Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет100/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Қазақ 
тіліндегі 
модаль 
сөздердің 
функционалды– 
семантикасының берілу тәсілдері.  Модальділік  категориясы әлемнің  
көптеген тілдерінде рай категориясымен қатар, модаль сөздер арқылы  
берілетіндігі анық. Рай категориясы объективті модальділіктің «кіндік 
тұлғасын» («ядро») Қ.Т.Рысалдының термині ал модаль  сөздер тобы 
субъективті  модальділіктің  кіндік тұлғасын құрайды.  
Адам  баласы  өз  ойын  жеткізуде  тек  жалаң  фактіге  сүйенбейді. 
мақұлдай/мақұлдамау модальдігі функционалды-семантикалық өрісін 
жалпы, күмәнді және түпілікті (абсалютті)  шағын өрістері деп үшке 
бөледі.  
Жалпы  мақұлдай/мақұлдамау  модальділігі  функционалды-
семантикалық  шағын  өрісінің  кіндік  тұлғасы  ия  және  жоқ  әртарап 
сөздері болып табылады. Мысалы: - Кәлен аға, сені жауға бермейміз. 


 
152 
–  Жоқ,  қалқам,  сендер  араласпаңдар.  Бұл  өзім  бастаған  іс  еді  өзім 
аяқтайын (Ә.Нұрпейісов).  
Жалпы  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігі  функционалды-
семантикалық  шағын  өрісінің  шеткері  аймағына  (перифериясына) 
төмендегі тілдік бірліктерді жатқызады: 
1) 
Жалпы  мақұлдау  модальділігі    модаль  мағыналы  сөздер 
арқылы  анықталады.  Мысалы:  -  Балам,  патшаның  өз  басы  әңгімелі 
болып жатыр деген не? – деді Мөңке. – Рас, ақсақал (Ә.Нұрпейісов); - 
Жарайды,  мырза,  өтінішіңді  орындайын.  Өзің  де  менің  өтінішімді,... 
дей  бергенде,  Тәңірберген  сөзінің  арғы  жағын  айтқызбай:  -  Мақұл! 
Уәде  осы  болсын,  -  деп,  алақанына  шарт  еткізіп  соғып  қалды 
(Ә.Нұрпейісов).  2)  Жалпы  мақұлдау  модальділігі  интонация  арқылы  
беріледі.  Мысалы:  -  Апа,  апа,  кетпеші.  –  Кетпеймін  ...  айна-ла-йын. 
Ендігі  жерде  не  көрсем  де  сендермен  бірдей  көрем  (Ә.Нұрпейісов). 
Бұл сөйлеушінің тыңдаушы жақтың мақұлдайтындығы (кетпейтіндігі) 
сөйленімде айналайын сөзінің созылыңқы айтылуы арқылы қимастық 
сөзімімен  қоса  білдіріп  тұр.  3)  Жалпы  мақұлдау  модальділігі 
сөйленімдегі  алдыңғы  репликадағы  немесе  сөйленімдегі  жекелеген 
сөздерді  қайталау  арқылы  білдіріледі.  Мысалы:  -  Адмирал  мырза, 
менің  армиямның  жағдайын  ескерткен  боларсыз,  -  деді  Чернов 
мейлінше салқын қанды болуға тырысып. – Есіттім (Ә.Нұрпейісов). 4) 
Жалпы  мақұлдамау  модальділігі  кейбір  бірліктердің  болымсыз 
тұлғада  немесе  болымсыздық  элементтерінің  тіркесіп  қолданылуы 
арқылы  білдіріледі.  Мысалы:  -  Құдықтық  бар  –  жоғын  жергілікті 
халықтан сұрау керек. Мен қайдан білемін,- деді. – сен проводниксің. 
–  білмеймін.  Мырза,  мұның  жарамайды.  Дұрыс  сөзіңді  айт
(Ә.Нұрпейісов).  
Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігінің  функционалды– 
семантикалық  шағын  өрісі  көпорталықты  (полицентричный)  болып 
табылады:  1)Күмәнді  мақұлдау  модальділігі  етістік  негізді  күмәнді 
мағыналы  модаль  сөздер  сен  сөз  тіркестері  арқылы  танылады. 
Мысалы: - Нөкістен кейінгі Омбы үкіметіндегі мықты – осы бикеш. – 
болса  болар  (Ә.Нұрпейісов).  2)  Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі модаль мағыналы сөйлемдер арқылы беріледі. Мысалы: - 
Ендеше,  Еламанды  ауылына  жіберем.  Жерлестерін  жмнап  әкеледі.  – 
Мейлің  білсін  (Ә.Нұрпейісов).  3)  Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі  жоқ  сөзінің  сөйленімде  дауыстың  созылуы  арқылы 
айтылуы  немесе  «жұмсарту»  реңкі  басым  сипатқа  ие  бола  отырып 
анықталады.  Мысалы:  -  Жарайды.  Тек  артынан  ақылдасып  істемедің 
деп...  –  Жо  –  жоқ,  дегенің  білсін  (Ә.Нұрпейісов).  Түпкілікті 
мақұлдау/мақұлдамау  модальділігінің  функционалды–семантикалық 
шағын  өрісінің  кіндік  тұлғасын  әрине,  әлбетте  модаль  сөздері  және 


 
153 
жоқ  әртарап  сөзі  құрайды.  Мысалы:  -  Жолымыз  болар.  Саған 
кездескенімізді  айтсайшы.  –  Әрине..  кездескеніміз  жақсы  болды 
(Ә.Нұрпейісов).  –  Айғаншажан-ай,  шаршадың  ғой,  азырақ  дем 
алсаңшы.- жоқ, жоқ, апа... (Ә.Нұрпейісов). 
Түпкілікті  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігі  функционалды– 
семантикалық шағын өрісінің шеткері аймағын құрайтын құралдар:  
1)  Түпкілікті  мақұлдау  модальділігі  мақұлдау  мағыналы  екі 
немесе  одан  да  көп  бірліктің  біріге  отырып  келуі  арқылы  беріледі. 
Мысалы:  -  Жөн  көрсеңдер,  ағайын,  суыртпақ  жібін  бойымызға 
жапсырмасақ  деймін...  жөн,  дұрыс!  –  Айтқаның  орынды 
(Ә.Нұрпейісов).  2)  Түпкілікті  мақұлдау  модальділігі  мақұлдау 
мағыналы  бір  ғана  тілдік  бірліктің  немесе  алғашқы  сөйлемдегі  рема 
(«тірек»)  сөзінің  қайталануы  арқылы  көрінеді.  Мысалы:  -  иә,  мен... 
менмін.  -  көз  ж–сым  саған  жеткен  екен  ғой...  –иә,  иә, 
жетті...(Ә.Нұрпейісов). 
3)Түпкілікті 
мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі одағай сөздер арқылы да көрініс табады. Мысалы: - Енді 
төсек  жаңғыртатын  шығарсыз?  ...Осы  тұста  ол  шұғыл  жадырады. 
Тақылдап қоймай отырған Ебейсінге енді өзі тап беріп: - Е, бәрекелді. 
Мына  сөзің  құлағыма  жағып  кетті  ғой  (Ә.Нұрпейісов).  – 
Жалғызымның  көзі  едің...  деп  күйікті  ана  үйреншікті  көй  –  көйіне 
салып  жатқанда,  Сүйеу  қарт:  -  Тәйт!  Тәйт,  найсап!  –  деп  зәрін  зекіп 
тыйып тастады 4) Түпкілікті мақұлдау модальділігі модаль мағыналы 
сөйлемдер  арқылы  да  танылады.  Мысалы:  -...  «Е,  жарайды,  болсам 
болайын»  дедім.  Ал,  Аха,  Тәңірбергеннің  арқасында  тақымың  атқа 
тиді.  Жүрімің  ұзарды.  –  Сөз  барма?!  (Ә.Нұрпейісов).    5)  Түпкілікті 
мақұлдамау  модальділігі  болымсыз  мағынлаы  етістіктер  арқылы 
беріледі.  Мысалы:  -  Ау,  жарқыным,  әлі  де  айтар  сөзім  бар,  әуелі 
тыңдап алсаңшы. – Жоқ!... Жоқ!... Тыңдамаймын. – Қой, Сүйеу, сені 
де  жөн  демеймін  (Ә.Нұрпейісов).  6)  Түпкілікті  мақұлдамау 
модальділігі  синтаксистік  құрылым  арқылы  көрінеді.  Бірінші 
сөйленімдегі  тыйым  салу  мағынасындағы  қолданылған  қой 
болымсыздық  формасы  екінші  сөйленімдегі  неге  сұрау  есімдігі 
арқылы түпкілікті мақұлдамау мағынасын өте жақсы ашып көрсетеді. 
Мысалы:  ...жарқыным,  бұл  қай  қылығың.  Уа,  қой  енді!  – 
Қоймаймын...  Неге  қоям.  Ортаңа  ойбай  салам.  Ошағыңның  күлін 
шашам  (Ә.Нұрпейісов).  7)  Түпкілікті  мақұлдамау  модальділігі 
интонация  арқылы  беріледі.  Мысалы:  -  Е,  енді  еселеп  жейміз  де! 
Жерсің...  жерсің...  деп  Сүйеу  қарт  Ебейсіннің  көнмен  қаптағандай 
тобарсыған бетін көзімен атып отырды да, кенет: - Ал!... Ал!... – деп 
ащы даусы оқыс шаңқ етті. – Ал!... Ал!... Ақ қой за болса, қара қойды 
қосып  ал!  Қосақтап  ал!...  –  деді  де  тыйылды  (Ә.Нұрпейісов).  Бұл 
сөйленімдегі  модальдік  мағынаны  табу  үшін  бүкіл  сөйленімнің 


 
154 
(немесе кіші мән - мәтіннің) пропозициялық мазмұнына үңілу қажет. 
Осындағы  қою  әріппен  берген  ал  сөзі  сөйленімнің  негізгі  модальдік 
мағынасын  беріп  тұр.  Тілдік  модальділік  жайлы  сөз  болғанда,  ең 
алдымен, осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай 
категориясының  маңыздылығы  айтылады.  Рай  категориясы  әлемнің 
көптеген  тілдерінде  модальділік  функционалды–семантикалық 
тұтастығының  парадигмаға  түскен  морфологиялық  көрсеткіші 
есебінде  түсіндіріледі.  Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы 
А.Байтұрсынұлы  етістік  райының  он  бес  түрін  көрсетеді:  тұйық, 
билік,  ашық,  шарты,  ереуіл,  реніш,  қалау,  сенімді,  сенімсіз,  болжал, 
мұң,  көніс,  қайрау,  азалы,  теріс.  Біздің  ойымызша,  ғалым  жекелеген 
модальділік  мағыналарды  реңктеріне  қарай  жіктеп,  оларды  рай 
категориясы  ретінде  қарастырған.  Біз  ғалымның  рай  түрлерін 
көрсетуге негізінен олардың мазмұнына көңіл аударғанын аңғарамыз. 
Ал  мұның  өзі  функционалды  грамматиканың  негізгі  зерттеу  әдісінің 
бірі  болып  табылады.  Модальділік  мағыналарды  білдіруде  рай 
категориясымен  қатар  модаль  сөздер  де  ерекше  қызмет  атқарады. 
Е.Жанпейісов  қазақ  тіліндегі,  тіпті  тіл  білімінде  модаль  сөздердің 
тілдік 
табиғатына 
арнаған 
кандидаттық 
диссертациясында 
баяндаудың қайдан, кімнен алынғанын көрсетеді. Қуанышты, ренішті 
және  жеке  сөйленімдердің  арасындағы  қатынасты  білдіретін 
(ақырында,  қысқаша)  тілдік  фактілерге  әңгімелесушісінің  назарын 
аудару  үшін  қолданылатын  сөздер  мен  сөз  тіркестері  (естіген 
боларсыз,  байқайсыз  ба)  сөйлеушінің  баяндауға  қатынасын 
білдірмейді  деп  есептейді.  Бұл  еңбек  түркі  тіл  білімінде  рай 
категориясына,  модальділікке  арналған  еңбектердің  бастауы  болды 
десек артық айтқандық емес. С.Исаевтың еңбегінде алғаш рет модаль 
сөздер  сөз  табы  ретінде  көрсетілсе,  2002  жылы  шыққан  «Қазақ 
грамматикасында» оған толық түсінік берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет