Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет91/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
4.9 Одағай 
 
Одағай,  түрлері,  грамматикалық  ерекшеліктер.  Қазіргі  таңда 
тілімізде (қазақ тілінде) қолданылып жүрген сөздер табиғи, қоғамдық 
құбылыстарды тілмен суреттеу үшін қажет. Тіліміздегі сөздердің бір 
тобы  зат  не  құбылыс  атаулары,  олардың  түрлі  сындық,  қимылдық 
атаулары  секілді  ұғымдарды  беріп,  нәтижесінде  әр  алуан  сөз 
таптарына  жатады.  Осы  сөздік  құрамда  қолданылып  жүрген  одағай 
сөздер – басқа сөз таптарынан өзіндік лексикалық әрі грамматикалық 
ерекшелігі  бар  сөз  табы.  Біріншіден,  одағайға  жататын  сөздер  тобы 
басқа  сөз  таптары  секілді  атауыштық  қызметте,  яғни  не  зат,  сын, 
қимыл  т.б.  атаулары  емес,  олар  адамның  сезім  көңіл-күйлеріне, 
психологиясына 
байланысты 
тұлғалар 
болады. 
Екіншіден, 
одағайлардың  және  бір  өзіндік  ерекшелігі  –  грамматикалық 
формалары 
жоқ 
болуынан, 
атауыштық 
қызметте 
жұмсалмайтындықтан  басқа  сөздермен  грамматикалық  қатынасқа 
түсе  алмайды.  Міне,  сондықтан  одағай  сөздер  сөйлем  құрамында 
басқа  сөздерге  қарағанда  оқшауланып  тұратындықтан,  оларды 
үтірмен  ажыратып  отырады.  Үшіншіден,  одағай  сөздер  басқа  сөз 


 
141 
таптарымен  (сирек  жағдайда  болмаса)  грамматикалық  қарым-
қатынасқа  түсе  алмай  қалыпты,    тұрақты  мүше  бола  алмағанымен, 
олар  сөйлемде  қабаттаса  қолданылатын  жанама,  яғни  жарыспалы 
сөйлем бола алады. Төртіншіден, одағайлар көп мағыналы болып келе 
береді.  Негізінен  алғанда  қайсыбір  одағайлар  жеке  қолданысында, 
басқа  сөздер,  сөйлемдермен  қарым-қатынассыз  алсақ,  оның  қай 
мағынада жұмсалып тұрғанын дәл айту қиын. Мәселен, ой, мә, уай, ә, 
ау  т.б.  одағайлары  кейде  таңдану,  өкіну,  қорқу,  сасқалақтау  секілді 
сезімдерді  білдіре  алады.  Ал,  оның  сөйлемде  осы  мағыналардың  
немесе басқа қай мағыналарда жұмсалып отырғаны сөйлемнің негізгі 
мағынасымен ашылады.  
Одағай  түрлері,  грамматикалық  ерекшеліктері.  Одағайлардың 
семантикалық  құбылмалығы  әр  түрлі.  Олардың  бірқатары  контексте 
бір-ақ мәнде қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде 
жұмсалады.  Осыған  байланысты  А.Ысқақов  өз  еңбегінің  380-бетінде 
былай  дейді:  «Одағайлардың  дәлді  мағынасын  нақтылы  сөйлеу 
жағдайларымен  байланысты  контексте  айқындалады,  өйткені  бір 
одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі 
мағына  береді.  Демек,  бір  одағайдың  өзі  бірде  таңырқау,  бірде 
сүйсіну,  бірде  налу,  бірде  аяу,  бірде  ызалану,  бірде  ұнату,  бірде 
ұнатпау,  бірде  күдіктену,  бірде  мысқылдау,  бірде  назар  аудартып 
қарату  сияқты  жай-күйлерді  білдіріп  ауысып  отырады.  Мысалы:  Әй, 
сол  ма,  тәйірі!  (Ғ.Сланов);  Әй,  байғұсым-ай,  басын  бастаса,  түсіне 
кетесің-ау! (С.Мұқанов); Әй, сен өзің әрі кетші! (С.Мұқанов)». 
Кейде олардың бойынан энантиосемиялық құбылыс та (бір-біріне 
қарама-қарсы  мағынада  жұмсалатыны)  байқалып  отырады.  Осыған 
орай одағайларды үлкен екі топқа бөлуге болады: 
1) Бір мағыналы одағайлар. Бұл топқа одағайлар қай ситуацияда 
айтылмасын,  қай  контекске  түспесін,  қандай  интонациямен 
айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде жұмсалады. Алақай! Ура! Сөздері тек 
шаттану,  қуану  сезімін  білдіру  үшінжұмсалса,  қап!  әттең!  әттең-ай! 
Сөздері  әр  уақытта  өкіну  мағынасында  жұмсалады.  Жердің  жүзін 
бейне ұжмаққа теңейтін, алақай-ау, алақай-ау, жаз келді (Майлин). Е, 
алақай,  біздің  тайынша!  –  деп  баласы  тайыншаның  мойнынан 
құшақтады  (Аймауытов).  Әттеген-ай,  неғып  біз  бұлай  қалдық  деген 
ой  әрқайсымызды  қинады  (Сейфуллин).  Әттең,  арбасына  сыймай 
сорлады  ғой,  әйтпесе  мұнысын  да  Қытайына  ала  кетер  еді 
(Жармағамбетов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет