151
тілінен енген. Атап айтқанда,
заһір – видный, очевидный.
Зайыр
модаль сөзі қазақ тілінде осы мағыналарды түгел дерлік сақтаған
деуге болады. Мысалы, ол сөйлеушінің айтылған хабар жөніндегі
болжамын білдіргенде қыстырма мүше ретінде синтаксистік
позицияда
зайыры түрінде қолданылады.
Зайыр қазақ тілінде сондай–ақ «ясный, ясно, очевидно» тәрізді
мағынада да кейде қолданылады. Мысалы, Даладағы құптанның,
үйдегі құптанның малман салмағын, қою қара тынысын ішінен, іш
тереңінен зайыр сезген (Сүлейменов). Ал осы сөздің, яғни зайыр
есімінің мына бір мағынасы тіптен ала бөтен. Оның бұл арада қандай
мәнде қолданылып тұрғанын ажырату да қиын: Зорлықтан зәресі
ұшқан сорлы ауылдың, Сонда өшкен зайырынан зар менен мұң.
(Мусин)
Зайыр бұл өлеңде «ес, сана, ой» деген тәріздес мағына білдіретін
сияқты. Тіліміздегі
зайыры сөзінің модальдық семантикасын
неғұрлым нақтырақ әрі толығырақ тани түсу үшін оның әр аймақта,
әр алуан жазба нұсқаларда білдіретін әр түрлі мағыналық реңктерінен
әдейі осылай кеңірек тоқталып отырмын.
Қазіргі түркі тілдерінің қай–қайсында да, солардың қатарында
қазақ тілінде де модаль сөз қатарында қаралып жүрген
керек
лексемасы көне түркі ескерткіштерінде өзінің осы күнгі белгілі
«қажет» мағынасынан мүлдем өзгерек мәнде келтіріледі: інім тігін
кдrgдк болты. Мой младший брат Кюль – Тегин скончался. Кдrgдк
нужное; кдrgдк конец (смерть, судьба), кдrgдкsiz без конца (Малов).
Бұл жерде жоғарыдағы «қажет» мәніндегі кдrgдк пен
ақыры,
соңғы, біткен ұғымындағы кдrgдк араларындағы мағыналық
алшақтық елеулі болғанымен, екеуі генетикалық жақтан түбі бір
құбылыс болар–ау деген ой келеді.
Достарыңызбен бөлісу: