді.  Сондай-ақ  тек  демеулігі  сөйлемде 
тіркескен  сөздеріне  тежеу  мәнін  қосады.  Мысалы:  Қазақ  дәстүрі  тек 
ата-ананы  ғана  емес,  жалпы  адамды  сыйлауға  баулиды  (Мұстафин). 
Тек демеулігі қана шылауымен де тіркесіп қолданылады. Тек қан түс 
артынан  болған  жүрек  құйынын  аңғарады  (Әуезов).  5.  Болжалдық 
демеуліктері  –мыс,  міс,  -ау  сөйлемде  айтылар  ойдың  күмәнді  
көмескі, болжалдау, кейде мысқылдау мағынада айту үшін дәнекерлік 
қызмет  атқарады:  көріпті-міс,  барыпты-мыс.  Елегізіп  келе  жатыр-ау 
деп  ойлады  (болжау).  6.  Ал  түгіл,  тұрсын,  тұрмақ  демеуліктері 
тіркесінен 
сөздерге 
болымсыздық 
мағына 
жүктейтіндіктен 
болымсыздық демеуліктері деп аталады:көтермек түгіл қозғап көр. 7. 
Екеш  демеулігі  қомсыну,  кеміту  мағынасында  көмекшілік  қызметте 
жұмсалатындықтан  қомсыну  демеулігіне  жатады:  Мал  екеш    мал  да 
өз баласын қорғайды, сен ше? 8. –Ші демеулігінің мағынасы түрліше 
болып  келеді.  Ол  кейде  өтіну,  жалыну,  кейде  бұйыру,  өкініш,  қорқу 
секілді мағыналарды білдіруде көмекшілік қызмет атқарады: көрсең-
ші, барсаң-шы. Өліп кетсең де айт-шы! Осыны ойланайықшы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет