Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет83/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2-тапсырмаҮстеудің түрленуіне талдау жасаңыздар. 
Бір көңілде бір адамды әрі сүю, әрі жек көру үнемі бола беретін іс 
емес.  Мың-мың  жылдар,  Әлі  сонша  өтеді.  Тек  данышпан  Ақыл-ойы 
жетеді.  Бізді  жаулау  мүмкін  емес,  Жаулаған,  Елдің  өзі  қытай  болып 
кетеді.(  Қадыр  Мырза  Әлі.)  Он  ғасыр  бұрын  туғанда,  Бабамның 
жолын қуғанда, Тоғысқан тоғыз тораптың, Таңдау боп бірі тұрғанда. 
(Ә.Балқыбек.)  Қазақ  тұлпарларының  ішінде  аты  аңызға  айналған 
Құлагердің  құлауына  қатысты  ғасырдан  астам  уақыт  бойына 
айтылуымен  келе  жатқан  һәм  ешкімді  де  бей-жай  қалдырмайтын, 
қисындылары мен қисынсыздары қат-қабат қанаттасқан әңгімелердің 
өз  пайымымыз  бойынша  қиюы  қабысатын,  дәлел-дерегі  орындыға 
саятындарының  бір  парасы  мінеки,  осындай  еді.  (Газеттен.)  Қолы 
ашық  қонақжайлы,  жүрекпен  араласқыштығы  сүйегіне  сіңіп 
кеткендігі  сондай  -  кейін  «Шалажансар  зираттың  жарты  тұрғыны» 
кезінде оған келім-кетім жұрт аяғы сейіліп көрмеген. (Газеттен.) Адам 
өзін-өзі  бақытсызбын    деп  төмендете  берсе,  шынымен-ақ  бақытсыз 
болады. (К.Тельвеций.) Қадишадай бақытты апасы, сондай ерке, еркін 
тіршіліктің  иесі  болып  тұрған  шақта  барлық  ауыл,  ауданмен  бір 
болыс  ел  болып  түгел  қадірлейтін  Кенжехан  сол  апасының  жолдасы 
болғандықтан,  Жәмаш  та  кәрі  жездесін  іші-сыртымен  түгел 
құрметтейтін  сияқты  еді..  Елдің  тәуір  кісілері  мен  шет  қонақтар 
келгенде  Қадиша  Кенжеханға  бір  ауыз  сөз  айтқызбай  күліп, 
қалжыңдап еркін жүріп өзі күтіп шығатын және әр қашан Қадишаның 


 
133 
күтімі  өзге,  ешбір  ауылдан,  ешбір  елден  табылмайтын  әрі  сұлу,  әрі 
рахатты, әрі жайлы күтім болатын. («Таң-Шолпан».) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет